400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Шеберлік класс

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге,педагогтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы





44 «Тұлпар» МДҰ









Тақырыбы: «Театр әлеміне саяхат»























Өткізген:Тәрбиеші: Гусманова Манера Муратовна





































Бұл әдістемелік көмекші құрал мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне типтік оқыту бағдарламасы «Коммуникация» саласындағы «Драма» оқу қызметіне арналып дайындалған.Көмекші құралда (күнтізбелік-тақырыптық жоспар,оқу қызмет жоспары және қосымша материалдар ұсынылады.

















Кіріспе.

Театр әр балаға ұтылмас әсер сыйлайды,оның көркемдік талғамын,еліктеуі мен қиялын дамытады.Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен.Сондықтан да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек.Бала әр нәрсеге құмар,қызыққыш,ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті ,тамаша құбылыстарын сезінуге тырысады.оның жан-жақты дамып жеке тұлға болып тәрбиеленуіне тілінің дамуын театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады.теартлық іс-әрекетіне ертегілерді пайдалана отырып баланың ой-өрісін дамыту,сонымен бірге тыңдай білуге тәрбиелеу,есте сақтау ,түсіну рольге бөліп,қазақша әдемі сөйлей білу мәнерін арттырамыз.Балаларға театр әртістік өнер сахналық қойылым,сахна туралы түсінік беріп қызығушылығын оятамыз.Көріністерді өзара сөйлесу дағдыларын дамыта отырып,бүлдіршіннің тілді меңгеруіне деген сүйспеншілікті арттырамыз.Теартланған ойындар ойын-қойылымдары болып саналады.Бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қоймаларға айналдырып,оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор.Баланы сахнада кейіпкер ретінде ойната отырып,оның жеке тұлғасын жан-жақты дамыту.Оның бойында әдебиетке,мәдениетке өнерге деген құштарлықты ояту.Бүлдіршіндер сахнада шағын рольді ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге,әдемі киініп,жинақы жүруге,үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді,жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді.Театрланған ойындар балалардың ой-өрісін кеңейтеді,балаларды әңгімеге араласуға,спектакль туралы ата-аналардың жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді.Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына,диалог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді.

Сөз мәдениеті және техникасы ойындар мен жаттығулар сөйлеу логикасы мен дикциясын дұрыс артикулициясын меңгере білуге сөйлеу құрылымын еркін айтуға,тыныс алуын дамытуға бағытталған.Бейнелеу арқылы сөйлетуін дамыту,шығармашылық фантазиясын дамыту,шағын әңгіме және ертегі құрастыра білуге үйретеді.

Театр мәдениеті.Балаларға тетр өнерінің шынайы сезімдерін меңгерту.Бөлімнің негізгі тақырыптары,театр ерекшеліктері,театр өнерінің түрлері қойылымның жасалуы,сыртқы және ішкі театр,көрермендер мәдениеттілігі.



Негізгі бөлім.

Мақсаты:Мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылығын театр түрлері арқылы дамытып,сөйлеу қабілеттерін жан-жақты жетілдіру.

Балалардың ойын білдіру және шығармашылық белсенділігі мен бастамашылдығын дамыту және қолдану үшін қолайлы ахауал жасау.

-қазақ тіліне деген құрмет сезімдерініне тәрбиелеу.

Міндеттері:

-баланың тілін,сөйлеу мәдениеті мен дүниетанымын дамыту.

-балаларды адамгершілікке баулу.

-баланың қиялын есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту.

-көркем бейнені жасауда ойындық,және би туындыларын қолдана отырып,шығармашылық дербестікті дамыту.

-негізгі психикалық процестер мен сапаларды дамыту.(қабылдау,есте сақтау,зейін,бақылағыштық,қиял,коммуникативттік,ырғақ сезімі,көпшілік алдында өз ойын айта білу,батылдық.)

-ойдан әңгіме,ертегі шығарып айтуға дағдыландыру.

-театр іс-әрекетті ертегілерді пайдалана отырып ойын дамыту.

-баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап,әр баланың жеке дара әртістік шығармашылық қасиеттерін ескере отырып,өзін қоршаған ортаға ,адамдарға,құрбыларына,өзіне деген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

Театр,оның түрлері туралы түсініктері болады.

Қазақ тілінде сөздік қоры молаяды.

Диалог бойынша сөйлесу арқылы тіл мәдениетін жетілдіреді.

Балалар театрының түрлері: ойыншықтар театры,саусақ театры,сурет театры,стенд-кітапша театры,Фланеграф театры,трафарет театры,көлеңке театры.



Перспективалық жоспар

«Драма»

«Даярлық» тобына арналған

Тақырыбы

Мақсаты

Күні

1.Театр әлеміне саяхат

Театрландырылған қойылымдар арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру,тілін дамыту,өмірлік оң көзқарастарын тәрбиелеу


2.Дұрыс сөйлеу

мәнері

Оқу-танымдық бағдарлы құзереттілігін арттыру мақсатында ситуациялық сұрақ,дидактикалық ойындарды балаларға ұсыну.балаларды жылдам-ойлауға,кез-келген кедергіден өтіп,пікірін еркін білдіре білуге дағдыландыру.Дөрекі сөздер айтпауға тәрбиелеу.


3.Балабақшада не

үйренемін?

Білімнің бастауы балабақшада екенін балаға түсіндіру,көңілді орта қалыптастыру.адалдыққа тәрбиелеу.


4.Бәрін білгім келеді.

Балалардың білімге деген құштарлығын,ізденісін,қызығушылығын арттыру.Логикалық ойлау қабілетте

рін дамыту.Еркін сөйлеуге,шығармашылықпен еңбек етуге дағдыландыру.


5.Айсұлудың туған күні

Әр айда бір рет сол айда туылган балалардың туған күндерін атап кету,балалардың достарына сәлемдерін жеткізу.Туган күн иелерінің көңіл күймен бөлісе білуге,достыққа ,бірлікке шақыру.


6.Дос болайық

бәріміз.

Достық туралы түсінік бере отырып,өзара көмек,жолдастық,сыйластық қарым-қатынасын дамыту.


7.Кішкентай маса

Танымдық аясын кеңейту,әртүрлі мінез-құлықтарды ажырата білуге үйрету.Ертегі арқылы балалардың қиялын дамыту,жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.


8.Ақ бидай

Балалардыеңбекқорлыққа,адамгершілікке,адалдыққадостыққа тәрбиелей отырып,жаман әдеттерден бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.


9.Гастрольдік сапарға шығу.

Театр туралы жалпы ұғымды қалыптастыру.Театрға барып үйренуді жалғастыру.Өздерін дұрыс ұстауға адамгершілікке тәрбиелеу.


10.Мақтақыз бен мысық.

Ертегілер туралы білімдерін күшейту. Сөйлеу мәдениетін,еркін сөйлеп,өз ойларын дұрыс жеткізу.баланың сөздік қорын дамыту,сөз өнеріне деген құрмет көрсете білуге баулу. Балаларды еңбекке,татулыққа тәрбиелеу.


11Үлкенге,құрмт кішіге ізет

Сыйластық», «құрмет»,адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.Үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіндіру.Сыйластықты қарым-қатынас іскерліктерін дамыту.Үлкендерді сыйлауға,кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.


12.Алтын сақа


Алтын сақа»ертегісі бойынша алған білімдерін пысықтау.Ертегіні мазмұндау және талдай отыра ойларын тиянақты жеткізе білуде ойлау шеберліктерін дамыту.Балалардң қазақ әдебиетінің бай мұрасына деген сүй

іспеншіліктерін арттыру


13.Жемістер мен көкіністер

Жемістер мен көкіністердің атауларын дұрыс атай және ажырата білуге баулу.балаларды қисында ойлау қабілеттерін арттыру.Жаңа сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорын молайту


14.Ең керемет

дәм.


Балаларды жақсы қасиеттерге баулу,Жағымсыз қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу. Өткен ертегілерді еске сақтау


15.Дені саудың-жаны сау

. Жас ұрпаққа адам денсаулығының басты байлық екенін түсіндіру.Денсаулық негізі қимыл,спрот, дұрыс тамақтану,таза дұрыс жүру екенін ұғындыру. Шымыр,шапшаң ,ұқыпты да жинақы,талғампаз да қанағатшылтаза әдемі болуға тәрбиелеу.


16.Ертегілер еліне саяхат

Ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту. Ойлау,қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету.ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке,мейірімділікке және адалдыққа,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.Шығармашылық қабілетін дамыту.


17.Қойшы,түлкі,аюжәне аю.


Ертегі туралы түсінік беру.Ертегіге деген сүйіспеншілікті арттыру.қиын кезде достарына көмектесуге тәрбиелеу


18.Ит,мысық,

тышқан.

Балалардың тілін,ойлау қабілетін және тыңдап түсіну қабілетін дамыту. Балаларды жануарларды қорғай білуге тәрбиелеу.




Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Тобы: « Қарлығаш» мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу іс –әрекет түрі:Драма

Тақырыбы:Дұрыс сөйлеу мәнері

Мақсаты: Балалардың сөйлеу мәдениеті туралы алған білімдерін жетілдіруҮлкенді құрметтеуге,дөрекі сөйлемеуге тәрбиелеу.жылдам ойлауға,кез-келген кедергіден өтіп пікірін еркін білдіре білуге дағдыландыру.


Әрекет кезеңд.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялы қозғаушы








-Балалар, «Сөйлеу мәдениеті» дегеніміз не?

-Сөйлеу мәдениеті деп –қазақ тілін дұрыс

және орынды қолдану.




Балалар жауаптары.




Іздену-ұйымдастырушылық
















1.Көлікте орын жоқ,бір қария мінді,ол кезде сен отырсың.Не істейсің?

Көшеде бір әже ауыр сөмке көтеріп келе

жатыр екен.Сен аулада ойнап жүргенсің.

Не істейсің?


Досың ауырып қалды? Не істейсің?



2.Д/О: «Тез ойла сөз ойла»


3.Д/О: «Үздік мақалшы»


Сергіту сәті.


5.Қим ойын: «Күннің нұры»


Балалар жауаптары.



Балалар жауаптары.




Балалар жауаптары.







Балалар жауаптары.

Рефлексивті- түзетуші


Д/О: «Әжеге көмек»



Балалар жауаптары


Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс:Сабаққа белсене араласып,жаттығуларды уақытылы орындау.

Түсінігі: Сөйлеу мәдениетін сақтау.

Көрсете білуі:Ойынды өызығушылықпен ойнау.

Тәрбиеші:Гусманова М.М.



Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Тобы: « Қарлығаш» мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу іс –әрекет түрі:Драма

Тақырыбы:Театрға саяхат

Мақсаты:Театрланған қойылымдар арқылы балалардың тілін дамыту.мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту.Байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру.

Әрекет кезеңд.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялы қозғаушы








-Балалар «театр» сөзін қалай түсінесің?


-Театр түрлері қандай?




Балалар жауаптары.




Іздену-ұйымдастырушылық
















1.Саусақ театры:театр қуыршақтарының ішіндегі ең жеңілі,қол жетімдісі.

Ас ішер алдында қолдануға болады.

Тамақ ішер кез келді.

Сөйлемейміз,күлмейміз.

Астан басқа өзгені,

Көзімізге ілмейміз.

2.Театр түрлері:Қуыршақ,Саусақ,

Көлеңке,Ойыншықтар.

3.-Сендер театрға барғыларың келе ме?

-Ал театрға бару үшін не керек?

-Билетті қайдан аламыз?

Сергіту сәті.

4.Балалар,сіздер бүгін «Мақта қыз бен мысық»көлеңке театры.


Балалар жауаптары.


Балалар жауаптары.



Балалар жауаптары.



Балалар жауаптары.

Рефлексивті- түзетуші

-Балалар біз бүгін қайда бардық?

-Біздер кімге көмектестік?

-Мысыққа қалай көмектестік?


Балалар жауаптары


Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс:Театр туралы жалпы мағлұмат біледі.

Түсінігі:Балалардың театр туралы түсініктерін.

Көрсете білуі: Рольдерді дұрыс ойнай алуы.

Тәрбиеші:Гусманова М.М.





Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Тобы: « Қарлығаш» мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы:Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу іс –әрекет түрі:Драма

Тақырыбы:Ең керемет дәм.

Мақсаты:Ненің дәмі екенін ажыратуда ,дәмінің айырмашылығын,пішінін айта білуге үйрету.асты қадірлеуге тәрбиелеу.Кейіпкерлердің өзара сөйлесуін көркем түрде қолдану арқылы ертегінің ішкі сырын,байланыстыра баяндай білуге үйретуді дамыту.

Әрекет кезеңд.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялы қозғаушы








-Балалар «театр» сөзін қалай түсінесің?


-Театр түрлері қандай?




Балалар жауаптары.




Іздену-ұйымдастырушылық
















1.Саусақ театры:театр қуыршақтарының ішіндегі ең жеңілі,қол жетімдісі.

Ас ішер алдында қолдануға болады.

Тамақ ішер кез келді.

Сөйлемейміз,күлмейміз.

Астан басқа өзгені,

Көзімізге ілмейміз.

2.Театр түрлері:Қуыршақ,Саусақ,

Көлеңке,Ойыншықтар.

3.-Сендер театрға барғыларың келе ме?

-Ал театрға бару үшін не керек?

-Билетті қайдан аламыз?

Сергіту сәті.

4.Балалар,сіздер бүгін «Мақта қыз бен мысық»көлеңке театры.


Балалар жауаптары.


Балалар жауаптары.



Балалар жауаптары.



Балалар жауаптары.

Рефлексивті- түзетуші

-Балалар біз бүгін қайда бардық?

-Біздер кімге көмектестік?

-Мысыққа қалай көмектестік?


Балалар жауаптары


Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс:Театр туралы жалпы мағлұмат біледі.

Түсінігі:Балалардың театр туралы түсініктерін.

Көрсете білуі: Рольдерді дұрыс ойнай алуы.

Тәрбиеші:Гусманова М.М.





Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Тобы: « Қарлығаш» мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу іс –әрекет түрі:Драма

Тақырыбы:Бәрін білгім келеді.

Мақсаты:Балалардың білімге деген құштарлығын,ізденісін,қызығушылығын арттыру.Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.Адамгершілікке,қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Әрекет кезеңд.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялы қозғаушы








-Балалар сендерөздеріңді қандай деп ойлайсыңдар?

-Әдепті бала қандай болады?




Балалар жауаптары.




Іздену-ұйымдастырушылық
















1.Ой ширату.Сұрақтар қою.



2.Д\О: «Кім көп біледі?»




3.Д/О: «Кім тапқыр»


Сергіту сәті


4. «Ізденген жетер мұратқа»



5.Тапқыр болсаң тауып көр.



Балалар жауаптары.


Балалар жауаптары.



Балалар жауаптары.



Балалар жауаптары.

Рефлексивті- түзетуші

-Балалар біз бүгін қайда бардық?

-Біздер кімге көмектестік?

-Мысыққа қалай көмектестік?


Балалар жауаптары


Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс:Білімді бала қандай екенін.

Түсінігі:Білімді болу үшін не қажет екенін

Көрсете білуі: Өздерінің білімді екенін көрсетеді.

Тәрбиеші:Гусманова М.М.









Театр әлеміне сахат» атты (ертегілер қойылымы)

1-Жүргізуші-Алия.

Театр әр балаға қуаныш,ұмытылмас әсер сыйлайды.оның көркемдік талғамын еліктеуі мен қиялын дамытады.

2-Жүргізуші-Ерсұлтан.

Ақылды ғып Әйкерімнің талайын

Сөзін айтар қлы ақын-Абайдың

Жүрегіне іздер жүрсең ғажайып,

Театрға кел-Ағайын дей келіп,

Құрметті ата-аналар,ұстаздар «Қарлығаш» балалар театрына қош келдіңіздер!

1-Жүргізуші-Әлия.

«Қарлығаш» балалар театрының бүгінгі қойылымында

1.«Мақтақыз бен мысық» ертегісін сахналау.

2. «Саусақ театры:Төлдер айтысы»

3. «Қуыршақ театры:Ит,мысық және тышқан.»

4. «Көлеңке театры:Қойшы,түлкі және аю.»

2-Жүргізуші-Ерсұлтан.

Көңіл қойып,тыңдағандарыңызға рахмет,келесі кездескенше сау болыңыздар.









Мақтақыз бен мысық ертегісін.(сахналау)

Автор сөзі:Мақтақыз бен мысық екеуі дос болады.Мақтақыз үй жинап жүріп,бір мейіз тауып алады да,мысықты шақырады.Мысық келмейді.

Қыз: «Келмесең келме!»

Автор сөзі:Мейізді өзі жеп қояды.Жеп болған соң мысық келеді.

Мысық сөзі:-Неге шақырдың?

Автор сөзі: -деп сұрайды.Мақтақыз айтпайды.

Мысық сөзі:Ендеше,қатығыңды төгем.

Мақтақыз:Мен құйрығыңды кесіп аламын.

Автор: дейді Мақтақыз.Мысық қатық төгеді,Мақтақыз мысықтың құйрығын кесіп алады.

Мысық сөзі: Апатай құйрығымды берші.

Мақтақыз: Қатығымды төле.

Автор сөзі:дейді Мақтақыз.Мысық сиырға барады.

Мысық сөзі:Сиыр,сиыр маған қатық берші.

Сиыр сөзі:Менің қарным ашып тұр,жапырақ әкеліп берші.

Ағаш:Мен шөлдеп тұрмын.Су әкелсең жапырақ беремін.

Автор сөзі:Мысық суға бара жатса,су әкеле жатқан қыздарды көреді.

Мысық сөзі:Қыздар,қыздар су берші.

Қыздар сөзі:Бізге сағыз әкеліп берсең,біз саған с у береміз.

Автор сөзі:Мысық дүкенге барады.

Мысық сөзі:Дүкенші,дүкенші маған сағыз берші.

Дүкенші:Маған жұмыртқа бер.

Автор сөзі:Мысық тауыққа барады.

Мысық сөзі:Тауық,тауық маған жұмыртқа берші.

Тауық сөзі:Бізге тары әкеліп бер.Жұмыртқа береміз.

Автор сөзі: «Енді қайттім» деп бара жатса,ін қазып жатқан бір тышқанды көреді де,бас салады.

Мысық сөзі:Жаныңның барында айт,үйіңде не бар.

Тышқан сөзі: Үйімде бір уыс тарым бар.

Мысық сөзі: Маған бір уыс тарыңды бер.

Автор сөзі: Тышқан үйіне барып,бір уыс тары әкеліп береді.Мысық тарыны тауыққа береді,тауық жұмыртқа береді,қыздар су береді.Суды апарып ағашқа береді.Ағаш жапырақ береді.Жапырақты апарып,сиырға береді,Сиыр қатығын береді.Қатықты апарыпМақтақызға береді.Мақтақыз мысықтың құйрығын қайтарып береді.


Төлдер айтысы.(саусақ театры.)

Автор сөзі:Бір адамның лағы,қозысы,құлыны,бұзауы,ботасы болыпты.Бір күні олар сөзге таласып қалыпты. «Біздің иеміз қайсысымызды жақсы көреді?» деп.

Лақ айтады: Мә-ә-ә! Әрине, иеміз бізді жақсы көреді. Ол біздің сүтімізді ішіп, түбітімізді киімге пайдаланады.

Қошақан айтады. - Ме-ме! Ал біз ше! Адамға біздің етіміз өте ұнайды! Ол біздің жүнімізден жылы кеудешелер, бас киім, қолғап, шұлық тоқып, көрпе жасайды. Иеміз бізді жақсы көреді, бізден пайдалысы жоқ!

Бұзау айтады: Мө-ө-ө! Сендер босқа мақтанасыңдар, адам тіршілігіне ең қолайлы – сиыр малы. Бізден шелек-шелек сүт, қарын-қарын май, ірімшік алады, етімізді жейді. Иемізге бізден пайдалы түлік жоқ.

Құлыншақ айтады: Орынсыз мақтанбаңдар! Иеміз бізден қымыз алады, етімізден қазы-қарта, шұжық жасайды. Адамның мінетін көлігі де – біздер!

Автор сөзі: Үндемей монтиып тұрған бота айтады.

Бота айтады: Бәріңнен де адамдар бізді жақсы көреді! Бізден алатын шұбаттың емдік қасиетін айтсаңшы! Оған еш нәрсе жетпейді.

Бәрін естіп тұрған адам айтады:Төлдерім босқа таласпаңдар! Сендердің әрқайсысыларыңның өз орындарың бар.Адам үшін бәрің де пайдалысыңдар,керексіңдер.



















Ит,мысық,тышқан.(қуыршақ театры)

Автор сөзі: Ертеде ит, мысық және тышқан үшеуі дос болыпты. Сонда да ит пен мысық тышқанды онша жақтырмайды екен. Тышқан күні-түні тынбайтын еңбекқор болыпты. Ал ит пен мысық тапқанын жеп, жұмсақ шөп пен жылы жерде жатып алады. Бір күні ит қасындағы мысыққа:

Ит сөзі. Осы тышқанның жұмысы таусылмайды, тіпті. Күйбеңдейді де жүреді,

Автор сөзі: деп қынжылады.

Мысық сөзі:Өзіміз шолжиып жатып біреуді күндейміз осынымыз дұрыс па?

Автор сөзі: Ит бұл сөзге ұялып қалады.Ит ұялып қалады да өзі де шаруа істемек болады. Содан былай қарай тышқанға көмектесіп жүреді.

Ит айтады: Сен де қол ұшыңды бер.

Мысық айтады: — Өздерің-ақ істей салыңдар!..

Ит пен тышқан оған:— Жалқаулықты қой, бірге жұмыс істе

Мысық сөзі: Әй, мен сендердің жұмыстарыңды күндеп жатқан жоқпын ғой. Неге тиісесіңдер

Автор сөзі: деп ашуланады. Ит пен тышқан үндемей жүре береді. Мысыққа тамақ қалдырмай, өздері жейді. Аш мысық енді ит пен тышқанның тапқанын ұрлай бастайды. Мұны көріп қойған тышқан мысықтың ұрлығын итке айтады. Ит оңдырмай талайды.

          Содан бері ит пен мысық өш екен. Бірін-бірі көрсе талап тастауға дайын тұрады. Ал тышқанға ыза болған мысық оны ұстап алып жей салады екен.



















Қойшы,аю,түлкі.(көлеңке театры)

Автор сөзі: Бір қойшы қой бағып жүрсе, бір түлкіні бір аю қуып келеді екен, ол бір тамға келіп кіреді. Аю да кірейін дегенде, тамның тар тесігіне кеудесі сыйып, бөксесі сыймай кептеліп қалады. Түлкі тамның бір кішкентай тесігінен жалт етіп шығып, айналып тесікке келеді де тесіктен не әрі кетпей, не қайта шыға алмай, ілініп жатқан аюдың артынан келіп, мазақтап кетеді. Оны қойшы көріп тұрады. Аю әрең деп қайта шығып, жан-жағына қаранып, қойшыға келеді.

Аю сөзі: — Е, сен не көрдің?

Қойшы сөзі: Мен не көрейін

Аю сөзі: — Егер де осыны біреуге айтсаң, сені жеп қоямын.

Қойшы сөзі: Ойбай, — Е,сенің «тірі жанға айтпаймын» дегенің қайда? Енді сені жеймін! ендеше айтпаймын.

Аю сөзі: — Жарайды. Әйтеуір айтсаң, өлесің

Автор сөз:— Жарайды. Әйтеуір айтсаң, өлесің! – деп, аю кетіп қалады. Кешке ауылға келген соң, қойшы мұны ауылдағыларға айтады. Ауылдағы бала-шаға мұны өлең қылып айтып, ойнап жүреді. Мұны аю естіп, ыза болып, ертеңіне қой жайып тұрған қойшыға келіп:

Аю сөзі: — Е,сенің «тірі жанға айтпаймын» дегенің қайда? Енді сені жеймін.

Қойшы сөзі: — Үш күнге рұқсат бер, үй ішіммен, ағайын-туысқандарыммен қоштасып келейін.

Аю сөзі: Жарайды. Үш күнге рұқсат бердім.

Автор сөзі: Қойшы далада жылап отырса, түлкі келеді:

Түлкі сөзі: Е, қойшым, неге жылап отырсың?

Қойшы сөзі: —Ойбай, осылай да осылай, бәрі сенің кесірің! Енді өлетін болдым.

Түлкі сөзі: — Ойбай, үндеме, аюдан құтылудың амалын мен табайын! Не бересің?

Қойшы сөзі: — Ойбай, не қаласаң, соны берейін.

Түлкі сөзі: — Маған бір бүйрегіңді бер,

Қойшы сөзі: Берейін,

Түлкі сөзіАю келгенде, анау жерде шаңды бұрқыратып мен жүрейін. Аю сұрар: «Анау не?» – деп, сонда сен: «Ол ханның баласы.әйелі аюдың жүрегіне жерік болып, соны іздеп жүр», – де аю қорқып қашып кетеді.

Автор сөзі:Екеуі осыған уәделеседі. Түлкі кетеді. Келем деген күні аю келеді. Аю қойшымен сөйлесіп

Автор сөзі: Енді жеймін! – деп тұрғанда, алыстан бұрқылдаған шаңды көреді.

Аю сөзі: — Қойшы, анау не?

Қойшы: — Ол - ханның баласы. Әйелі аюдың жүрегіне жерік болып, соны іздеп жүр.

Аю сөзі:Ойбай мені көргеніңді айтпа,мен қашайын.

Түлкі сөзі: — Е, енді бүйрегіңді бер!

Автор сөзі: – дейді қойшыға.Қойшы қипақтап, жыламсырап, белбеуін шешеді. Белбеуін шешкенде, қойшының іші шұрылдайды Түлкі құлағын тіге қойып:

Түлкі сөзі: О не, қыңсылаған?







































Ұйымдастырылған оқу қызметінің перспективтік жоспары

Білім саласы: «Коммуникация»Бөлімі:Драма

Орта топтарға арналған.

Тақырыптары

Мақсаттары

ҰОІӘ

саны


1


Қыркүйек айы


1

Дос іздеген бота


Сомдалатын кейіпкердің мінезін белгілі-бір жағдайлардағы әрекеттермен жеткізу.Балаларға көлеңке театрының мәдениетін қалыптастыру.Ертегі желісі бойынша рольдерді орындауға үйрету

2

Жыл басына таласқан хайуанаттар.

Ертегі кейіпкерлерін сомдағанда дауыс ырғағына мән беру.Балаларды ертегілерді әңгімелеп беруге жаттықтыру, үй жануарлары туралы білімдерін тиянақтау,рөлдерді үлестіріп,берілген рөл бойынша әрекет етуге баулу.


1


3


Қазан айы


1

Төлдер айтысы

Балалардың үй жануарлары туралы түсінігі кеңейту.Төрт түлік мал төлдерінің аталуын және оларды ажырата білуге үйрету.Төлдерге қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.Кейіпкердің дауыс ырғағы арқылы ертегіні сомдату.

4

Шаруа мен аю

Ертегіге деген қызығушылығын ояту; өз ойын қиялымен ұштастыра отырып, жағымды-жағымсыз кейіпкерлерді әрекетін ым-ишара арқылы жеткізу.


1


5


Қараша айы


1

Айлакер түлкі

Өзара әрекеттердің тілдік құралдарын меңгерту. Кейіпкерлер іс-әрекетін бағалауға, олар жайлы айтуға,кейбір адамгершілік қасиеттерге (түлкі-қу) сипаттама бере білуге үйрету.Көркем қабілеттерін дамыту.

6

Арыстан мен тышқан

«Арыстан мен тышқан» ертегісінің мазмұнымен таныстыру, ертегіні оқып беру, тіл байлықтарын молайту, қызығушылықтарын арттыру, ойлау қабілеттірін дамыту.Арыстан мен тышқанның айырмашылығын айту.Ертегіні әрекет арқылы сомдау.

1


7


Желтоқсан айы


1

Мақта қыз бен мысық

Таныс ертегінің мазмұнын білуге оны рөлдерге бөліп ойнауға, сөйлем құруға, мінезін дұрыс жеткізуге дағдыландыру.Кейіпкердің әрекетін дауыс ырғағын сомдауға баулу.

8

«Маша мен аю»

Ертегінің мазмұнын түсінуге, кейіпкерлердің әрекеттерін бағалауға көмектесу.Рөлдерді қимыл-әрекет арқылы ойнау.

1

9


Қызыл телпек

Қаңтар айы

1

Ертегінің мазмұнын түсінуге,кейіпкерлердің әрекеттеріне баға беруге көмектесу.Ертегі кейіпкерлерінің әрекетін ишара арқылы жеткізу.

10

Шалқан

Ертегі кейіпкерлерін рөлге бөліп сомдату.балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттерін,жүріс –тұрысын талдауға, оларға қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету.

1


11


«Бақа мен екі қаз»

Ақпан айы


1

Балаларға ширмада мәтін бойынша рольдерді орындауға, қуыршақтарды қозғалтуға үйрету. Іс-әрекет қимылдарды музыкалық композициямен көркемдеу.

12

Нан қайдан шығады»

Балаларды дастарханға жеткенге дейінгі нанға сіңірілетін еңбекпен таныстыру, еңбек адамдарын құрметтеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ертегіні рольге бөліп айтуға үйрету. Сахнаға шығуға деген ынталарын арттыру.

1


13


Наурыз айы

1

Көктем сәні

Ертегіні түсіндіре отырып,балаларды көктем мезгілінің ерекше кездерін сезіне білуге,табиғатты аялай білуге, қамқор болуға тәрбиелеу.

14

Екі әтеш

Ертегіні тыңдай білуге және берілген рөлдерді дауыс ырғағы арқылы сомдау.



1


15


Әтеш пен тоты

Сәуір айы


1

Ертегінің мазмұнын түсіндіру;Өз түсінігімен әңгімелеу барысында сөздік қорын молайтып,тіл байлығын дамыту;Құстардың дауыс ырғағын салдыру.



16

Екі қаз бір бақа


Ертегі кейіпкерлерін сомдағанда дауыс ырғағына мән беру.Балаларды ертегілерді әңгімелеп беруге жаттықтыру, үй жануарлары туралы білімдерін тиянақтау,рөлдерді үлестіріп,берілген рөл бойынша әрекет етуге баулу.


1


17


Ақымақ қасқыр

Мамыр айы



1

Балаларға ертегіні оқып беріп, ертегі кейіпкерлерінің жағымды-жағымсыз қасиеттерін көре білуге , өз ойларын жеткізе білуге, ертегі арқылы жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.

18

Мысық,әтеш, түлкі


Ертегінің мазмұнымен таныстыра отырып, жағымды – жағымсыз кейіпкерлерді өздігінен ажырата білуге үйрету;дауыс ырғағы арқылы ертегі кейіпкерлерін сомдау.


1

Барлығы

18








Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы №1

Тобы:

Өтілетін күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы:Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Драма

Тақырыбы:«Дос іздеген бота» көлеңке театры Ж.Қалжанова

Мақсаты:Сомдалатын кейіпкердің мінезін белгілі-бір жағдайлардағы әрекеттермен жеткізу.Балаларға көлеңке театрының мәдениетін қалыптастыру.Мәтін ертегі бойынша рольдерді орындауға үйрету

Керекті құралдар: жануарлардың суреттері.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Түйенің суретін көрсетіп төлін сұрау.

Барлығы бірге тұрып жауап берді

Ұйымдастыру –іздену

Кіріспе әңгіме. Ертегілер туралы айту, қанадй болады, немен басталып, аяқталады.

Жұмбақ жасыру.

Кезекті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.(Түйе).

Ертегіні еске түсіру.Балаларға оқып беру.Сұрақ-жауап арқылы талдау.

Д /ойын : «Ертегі кейіпкерлерін таңда»

Ертегіні ролге бөліп, сахналау.


Балалар ертегі туралы білігендерін айтады.


Жұмбақ жасырады.


Ертегі тыңдайды, тадайды, сахналайды.




Дид/ойын ойнайды.

Рефлексивті түзету


Балалар ертегіні талдайды.Қорытындылайды.

Бота сендерге ұнайды ма?

Енесі қандай ақыл айтты ?


Балалардың жауабы тыңдалып қорытындыланады.




Күтілетін нәтиже:

Білу: Балалар ертегіні талдай білді.

Игеру:ертегіні сахналауды игерді.

Меңгеру: Сурет бойынша әңгімелеуді меңгерді.










Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.№2



Тобы:

Өтілетін күні:

Тәрбиеші:

Білім саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Драма

Тақырыбы: «Жыл басына таласқан хайуанаттар»

Мақсаты:Ертегі кейіпкерлерін сомдағанда дауыс ырғағына мән беру.Балаларды ертегілерді әңгімелеп беруге жаттықтыру, үй жануарлары туралы білімдерін тиянақтау,рөлдерді, үлестіріпберілген рөл бойынша әрекет етуге баулу.

Керекті құралдар: үй жануарларының суреттері,ойын құралдары

Әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациалық қозғаушы

Балаларға жұмбақ жасыру

Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар (түйе)

Балалармен үй жануарлары туралы әңгімелесу.

Балалардың жауабы.





Іздену ұйымдасты- рушы

Балаларға үй жануарларының суреттерін көрсету, төлдерін қалай шақыратынымызды еске түсіру.

Әңгімені оқу ( 3рет: жоғары, орташа, төмен дауыспен), мазмұнын түсіндіру.

Сергіту сәті.

Сұрақ қою арқылы балалардан мазмұнын сұрау.

Төлдер туралы білетін тақпақ , әндерімізді айту.

Ойын: «Қайсысы артық?», «Ненің құйрығы?»



Суреттерді қарай отырып, үй жануарлары туралы білетіндерін айтады.

Әңгімені мұқият зейін қойып тыңдайды.

Сергіту сәтін орындайды.

Әңгіменің мазмұнын айтуға тырысады. Кейіпкерлеріне деген өздерінің ойларын, көзқарастарын білдіреді.

Сұрақтарға толық жауап береді.

Ойынға қатысады.


Рефлексивті коррекциялаушы

Сұрақ қою арқылы қорытындылау.

Белсене қатысқан балаларды мадақтау, бағалау.


Сұрақтарға толық жауап береді.

Өз ойларын білдіреді.





Күтілетін нәтиже:


Білу: Балаларды ертегілерді әңгімелеп беруге жаттықтыру


Игеру: балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету,сөздік қорын жетілдіру.


Меңгеру: үй жануарларына қамқор болуға баулу






Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы №3

Тобы:

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы:Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Драма

Тақырыбы: Төлдер айтысы (ертегі).

Мақсаты:Балалардың үй жануарлары туралы түсінігі кеңейту.Төрт түлік мал төлдерінің аталуын және оларды ажырата білуге үйрету.Төлдерге қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.Кейіпкердің дауыс ырғағы арқылы ертегіні сомдату

Сөздік жұмыс:Төрт түлік,төл.

Көрнекіліктері:Үй жануарлары және төлдер суреті.

Әдіс –тәсілдер:Сұрақ жауап,әңгімелеу,көрсету

Әрекет қозғаушы.

Тәрбиешінің іс-әрекеті.


Балалардың іс-әрекеті.

Мотивациялық қозғаушы

Балалар аналарының өздерін қалай еркелетінін сұрау.

Балалардың жауабы.



Ұйымдастыру іздену

Дидактикалық ойын: «Төлін тап».

Ойын шарты:Тақтаға үй жануарлары ілінеді. Балалар әрбір жануардың қасына өз төлін ілу керек.

«Төлдер айтысы» ертегісімен балаларды таныстыру.

-Төлдер бір-бірімен не үшін айтысты?

-Лақ не айтты?

-Құлын ше?

-Бұзау не деді?

-Қошақан,бота не деді?

-Адам не деп жауап берді?

Сергіту сәті:

Айналайын торпақ, бола берме қорқақ,

Айналайын қозым, малда жуас бозым.

Айналайын ботам, қандай күлте жотаң,

Жалт-жұлт етіп лақ, жағалайсың бұлақ.

(Қимылмен көрсету

«Сыңарын тап» ойыны.

Ойын шарты:Балалар жануарларды тез құрастыруы керек


Көрсетілген суреттерден ажыратып атын айтып,ойынды қызыға ойнады.


Сұрақтарға толық жауап берді




Сергіту сәтін жасайды.



Балалар бірнеше бөлікке бөлінген жануарларды құрастырады.



Рефлексифті түзету

Қорытынды:Ертегіні рөльге бөліп балаларға сомдатуҮй жануарларының адамға қандай пайдасы бар.?-Ешкі ,қой,сиыр,түйе,жылқы төлдерін ата.-Малды қалай шақырады?

Балалар сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.

Күтілетін нәтиже:

Білу:үй жануарларының адамға қандай пайдасы бар екенін білді;

Игеру:ешкі ,қой,сиыр,түйе,жылқы төлдерін атап,ажыратуды игерді;

Меңгеру:малды шақырудымеңгерді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
984
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі