400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шеберлік сабағы 2 сынып Ф. Оңғарсынова "Әже"

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сыныпта өткізілген сабақтың қысқа мерзімді жоспары. Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді жоспарды қалай жазу керек? Онда қандай кезеңдер сақталуы тиіс? Оқу мақсаты негізінде сабақ мақсаты қалай қойылады? Міне, осы тәрізді сұрақтарға жауап ретінде мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде ұсынылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Әжетайым менің.

Фариза Оңғарсынова. Әже

Мұғалімнің аты-жөні:Нурсейтова Н.О.

Күні: 17.10.2018.

СЫНЫП: 2«А»

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.1.3.1 - күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу

2.2.1.2 - шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу

2.3.4.1 - мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табу және түзету

Сабақ мақсаты:


Барлық оқушылар: күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеумәдениетін сақтап, диалогке қатысады. Шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқиды. Мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табады және түзетеді.

Көптеген оқушылар: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Кейбір оқушылар: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Құндылықтарды дарыту




  • Ынтымақтастық (Топтық жұмыс барысында өзара ынтымақтастық құндылығы дарытылады).

  • Еңбек пен шығармашылық (жазылым, қалыптастырушы бағалау тапсырмалары орындалғанда еңбек және шығармашылық құндылығы дарытылады)

  • Ашықтық (Ашық сұрақтарға жауап беруде ашықтық құндылығы дарытылады)

Бағалау критерийі

  • Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеумәдениетін сақтап, диалогке қатысады.

  • Шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқиды.

  • Мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табады және түзетеді.

  • . Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 минут







1 минут






Шағын топтарға топтасу.

Туыстық атаулар арқылы шағын топтарға топтастыру. Аға, іні, әпке, сіңлі.

Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут

(ТЖ) Хормен айтады

Бас бармағым – атам,

Атам – үйдің данасы.

Балаң үйрек – әжем,

Әжем – үйдің анасы.

Ортаңғы терек – әкем,

Әкем – үйдің панасы.

Шылдыр шүмек – анам,

Анам – үйдің ажары.

Кішкене бөбек – мен,

Мен – бәрінің базары.

Бұл жаттығуды орындау барысында отбасы мүшелерін еске түсіреді.




Интербелсенді тақта


Топ аттары жазылған бұрыштамалар, топтық жұмыс ережесі.


Сабақтың ортасы

3 минут








4 минут









2 минут







3 минут




1 минут












2 минут








2 минут




5 минут











3минут









5 минут














Ширату: Белсенді оқыту.Үй тапсырмасын еске түсіру

(ҰЖ): 1-тапсырма: «Бірге соқсын жүрегіміз» ойыны

Мақсат: күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу

«Кім ойлап тапқан?» өлеңін хормен айтады.

Әр топ жеке айтады.


ҚБ: Бірін-бірі бағалау. Басбармақ әдісі арқылы.


2-тапсырма: «Сөз ойла, көп ойла» әдісі

  1. Аналар ойлап тапқан сөздерді санап көрейікші. Күнім, жаным, құлыншағым, айналайын, толған айым.

  2. Ал аналар басқа қандай сөздер айтады? Қай топ көп сөз ойлайды? 2 минут уақыт беріледі.

(топтарға ат қойылады)

  1. Балалар ойлап тапқан сөздерді санайық.

  2. Балалар ойлап тапқан сөздерде кімді тастап кетіпті?

Т: Саралау 3-тапсырма: «ЕҢ, ЕҢ, ЕҢ» әдісі

АС: 1. Әже деген кім?

2. Неге біз әжемізді жақсы көреміз?

3. Әженің біздерге қамқорлығын ең күшейткіш сөзін қосу арқылы тізбелеп көрейікші. Мыс: ең мейірімді, т.с.с

Жаңа сабақ:

Бүгінгі сабақта аналардың   анасы   - әжелер туралы Ф.Оңғарсынованың    «Әже» өленімен танысамыз.

Өлеңнің әр шумағын жеке оқып, әр жолына талдау жасау. Сөздердің мағынасын ашу.

Автор туралы мәлімет. Тірек-сызбаға сүйене отырып Ф. Оңғарсынованың  өмір жолдарымен  әңгімелеу.

Shape1

Автордың өмірі туралы қосымша мәліметтерді оқушы ізденісінен тыңдау.

АС: Танысқан шығармамыз әдеби жанрдың қай жанрына жатады?

4-тапсырма: ҚБ тапсырмасы:ДЖ:

Дескриптор Білім алушы

− мақалды анықтайды;

− өлеңді анықтайды;

− жұмбақты анықтайды;

− шығармалардың жанрлық ерекшеліктерін түсіндіреді.


ЖЖ: 5-тапсырма: Саралау










Автор қолданған сөздерді тауып, сәйкестендіреді.

ҚБ: Жарайсыңдар! (Мұғалімнің қошемет сөзі)

Бірін-бірі бағалау: «От шашу» әдісі

Күтілетін нәтиже: Айтылым және жазылым дағдысы қалыптасады.

Сұрақ:

Неге автор сөздерді басқаша қолданды деп ойлайсыңдар?

ТЖ: 6-тапсырма: «Зеректік»

Берілген ұйқас бойынша өлең құрастыру.

Маған айтып береді,

Ертегісінң әндерін.

..........................................

..........................................

Дескриптор:

  1. Ұйқасты түсінеді .

  2. Өлең құрастырады.

  3. Мәнерлеп оқып береді.

Еңбек пен шығармашылық (интербелсенді тақтада

жұмыс жасағанда және топта жұмыс жасағанда еңбек

және шығармашылық құндылығы дарытылады)

ҚБ: «Үш шапалақ» әдісі. Мұғалімнің марапаттауы



Өздері әкелген заттар немесе суреттер











Топтық жұмыс



Интербелсенді тақтадағы жазба

Смайликтер

















Тірек-сызба























Үлестірмелер









Үлестірмелер ҚБ-ға арналған тапсырмалар



































































Сабақтың соңы

4 минут

«Көз жұмып ойлану» әдісі

Оқушылар көздерін жұмып, мына сұрақтарға іштей жауап береді:

- Мен бүгін не білдім/үйрендім?

- Сабақта мен өзімді қалай сезіндім?

- Мен үшін не ең қызық болды?

- Мен кешегі күнмен салыстырғанда өстім бе?

«Бағдаршам» әдісі

Мен бәрін түсіндім – жасыл түс

Маған әлі іздену керек – сары түс

Маған көмек керек – қызыл түс

Осы түстерге тұрып, рефлексия жасайды.

Текшелер








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қараша
1304
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі