Шеберлік сабақ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Шеберлік сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Шеберлік сабағы ұстаздарға жас мамандармен жұмыстар жүргізгенде өте қажетті тапсырма
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шебер сынып тақырыбы:

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмалар құрастыру ”

Мұғалім:

Борибаева Жамила Оракбаевна

Жамбыл Жабаев атындағы №26 орта мектептің

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Мақсаты:

мұғалімдердің рефлексивті ойлау, оқыту үдерісін жоспарлауда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмалар құрастыру тиімді қолдану қажеттілігін түсіндіру.

Түйінді сөз:

сабақ кезеңдерінің логикалық үйлесімділігі;

түйінді идеяларды білім алушылардың тәжірибелік дағдыларын өзектендір, кері байланысты жүзеге асыру үшін аналитикалық тәсілдерді түрлендіріп жүргізу;

ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктері арқылы білім алушылардың тапсырманы өз бетінше орындауда көпіршелер тәжірибесін қолдану нәтижесінде құзыреттіліктерін жетілдіру;

шебер сынып құрылымында жаңартылған бағдарлама идеясының ықпалдастығы мен тәсілдерді тиімді пайдалана білу мұғалімдердің бірлесе оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Күтілетін нәтиже:

оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмалар құрастыру арқылы сабақты тиімді жоспарлау оқушыларды табысқа жеткізу көзі екендігін түсінеді.

Пайдаланатын материалдар

интерактивті тақта, геометриалық фигуралар, бейнематериалдар.



Мұғалімнің әрекеті

Қатысушылардың әрекеті

Ресурс

Психологиялық ахуалды орнату.

2 мин.

Жағымды эмоционалдық орта қалыптастыру.

«Сағат тіліндегі дос» тренингісін ойнату арқылы, жылы атмосфера орнату.

1. Адамның қолын қысыңыз
2. Арқасынан қағыңыз
3. Күлімсіреңіз
4. Қол бұлғаңыз
5. Көзіңізді қысыңыз
6. Комплимент айтыңыз
7. Құшақтасыңыз

8. Ауа арқылы сүйгеніңізді жіберіңіз

9. Қол ұстасып айналыңыз

10.Жүрек лүпілін көрсетіңіз

Көңіл күйлеріңіз көтеріліп, өздеріңізді тамаша сезінесіздер.

Әуен тыңдайды, көңіл-күйі көтеріледі.

Тапсырмаларды орындайды.

Презентация


Топқа бөлу.

2 мин.

«Тарсия» стратегиясы.

Тарсия – оқыту үшін әр түрлі басқатырғыштар құрастыруға арналған бағдарлама. Тарсия – оқытуда топтық, жұптық жұмыстарда қолданылады. Тарсия бағдарламасы көмегімен тіктөртбұрышты және үшбұрышты кеспе қағаздардан тұратын әртүрлі пазлдар жасауға болады. Оның қарапайым түрі 6-15 тапсырмадан, күрделі түрі 22-30 тапсырмадан тұрады.

Мақсаты: оқушының сөздік қорын, әдеби, мәдениетті сөйлеу тілін, күрделі ойлау қабілетін дамыту.

Түрлі түсті геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлінеді.

Түрлі түсті геометриялық фигураларды таңдайды, топқа бөлінеді де сұрақ пен жауаптарын табу арқылы пазл жинайды.

Түрлі түсті геометриялық фигуралар

Кіріспе

5 мин

«Форсайт» болжау стратегиясы. Мұғалімдерге бейнематериалдан үзінді беру. Яғни, оны ары қарай жалғастырып оқиғаны немен аяқталғанын өз ойларымен жеткізеді, сызбаны толтыру ұсынылады.

«Ешқашан берілме!» бейнематериал қарап, тапсырма орындайды.

Пікір алмасады.

Бейнематериал

Топтық жұмыс

3 мин


«Фишбоун» стратегиясы.

Тамашалаған бейнематериалға байланысты балық қанқасын толтыруға беріледі.

Фишбоунды құру ережесі:

1. Ойына келген пікірді жазуға тартынбау

2. Берілген уақыт аяқталғанша жұмысты жалғастыру, жазу.

3. Тақырыптың басқа қырларын ашуға ұмтылу

4. Мүмкіндігінше көп идеяларды жинақтау.


А 4 қағаздары

Жеке жұмыс.

3 минут


« 5-5-1» стратегиясы.

Бейнематериалды көргеннен кейін нені түсінген жайлы 5 сөйлем жазады. Одан кейін сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартады. Соңында 5 сөзді 1 сөзге қысқартады.

Мұғалімдер өздерінің түйінді сөзін бәрімен бөліседі.

Ойларымен бөліседі.

А4 қағаздары

Жұптық жұмыс.

3 минут

«Бұл жауабы болса,

онда сұрақ қандай болады?» стратегиясы

Жұптаса отырып, сөйлемді талқылайды, сұрақ құрастырады. Пікір алмасады.

Сұрақтар қимасы

Сергіту сәті

2 минут

Қызықты quiz ойыны.

Бұл ойын шарты эмоциялармен символдар арқылы берілген жасырынған сөздерді табу.

Бейнематериал

Кері байланыс

2 минут

«SMS» стратегиясы

Кері байланыс

Шебер сынып туралы ойларын айтады.

Сұрақтар қимасы







Жамбыл облысы Қордай ауданы

Жамбыл Жабаев атындағы №26 орта мектеп КММ







Шебер – сынып


Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмалар құрастыру ”










Ағылшын тілі пәні мұғалімі Борибаева Ж. О.







2023 – 2024 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.12.2024
214
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі