Шеберлік сабақ 1-сынып Стамбекова Шинар Сериккалиевна

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шеберлік сабақ 1-сынып Стамбекова Шинар Сериккалиевна

Материал туралы қысқаша түсінік
Шеберлік сабақ бастауыш сынып мұғалімдеріне көмек ретінде ұсынылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: Дүниетану

Ортақ тақырып

Бөлім

Бөлімше

Сабақ тақырыбы

Тағам және сусындар

Мен және қоғам. Тарих беттерінен

Көне мәдениеттер

мен өркениеттер.

Денсаулық пен қауіпсіздік

Біз қалай тамақтанамыз?

Құрастырған

Стамбекова Шинар Сериккалиевна

Сынып 1

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу бағдарламасына

сілтеме)

1.3.1.1 көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу.

1.1.4.2 тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру.



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: уақытқа қарай тамақтану режимін айтады.

Көптеген оқушылар:тағам және сусын түрлерін ажыратады, ежелгі және қазіргі заманғы адамдардың тамақтану ерекшелігін анықтайды

Кейбір оқушылар:тамақтану ережесін сақтаудың маңызын айтады.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу және түсіну. Қолдану


Бағалау критерийлер

  • ежелгі және қазіргі заманғы адамдардың тамақтану ерекшелігін анықтайды.

  • тағам мен сусын түрлерін ажыратады.

  • тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсінеді.


Тілдік мақсат



Оқушылар: сабақта тамақтану режимін тірек сөздерді пайдаланып әңгімелеу.


Пәнге тән лексика мен терминология:

тағам-еда-food, сусын – напиток – drink, ет- мясо- meat , нан- хлеб-bread, көкөністер- овощи- vegetables


Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

ежелгі заман, қазіргі заман, тағам, сусын, көкөністер, нан, ет


Талқылауға арналған сұрақтар:

Тамақтану тәртібін ата?

Дұрыс тамақтану денсаулыққа не үшін пайдалы?

Түскі ас мәзірінде қандай тағамдар болуы керек деп ойлайсың?

Қазақ халқының ұлттық сусындарын білесің бе?

Ұлттық сусындардың адам денсаулығына пайдасы қандай?


Құндылықтарды дарыту

Құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, азаматтық жауапкершілік, өмір бойы білім алу.

Пәнаралық байланыстар


Көркем еңбек.«Орындап көр» айдарында әр топ постерге сурет салу тапсырмасын орындайды.

Жаратылыстану.Оқушылар дұрыс тамақтану мәзірін құрастырады.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивный тақта, компьютер

Бастапқы білім

Тамақтану туралы түсінік қалыптасқан.

Жоспар

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


7 мин





3 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Топқа бөлу: / жіктеу арқылы жасырын саралау /

Қима қағаздар арқылы 3 топқа бөлемін

1-топ: Танғы ас

2 -топ: Түскі ас

3- топ: Кешкі ас


«Сиқырлы сандық » ойыны арқылы сабақтың тақырыбын ашу.

Оқушыларды қызықтыру үшін сабақты ең бірінші үстелдің үстіне екі сандық қойып ішіне тағам түрлері бар қима қағаздар саламын.Бір оқушыны тақтаға шығып жәшік ішіндегі суретті алып қай кезде, қалай қолданатынын сипаттап айтуы керек. Оқушылар сипаттама арқылы қандай тағам екенін табады.

-Балалар, сендер қандай тағам жейсіңдер? Қандай сусын ішесіңдер?Қандай тағам мен сусынды жақсы көресің?

Shape1


Балалар, біз қандай топтарға бөліндік?

Бұлардың бәрін бір сөзбен қалай атаймыз?

Олай болса біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай

болмақ ? (оқушы жауабын тыңдау)

Біз қалай тамақтанамыз?

Ендеше осы сабағымыздың мақсатын құрайық.

Балалар, бүгінгі сабақта не туралы біледі екенбіз?

-Бүгінгі біздің сабағымызда ежелгі және қазіргі заманғы адамдардың тамақтану ерекшелігін анықтаймыз,тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсінеміз,тағам мен сусын түрлерін ажыратамыз.

-Балалар, сендерге қазір мен жұлдызқұрттың суретін таратып беремін. Әр тапсырманы орындаған сайын жұлдызқұрттың бөліктерін бояйсындар.Мақсатқа жеткен жетпегенімізді жұлдызқұрттың бөліктерін бояу арқылы көреміз.


Shape2

таңғы ас



Shape3

түскі ас кешкасасасас




Shape4

кешкі ас кешкасасасас

































Сабақтың ортасы


7 мин








































8 мин











































12 мин


1-тапсырма. .

Суреттерді салыстыр

/Ұжымдық жұмыс /

(Айтылым және тыңдалым)

Саралау тәсілі (диалог және қолдау көрсету

Белсенді оқу (сұрақ қою және талқылау)



Сурет бойынша сөздердің атауын үш тілде ата:

тағам-еда-food, сусын – напиток – drink, ет- мясо- meat , нан- хлеб-bread, көкөністер- овощи- vegetables



Ынталандырушы бағалау «От шашу» әдісі

Қалыптастырушы бағалау жұлдызқұртты боятамын


Критерий:


Дескриптор:


құс тұмсығы белгісі

Ежелгі және қазіргі заманғы адамдардың тамақтану ерекшелігін анықтайды.


- алғашқы адамдардың қалай тіршілік еткенін айтады;


- ежелгі және қазіргі адамдардың тамақтануында қандай айырмашылық бар екенін біледі;


-сөздерді үш тілде атай алады;




2-тапсырма.

Топтық жұмыс.

Саралау тәсілі /ресурс арқылы қолдау көрсету/

Белсенді оқыту /бекіту және қолданысқа енгізу/

«Ассоцация» әдісі.



«Жеміс-жидектер» «Ет өнімдері»

«Сүт өнімдері» «Ұн өнімдері»







Үлестірмелі қима қағаздар арқылы тапсырма бойынша тақтада ілініп тұрған атауларға сәкестендіріп, "Кім жылдам?" ойыны арқылы тапсырманы орындайды.


Ынталандырушы бағалау «От шашу»әдісі

Қалыптастырушы бағалау жұлдызқұртты боятамын


Критерий:


Дескриптор:


құс тұмсығы белгісі

Тағам мен сусын түрлерін ажыратады.

-тағам мен сусын түрлерін анықтай алады;


-сүт өнімдерін анықтай алады;


-ет өнімдерін анықтай алады;


-ұн өнімдерін анықтай алады;




3-тапсырма.

Топтық жұмыс «Орындап көр» әдісі

Белсенді оқыту (нұсқау беру және айту )

Саралау тәсілі (тапсырма , диалог және қолдау көрсету, қарқын арқылы )

Барлық оқушылар «Таңғы ас» тобы: Сусындар мен тағамдарды сәйкестендір

Көптеген оқушылар «Түскі ас» тобы:

Шайдың жасалу жолы және дастархан әдебі

Кейбір оқушылар «Кешкі ас» тобы:

Түскі ас мәзірін жасап,досыңды қонаққа шақыр


Ынталандырушы бағалау «От шашу»әдісі

Қалыптастырушы бағалау жұлдызқұртты боятамын




Критерий:


Дескриптор:


құс тұмсығы белгісі

Тағам мен сусын түрлерін ажырату.


- ас мәзіріндегі тағамдарды анықтайды;


-ас мәзіріндегі сусындарды анықтайды;


-тағамды ажыратады;


-сусынды ажыратады;


-шайдың түрлерін ажыратады;


Тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсінеді.

-ас мәзірін жасай алады;


-дастархан әдебін қолданады;


-дастархан басында айтылатын әдепті сөздерді айта алады;


-шайды демдеу жолын біледі;


-шайға қосатын дәмдеуіштерді анықтайды;



























































































Сабақтың соңы




3 мин




Кері байланыс : қалыптастырушы бағалаудың

«Допты лақтыру» әдісі арқылы сабақтағы алған білімдерін қорытындылау

-Бүгінгі сабақта не туралы білдіңдер?

желгі және қазіргі заман адамдарының тамақтану ерекшеліктері қандай?

-Қандай сусындарды білесің?

Рефлексия

-мен күткендей болмады

-ұнады, бірақ ұсыныстарым бар

-маған қызықты, үйрендім



Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай

көбірек қолдау көрсетуді

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары

оқушыларға қандай міндет қоюды

жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың

Материалды меңгеру деңгейін

қалай тексеруді жоспарлайсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының сақталуы

  • жіктеу арқылы жасырын саралау

  • қарқын арқылы саралау

  • диалог және қолдау көрсету арқылы саралау

  • ресурс арқылы саралау

Оқушыларды жіктеу тәсілімен жасырын саралау түрінде «Таңғы ас», «Түскі ас», «Кешкі ас» топтарына бөлдім. Мақсатым: көбірек қолдауды қажет ететін оқушыларға қажет болған жағдайда жетелеуші сұрақтар қоя отырып,қолдау көрсету.

1-тапсырмамда суреттерді салыстыру диалог және қолдау тәсілдері арқылы жүзеге асты.Мақсатым: Ежелгі адамдар мен қазіргі адамдардың тамақтану ерекшеліктерін ажыратып айта білу.Осы тапсырманы орындау барысында оқушыларды қосымша сөздермен (жарайсың,арқасынан қағу т.б) қолдау көрсетіп отырдым.

Ресурс арқылы және қарқын арқылы қолдау көрсетуді

2-тапсырмамда «Ассоцация» әдісі мен «Кім жылдам?» ойыны арқылы жүзеге асырдым.

Мақсатым:оқушылар берілген ресурстарды пайдаланып,дұрыс түсіне отырып,сәйкестендіре білу.

3-тапсырманың «Орындап көр» әдісінде көпшілік оқушыларға қарқын арқылы саралауды басшылыққа алып, қосымша уақыт бердім.

Барлық оқушыларға қолдау көрсетіп ынталандырып отырдым.

Кейбір оқушыларға тапсырма орындау барысында жан-жақты ,әрі нақты көмек қажет болды.Оқушыларды ойланту үшін алдын-ала дайындалған сұрақтар қойдым.

Түскі ас мәзірінде дастарқанда қандай тағамдар болуы керек деп ойлайсың?

Дастарқан әдебінде қандай сөздер қолданасың?

Досыңды қалай қонаққа шақырасың?Дұрыс тамақтану денсаулыққа не үшін пайдалы?

Барлық тапсырмаларымда саралаудың « Диалог және қолдау көрсету» кезеңдері жүзеге асты.

Критериалды бағалауды жүзеге асыруда мен оқу мақсатына және тақырыпқа сәйкес критерий құрдым.критерийлерге сәйкес дескриптор құрдым.Дескриптор арқылы оқушы өз білім деңгейлерін анықтап отырды.

Оқушылар әр дескрипторға жеткенін, жетпегенін құс тұмсығын қою арқылы анықтап отырдым.

- От шашу, мадақтау әдісі арқылы оқушыларды ынталандырушы бағалау жасадым


-қалыптастырушы бағалауда жұлдызқұртты бояу тәсілін қолдандым

Оқушылар «Доп лақтыру» әдісі арқылы сабақтағы алған білімдерін қорытындылады.Осы әдісті мен қалыптастырушы бағалау тапсырмасы ретінде алдым.

Рефлексия

-мен күткендей болмады

-ұнады, бірақ ұсыныстарым бар

-маған қызықты, үйрендім


Оқушыларға партада отыру ержелерін, денені түзу ұстау ержелері айтылды, ширату тапсырмалары жасалды



Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Сабақ мақсатын оқу мақсатымен сәйкес алдым.Сабақ мақсатын пән ерекшеліктеріне бағыттап алдым.Мақсатты оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, SMART форматында құрастырдым.Тапсырманы оқушылардың қажеттіліктерін ескеріп,саралап алдым.Саралауда әр түрлі тәсілдерді жоспарладым (тапсырмалар,оқушыларды қолдау).Таңдау әдістері арқылы пән бойынша тақырып мазмұнын анықтадым.Оқыту әдістері оқыту мақсатына қол жеткізуге ықпалын тигізді.Әдістер оқушыларды оқу үдерісіне тартуға бағытталды.Ойлау және практикалық іс-әрекет үдерісінде оқушылардың белсенділіктерін қамтамасыз ететін әдістерді пайдаландым.Бағалауды оқу мақсатына сәйкес алдым.Бағалау критерийлерін пайдаландым.Сабақтың мақсаты шынайы болды.

Сабақта оқушылар ежелгі және қазіргі заман туралы білім алды, олардың ерекшеліктерін ажыратты.

Сабақтың мақсаты айтылды, сабақтың тақырыбы ашылды.

Сабақта уақытты тиімді пайдаландым.Саралауда қолдауды қажет ететін оқушыларға «Жалғастыр» әдісі арқылы тапсырма беру жұмысын жүргіздім.Қабілеті жоғары оқушылармен саралау жұмысын ұйымдастыруда шығармашылық тапсырмалар ресурстар арқылы қолдандым.Сабақта белсенді оқыту түрлері болды.Мен өз алдыма қойған мақсатыма жеттім.























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.10.2018
731
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі