жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Шеберлік сыныбы «Білім беру ұйымдарындағы әдістемелік қызметті ұйымдастырудағы инновациялық амалдар»
Тақырыбы |
«Білім беру ұйымдарындағы әдістемелік қызметті ұйымдастырудағы инновациялық амалдар» |
Мақсаты |
Әдістемелік жұмысты жаңа тұрғыдан ұйымдастыру білім беру жүйесінде инновациялық сипатты жүзеге асырудағы өзгерістер мен білім беру мазмұнын жаңарту жолдарын көрсеру |
Күтілетін нәтижелер |
Мұғалімдер педагогтардың кәсіби міндеттерді жоғары деңгейде шешуге дайындығы олардың жаңа модель қызметіне белсене бейімделуінің қажеттілігін меңгереді |
Түйінді идеялар |
|
Табыс критерийлері |
Шебер сынып арқылы білім беру жүйесінде инновациялық процестің ерекшеліктерін тәжірибеде үйренеді. |
Сабақта қоданылатын ресурстар |
Тақырыптық презентация, маркерлер, стикерлер (түрлі түсті), тапсырма орындайтын қағаздар, веер. |
Оқыту әдістері |
Шахмат әдісі |
Бағалау |
Жас мамандардың бағалауы; Желілік қоғамдастықтың бағалауы Шығармашылық топтың бағалауы; Критерий арқылы бағалау |
«Ең әсерлі білім- сені жеңе алатын бәсекелеспен шахмат ойнау» Ричард Бах
Кезеңдері |
Жоспарланған іс-әрекеттер |
Басы «Дебют» Мақсаты: Мұғалімдерді шеберлік сынып тақырыбына енгізу /5-мин/ |
Саламатсыздар ма, құрметті әріптестер! Жақсы жұмыс жасауға жақсы көңіл күй керек. Олай болса, сабақты бастамас бұрын жағымды ахуал туғызу мақсатында «Сарбаз жүріс» әдіс-тәсілін қолдану. Музыка ойналады , осы уақытта топ ішінен 1-2 адам шығып , қатысушылар туралы ақпарат жинайды/барынша көп ақпарат жиналуы тиіс/ Музыка аяқталған соң әрбір қатысушы өзі жинаған ақпаратпен таныстырады. Осы әдістің тақырыпқа қажеттілігі жайлы тоқталу Топқа бөлу. Шахмат тастары арқылы екі топқа бөлінеді 1-топ «Шах» тобы; 2- топ «Мат» тобы |
Ортасы «Миттельшпиль» Мақсаты : Қызығушылықты ояту /5-мин/ |
1-тапсырма. Ой қозғау. «Кроссенс» әдісі бойынша тақырыпты ашу , стратегия құру /ойын жоспар/ «Уәзір жүріс» 2-тапсырма «Фрейер модел» - әдісі бойынша « ХХІ ғасырдағы адамға керек қабілеттер мен қасиеттер» Саралау: «Дереккөздері» ҚБ:Жас мамандардың бағалауы |
Теориялық кезең /5-мин/ |
«Білім беру процесінде теориялық-әдіснамалық инновациялардың ерекшеліктерін талдау» презентацияны көрсету. |
Ой сергек /10-мин/ |
3- тапсырма «Піл жүріс» әдісі бойынша : «Шах» тобы: Өзіндік дамуға бағыттылық «ПОПС формуласы» (Позиция Объяснение Пример Суждение) Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,....» Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...» Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын....» Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...» Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» Қ/Б: Желілік қоғамдастықтың бағалауы 4- тапсырма: «Тура жүріс» әдісі бойынша: «Мат» тобы: Шығармашылық пен білуге құмарлық 3 «и» әдісі бойынша талдау: /Интеллект- Идея- Инновация/
Саралау: «Тапсырма» Қ/б:. Шығармашылық топтың бағалауы |
/10-мин/ |
«Ладия жүрісі» 5-тапсырма: Қатысушылар өздері таңдаған тақырыпқа қысқа мерзімді жоспар құрып, SMAPT мақсатын қоя отырып, әр кезеңін жоспарлап, қорғайды. /Постер/ Қ/б: Критерий арқылы бағалау. |
ІІІ. Соңы Эндшпиль Мақсаты: қорытындылау /5-мин/ |
Рефлексия «Патша жүріс» «Шахмат» әдісі Шебер сыныптан алған әсеріңіз қандай ? Болашақтағы жоспарыңыз... Күтілетін нәтиже... Ағымдағы мәселелер... Қорытынды.......
|
Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға (қазақ жанына) үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.
Мағжан Жұмабаев
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
Ахмет Байтұрсынов
«ПОПС формуласы»
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,....»
Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...»
Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын....»
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»
Білім берудегі инновациялық технологиялар
Төреханова Г.И.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
Бұл мақалада білім берудегі инновациялық технологиялардың жай-күйі сөз болып, оларды педагогикалық практикада пайдалану мәселелері қарастырылады.
Педагогикалық инновация - педагогикалық жүйедегі жаңашылдық. Инновация (лат. innovis) - жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді. Энциклопедиялық сөздіктерде "инновация" әр түрлі анықталады. Т.И.Шамова, П.И.Треьяковалардың еңбегінде "Инновация дегеніміз - жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз - тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни, инновация үрдісін мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал "жаңаша" деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз" делінген. Ал, ең алғаш "инновация" ұғымын қазақ тілінде анықтаған ғалым, профессор Н.Нұрахметов: "Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз - білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі" деген анықтаманы ұсынады [1].
Инновация - модификациялық, комбинаторлық, радикалдық инновация деп үш түрге бөлінеді.
Модификациялық инновация - бұл, қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған, В.Ф.Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектілері және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.
Комбинаторлық инновация - бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.
Радикалдық инновацияға білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру - жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегі алғы шарттар қажет:
· оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
· оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кеенді түрде қарастыру. Оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау;
· жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу;
· оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу
Қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық технологиялардың танымалдыққа ие:
· Саралап оқыту;
· Дамыта оқыту;
· Деңгейлеп оқыту;
· Шоғырландырып, қарқынды оқыту;
· Модульдік оқыту;
· Блок-модульдік оқыту;
· Жобалап оқыту технологияларымен қатар, тікелей ақпарттық – коммуникациялық технологиялар көмегімен жүзеге асырылатын:
· Компьютерлік технология;
· Мультимедиа технологиясы;
· Қашықтықтан оқыту технологиясы;
· Желілік технология;
· Интернет технология;
· Интерактивтік технология деп аталатын түрлерін Білім берудегі инновациялық технологиялар тобына жатқызамыз.
Қоғамның даму қозғалысы мен оның қазіргі заманғы сипаты психолог, педагогтар мен білім беру саласындағы барлық мамандар алдына жаңа міндеттер мен мақсаттарды қояды. Қазіргі кездегі ақпараттық қоғам білім беру орындарының алдына:
- Өз бетінше керекті білімін ала алатын және оны практика жүзінде қолдана алатын;
- Өз бетінше сынмен ойлауға, нақты жағдайда туындайтын мәселелерді көре білетін және оларды шешу жолдарын іздей алатын;
- Ақпаратпен сауатты жұмыс істеуге қабілетті;
- Әр түрлі әлеуметтік топтарда, ұжымда жұмыс істей алатын;
- Өзінің өз бетінше ой – өрісін, мәдени деңгейін дамыта алатын қабілетті мамандарды тәрбиелеуді талап етеді.
Еңбекші

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген