Шеберлік
сыныбы
Тақырыбы: «Математика
сабағында қолданылатын тиімді
тәсілдер»
Мақсаты: Іс
– тәжірибемен
бөлісу.
Барысы:
І Психологиялық
дайындық
«Сағат тіліндегі
достар»
Мақсаты: танысу, жағымды қарым
- қатынас орнату.
Математика сабағында жаңа
бағдарлама бойынша топтық, жұптық, үштік, жаппай және жеке жұмыс
түрлері ұйымдастарылады. Жаңа бағдарлама бойынша сіздердің
қолдарыңызда оқулықтарыңыз бар. Сол оқулықта да осы жұмыс түрлері
көрсетілген.Сабақ барысында қалыптастырушы бағалау өн бойына жүріп
тұруы тиіс. Ол дегеніміз жекеленген осы әрбір тапсырма формативті
түрде бағалануы керек. Оны шеберлік сыныбы барысында көретін
боламыз.
Математика сабағында қолдануға
болатын бірқатар әдістер.
Слайдпен
жұмыс
Жақсы, ендеше, сабағымызды
бастайық.
І Психологиялық
дайындық
Қазір кімнің көңіл-күйі өте
тамаша, қол көтерсін!
Кімнің досы осы сыныпта отыр,
қолын шапалақтасын!
-Кім өз-өзіне сенімді, қол
көтерсін!
-Бүгін біздер сабақта не
істейтінімізді білетін бала қолын
шапалақтасын!
-Қазір не істейтінімізді
білмейтін бала қол көтерсін!
Математикалық диктант /жеке
жұмыс/
Ламинатталған парақшаларға
математикалық диктант орындау.
а) 500-ді 300-ге
арттыр
ә) 100- бен 7 сандарының
айырмасын тап
б) Азайғыш-800, азайтқыш – 200
айырманың мәнін тап.
в) Үш бірдей қосылғыштардың
қосындысы 9-ға тең. Әрбір қосылғыш нешеге тең екенін
жаз.
Өзіңді
тексер!
Қалыптастырушы бағалау
«Түрлі түсті білезіктер»
Жұптық тапсырма /Оқулық 1 –
мысал, 22 - бет/
Түсіндіре отырып, баған
түрінде жазып есепте. Дұрыстығын тексер.
35
см + 55 см = 24 см + 36 см =
90
см – 48 см = 90см +36 см =
36
см + 44 см = 80
см -45 см=
13
см +77 см = 50 см – 23 см = 80
см – 36 см=
«Көршіңді тексер!»
әдістемесі
Қалыптастырушы бағалау «Ақ
қасықтар»
Топтық
тапсырма
-
Топ
Қоянға берілген сандарды рим
цифрларымен жазуға көмектес.
-
Топ
Бірдей уақытты көрсетіп тұрған
сағаттарды біріктір
-
Топ
Жазық фигураларды - қызыл, ал
кеңістік денелерін көк түспен қорша. Фигураларды
ата.
Қалыптастырушы бағалау
«Басбармақ»
Рефлексия
3:2:1
Еркін
микрафон
Үш ұнаған факторды
атаңыз...
Екі қиындық тудырған факторды
көрсетіңіз...
Бір ұсыныс немесе
тілегіңіз...