«Біз өмірге құштармыз
!»
Шеберлік
сынып
Дайындаған: Ауелбаева Ания
Елгелдиевна
№20 жалпыорта білім беретін
мектеп психологы
Мақсаты
:Жеке тұлғаны қысқа уақытта
зерттеу арқылы оларға түзету, дамыту жұмыстарын ұйымдастыру.Өмірге
құштарлықтарын арттыру.
1. «Ауа
райы» жаттығуы
Мақсаты: Жеке тұлғаның көңіл күйін
зерттеу.
Жүру барысы :1.
Нұска. Берілген суреттерді таңдау
арқылы көңіл күйіңізді көрсетіңіз.
2.
нұсқа Алдарыныңда берілген ақ
параққа карандашпен бүгінгі көңіл
күйіңізді
Бұлтқа
Желге
Күнге
Теңеу арқылы
бейнелеңіз.
Қорытынды: Тұлғаның осы сызбалардың
парақта орналасуы, көлемі арқылы ол адам тралы мағұлматы оңай алуға
болады.
2. «Түрлі түсті кәмпиттер»
жаттығуы
Мақсаты
: түс арқылы адамды зерттеу, ол
туралы ақпарат алу.
Жүру
барысы: қатысушыларға түрлі кәмпиттер
ұсынылады. Сол кәмпиттер ішінен өзінің эмоциясына қажеттісін таңдап
алу .
Қорытынды: кәмпит түстер
арқылы тұлғаны қандай түсті ұнататынын
Мысалы:
Қызыл
түс-
ерік-жігер, белсенділік, ашушаңдық, еркіндік пен қимыл-қозғалыстың
көптігін білдіреді. Қызыл киім
киетін адам өмірді сүйеді, сексуалды, бойы күш-қуатқа толы. Түстің
астарында сезімталдық жатыр. Ол өмірді құштарлық, құмарлыққа
толтырады. Егер тұрмыс не таусылмайтын жұмыс шаршатып, еңсеңізді
түсірсе, осы түстің көмегіне жүгінгейсіз. Егер қобалжып, жүйке
жүйеңіз сыр берсе, қызыл түс жағдайды однан әрмен
күрделендіреді.
Қызғылт сары
түс оптимистік, албырттық, ақкөңілділік пен
табандылықты аңғартады. Бұл түсті ұнататын адамдар – әрдайым көмек
қолын созуға даяр адал достар.
Алқызыл
–әйелге тән қасиет пен нәзіктік
түсі.
Сары –
күн сәулесі, қуанышқа толы үміт түсі. Оны
көңілді, өмірді сүйетін, мақсатына жетпей қоймайтын, белсенді,
тіпті, күйгелек жандар таңдайды. Сары түсті киім киген адам
мейірімді, өзіне сенімді және ақша табудың көзін біледі. Бұл түс
мүсініңіздің сымбатын қадағалауға
көмектеседі.
Жасыл түс
– ақылдың орамдылығын, парасаттылық, жағдайды
терең түсіне білетін жандарға ұнамды. Бай-бақуаттылық пен гүлденуді
білдіреді. Ашық жасыл түс адамды жас көрсетеді. Ал бұл түсті
ұнатпау адамның өз эмоциялық күйіне көңілі толмайтынын
аңғартады.
Көгілдір
– тыныштық пен ақиқат түсі. Көк түсті құп
көретін жандар жанға бататын шындықты жұмсартып, көңілге
тимейтіндей етіп айта алады және оны өзгелер дұрыс түсінеді.
Көгілдір түске деген ынтықтық парасаттың жоғарылығын көрсетеді. Бұл
түске берілер сипаттама – ұстамдылық пен салқындық. Артық салмақ
қосуға бейім жандардың бұл түспен әуестенбегені
абзал.
Көк
түсті- енжар, ұқыптылық пен
тазалықты ұнататын сезімтал адамдар таңдайды. Олар меланхоликтер
және тыныштықты бәрінен артық көреді. Сондықтан бұл түспен
әуестенудің қажеті жоқ.
Күлгін түс
-армандарды оятады. Оны
ұнататын жандар – барлығын таңдандыруға тырысатын шығармашыл
адамдар. Егер өзгелердің таңданысын тудыра алмаса, олар ерке,
ашуланшақ бола түседі.
Қоңыр –
кертартпалық түсі. Тұрақтылық, ұстамдылық,
сенімділік пен қарапайымдылықты білдіреді. Бұл түсті ұнататын адам
– тамаша қызметкер және қашанда сенім артуға тұрарлық
серік.
Ақ
– тазалық, пәктік, тыныштық пен көңіл
жайбарақаттығы түсі. Бұл түспен шамадан тыс әуестенетін жандар
томаға-тұйық бола бастайды.
Сұр
– іскерлік түсі. Оны ұнататын жандардың
мінезі қатты, төзімді және табанды. Сезімін бақылауда ұстауды жөн
көреді және тұрақтылыққа ұмтылады. Шектен тыс құмартқан кезде мұңаю
мен күйзеліске алып келуі мүмкін.
Қара
– «қауіпті әйелдер» түсі. Қара киім киетін
әйел аянкес және аяушылық сезімінен жұрдай. Бірақ сән әлемінде қара
кербездік, жоғары талғам мен сәнділік түсі
саналады.
Сонымен, өмірде бардың
барлығы маңызды және кездейсоқ еместігіне кезекті рет көзіміз жетіп
отыр. Белгілі бір түстерді ұнату санамыздың тереңінен мығым орын
алған. Бірақ ден қойып қарасақ, түстердің адамдары әдемілік үстеп
қана қоймай, оның мінезі мен әлемді қабылдауына қосымша
ерекшеліктер қосады.
3.«Стакан»
жаттығуы
Мақсаты
: Адамға өзінің эмоциональды
көңіл -күйін ұғындыру.
Нұсқау: Жаттығуға қатысушыларға
қалбыр стакандар таратыладыда , егер сіз ашу кезінде осы стаканды
не істер едіңіз? Соны іспен көрсетіңіз...
Талдау: - Сіз ашу тарағаннан кейін
калай қалпына келтірер едіңіз?
-Сіз ашудан кейін өкінген
кезіңіз болды ма?
Қорытынды: Кез –келген заттың өз
құндылығы бар, ең құнды нәрсе ол – біздің ішік жан дүниеміз. Ал оны
қалай билеу ол өзіміздің қолымызда.
4. «Бақытты бәтеңке»
тренингі
Мақсаты: Тұлғаны кездесетін қиындықтан
жол тауып шығуға бағыттау.Өмірде кездесетін қиындықтарда тек
сабырмен шешуге көмектесу.
Нұсқау: Бақытты бәтеңкені киіп жүру
арқылы берілген сұрақтарға жақсы жағынан ойлап жауап беру
.
Қорытынды
: Яғни кез – келген қиындықты
жақсы қабылдап, оңай шешім шығару өз
қолында.
5.«Бейнелер»
тренингі
Мақсаты: топты білесіп жұмыс жасауға ,
бір-бірін ұғынуға , ынтымаққа бағыттау.
Жүру
барысы: топ үнсіз тек қимылмен қозғалу
арқылы жүргізуші көрсеткен нұсқауды
орындайды.
Талқылау : Сіздерге қиын болды
ма ? Бір - бірімізбен білесіп жасаған жұмыс жеңіл ме
?
Қорытынды: Өмірдің жолы ауалы төкпелі
қиындық қайғы қуаныш қатар жүретіні белгілі ал сол жолдан осы
кездесетін қиындықтарды Біз өмірсүйгіштігімізбен , өмірге
құштарлығымызбен жеңіп шығамыз! Солай болады ! Және солай
болатынына сенеміз ! Өйткені Біз Өмірге
Құштармыз!