жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Шеберлік сынып "ЖАҢА ӘДІС –ТӘСІЛДЕРДІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ТАРИХ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ"
Мағзумова Карлығаш– тарих пәні мұғалімі
Сәтбаев қаласы, «С.Сейфуллин атындағы гимназия» КММ-нің
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс –тәсілдердің элементтерін тарих сабағында қолдану.
Мақсаты: Жаңартылған білім беру жағдайында жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланудың жолдарын көрсету, тарих пәні мұғалімдерінің құзыреттіліктерінің арттыру. Ұстаздардың кәсіби дамуына үлес қосу.
Міндеттері: 1. Топ ішінде бір- біріне ықпал ете отырып жаңа білімді өз беттерімен меңгеру дағдыларын дамыту, алған біліміне қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
2. Тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін құру арқылы тәжірибе алмасу.
3. Іскерлік ойындардың мақсатымен, жүргізілу әдістерімен, түрлерімен таныстыру.
Күтілетін нәтиже: 1.Өздері оқушыдан талап ететін уақытқа бағыну.
2. Бір-бірімен жақын танысу.
3.Тапсырмаларды бірлесе ұйымшылдықта орындау.
Қолданылатын материалдар: Бейнефильм, үлестрмелі материалдар,
карта,
кітаптар көрмесі, ақ парақтар, интерактивті
тақта, тарапта
қағаздар, түрлі-түсті қаламдар
Сабаққа
кіріктірілетін модульдер: СТО, оқыту
мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ
Қолданылатын стратегиялар: «Сұрақтар жаңбыры», «Түртіп алу», «Бас бармақ» «Жарлық», «Қазына іздеу», «Неге? Неге? Неге?», «Қол белгісі», «Менің сөзім»;
Жоспар:I Кіріспе.Ұйымдастыру кезеңі.Таныстыру
II Негізгі бөлім.1.Қасиеттерді анықтау.2.Жаңа білім беру .3 Сұрақтар. 4 Қорытынды.
I Кіріспе: Негізінен жаңартылған білім беру жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы –оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топпен жұмыс жасай білу. Білім мазмұнын жаңағыртыу тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. Бүгінгі сабағымызда сіздерге аталған бағдарламаға сәйкес тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, баланың танымдық белсенділігін арттыратын, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететін, білімінің тереңдігін, әрі тиянақтылығын арттыратын әдіс –тәсілдерді сабағымызда қолданамыз. Осы бағдарламаны меңгергенде ғана жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра алатынымызға сеніміміз мол. Бүгінгі болғалы отырған шеберлік сабағымыз сіздердің педагогикалық еңбек жолдарыңызға өз көмегін тигізіп, бір-бірлеріңізбен тәжірибе алмасып, шеберліктеріңізді шыңдайсыздар деген үміттеміз.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту:
Сәлемдесу (1мин.)
Жағымды ахуал орнату: бет- әлпеттерімен көңіл күйлерін көрсету;(1мин.)
Суретті әңгімеле» әдісі ТОПҚА БӨЛУДЕ
Топтағы қағида:1. Белсенділікті арттыру. 2. Бірігіп жұмыс істеу. 3. Бір-біріне кедергі келтірмеу. 4. Өз ойыңды ашық айта білуге үйрену. 5. Өзіңе пайдалы нәрсені алу
6. Әріптестермен жақсы қарым-қатынаста болу 7. Өзін еркін ұстауға үйрену.
(Кенесары ханның суреті, карта, көтерлістің бейнесі, Абылай ханның (2мин.)
Ұйымдастыру: барлық қатысушымен, жұппен жұмыс.
Мақсаты: бір бөлігі берілген сурет құрастыру бойынша әңгімелету, суреттегі оқиғаның басын және соңын болжату арқылы тапқызу.
Қажетті материалдар: сериялы суреттер
Сипаттамасы: қатысушыға сурет көрсетіледі, әңгімелейді. Суреттер сабақтың бір бөлігі екені ескертіледі. Қатысушыларға суреттегі негізгі ойды табу тапсырылады. Қатысушылар суретте бейнеленген сәтті әңгімелей отырып, жаңа тақырыпқа қысқаша шолу жасайды. Қатысушылар өздері құраған әңгіме мен әңгіменің шынайы сюжетін ашады.
2.Видео көрсету Хан Кене «Сұрақтар жаңбыры»(7мин.)
Ұйымдастыру: топпен жұмыс.
Мақсаты: сұрақ қою және сыни ойлау дағдыларын дамыту.
Сипаттамасы: Әр топ мүшесі параққа сұрақтар жазып, басқа топқа лақтырады. Алған сұрақтарына жауап жазып, кері лақтырады. Жауап жазылған парақты қағып алған ойыншы, сол жауаптан сұрақ тудырып, әрі қарай лақтырады. Ойын осылай жалғасады.
Жаңа материалды меңгерту:
Мына дүниеде себепсіз салдар жоқ.Әр нәрсенің өз себебі бар.Ендеше Кенесары төңірегіндегі даулы пікірлерге тоқтала кетейік.
1.Кенесары «Ресей патшасына қарсы не үшін қылыш көтерді?
«... біздер қазақтар, мұндай қысымға.. шыдай алмай, лажсыз басымыздың ауған жағына көшіп жүрдік. Бірақ ол сөйтсек те тыныштық бермейді. Сол себептен мен, Кенесары Қасымов, қолға қару алып, ұлы күресті бастауға аттандым.Қазақ халқын орыстардың езгісінен азат етемін». Кенесары.
«Бөліп алда билей бер» дей тұғын ежелгі саясатты өзек еткен Ресей патшалығы Абылайдан кейін берекесі кете бастаған қазақ ордасын бөлшектеп, жіліктеп алып, империясына қосып алуға бел шеше ,білек сыбана кіріседі. Ақиқатына келгенде ,Ресей империясының қазақтың сары даласына сап түзеп салына бастаған бекіністері көшпелі шаруашылықтың аясының тарылуы мен ру аралық шиеленістердің өршуіне алып келді. Уәлі хан, Бөкей хан сияқты ноқталы хандардың аузын алып, отарлаушы мемлекет Еділ ,Жайық, Тобыл, Ертіс бойындағы бекіністерін күшейтіп ел ішіне дендей енуге бет алып, басқыншылық жорықтарын үдете бастады.Осыны жете түсіне бастаған Қасым төре тұқымдары:Саржан,Есенгелді,Кенесары ,Наурызбайлар бес қаруын асынып, өре түрегелді. Кенесары басқыншылардан жерін, елін,Отанын қорғады.Ол Абылай атасының өсиетіне адал беріліп, қазақ халқын орыс патшасына бодан еткісі келмеді.
2. Кенесары қазақтарғақарсы не үшін қылыш көтерді?
«Жау жағадан алғанда,бөрі етектен алады», ол бөріні не істеу керек? Алайда осы тұста қазақ қоғамындағы алауыздық пен сатқындық та бой көрсеткен еді.
Нысанбай өз жырында Хан Кененің мынадай сөзін келтіреді:
Кімнен таяқ жегендей,
Біздің қазақ баласы?!
Алдырып жүрген дұшпанға,
Өзді-өзінің аласы.
Шын мәнінде,бұл арада біз Ресей отарлаушыларының қазақ даласына жүргізген құйтырқы саясаты , ел ішіне ірткі салып, қазақтарды бір –біріне айдап салып, олардың ішкі қатынасын әлсіретіп, өз биліктерін орнатуды мақсат еткенін көреміз.
Маман Абылаев, Қоңырқұлжа Құдайменді,Күшік Айшуақов және басқа сұлтандар Кенесары қозғалысын қолдамай, патша әскерлерінің жағына шығып кетті, салық төлеуден бас тартты. Жанғабыл басқарып отырған Жаппастықтарға алым-салық төлеу мақсатымен барған Наурызбай басқарған ерекше отрядтың 100-інен 95 қастандықпен өлтірілген. Сатқындық белең алды.Сұлтандар салық төлемесе, орданы қалай ұстамақ, әскерді қалай асырамақ? Сондықтан Кенесары өзіне қарсы шыққан, 44 сұлтанның басын кесуге мәжбүр болды. Сөйтіп ол әскеріне қатаң тәртіп орнатты.
3. Кенесары қоқандықтарға қарсы не үшін қылыш көтерді?
Нысанбай өз жырында Хан Кененің мынадай сөзін келтіреді:
Ойда-Қоқан, қырда –орыс
Әкім болды қаласы.
Кімнен таяқ жегендей,
Біздің қазақ баласы?!
Қоқандықтар оңтүстіктегі шекараны қиындатып жіберді.Қазақ жеріне аш көздікпен қарап, басқыншылық саясат жүргізді.Әлсін-әлсін соғыс ашып, жерін кеңейткісі келді.Қасым төре болса, тек қазақ халқының болашағын емес, Орта Азияның, түрік әлемінің келешегін ойлап, оларға арқа сүйеп,патша отаршылдарына қарсы күреске көтермек болды.Сөйтіп Саржан мен Есенгелдіні бас етіп «патша отаршылдарына бірігіп қарсы тұрайық»деп, 20 адамнан елші жібереді. Қоқан бектері бұл келіссөзге тереңірек мән бермеді, қайта орны толмас қасірет әкеп елшілердің басын кесті... Қоқан бектері опасыздық жасады, кейін өздерін патша жендеттері табаннының астына салып, құл ететініне көз жүгіртпеді.Елшілерді өлтіру қай заманда болсада қылмыс деп саналған.Ебін тауып Ағыбай батыр ғана аман қалды. Араға жыл салған соң Түркістанға,Хазірет Сұлтанға зират етуге келгенде, Қасым төренің де көзін жойып жібереді. Түркістан түбіндегі Қарнақ қыстағында мешітте құдайға мінәжат етіп отырған Кенесарыны Қоқан қарақшылары ұстап алып, Ташкентке әкеліп, абақтыға салады.Бір жылдай түрмеде отырып, Абылай атасы сияқты өзінің тапқырлығымен , ақыл-ойымен зынданнан босап шығады.Қоқан билеушілері тәкаппар төре жолай бұлтақтап жүрмесін деп, оның жамағатын қорғайтынды сылтау етіп,жүз жасауыл қосып береді. Шу, Созақ өңіріне жеткеннен кейін, Кенесары түрлі амал-айламен Қоқанның әлгі жүз жасауылын жаппай қырып салады да, жазықсыз кеткен жайсаңдардың ішінде шемен боп қатқан кегін қайтарады.
4. Кенесары қырғыздарға не үшін қылыш көтерді?
1846 жылы Кенесары ханның Ресей империясына қарсы табан тіреп, он жылдай жүргізген ұлт-азаттық күресі әлсіреді. Кенесары жасақтары артқа шегінуге мәжбүр болды. Батыл тиянақты зерттеуші Бекмахановтың тарихи монографиясында бұл жағдай толық зерттелді.Онда көтеріліске «қазақтың үш жүзінің де халық бұқарасы қатысты»деп тұжырым жасалып, көтерілістің аяқ кезінде Кенесарының туысқан қырғыз еліне қарай шегіну себептерін ашып көрсеткен. Автор тарихи деректерге сүйене отырып, Кенесарының қырғыз манаптары Орман мен Жантайға елші жіберіп, Ресейге қарсы бірігіп күресуге шақырғанын, уақытша қоныс сұрағанын, бірақ олар ұсынысты қабылдамай , өз руларын, қазақ ауылдарына , Кенесары қолына шабуыл жасауға арандатқанын көрсетеді. Қазақтың ұлтарақтай жері үшін, күндіз- түні аттан түспей ұрыс қимылдарын жүргізген халқына қорған болған Кенесары ханның атағы көзі тірісінде-ақ ұлан-ғайыр қазақ жеріне ғана емес ,ішкі Ресейге, Орта Азия елдеріне дүрілдеп жайылды.
«Жарлық» Видео қою
Мақсаты:оқылған теориялық материалдың түйінін шығаруға көмектесу,сабаққа қызығушылықтарын арттыру.
Сипаттамасы: Топтағы әр үйренуші жеке жұмыс жасайды. Теориялық материалды зерделегеннен кейін , әр қайсы хан ретінде, оқыған ақпараттарын қорытып, түйінін жасайды да, оны «Хан жарлығы» ретінде рәсімдейді.
( А4 параққа жазылады, түтікше етіп орайды) Барлығы шеңбер болып тұрады, жүргізушінің «Жарлық кетті!» деген бұйрығымен хатты шеңбер бойымен жібереді. «Жарлық келді!» дегенде , тоқтатылып,әр қайсы өз қолына түскен жарлықпен танысады.Осылайша бірнеше рет қайталанғанда, үйренушілер бірнеше адамның пікірімен танысады . Ойын аяқталған соң, осы ойын барысында өзінің ойына келмеген қандай жаңа идеялармен танысқанын, ол идея неліктен ұнағанын талқылайды.
«Қазына іздеу»
Мақсаты: өткен немесе жаңа оқу материалдарын қызыға оқу үшін пайдаланылады.
Сипаттамасы: «Қазына іздеу» жаттығуын жүргізу үшін қатысушыларға мәтін немесе бөлім мазмұны бойынша олардың іздейтін қазыналарының сипаттамалары беріледі. Қазыналар ретінде түйінді сөздер, тұжырымдар, тәжірбиелер немесе тақырыпқа байланысты білім болуы мүмкін.
Кенесары хан жайында зерттеушілер қандай пікірлер айтады?
Орыстың өткен ғасырдағы әскери тарихшысы Н.Середа былай деген «Кенесары өз әскеріне лайық, тамаша әмірші болды.Олардың ерекше жоғары рухына еуропалық әскердің кез келген қолбасшысы қайран қалар еді»
Орыстың ғалым саяхатшысы П.Семенов-Тянь-Шанский «Кенесары ханды біздің дәуірімізге дейінгі екінші ғасырда Рим империясына қарсы күрескен Понт патшасы Митридтап 2 Эвпаторға теңейді».
Өзбек ғалымы С.Махумудов; «Кенесары –қазақ халқының ұлттық батыры»деген.Әскери тарихшы В.Пото Хан Кенені «Қазақтың Шәмілі» деп бағалаған.
Кенесары өз басын Ресей патшасынан төмендеп санамаған. Оған Николай І патшаға жазған хаты куә: «Бүкіл Ресейлік дара билеуші патша ағзамға. Бүтін қазақты билеген Абылай хан ұрпағы Кенесары Қасымұлынан... Сіздің ата-бабаларыңыз патша болғанда, бізде менің атам Абылай хан болғанда ел тыныш өмір сүрді. Біздің елімізден ешкім алым-салық жинамайтын».
«Неге? Неге? Неге?»
Мақсаты:Тақырыптың түйінді идеяларын ой елегінен өткізуге және рефлексиялық ойлауды дамытуға арналған.
Сипаттамасы:Тыңдаушылар шеңберге тұрады. Жүргізуші осы сабақта не үйренгенін айтады және сөйлемін «неге?» деген сұрақпен аяқтайды. Келесі тыңдаушы сол сұраққа жауап беріп, жауабын «неге?» деген сұрақпен аяқтайды. Келесі ойыншылар осы әрекеттерді тізбек бойынша жалғастырады. Ойынның соңында барлық үйренушілер орындалған тапсырмаларды еске түсіріп, тақырыптың түйінді идеяларының байланысын түсінеді.
Қорытынды: М.Жұмабаевтың өлеңін талдау.
Арқада Көкшетауға жер жетпейді
Басқа жер көңілді ондай тербетпейді,
Ту тіккен Абылай ата кең даламда,
Қазақта Хан Кенеме ер жетпейді.
«Құдай-ау мәңгілікке қарғамасаң,
Кенедей енді неге Ер тумайды?»
Сабақты қорытындылау «Менің сөзім» әдісі
Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.
Мақсаты: сабақта алған білім, білігін бағалау.
Сипаттамасы: топтан бір қатысушы тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін қорытындылап айтады. Айтып болған соң, басқа бір қатысушының атын атайды. Сөзді сол қатысушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық қатысушы сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.
«Қол белгісі»
Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту
Сипаттамасы: Мұғалім оқушылардан тақырыпты түсінгендігін немесе түсінбегендігін қол белгілері арқылы арқылы көрсетуді сұрайды. «Мен түсініп отырмын және түсіндіре аламын» дегендер қолдын бас бармағын жоғары бағыттайды. «Мен әлі түсінбей отырмын» дегендер қолдын бас бармағын жанына қарай жантайтады. «Мен түсінгеніме сенімді емеспін» дегендер қолды бұлғайды.
Осы белгілерге сүйеніп, мұғалім сабақтың қай деңгейде өткенін біле алады.
Қорытынды:
Өткізілген шеберлік сабағының қатысушыларға берер тәлімі мол болды. Сабақтарды өткізу барысында Қазақстан Республикасындағы жаңартылған білім мазмұнын оқыту ауқымында ең жаңа әдістер қолданылды. Жаңартылған білім беру жағдайында сабақты түрлендіре отырып өткізу мақсатында қолданылған инновациялық әдіс –тәсілдер қатысушыларға өте ұнады. Сабақ барысында топта және екеуара жұмыстар, жеке тапсырмалар орындау, АКТ пайдалану әдістері белсенді жүргізілді. Оның нәтижесі сабақ соңындағы кері байланыс кезінде анық көрінді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген