400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Шеберлік сынып «Ойнайық та, ойлайық»

Материал туралы қысқаша түсінік
Даярлық тобының жетекшілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ойнайық та, ойлайық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің мақсаты: балалардың алған білімдерін қо-рытындылау. Ақыл-ойын, жылдам ойлауын, ептілігін, шығармашылығын дамыту. Баланың бойындағы мүмкіндігі мен қабілетін анықтау. Балалардың сөздік қорын молайту.Ұйымшылдыққа, қоршаған ортаны қастерлей білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: ойын сабақ, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Кеспе әріптер, суреттер, сандар жазылған карточкалар, әліпби

Оқу іс-әрекеттік байланыс: сауат ашу, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, көркем әдебиет, тіл дамыту.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-

әрекеті


Мотивациялық-

қозғаушылық кезеңі












Ұйымдастырушылық-

ізденіс кезеңі






























































































Рефлексивтік-

түзету кезеңі


Шаттық шеңбер


Армысың, асыл күн,

Армысың, асыл жер,

Армысың, жан досым,

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым.

-Балалар, қолдарыңның жылуын сезіндіңдер ме?

-Балалар, қазір қай жыл мезгілі?

- Бүгін аптаның қай күні? Қай ай?

-Балалар, жұмбақ айтайын шешесіңдер, ме?

Ендеше «Кім тапқыр?»

ойынын ойнайық.

Оспан да өлең жаттады,

Олжас та өлең жаттады,

Қай әріптен басталған

Екеуінің аттары?


Сауысқанды, сағызды,

Сарымсақты, сәбізді,

Бастап тұрған қай әріп?

Асқар, Асхат, Асанға,

Атасы айтты Ақанға

Албарды аш, арпа шаш,

Арпа шаш, аш құстарға

Қайсы әріп көп айтылды,

Тез айтып бер ұсталма?

«Адасқан әріптер» ойыны.

Тақтада магнитті әріптерден сөз құрап жазады, буынға бөледі, дыбыстық талдау жасайды.


«Зерек бала» ойыны. Президентке,

тәуелсіздікке байланысты жеке суреттерді жинақтап әңгімелеу. Сұрақ-жауап

- ҚР-ның Президенті кім?

- Рәміздерді білесіңдер ме?

- Еліміздің елордасы қай қала?

- 1 желтоқсан қандай мереке? т. б.


Сергіту сәті

Аспанға қарап ай көрдім,

Төменге қарап жер көрдім.

Оңға, солға бұрылдым,

Егеменді ел көрдім.


Математикалық желпуішпен жұмыс.

Сандар қатарын анықтату.


«Ойлан, тап» ойыны.


Аулада бес үйрек,

Қорада үш үйрек,

Бір үйрек тығылды,

Бір үйрек жығылды.

Қалғаны неше үйрек?

Бес алманың үшеуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады?


Бір-бірімен жарысқан,

Бір аю, бір арыстан.

Екі қоян, үш түлкі,

Бәрі нешеу ойлан сен?


Бір қоянның екі құлағы бар,

Екі қоянның неше құлағы бар?


«Көршісін тап» ойыны.

Сандар жазылған карточкалар арқылы 1-ден 10-ға дейінгі сандардың көршілерін атату.


«Асық ату» ойыны. Асық атып алу арқылы дыбысқа сөз, сөйлем құрату



«Сандықшаға орналастыр» ойыны.

Текшедегі әріптерді атап, сандықшаға орналастыру.

- Балалар, осы кезге дейін жаттаған тақпақтарымызды айтып берейікші.

Қорытындылау.

- Балалар, бүгін сендер көп еңбектендіңдер. Бәріміз еңбек туралы өлеңімізді хормен оқиықшы:

Гүл ексең терлеп,

Мұның аты – еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты – еңбек.

Қырға шықсаң өрлеп,

Мұның аты – еңбек.

Сабағыңа жөндеп,

Әзірленсең – еңбек.

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек.


Мадақтап, бағалау.



Балалар музыка әуенімен қолдарын жоғары көтеріп, шапалақтайды, қолдарынан ұстайды.


-Иә, жұмбақты шешеміз.







-О әрпі





- С әрпі



- А әрпі

Ана, әке, ана, цирк,

кино т.б. Буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды.


Қазақстан Республикасының рәміздерінің, Астананың суреттерін қарастырады.

Әңгімелейді.


Қимылмен көрсетіп істейді.

Сандарды атайды.



- Алты үйрек.





- Екі алма қалады.




- Жетеу.





- Төрт құлағы бар.


Жоқ сандарды тауып айтады.


Асық атады

Тақтада буын құрап, хормен оқиды.


Сандықшаларға салады.


Тақпақтар оқиды.

Жұлдызша алады.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: көргендерін суреттей алады.

Білді: өздеріне берілген тапсырманы соңына дейін орындауды ұғынды.

Айта, қолдана алады: тақпақты, жұмбақтың шешуін табуды, әр түрлі кейіпке ене білуді дағдыландыру.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 ақпан
497
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі