15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Себеттегі жеміс жидектер
«Себеттегі жеміс жидектер»
Мақсаты: Жеміс-жидектердің түрлері, дәмін, түсін ажырата білуге үйрету.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетті түсіндіре отырып,қол икемдеріне машықтандыру.
Дамытушылық :Балалардың ой-өрісін білімділігін дамыту, сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Балаларды ұйымшылдыққа,адамгершілікке тәрбиелеу.
Методикалық әдіс-тәсіл: Түсіндіру,көрсету,әңгімелеу, сұрақ-жауап,мақал-мәтел,өтірік өлең
Көрнекті құралдар:Түрлі –түсті қағаздар,ақ қағаз,желім,үлкен себеттегі жеміс- жидектер.
Шаттық шеңбері
Достармен сәлемдесу,
Амансың ба, күн ана!
Амансың ба, жер ана!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көріп қуандым.(алақандарын жайып жүрек жылуын бір-біріне үрлейді)
Ұйымдастыру кезеңі:
Жылдың қазір қай мезгілі ?- Күз мезгілі.
Күз мезгілі неше айдан тұрады?- үш айдан
Кәне атайықшы? - Қыркүйек,қазан,қараша.
Қазір қандай ай? - Қараша айы.
Күз мезгілінің ерекшеліктерін білеміз бе?- Күн салқындайды.Адамдар жылы киімдерін киеді.Жапырақтар сарғая бастайды. Құстар жылы жаққа кетеді. Көкөністер, жемістер піседі. Күз мезгіліне арналған тақпақтар білеміз бе?
Ой,балалар,балалар,
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақтар салыпты,
Ел егінін орыпты.
Балалар деміміз сау, күшіміз көп болу үшін не керек? - Дәрумендер.
Дәрумендер қайда болады? - Жемістерде.
Балалардың деніміз сау, күшіміз көп болу үшін не керек?- Дәрумендер .Дәрумендер қайда ?-Жемістерде.
Қандай жемістерді білеміз?- алма ,алмұрт ,жүзім ,банан және тағы басқа. Жемістердің денсаулыққа пайдасы өте көп. Біз жемістерді көп жесек ауырмай үлкен болып өсеміз. Біз жемістерден жеміс шырынын аламыз. Балалар жемістер бізге үлкен еңбекпен келеді екен. Егеміз,суарамыз,баптаймыз.Піскеннен кейін жинаймыз.
Еңбек туралы мақал-мәтел білеміз бе?
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Өтірік өлең білеміз бе?
Жануарлар бақшаға,
Жеміс жеуге келіпті.
Суда өскен жүзімді.
Жылқы мен есек теріпті.
Сергіту сәті :
1-2-3.
Біздерде бар күш .
Терезені ашамыз,
таза ауа жұтамыз.
1-2-3.
Отырамыз тып-тыныш.
Балалар жаттығуды жасайды!
Тәрбиеші: Балалар мен сендерге жұмбақ айтайын.
Жұмбақ: Тамсандыра бал дәмін,
домалақ пішіні,
қызықтырар кісіні . (Алма)
Дұрыс айтасыңдар балалар.Алманың түстері әр түрлі болады.
Қызыл, сары , көк,алма.
Бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетінде себетке жеміс-жидектер жапсырамыз.
Біздің себетіміз алдымызда дайын енді себетімізге не жетіспейді? Жемістерімізге желімді ұқыпты жағып,себетіміздің ішіне жапсырамыз,балалар қолымыз шаршады ма? Ендеше ойын ойнайық.
Дидактикалық ойын: «бөлігін тап» балалар мен тақтаға бөлінген жемістерді орналастырамыз. Осы жемістердің бөлігін табайық.
Балалар себетке нені жапсырдың? - жемістерді.
Жемістер қайда өседі ? - ағашта.
Жемістердің дәмі қандай? - тәтті.
Пішіні қандай? - әр түрлі.
Жемістердің түстері қандай? - әр түрлі.
Білу: Жемістердің түрлерін, пішінін, түсін, дәмін, ажырата біледі
Игеру: Жапсыру арқылы қол икемдерін игереді
Меңгеру: Жемістердің денсаулыққа пайдасын меңгереді.
Кенжебаева Айнұр
Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
«Мадина» шағын орталығының тәрбиешісі

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген