53.
Білім беру саласы: Шығармашылық. Оқу іс-әрекеті: Бейнелеу өнері. Жапсыру , сурет іс-әрекеті. Тақырыбы: Пайдалы дәрумендер. Мақсаты: Балалардың денсаулығын нығайтудағы дәруендердің пайдасын түсіндіру.Жемістер мен көкеністердің дәруменге бай екенін айту, өй өрістерін дамыту Түстерді, пішіндерді атауға, сурет салуға, жапсыруға деген қызығушылығын арттыра отырып, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Жемістер мен көкеністер муляжы, аққағаз, жапсырылған ағаш суреті, қиынды сурет,қоян, кірпі, маймыл суреттері жемістер мен көкеністер, желім, сулық, қарындаш. Жаңа сөздер. Дәрумендер. Әдіс –тәсілдер: Әнгімелесу, көрсету, сұрақ-жауап, жеке –жұмыс, сурет салу, жапсыру, бояу. Барысы Ұйымдастыру кезеңі. Балаларды шенберге тұрғызу, қонақтармен сәлемдесу. Шаттық шеңбері: Қуан шаттан, қуан шаттан
Қуанатын күн бүгін ,
Қуанамыз біз де,
Қуанатын сіз де,
Күліп шыққан күнге. – Балалар қазір жылдың қай мезгілі? –Көктем. –Көктемде неше ай бар? – Үш ай бар. Сәуір, наурыз, мамыр. –Балалар көктемде адам мен жануарлар ағзасына дәрумендер көп қажет екен. Дәрумен ді көп жеген адамның дені сау болып, ширақ та, сергек болып жүреді. Балалар мұнда үстел үстінде жасырулы зат бар екен, қане қарайықшы.(үстел үстінде әдемі ыдысқа салынған жемістер мен көкөністер муляжы бар). – Балалар бұл не ? – Жемістер мен көкөністер . -Қане жемістер мен көкөністерді атайықшы. Алма, алмұрт, өрік, жүзім, банан, сәбіз , қырыққабат. –Алманың түсі қандай ? –Қызыл, сары, жасыл. -Дәмі ше? –Тәтті. –Сәбіздің түсі қандай ? – Сары. -Қырыққабаттың түсі қандай? –Жасыл.Балалар көріп отырған жемістер мен көкөністер денсаулыққа өте пайдалы. Онда дәрумендер өте көп. Балалар бұл жемістерді сендерге асханада апайымыз күнде береді, олардың шырынын ішесіңдер.Жемістер мен көкеністерді адамдар ғана емес жануарлар да жақсы көреді. Мына суретке қараңдаршы, не көріп тұрсыңдар? –Қоян, кірпі, ешкі, маймыл . -Олар не жеп тұр ?- Қоян сәбіз жейді, кірпі алманы ұнатады, ешкі қырыққабатты жақсы көреді, маймыл банан жейді.-Дұрыс айтасыңдар 73. балалар, әр жануардың өзінің сүйікті жемісі мен көкөністері бар екен. Балалар сендер осы суретке мұқият қарап алыңдар да, естеріңе сақтаңдар. Қазір «кім нені жақсы көреді ?». ойынын ойнаймыз. Балалар қоянға, кірпіге, ешкіге, маймылға жақсы көретін жемістер мен көкөністерді апарып жапсырамыз.Жарайсыңдар балалар ойын өте қызық болды.Ойынға өте жақсы қатыстыңдар. Енді кім жемістер туралы тақпақ біледі ? Алма, алмұрт, шиені.
Күннің көзі сүйеді,
Жемістер күнсіз өсе ме?
Сондықтанда киелі.
Көктемде ерте гүлдеймін.
Кешігуді білмеймін,
Піспей тұрған кезімде ,
«Менен аулақ жүр » деймін. Жарайсыңдар, балалар сендер жемістер туралы көп тақпақ біледі екенсіңдер. Ал мен осы жемістердің бірі алманың суретін салайық және ұжым болып ағашқа жапсырайық. Олай болса маған мұқият қараңдар. Жұмысты жасамас бұрын алманы еске түсірейік. -Балалар алманың пішіні қандай ?- Домалақ. -Түсі қандай? –Қызыл. -Жапырақтың пішіні қандай?- Сопақша. -Ал енді алманы еске түсірсек онда тақтаға қараңдаршы не көріп тұрсыңдар? -Ағаш. Балалар бұл жеміс ағашы екен , қараңдаршы оның жемістері бар ма? Балалар: Жемістері жоқ. Олай болса осы ағашына алмаларын жапсырайық, алдымен мен сендерге көрсетейін ары қарай өздерің бір-біртіндеп жапсырасыңдар. Ол үшін алма қиындысын аламызда сол қолымызға ұстаймыз, ал оң қолымызға желімді алып жағамыз енді осы қиындыны саусақ ұшымен алып ағашқа жапсырамыз. Үстінен жәймен сүрткішпен сүртеміз. Осылай алма ағашына алмаларын жапсырамыз.Жарайсыңдар балалар сендер өте жақсы жасадыңдар сендер шаршаған боласыңдар, келіңдер сергіту жаттығуларын жасайық. Сергіту сәті: Алма баққа барайық.
Алма теріп алайық,
Ең үлкенін тәттісін,
Әжемізге сыйлайық. Жарайсыңдар балалар отырыңдар. Балалар енді бірінші топтың балалары алманың суретін салайық. Салмас бұрын алманың суретін ауада салып қолымызды жаттықтырайық. Қане бәріміз оң қолымызды көреміз, үш саусақтың ұшын біріктіріп ауада домалақ саламыз. Домалақтың ортасына 74. сабағын саламыз. Сабақтың жанына жапырақты саламыз. Ал екінші топ балалары сендер алма ағашына лмаларды бояумен салыңдар. Ол үшін сұқ саусақтарыңды тік ұстап қалған саусағымызды жұдырық етіп жұмамыз. Саусағымыздың ұшын бояуға батырамыз да ағашқа әкеліп бояймыз. Қорытынды: Балалар сендер өте жақсы жұмыс жасадыңдар. Жұмыстарың өте әдемі болды мен сендерге жұмыстарыңа жұлдызша беремін.Балалар айтыңдаршы біз ненің суретін салдық? – Алманың. Алманың пішіні қандай екен?- Домалақ. Түсі ше?- Қызыл. Жапырағының пішіні ше?- Сопақша . Жапырақтың түсі ше?- Жасыл. Алмада не бар екен?-дәрумен Қане бәріміз қайталайықшы – дәрумен.Дұрыс айтасыңдар. Алма да дәрумен өте көп екен. Ал балалар осымен бүгінгі оқу- іс-әрекетміз аяқталды , сендерге үлкен рахмет. Ал қонақтарға « хош сау » болыңыздар дейміз. Сендер бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқандарың үшін мен сендерге сыйлыққа алма дәруменін беремін. Күтілетін нәтиже: Балалар жемістер мен көкөністерде дәрумен мол екенін білді. Менгеруі: Дәруменді тек адамға ғана емес, аңдарға да пайдасы бар екенін түсінді. Жасай алуы: Алма суретін сала білді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Себеттегі жемістер мен көкөністер"

шағым қалдыра аласыз