400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Шегіртке мен құмырсқа

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: қазақ тілі

Мектеп:

Күні:

Мұғалім:

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Шегіртке мен құмырсқа

Оқыту мақсаттары

4.3.2.1.бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну.

4.3.4.1.мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен?, не үшін?) құрастыру және оған жауап беру.

4.2.6.1. айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту.

Тілдік міндеттер

сауықшыл, мұңды, өлеңшіл

Алдыңғы білім

Жаман жолдас

Сабақтың барысы

Жоспарланған уақыт


Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға «Миға шабуыл» ретінде мұғалім сұрақ қояды. Балалар, қандай еңбекқор жәндіктерді білесіңдер? Оқушылардың жауаптарын тыңдағаннан кейін мұғалім оқушыларға құмырсқалар мен қант туралы видеоны көрсетеді. Балалар видео не туралы? Құмырсқа қандай жәндік? Оқушылар видео желісі бойынша құмырсқалардың еңбекқорлығы, ұйымшылдығы туралы айтады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын толықтырады, кері байланыс береді. Мұғалім шегіртке мен құмырсқа туралы мысалды таныстырмас бұрын оқушыларға шыбынның ызыңын, масаның даусын және шегірткенің шырылын естіртеді. Оқушылар осы дыбыстардың қандай жәндіктерге тән екенін табады. Оқушылар тапқан соң мұғалім тақтадан араның, шыбынның және шегірткенің суретін көрсетеді. Енді сабақтың тақырыбын ашу үшін тек шегіртке мен құмырсқаның суретін қалдырады.

Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын болжайды. Мұғалім сабақтың мақсатын айтады.

шегіртке мен құмырсқаның суреттері

Негізгі бөлім

«Есте сақта» айдарындағы тапсырмада оқушыларға өткен шақтың жұрнақтары қолданыстық тұрғыдан түсіндіріледі. Етістіктер өткен шақта айтылған кезде сөздерге –ып, -іп,-п жұрнақтары жалғанады.

Үлгі:


Өткен іс-әрекет

бар+ып+ты

бару

жалыну

сұрау

көру

билеу

-ып/-іп/

-п

-ты

-ті

барыпты

жалыныпты

сұрапты

көріпті

билепті


Өткен шақтың жұрнақатары жазылған плакат немесе электоронды нұсқасын интерактивті тақтадан көрсетсе де болады.


«Көрсет және айт» айдарындағы тапсырмада оқушылардың назары оқулықтағы суреттерге аударылады. Оқушылар сурет бойынша өзара әңгімелеседі. Тапсырма жұпта орындалады. Әр жұп өз бетінше мәтінді болжайды. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды, кері байланыс береді.

оқулық

«Оқы» айдарындағы тапсырмада оқушылар «Шегіртке мен Құмырсқа» әңгімесін оқиды. Мәтінді алдымен сыныптан бір оқушы оқиды. Оқушылар мұқият оқиды. Бір оқушы оқып болған соң, әр топтан оқушылар рөлге бөліп оқиды. Тапсырма оқушылардың оқылым дағдысын дамытуға бағытталған.



«Кел, сөйлесейік» айдарында оқушылар әңгіменің мазмұны бойынша

сұрақтарға жауап береді.

1.Шегіртке жазда не істепті?

2.Неліктен олай істепті?

3.Шегіртке күзде не істепті?

4.Неліктен олай істепті?

5.Шегіртке қыста не істепті?

6.Неліктен олай істепті?

Сұрақтар


«Сөйлемдердің дұрыс/бұрыс екенін айт» тапсырмасында әңгіменің мазмұнына сәйкес мәліметтердің дұрыс/бұрыс екендігін тексеріп айтады. Тапсырма оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға бағытталған.



дұрыс

бұрыс

1

Құмырсқа сауықшыл болыпты.



2

Шегіртке еңбекқор болыпты.



3

Шегіртке қыста би билепті.



4

Шегіртке құмырсқаға тамақ беріпті.



5

Шегіртке мен құмырсқа дос болыпты.





Дұрыс/бұрыс кестесі сызылған парақша

Қор. бөлім

Оқушыларға суретті графикалық органайзер беріледі. Оқушылар сурет бойынша (жыл мезгілдері) бір сөйлемнен айтып шығады. Суреттер ретсіз беріледі. Оқушылар суреттерді ретімен орналастырып мәтіннің мазмұны бойынша айтып шығады. Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар бір-бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.

Сабақтың қорытынды бөлімінде топтарға «Венн диаграммасы» беріледі. Әр топ өз бетінше «Венн» диаграммасын толтырып, құмырсқка мен шегірткені салыстырады. Тапсырманы орындап болған соң, ортаға шығып қорғайды.

Графикалық оранайзер, суреттер, желім, түрлі түсті маркерлер, «Венн диаграммасы»

Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеру

Мұғалімдер оқушылардың тақырыпты қаншалықты мегергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір -бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс жүргізудің маңызы зор.

Бағалау критерийлері

  • Мәтіндегі негізгі ойды түсінеді.

  • Кейіпкердің әрекетін бағалайды.

  • Өз ойын дәлелдеп айтады.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиет

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қол жетімді болды ма?


Бүгін оқушылар нені үйренді?


Оқыту ортасы қандай болды?


Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?


Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі дүние не?

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді?

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы қандай ақпаратты алдым?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
2533
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі