Тақырып бойынша 21 материал табылды

«Шегіртке мен құмырсқа» ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
«Шегіртке мен құмырсқа» ертегісі
Материалдың қысқаша нұсқасы













Ересек топтарында
қашықтықта ұйымдастырылған оқу қызметінің кіріктірілген конспектісі







Тақырыбы: «Шегіртке мен құмырсқа» ертегісі, «Шегіртке»






Тәрбиеші: Умишева Қ.С.













Нұр-Сұлтан, 2020ж

Күні: 22.05. 2020 ж
Білім беру саласы:
 Коммуникация, шығармашылық

Бөлімі: Көркем әдебиет, мүсіндеу

Тақырыбы: «Шегіртке мен құмырсқа» ертегісі,«Шегіртке»(пластинография)

Мақсаты: Жәндіктер туралы білімін кеңейту.

Еңбексүйгіштікке, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу, шығармашылық қасиеттерін шыңдау.


Сөздік жұмыс:  шегіртке, құмырсқа, еңбек ету, илеу, жалқау.
Қолданылған әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, қайталау, көрсету, әңгімелеу, ойын, мақал-мәтелдер
Тәрбиеші: Қайылы күн!
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Мен сендерді көңілді шаттық шеңберіне шақырамын!

І.
Мотивациялық-қозғаушылық туғызу кезеңі
Шаттық шеңбері

Күннің көзі күлімдеп

Әлемге нұр шашады

Гүл көбелек, жәндіктер

Қамқорлықты қалайды

Қол ұстасып балалар

Достық әнге салады
ІІ. Ұйымдастырушылық –ізденістік кезеңі
Қайталау жұмысы:
Бір жылда неше мезгіл бар?

Кәзір қандай ай?

Көктем айларын ата
Ал балалар, есімізге түсірейікші өткен сабақта біз сендермен бірге жәндіктер туралы қызықты деректерді білдік!
қандай жәндіктерді білесіңдер?
көбелек туралы не білесіңдер?
жарайсыңдар балалар жәндіктер түрлерін есімізге түсірейік!

Жәндіктер туралы бейнеролик көрсету

Көбелек қалай пайда болады?

Тіл ұстарту жаттығуы

Ра-ра-ра

еңбекқор ара


Лек-лек-лек

әдемі көбелек


Қа-қа-қа

ұйымшыл құмырсқа


Ке-ке-ке

шекілдеуік шегіртке

Дидактикалық ойын «Артығын тап»


Сергіту сәті (бейнеролик)


Жұмбақ шешу.

1.Қылдай белі бүгілген,

Өзіненде жүгі үлкен.

( Құмырсқа)

Құмырсқалар әлемде көп тараған жәндіктердің бірі. Ол дәндермен, өсімдік қалдықтарымен, жапырақтармен қоректенеді.Құмырсқа өзі кішкентай болса да өзінен 100есе ауыр жүкті көтере алады екен. Мұртты қара құмырсқа өте қауіпті улы болады. Құмырсқалар ақылды, бауырмал жәндік.Олар илеуде өмір сүреді, және дернәсілден пайда болады екен. Құмырсқадан қышқыл сөл бөлінеді, оны медицинада дәрі жасауға қолданады. Құмырсқа жаз бойы қысқа азық жинап еңбектенеді олар өте еңбекқор жәндік. Әлемде жалқау жәндіктер де бар екен оның бірі шегірткелер. Шегірткелер егістік алқаптарына көп зиян келтіреді екен. Олардың артқы аяқтары ұзын болғандықтан 2 метр биіктікке секіре алады.

-Бүгін сендермен Абай Құнанбаевтың «Шегіртке мен құмырсқа» ертегісін тыңдаймыз.

Бұл ертегіні ақын орыс жазушысы И.Крыловтың мысалынан аударған.


Шегіртке мен құмырсқа ертегісі

Баяғыда бір құмырсқа мен шегіртке өмір сүріпті. Құмырсқа күнде тынбай еңбек етіпті. Қысқа азық жинап, илеуінің тесіктерін бітеп, суық аяздарға дайындалыпты.

Бір күні ол көгалда өлең айтып жатқан шегірткені кездестіріп, оған былай дейді:

- Ай, досым шегіртке. Әнің жақсы екен, бірақ бұлай жүргенше неге қысқа дайындалмайсың? Жаз қысқа, қыс болса ұзақ - дейді

Сонда шегіртке : - Ей құмырсқа сен күні бойы арпа, бидай илеуіңе тасыйсың. Айналаға қарашы азық көп. Жаз тамаша емес па!!!

Иә досым бәрі де тамаша. Бірақ қысқа азық жинап дайындалу керек. Қыста жапырақ та, дән де бітеді - депті құмырсқа.

- Қой құмырсқа, мен қысқа ертен дайындаламын. Бүгін ерініп тұрмын. Одан да сен менің әнімді тыңда, - депті де ән салып, сайран құрыпты.

Күн суытып, жаңбыр жауып, күз болыпты. Көп ұзамай аяздатып қыс та келеді. Шегіртке әбден қарны ашып, суыққа тоңған, үсті басы су болған құмырсқаны іздеп табады. Ал құмырсқа болса жылы илеуінде,қарны тоқ, уайымы жоқ жатады.

- Досым құмырсқа менің қарным аш, тоңып қалдым, үйіңе кіргіз, жылыт, - деп жалыныпты. Сонда құмырсқа:

- Ау шегіртке мен саған жазда айттым ғой. Сен тыңдамадың, еріндің, сауық сайран құрып ән салдың. Ақыры үйсіз, азықсыз қалдың, - депті,

-шегіртке сонда былай дейді.

- Ау досым құмырсқа. Енді келесі жазда ерінбей сенімен бірге еңбек ететін боламын –мен қатемді түсіндім дейді шегіртке.

1. Ертегі сендерге ұнады ма?

2. Ертегідегі кейіпкерлерді ата?

3. Шегіртке жазды қалай өткізді?

4. Қыста қай жәндіктің жағдайы жақсы болды?


Балалар осы шегірткені ермексаздан қалай жасауға болатынын көрсетемін!
Бірақ шегірткені жасамас бұрын көзімізге жаттығу жасап алайық!

Бейнеролик Көзге арналған жаттығу:

Балалар жәндіктер сендермен ойнағысы келеді. Сендер жәндіктердің қалай ұшатынын байқап, көздеріңмен артынан ілесіп отырыңдар. жоғары, төмен, оңға, солға ұшады. Бірге қайталаңдар. Қауіпсіздің ережелерін еске түсіру.

(Бейнероликтен шығармашылық жұмыстың жасалу жолдарын мұқият көрсету және дыбыстау)

Ермексаздан шегіртке бейнесін мүсіндеу.

Рефлексия

  1. Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

  2. Жәндіктер туралы не білдіңдер?

3. Шегіртке дұрыс жасады ма?

4. Еңбек туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Тілдік ортаға ену принциптерін қолдану

Кәне балалар, мақал-мәтелдерді қайталайық

  1. Еңбек етсең еріңбей, тояды қарның тіленбей


  1. Еңбектің наны тәтті

Жалқаудың жаны тәтті»


Үйге тапсырма:
1.
Ертегіні ата-аналарыңа әңгімелеп беру.
2. Мақал-мәтелдерді қайталау.
3. Шегірткенің бейнесін ермексаздан мүсіндеу.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.07.2020
5040
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11