Әдебиеттік оқу 3 сынып
Сабақтың атауы
«Шегіртке мен құмырсқа» И
Крылов
Сабақтың
мақсаты Мысал мазмұнын түсіндіру.Автор
туралы мағлұмат беру.Адам бойындағы жақсы
жаман қасиеттерді
танып,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың
жабдығы Оқулық,интерактивті
тақта,автор суреті,өмірбаяны.
Сабақтың
барысы Оқушылардың назарын сабаққа
аудару
1.Ұйымдастыру
бөлімі
Ынтымақтастық
атмосферасы 3 оқушым бір –біріне
«сиқырлы таяқшаны»бере отырып,өздерінің
игілікті тілектерін айтады;Ақниет-Мен бәріңе денсаулық
тілеймін/
Жаннұр-
Мен бәріңе
қуаныш тілеймін/
Гүлдана-
Мен бәріңе
шуақты күн тілеймін./ /3мин/
Мұғалім Осы айтқандарыңды
орындауға бар күш-жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын,бәріңе
сәттілік тілеймін./смайлик
суреті/
Үй тапсырмасын
сұрау.
Күзгі
орманның көрінісі.Саңырауқұлақтар теру арқылы үй тапсырмасы
сұралады./Саңырауқұлақты үш оқушым өздері алып,артындағы суреттер
арқылы үй тапсырмасын қорытындылайды./
Үй тапсырмасын
бекіту,бағалау.
Жаңа сабақ. Қызығушылығын
ояту.
Жаңа сабақты бастау
үшін ауелі жұмбақ шешіледі.
Ине бел қылқа мойын
қара батыр,
Қара тауды арқалап бара
жатыр. /құмырсқа/
Ат
басты,
Арқар
мүйізді.
Бөрік
кеуделі,
Бөкен санды,қос қанатты
/шегіртке/ /Слайдта орындары ауыстырылып тұрады,оқушылар
табады/
Мысал туралы түсінік
беру.Мысал
дегеніміз-адамның жағымсыз қасиеттерін,мінез-құлқын
жан-жануарлардың іс-әректтерімен суреттеп жазған шығарманың
түрі.
Мағынаны тану Ал бүгін
сабағымыз не туралы болатынын аңғара алдыңдар ма. Бүгінгі күннің
жадын және сабақ тақырыбын жазамыз.Балалар мына суретке қарайық кім
екенін білеміз бе Қане кім айтады Абай кім болған.Ақын кемеңгер
,данышпан,сазгер,аудармашы.Абай Құнанбаев жиырма екінші тамызда мың
сегіз жүз қырық бесінші жылы қазіргі Семей облысы Абай ауданында
дүниеге келген. –мың тоғыз жүз төртінші жылы бесінші шілдеде елу
тоғыз жасында қайтыс болған.
Оқушылар біз бүгін
сабағымызда Абай Құнанбаевтың аудармашылығына тоқталамыз «шегітке
мен құмырсқа»мысал өлеңімен танысамыз.Бұл өлеңді ақын орыс жазушысы
Иван Крыловтан аударған. Иван Анреевич Крылов-белгілі орыс
жазушысы,мысалшы,журналист,академикИ.А. Крылов он үшінші ақпанда
мың жеті жүз алпыс тоғызыншы жылы Мәскеуде офицердің отбасында
дүниеге келген.
Өлеңмен
жұмыс Өлеңді мәнерлеп
оқимын,сендер жақсылап тыңдаңдар.
1.Шегіртке жазды қалай
өткізді?
2.Шегірткенің жазды
күні жағдайы қандай болды?
3.Ол құмырсқаға неге
келді?
4. Шегірткені ақын
қандай адамға теңейді? Құмырсқаны ше?
Ой
қозғау /топтасып ой қорыту/
«төрт ойлау қалпағы»
Ойынның мақсаты
балаларға өз беттерімен сабақты қорытуға мүмкіндік
беру.
«Қызыл
қалпақ»-мысалды оқығанда
менде қандай ішкі сезім пайда болды?Өз ойын айту.
«Қара
қалпақ»-мысалдағы жағымсыз
қасиеттерді айт.
«Сары
қалпақ»-мысалдағы жағымды
қасиеттерді айт.Шегірткенің рахат өмірі.
«Көк
қалпақ»-мен барлық қалпақты
кие алдым ба?Мысалдан не түйдің?
Сергіту
сәті /оқушыларға 3мин
аралығында «Шегіртке мен құмырсқа»жайында мультфильм көрсетіледі./
/оқушылар серігіп алады./
СЕМАНТИКАЛЫҚ
КАРТА
Оқушыларға семантикалық
карта беріледі. Өздері орындап маған тапсырады./+,- арқылы
орындады/
Оқулықпен
жұмыс Венн
диаграммасы
Қорытынды
Еңбек туралы қандай
мақал білесіңдер?
Еңбектің наны
тәтті
Жалқаудың жаны тәтті
мақалының мағынасын сұрау.Олай болса Абай атамыз айтқандай,»Еңбек
етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей» деп еңбекті сүю керек
екен.
Бағалау Оқушылар алдымен өздері
тақтадағы өте жақсы,жақсы,орташа деген сөздердің қасына стейкермен
бағалайды.Содан соң мұғалім оқушыларды бағалайды
.
Үйге
тапсырма
1.Өлеңді
оқу.
2.Шегіртке мен құмырсқаның
суретін салып келу.