Материалдар / Сегіз сері байқауы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сегіз сері байқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
2-4 сыныптар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
532
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Сегіз сері» өнер байқауы
Мақсаты: Оқушылардың бойында ұлттық салт-дәстүрімізге сай көріктілік, ептілік, ержүректілік қасиеттерді қалыптастыру, өз халқының, Отанының азаматы болып қалыптасуына көмектесу. Халқымыздың салт-дәстүрін, өнерін,өнер адамдарын дәріптеуге, құрметтей білуге тәрбиелеу.Достыққа, татулыққа, сыныпаралық ынтамақтастыққа шақыру.
Түрі: Сайыс
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, тақырыпқа сай безендірулер, слайд топтамалары.
Барысы:
Кіріспе сөз.
1-ші жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Сегіз сері» атты өнер сайысын тамашалауға қош келдіңіздер!
2-ші жүргізуші:

Армысыздар ағайын, құрбы-құрдас!
Бармысыздар, жан күйер әз-қауымдас!
Бүгінгі кеш сайысты біз бастайық
Сайыста көңілменен қол соғайық.
Біздерде ойын-сауық басталады,
Тамаша күй тартылып ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды.
Бағына бақытты елдің туған ұлан,
Бойына бар асылды жиған ұлан.
Қазақтың қасиетті жігіттері,
Жанына нұр дарыған, жыр дарыған.
Дария ой, даналардан бата алғандар,
Айнымас алмас қылыш атанғандар.
Қазақтың қасиетті жігіттері,
Халқына қалқан болған қаһармандар - деп, Махмұтбай Әмірұлы ағамыз жырлағандай халқымыздың әдет-ғұрпында отбасына ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған» - деп ерекше оны бақыт санаған. Оның себебі қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған.
«Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын»- демекші ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап та жоғары болған.
Бүгінгі ХХІ ғасыр білім мен ғылым дамыған заманда жігіттеріміздің үлкен белес асулардан көрінуі елге әкелген бақытпен тең.
Олай болса жігіттеріміздің батырлығын, ептілігін, өнерін, ақылдығын тамашалайық.

Құрметті балалар, қай сайысты алсақ та, әр сайыстың өз әділ қазылар алқасы болады.
Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен танысып өтейік:

  1. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Қ. Жақсылықов

  2. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Б.Алдабергенов

  3. Мектеп кітапханашысы: К.Пірматова.

  4. Мектеп психологы: М.Әбішева

  5. Мектеп бағдарламашысы: Е.Жылқайдаров.

2-ші жүргізуші: Құрметті көрермен қауым! Енді бүгінгі сайысымызға қатысатын серілерімізбен танысайық. (Күй орындалады)


Спортпенен білім жағын бір қосқан
Кем қалмаған талантпенен табысқан
Қараңыздар Саддамхан мен Еркебұлан
Тауды бұзар шын кіріссе намыстан -
9-сынып серілері Есмаханов Саддамхан мен Мадияров Жасұланды қошеметтеп қарсы алайық.

Сөз тауып күн қылатын көңіл күйді,
Мектепте өнерімен болған сыйлы.
8-сыныптың ер жігіттері,
Шақырайық ортамызға Диас пенен Нұрсұлтанды -
8-сыныптың серілері Марданаев Диас пен Абибуллаұлы Нұрсұлтанды қошеметтеп қарсы алайық.

Еңбексүйгіш, таудай талап бойында,
Барлық істі тыңдау бар ойында.
Райымбек пен Ернаттай жігіттерді,
Шақыралық қошеметпен ортаға –деп 7
A-сынып серілері Марданаев Райымбек пен Мадияров Еркебұланды қошеметтеп қарсы алайық.


Біледі олар жақсы менен жаманды
Өнерменен тамсандырған адамды
Қошеметтеп шақырайық ортаға
Айбол менен Әсет атты жігіт болған сабазды –деп 7
Б-сынып серілері Абдулла Айбол мен Ербаев Әсетті қошеметтеп қарсы алайық.

1- жүргізуші: Нөмір бірінші сайыскеріміз:
2- жүргізуші: Нөмір екінші сайыскеріміз:
1- жүргізуші: Нөмір үшінші сайыскеріміз:
2- жүргізуші: Нөмір төртінші сайыскеріміз:
1- жүргізуші: Нөмір бесінші сайыскеріміз:
2- жүргізуші: Нөмір алтыншы сайыскеріміз:
1- жүргізуші: Нөмір жетінші сайыскеріміз:
2- жүргізуші: Нөмір сегізінші сайыскеріміз:
1- жүргізуші: Ал, енді құрметті көрермендер, сайысқа қатысушы Сегіз серімізбен де таныстық. Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
2- жүргізуші: Енді сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтсем:

І.кезең «Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру.

ІІ кезең «Сегіз қырлы,бір сырлы...» өнер сайысы.

ІІІ кезең “Сыныптасыңды сипатта”постер қорғау. /Досының жақсы қасиеттерін насихаттау/

ІҮ кезең “Менің сүйікті кейіпкерім” /Қазақ киноларынан ұнаған кейіпкерлерін сомдау/





1- жүргіуші: Сайысымыздың бірінші кезеңі:«Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру
(әр сайыскер өзін-өзі таныстырады) Сонымен 1-ші талапкерімізді шақырамыз.
2-ші, 3-ші, 4-ші.


2- жүргізуші: «Еңбек ердің – санаты, білім елдің қанаты» демекші адам ақыл - парасатымен сұлу, ақылды жігіт ата-анасының жанып тұрған шырағы емес пе?
Қазақта жігіттерді былай деп атаған!
«Көсем жігіт» - ел басқаратын жігіт,
«Шешен жігіт» - дау шешетін жігіт,
«Батыр жігіт» - еліне қамқор жігіт,
«Сері жігіт» - аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт. Олай болса сері жігіттеріміздің өнерін тамашаласақ.
Келесі шартымыз «Сегіз қырлы, бір сырлы» деп аталады. Бұл шартта жігіттеріміз өз өнерлерін көрсетеді. Ортаға 1-ші талапкерімізді шақырамыз. 2-ші, 3-ші, 4-ші.
Әділ қазылар алқасы «Таныстырсам өзімді» шартының бағасын берсеңіздер.

1- жүргіуші: Досым, саған сенемін, сеніп өтем,
Жолды бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген – адамның көрігі екен,
Достық деген – ақылдың серігі екен

Иә, достық деген қасиетті сөз, қасиетті сезім, ол тек жөні түзу адамдар арасында ғана қалыптастырып, өзара құрмет негізінде ғана дамиды. Дос дегеніміз екі адамның бір – біріне деген қарым – қатынасы. Дос деген қиналғанда жанынан табылатын, көмектесетін жанашыр жан.
2- жүргізуші: Қане, өрен достарым,
Өмірге кеп қосқаным.
Молайтыңдар шаттықты,
Дос болыңдар бақытты – дей отырып, келесі кезекте
“Сыныптасыңды сипатта”постер қорғау. /Досының жақсы қасиеттерін насихаттау/ кезеңі.Ендеше бүгінгі сайыскерлеріміз өз достарының жақсы қасиеттерімен шаттансын, досыменен мақтансын, Ортаға 1-ші талапкерімізді шақырамыз. 2-ші, 3-ші, 4-ші.
Әділ қазылар алқасы «Сегіз қырлы, бір сырлы» кезеңінің бағасын берсеңіздер.

1- жүргізуші: Бүгінгі сайыстың ең соңғы шарты “Менің сүйікті кейіпкерім” деп аталады. /Қазақ киноларынан ұнаған кейіпкерлерін сомдау/ Сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
Ал енді, әділ қазылар алқасы, жігіттеріміздің ұпайын берсеңіздер.

2- жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жігіттері кәміл шықты
Өнер мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетсе деймін нағыз мықты,- дей келе әділ қазылар алқасы ақылдасқанша, алдарыңызда Уалихан Айдаулет өнерін көрсетеді.

1- жүргізуші: Батыр болған бабамнан
Ел қорғауды үйренген
Ару болған анамнан
Ар қорғауды үйренген» сұлтандарымызды ортаға шақырамыз.Сөз кезегі әділ қазылар алқасында.

2- жүргізуші: Тұяқтарың мұқалмасын
Қанаттарың талмасын
Жаман адам кез келмесін
Аяқтардан шалмасын
Жігер болсын көздеріңде
Қатардан еш қалмаңдар
Шат заманда, сүйікті елде
Биіктерге самғаңдар!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!