400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сегмент Сектор

Материал туралы қысқаша түсінік
Сегмент Сектор
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.3B Үшбұрыштарды шешу

Мектеп:

Н.Дүйсенғалиев атындағы мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты – жөні:

Кадыржанова А.Ж


Сынып: 9b

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Сектор мен сегменттің ауданы;

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарласамына сілтеме)

ГМ9.17 Сектор мен сегмент ауданының формуласын қорытып шығарады, қолданады;



Сабақ мақсаттары

Дөңгелектің ауданын қолданып сектордың ауданын таба алады. Сегменттің ауданын сектордың ауданының көмегімен қорытып шығарады. Доғаның ұзындығы формуласын дөңгелектің ұзындығынан қорытады.


Жетістік критерийлері

Сектор мен сегменттің анықтамаларын біледі;

дөңгелектің ауданының формуласын біледі;

үшбұрыш ауданының формуласын біледі;

талқылау жүргізе алатынын көрсете алады;

қорытылған формулаларды есеп шығару кезінде қолданады;

талқылау кезінде алынған деректердің өзара байланысын анықтай алады;

алынған деректерді жалпылайды және сектор мен сегменттің аудандары үшін формуланы дұрыс

қорытады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерін түсінеді. Сөйлем құрап айта алады.

Сегмент, сектор, доға, доғаның ұзындығы, дөңгелектің ұзындығы.

Радиус - radius

Шеңбер - circle

Биіктік - height

Бұрыш - angle

Градус – degree

Сегмент - segment

Сектор - sector

Доға - circular arc

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар сыныптастарымен бірлесіп жауап беру, ұқыптылыққа, тәрбиелілікке, алған білімдерін тиянақтай білу, жеке, өз бетімен тест тапсырмаларына жауап бере алу.

Пәнаралық байланыстар

Информатика, сызу, геометрия

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта. Тақырыпқа арналған презентация. Оқушыларға жұмыстануға жеке дөңгелек қағаздар. Рефлексияға арналған қағаздар.

Бастапқы білім

Дөңгелектің анықтамасын, ауданының формуласын, ұзындығын біледі, сектор мен сегменттің анықтамалары мен қасиеттерін біледі.

Күтілетін нәтижелер

Оқушылар сектор мен сегменттің аудандарын табу формулалларын қорытып шығара алады.Формулаларды қорытып, есептер шығару барысында қолдана алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут





3 минут


5 минут







15 минут
































Сабақтың ортасы

15 минут


























20 минут



















15 минут



















Сабақтың соңы

5 минут

І.Ұйымдастыру:

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау (оқу құралдары, оқушылардың сабаққа қатысуы, сыныптың сабаққа әзірлігі)

ІІ.Өткен материалдарға шолу:

Оқушылардың үй тапсырмасын орындағандарын қадағалау, тексеру.

Оқушылардың өткен тақырыптардағы формулаларды естеріне сақтаулары үшін математикалық диктант жүргізу.

ІІІ. Жаңа сабақ

Сектор мен сегменттің ауданы тақырыбын түсіндіру. Сабақтың мақсатын, күтілетін нәтижелерді айту.

Оқушылардан екінші тоқсаннан білетін дөңгелек түсінігін, сектор мен сегменттің анықтамаларын сұрау.

Оқушыларға сектордың ауданын қорытуға тапсырма беру. Оқушыларға бірінші сектордың ауданын дөңгелектің ауданынан қорытып шығаруға тапсырма беру. Оны дәлелдегеннен кейін сегменттің ауданын сектордың ауданы арқылы табу.


Тапсырма №4

Радиусы – ге тең болатын дөңгелек секторының ауданын табыңдар. Ол секторға сәйкес келетін центрлік бұрышы мынадай деп алыңдар: 1) 40°, 2) 90°, 3) 150°, 4) 240°, 5) 300°, 6) 330°.

Тапсырма №5

Радиусы – ге тең болатын дөңгелек берілген. Доғаның ұзындығы: 1) , 2) болатын сектордың ауданын табыңыз.





ІV Cабақты қорытындылау

Оқушыларға рефлекция сұралады. Оқушыларға бағдаршам суреті бар карточкалар беріледі. Оқушылар сабақтардың қорытындысы бойынша егер толық түсінсе жасыл түсті, ал егер толық түсінбесе сары, ал дым түсінбесе қызыл түсті бағдаршамға салады.

Оқушыларды бағалау:

Сабаққа белсенді қатынасқан оқушылар бағаланды.


V Үй тапсырмасы:

Оқушыларға көпбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын табуға алты есептер берілді.











А.В. Погорелов

Геометрия

Орта мектептің

7-11 – сыныптарына арналған оқулық





Бекбоев, Абдиев

8 сыныпқа оқушыларына арналған оқулық





Геометрия. 7—

9 классы : учеб. для общеобразоват. уч-

Г36 реждений / [Л. С. Атанасян, В. Ф. Бутузов, С. Б. Кадомцев

и др.]. — 20-е изд. — М. : Просвещение, 2010.— 384 с.


Презентация


















































































Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Оқушылар қағаздарға жеке жеке сектормен сегмент сызады. Оқушылар тақтаға шығып экрандағы кестемен берілген есептерді шығарады.

Оқушылар жеке жеке бағаланады. Сабақты түсінгендеріне байланыстыбағаланады.

Оқушылар компьютерлермен жұмыс жасамайды. Презентация қарауға парта мен экранның арақашықтығы гигиеналық талаптарға сәйкес орнатылған.

Сабақ бойынша рефлексия


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға





Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нен

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
03.04.2024
505
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі