400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Шежіре" пән бірлестігі онкүндігінің анықтамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
"Шежіре" пән бірлестігі онкүндігінің анықтамасы гуманитарлық пән бірлестігі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«М.Мақатаев атындағы орта мектеп

мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінде

гуманитарлық пәндер бірлестігінің

21-31 қаңтар аралығында

«Жаңартылған білім мазмұнының

оқушының коммуникативтік дағдыларын

қалыптастырудағы рөлі» тақырыбында

онкүндіктің өтілуі жайлы

А Н Ы Қ Т А М А


Мектеп директорының 12.01.2019 ж . № 3 бұйрығын басшылыққа ала отырып 21-31 қаңтар аралығында өтетін онкүндіктің іс-шара жоспары жасалып, бекіттірілді.

Онкүндіктің ашылуына орай залдар безендіріліп, тарихтан, орыс тілінен, ағылшын тілінен қанатты сөздер жазылып ілінді. Буклеттер қойылып, кітап көрмесі дайындалды.

Бірлестік жетекшісі Г.Тайрова 21 қаңтар лездемеде онкүндіктің ашылуын хабарлап, оқушылар шарамен таныстырылды, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдардағы жетістіктері» баяндамасы оқылды.

Іс-шарада жоспарланған ашық сабақтар, сыныптан тыс шаралардың барлығы өз деңгейінде өтті. Әрбір өткен үлгілі сабақтарға, тәрбие сағаттарына қатысқан Тұрсынбай Эльмира, Нұрғазиева Айкен, Даутов Батыхан, Тайрова Гүлзира, Желеуов Рустем, Жексенбаева Әлия, Жазықбаева Жанат сияқты тәжірибелі ұстаздар сабақтарды талдап, жетістіктерін атап көрсетіп, ұсыныстарын айтып, бағаларын берді.

24 қаңтарда 8 сыныпта «ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы реформалар» атты ашық сабақ өтті. Пән иесі Г.Тайрова. Жаңартылған бағдарламамен оқитын 8-сынып оқушылары топтық жұмыста ,жұптық жұмыста өте тамаша жетістіктерге жетті. Түрлі –түске боялған асықтармен топтастырылған оқушылар үй тапсырмасын 5 сұрақ тәсілімен жылдам орындады, топтармен алмастырылып тез тексеріліп бірден топ басшыларының алдындағы бағалау парақтарына балдары қойылды. Электронды оқулықтан көрген сабақты Де Бононың ойлаудың алты қалпағы арқылы қорытындылады. Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізуіне септігін тигізді және жаңа сабақтың тақырыбы да ашылды. 1867-1868 жылғы реформа тақырыбы 3 топқа бөлініп берілді. Постерде қорғау және ЖИГСО әдісі арқылы тақырыпты түсіну. Сабақты қорыту мақсатында орындалған сәйкестендіру жұмысы өте сәтті шықты, кері байланыс жасалды. Сабақ «өте жақсы» деп бағаланып, ауданға тарату ұсынылды.

24 қаңтарда «Какая музыка в природе» атты ашық сабақты 3 –сыныппен орыс тілі пәні мұғалімі А.Ерғалиева өтті. Сабақ «жақсы» деп бағаланды. Мұғалім көп ізденген, жоспарды күрделі жасаған,АКТ арқылы саз аспаптары көрсетіліп қазақша ,орысша түсіндірілді. Оқылым, жазылым, тыңдалым болды.Тақтамен, кітаппен, дәптермен жұмыстар жүргізілді,алайда уақыт тиімді пайдаланылмады. Алдағы уақытта сабақты уақытпен есептеп жоспарлау мұғалімге ұсыныс ретінде айтылды.

25 қаңтарда 6 сынып оқушыларымен ағылшын тілі пәні мұғалімі Оразбек Айзаданың «My country . Almaty Marathon» атты ашық сабағы өтті.
Мұғалім өте жақсы дайындалған. Топқа бөлуде, оқу үшін бағалауда, оқуды бағалауда, лидер топтарды бағалауы тақырыпқа сай көрнекіліктермен безендірген. Атап айтсақ кубок, доп, медаль сияқты құралдар. АКТ-ны пайдаланды. Ұжымдық, топтық, жұптық, жеке жұмыстар жүрді. Жигсо әдістері оқушыларды ынталандырды. Ағылшын тілі болғандықтан сергіту сәтін ауызша жаттатып қойса деген ұсыныс айтылды. Сабақ «жақсы » деп бағаланды.

29 қаңтарда тарих пәнінен 11 сынып оқушыларымен «ХХ ғасыр 20-30 жылдарындағы мәдениет» қайталау сабағын Б.Даутов өткізді. Сабақ 6 этаптан тұратын дәстүрлі жоспармен жүргізілді. Мектебімізде оқу сапасының 70 пайызын көрсетіп жүрген және ҰБТ-ға дайындалып жүрген 11 сынып оқушылары үшін ашық сабақ өте жақсы өтті. Үйге берілген тапсырманы баяндауда оқушылар тарихи даталарды , хонологиялық жолмен айтуда тиімді көрсетті. 1920-1930 жылдардағы Қазақстандағы ғылым, әдебиет, мәдениет, өнер, кино салаларындағы жетістіктері айтылды. пәнаралық байланыс жақсы көрініс тапты. Тәжірибелі мұғалімнің сабағынан жаңа форматтан да түрлі әдістердің қолданылуы тиімді болды. Оқушылар топпен отырды және 3 топтық тапсырмаларды орындады. 1-топ автор және шығармаларын «сәйкестендіру» дайындаса ,2 топ «Мәдениет» сөзжұмбағын құрастырып келген ,ал мұғалім «Тарихи дамино» ойынын жүргізіп оқушылардың белсенділігінің жоғары екенін көрсетті. Сабақ «өте жақсы» деп бағаланып, ауданға тарату ұсынылды.

29 қаңтарда 3 сыныппен ағылшын тілінен « My music» тақырыбында ашық сабақ өтті .Пән иесі Қайрат Данагүл. Жаңартылған бағдарламамен 1 сыныптан бері оқитын 3 сынып оқушылар үшін ашық сабақтағы тапқырлықтары мен жылдамдықтарын байқайсың. Мұғалім өз пәнін жетік меңгергенін көрсетті.Шаттық шеңберінде оқушылар ағылшын тілінде тілек айтып түрлі-түсті қазағдармен топтастырылды. Сабақта АКТ тиімді пайдаланылды, аспаптардың дауысын тыңдау арқылы тапсырма орындау оқушыларға тиімді болды.Сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылды.Сөздіктермен жақсы жұмыс жүргізілді,топтық, жұптық, жеке жұмыстар жүргізілді. Қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалары нақты қойылды. Мұғалімге дауыс ырғағын анық жеткізіп, ойын толық айту ұсынылды.Сабақ «өте жақсы» деп бағаланды.

30 қаңтарда 11-сыныпта « Обособленные дополнения» атты ашық сабақ өтті. Пән иесі Нұрғазева Айкен. Оқушылар бұл сабақта белсенділік көрсетті. Сабақты бір-біріне тілектер айтып бастады. Үйге берілген тапсырма 100 пайыз орындалған.Оқылым, айтылым, жазылым өте жақсы жүрді. Блум таксаномиясы бойынша білу, түсіну,қолдану, жинақтау сабаққа арқау болды. Сабақ «өте жақсы» деп бағаланып, ауданға тарату ұсынылды.

Онкүндік барысында 10 минуттық үзілісте 23 қаңтарда ағылшын тілінде «Кім көп біледі» , 6 сыныптан Мақан Мәди ,Тұрсынбай Ақбөпе, Сәулетджан Мағжан, Рысдаулет Заңғар, Қайратқызы Назым, ағылшын тілінде өлеңдер оқыды. 8 сыныптан Қали Әлия, Жанболат Жансая, Жарылқасын Мадина мақал- мәтел айтты. 25 қаңтарда орыс тілінде мақал-мәтел, жұмбақ шешу, өлең оқылды. 6,7,8,9,10,11 сынып оқушылары белсенді қатысты. Атап айтсақ 11 сынып оқушысы Оман Айжан «Летом», 10 сынып оқушысы Бөшен Гүлназ «Твой друг» 9 сынып оқушысы Қоралбай Аяна «Моя Вообразилия» 8 сынып оқушысы Шойбеков Қайсар «Песенька о зарядке» 6 сынып оқушысы Ильяс Мерей «На катке» өлеңдерін оқыды. 29 қаңтарда тарих пәніне байланысты «Мен Отанымның патриотымын» тарихи оқиғалар тізбесін айтып ,Отан, Қазақстан, тәуелсіздік туралы өлеңдерін оқыды. 10 сынып оқушылары Бөшен Гүлназ бен Мақан Әлішер тарихи хронологияға тоқталса, 8 сынып оқушысы Байсерке Айтжан тарих пәнінен сұрақтар қойып оқушыларды қызықтыра түсті.

28 қаңтарда «Ұлы даланың жеті қыры» атты президент жолдауы талқыланды баяндамашылар тарих пәні мұғалімі Б.Даутов, Г.Тайрова

30 қаңтарда «Ғажайып алаң » атты зияткерлік ойыны өткізілді.

Мақсаты: оқушылардың қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне деген қызығушылықтарын оятып, тіл үйренуге деген ықыластарын туғызу.

Сайысқа 8,9,10,11 сыныптардан 3 оқушыдан 12 оқушы қатысуға тілек білдірді. «Ғажайып » деп аталатын алаңға тарих, орыс тілі, ағылшын тілдерінен 20 сұрақтан 60сұрақ қойылды. Сұрақтардың деңгейіне қарай 5,10,15,20 деген балдары болды.Сайыс 4 турдан тұрды. Әрбір турда 4 оқушыдан қатысты. Әділқазылар болып пән иелері орыс тілінен Нұрғазиева Айкен апай, тарих пәні мұғалімі Дауытов Батық ағай, ағылшын тілінен Оразбек Айзада апайлар болды. Сайыста кім көп балл алса сол жеңімпаз атанады. 12 оқушының ішіне 11 сынып оқушысы Тілеуберді Тоғжан 65 балмен бас жүлдені алса, 8 сынып оқушысы Қали Әлия 50 балмен 1 орынды, 8 сынып оқушысы Шойбеков Қайсар 45 балмен 2 орынды, 10 сынып оқушысы Бағда Шолпан 40 балмен 3 орын иеленді. Барлық оқушылар мектеп әкімшілігінің атынан мақтау қағаздарымен бірге «Алаш азаматтары» атты кітап, 2019жылға арналған күнтізбе, түрлі-түсті маркерлер сияқты сыйлықтар алды. Ойын өте жоғары деңгейде өтті.

31 қаңтарда «Жеті жұрттың тілін біл» атты қорытынды кеш ұйымдастырылды .Мақсаты: Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте мақалының мәнін түсінеді, өзінің елін, жерін, тарихын сүюге баулу.

Өтетін орын безендірілді.Кешті жүргізуші 8 сынып оқушысы Қали Әлия Кеш 5а сыныбының оқушысы Жақсылық Жарқынның орындауындағы «Жаным қазақ» әнімен басталды. Қатысатын сыныптар: 3,5,6,7,8,9,10,11 сынып оқушылары белсенділік көрсетті. Әр сыныптан патриоттық 2 өлең оқылады, 7-8 сынып тарихи қойылым қойды, 8-10 сынып орысша 1 ән мен би, 3 сынып ағылшын тілінде ән айтып би биледі. Кештің соңында сыныптар және жеке оқушылар: Жанболат Жансая,Қали Әлия,Ермекқызы Жансая, Мақан Мәди,Әнуар Рина, Әлі Мадиярлар мақтау қағаздарымен марапатталды. Мектеп әкімшілігімен, пән иелерімен естелікке суретке түсті.

Сабақтардың қорытындысы мен анықтамасы оқу ісінің меңгерушісі Э.Тұрсынбайға тапсырылды.








Бірлестік жетекшісі: Г.Тайрова


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
1566
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі