|
“Символ арқылы бөлу”
әдісі
Мақсаты: Ата-аналарға “шекара” мен
“қолдау” ұғымын бейнелі түрде түсіндіру.
? Тапсырма:
Қатысушылар үстел үстінен
өзіне бір сурет таңдайды:
Қатысушылар өз жұбын табады → табылған жұптар
бірге топ құрайды.
Ал
енді сіздер өз ойларыңызға жақын символды таңдаңыздар.
– Қабырға —
балаға шекара мен тәртіп қажет деп санайтындар.
– Қол —
жылы қарым-қатынас пен қолдауды бірінші орынға қоятындар.
– Таразы —
осы екеуін тең ұстауды жақтайтындар.
Осылайша 3 топ құрылады:
1️⃣
“Шекара” тобы
2️⃣
“Қолдау” тобы
3️⃣
“Тепе-теңдік”
тобы
«Шекара мен
қолдау»
Бала — өмір бағым да,
Бала — менің жалын да.
Түсінбей қалсам кей кезде,
Түсінгім келер барымда.
Шекара керек әр іске,
Бос еркіндік — жол емес.
Бірақ тым қаталдық та,
Жаралар жанды, көр емес.
Тыңдай біл балаң сыңарын,
Тыңдасаң — ашар сырларын.
Сенім мен жылы қолдау бар,
Құлатпас оның тұлғасын
Балаңның көзі — айна ғой,
Сол айнада өзің бар.
Қолыңды созсаң, шекара —
Қорғау емес, сенім шар дей отыра бүгін біз өте маңызды бір тақырыпты
талқылаймыз —жасөспірімге қалай қолдау көрсетуге болады және
шекараны қалай дұрыс қою керек?
Әрқайсымыз баламызға ең
жақсыны қалаймыз.
Бірақ кейде «қолдау көрсету» мен «бақылау» шатасып кетеді, ал
«тәртіп орнату» мен «жазалау» арасы тым
жіңішке.
Ендеше, осы тепе-теңдікті
табуға бірге үйренейік.
? Платформа: Google
Forms
Сұрақтар мен
жауаптар:
-
Балаңыз бірдеңеге ренжігенде,
сіз не істейсіз?
-
Балаңыздың достары ұнамай
қалса...
-
Сіз
үшін “шекара” деген не?
? Талқылау: Тренер
қорытындылайды — көп ата-ана "шекараны" шектеу деп қабылдайды,
бірақ шын мәнінде ол сенім мен жауапкершілік кеңістігі екенін
түсіндіреді.
Топтық
жұмыс
Әр топқа бір-бір өмірлік
жағдай беріледі.
Топ өзара талқылап, балаға қалай шекара қоясыз және қалай қолдау
көрсетесіз — соны жазыңыз.
Жағдайлар:
1️⃣
Балаңыз үй тапсырмасын
орындамай, телефонмен ойнап отыр.
2️⃣
Балаңыз ренжіп, сізбен
сөйлескісі келмейді.
3️⃣
Балаңыз достарымен кешке
шыққысы келеді, бірақ сіз уайымдайсыз.
Топқа арналған сұрақтар:
(Топтар 10 минут жұмыс
істейді, кейін әр топ ортаға шығып
бөліседі.)
?
Интерактив: "Сіз өз балаңызбен
қандай ата-анасыз?"
?
Мини-дәріс (10 мин)
“Шекара” мен “қолдау” деген екі ұғымды талдап
көрейік.
? Шекара –
бұл баланың өмірінде тәртіп пен жауапкершілік орнату.
Бұл – тыйым салу емес, “осы жерге дейін болады” деген бағыт
беру.
? Қолдау –
бұл баланың сезімін, ойын қабылдау, тыңдау, сену.
Егер шекара тым қатал болса – бала қорқады.
Егер шекара тым әлсіз болса – бала адасады.
Ал екеуі үйлессе – бала өзін қауіпсіз сезінеді.
Бүгін осы екі элементті тәжірибе жүзінде
талдаймыз.
? Рөлдік ойын «Қиын әңгіме» (15
мин)
Енді бір-екі жұп ерікті болсын.
Бірі — ата-ана, бірі — бала рөлін сомдайды.
Жағдай: бала сабақтан кеш
келді.
Мақсат: шекара сақтай отырып, баланы ренжітпей
сөйлесу.
Мысал: ❌ “Сен тағы кешіктің! Үйден
шықпайсың!” ✅ “Мен сені уайымдадым. Келесіде осылай кешіксең,
қоңырау шалшы. Саған сенем.”
(Қатысушылар ойнайды, топ
талқылайды.)
Викторина
(10 мин)
Платформада
(Google
Forms) өткізіледі. Енді кішкене
ойын!
Мен сұрақ оқимын, дұрыс жауапты таңдап
көріңіздер.
Мысал
сұрақтар:
1️⃣
Баланың ашуы келгенде ең дұрыс
әрекет —
2️⃣ Бала қателік жасаса —
-
A)
Жазалау
-
B ) Себебін
талқылау ✅
-
C)
Елемеу
Қорытынды:
Көріп отырмыз, көпшілігі “тыңдау және талқылау”
деген жауапты таңдады. Бұл — шынайы қолдаудың
белгісі.
-
Ш пашкамен
мұнара
тұрғызу
Үш топ
талқылайды
? Рефлексия «Мен не алдым?»
Қ азір әрқайсыңызға стикер
берем.
Оған мына сөйлемдерді толықтырыңыз:
– “Бүгін білдім…”
– “Енді үйде қолданам…”
(Қатысушылар стикерге жазады, тақтаға
іледі.)
Мысал жауаптар:
-
“Шекара – балаға тәртіп емес,
қауіпсіздік.”
-
“Қолдау – баланы тыңдау.”
-
“Сенім – ең мықты тәрбие
құралы.”
? Қорытынды сөз
Құрметті ата-аналар,Балаңыз сіздің махаббатыңызды
бақылау арқылы емес, түсінік арқылы сезінеді. Шекара – сенімділікті
қалыптастырады,
Ал қолдау – батылдық сыйлайды.
Ендеше, балаларыңыз сіздерге әрқашан ашық
болсын,Ал сіздер оларға әрдайым сенім мен махаббаттың үлгісі
болыңыздар! ?
(Фондық әуен қосылады. Қатысушылар қол
шапалақтайды.)
|