"Секіреміз сергиміз"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Секіреміз сергиміз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаттығудың жүргізілуі: балалар шеңбер бойына отырады. Жетекші үш әріптен тұратын сөзді айтып, допты лақтырады. Допты ұстаған ойыншы әріптерді кері атайды (күн-нүк, көз-зөк, сан-нас). Аударылған сөздердің мағынасы болмауы мүмкін. Ойынның күрделенуі сөздің ұзақтығына байланысты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: "Секіреміз сергиміз" психологиялық жаттығулар топтамасы.

Мақсаты: Оқушылардың көңіл -күйлерін көтеру арқылы бойларын сергіту және дамыту.


«Керісіншелер елі» психологиялық жаттығуы.

Мақсаты: Ойша әрекет ету қабілетін жаттықтыру.

Жаттығудың жүргізілуі: балалар шеңбер бойына отырады. Жетекші үш әріптен тұратын сөзді айтып, допты лақтырады. Допты ұстаған ойыншы әріптерді кері атайды (күн-нүк, көз-зөк, сан-нас). Аударылған сөздердің мағынасы болмауы мүмкін. Ойынның күрделенуі сөздің ұзақтығына байланысты.

«Сенемін – сенбеймін» психологиялық жаттығуы.

Балалар шеңбер құрып тұрады. Педагог допты кез келген бір балаға лақтырып, былай деп айтады:

- піл ұшу біледі;

- құстар апанда ұйықтайды;

- балықтар құрлықта өмір сүреді, т.с.с.

Балалар педагог тек шындықты айтқан кезде ғана допты қағып алулары керек. Егер бала жаңылысып, допты қағып алатын болса, онда оған ескерту кәртішкесі беріледі. Бір ескерту алмаған бала «ең зейінді бала» болып есептеледі.

«Ормандағы ағаштар» ойыны.

Мақсаты: Балаларға қозғалуға, демалуға мүмкіндік беру. Музыка ойналады.

Мәтін: Сендер ағашқа айналуға дайынсыңдар ма?

Бір-біріңнің артына тұрыңдар.

1.Орманда күн шығып барлық ағаштар оған жапырақтарын жайып қарап тұрды.

2.Күнге әрбір жапырағы жылыну үшін жоғары-жоғары созылды.

3.Саусақ-жапырақтар күннің астында билеп тұрды.

4.Кенеттен қатты жел тұрып, талдарды жан-жаққа шайқай бастады.

5.Бірақ талдың тамырлары тереңге кеткен, олар жәй ғана тербеледі.

6.Желдің артынан жаңбыр жауып, талдар алғашқы жауын тамшыларын сезінді.

7.Алдыңғы тұрған баланың арқасын саусақтарыңмен жауын тамшыларындай тырсылдат.

8.Кәдімгі майда жаңбыр жауып жауып тұрғандай қимыл жеңіл болу қажет.

9.Жауын одан әрі күшейіп қатты жауа бастады...

10.Талдар бір-біріне жанашырлық білдіріп жаңбырдың қатты соққысынан қорғанып, сипалай бастады.

11.Көп ұзамай көкжиектен күн көрініп, талдар қуанды, олар өздеріндегі артық жауын тамшыларын сілкіп тастады.

12.Өздерін сенімді, сергек, тап-таза сезініп қалады.

Қорытынды:


"Дене мүшелер " психологиялық жаттығуы.


Балалар шеңбер жасап дөңгелене тұрады. Және өздеріне жұп дайындайды.Музыка ырғағымен билейді де, музыка тоқтап бір дене мүшесі аталғанда сол дене мүшесін тигізуі тиіс.

Мысалы:құлақ. Құлақтарын тигізеді. «Аяқ» -аяқтарын тағы сол сияқты.


«Сабын көпіршігі» ойыны

Мақсаты: топтағы біріккендікті, зейінді дамыту, эмоциялық серпін.

Нҧсқау: Балалар шеңбер болып, бір-біріне тығыз орналасады. Психолог оны «үрленбеген кӛбік» деп айтады. Балалар оны қолдарын сермей отырып «үрлейді». Әр үрлеген сайын артқа бір қадам жасайды. Психолог «пах» деген кезде кӛбік жарылып балалар бӛлменің ішінде жан-жаққа жүгіре жӛнеледі. Жаттығуды екінші қайталағанда кӛбік жарылмайды. «Шар, үрлен! Үлкен болып, үрлен! Осы бетте қалып, Жарылма!», - деп әндетулеріне де болады.


«Кім жоғын тауып ал» психологиялық жаттығуы.


Ойыншылардың барылығы көздерін жұмуы керек. Осы уақытта жүргізуші бір баланы иығынан түртеді, ол дыбыссыз жәй кетіп қалады. Жүргізуші белгі бергенде барлығы көздерін ашып, кім жоқ екенін тауып алуы керек. Кім жоғын ең бірінші тауып алса, сол жеңімпаз болады. Ойын есте сақтау қабілетін және бақылауды тексереді.


«Сабын көпіршігі» ойыны

Мақсаты: топтағы біріккендікті, зейінді дамыту, эмоциялық серпін.

Нұсқау: Балалар шеңбер болып, бір-біріне тығыз орналасады. Психолог оны «үрленбеген көбік» деп айтады. Балалар оны қолдарын сермей отырып «үрлейді». Әр үрлеген сайын артқа бір қадам жасайды. Психолог «пах» деген кезде көбік жарылып балалар бӛлменің ішінде жан-жаққа жүгіре жөнеледі. Жаттығуды екінші қайталағанда көбік жарылмайды. «Шар, үрлен! Үлкен болып, үрлен! Осы бетте қалып, Жарылма!», - деп әндетулеріне де болады.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
16.11.2021
577
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі