«Шексіз
шығармашылық»
балалар
фестивалінің сценарийі
Өтетін
күні:
04.02.2020
І
жүргізуші:
Қымбатты өнер сүйер қауым, қадырлы
көрермендер, оқушылар! «Шексіз
шығармашылық» атты өнер фестиваліне
қош келдіңіздер.Түзете –дамыта оқыту
сынып оқушыларының дайындаған өнерлерін
тамашалайтын боламыз.
2
жүргізуші:
Бүгінгі фестивалдің мақсаты: ерекші
білім беру қажеттіліктері бар балалардың
бейнелеу қызметі, сәндік-қолданбалы
өнер шығармашылығындағы шығармашылық
әлеуетін анықтау және ынталандыру,
сондай-ақ шығармашылық қызметтерін
ынталандыру және қолдау арқылы әлеуметтік
оңалту.
І
жүргізуші:
Бүгінгі
фестиваль төменедегі номинациялар
бойынша жүргізіледі:
«Қазақстан
– менің алтын бесігім»
– суреттер көрмесі
«Алтын
қолдар» –
сәндік-қолданбалы өнер көрмесі.
«Қиял-ғажайып
әлем»
– өз өлкесінің, өз отбасының және т.б.
болашағы туралы ертегілер, әңгімелер
құрастыру.
«Өнерлінің
өрісі кең»-ән
би
Бұл
фестиваль ерекше білім беруге
қажеттіліктері бар балалардың өзін өзі
шығармашылық тұрғыда іске асыруы үшін
декоративті-қолданбалы өнер, бейнелеу
өнері, қолөнер кәсібі құралдары арқылы
жайлы жағдай жасауға ықпал етеді,
республикалық деңгейдегі іс-шараларға
қатысуға мүмкіндік береді.
2
жүргізуші:
Біздің
халық өнерге мол, бай тегі,
Әнші деп
те, биші деп те айт оны.
Әнге сенің
қанша икемің бар екен,
Тыңдап алып
жалғастырсаң қайтеді, - деп алғашқы ән
кезегіне берейік.
Сахнада
4 «г» сынып оқушыларының орындауларын
әсем ән.
Ән
«Тұлпарым» 4 «г» сынып оқушылары
І
жүргізуші:
Жоқ
менің өлең - жырдан өзге алаңым,
Іздеймін
сенен терең сөз баламын.
Кейде бір
салсаң әуен ыңылдатып,
Көңілдің
кетеді ғой қозғап әнін.
ІІ
жүргізуші:
Біздің
мектептің қыздары өнері асқан,
Билейді
мың бұралып бала жастан.
Қайда біздің
өнерпаз қыздарымыз?
Ортаға шық,қанекей,
тартынбастан.
-
деп келесі өнерпазымыздың өнерін
тамашалайық. 3 «г» сынып оқушы Хайролла
Әсем сіздер биден шашу шашпақ.Ендеше
қарсы алыыңыздар. Қошеметпен өнерпазымызды
ортаға шақырайық, сахнада Хайролла Әсем
Би
«Аққулар биі» Орындайтын Хайролл
Әсем.
І
жүргізуші:
Бала,
бала, балапан,
Қаймықпада
сескенбе.
Ортағашық кәнекей,
Өнеріңді
көрсетші – деп өнерпазымыз ойдан ғажайып
ертегі құрастырып келген екен. Ал,
қанекей, достар Серикжанова Алинура
ертегісін тыңдайық.
4
«г» сынып оқушысы Серикжанова Алинура
ІІ
жүргізуші:
Көңілім
тағы жырлашы,
Сұңқардай көкке
самғашы.
Әсем әнім шырқалса,
Туған
жердің арқасы – деп келесі өнерпазымызды
ортаға шақырайық.
4
«в» сынып оқушысы Макаров Влад сіздерге
арнап әдемі ән шырқамақ.
Макаров
Влад. Ән «
»
І
жүргізуші:
Халқымызда
қай тақырыпта да табылатын, тілге жеңіл,
жүрекке жылы тиерлік ертегілері қаншама?!
Ол ертегілер арқылы бала өз халқының
тілін, мәдениетін, дәстүрін біледі және
ой-өрісі, қиялы дамиды және адамгершілікке
тәрбиеленеді.Келесі өнерпазымыз Ғұмар
Аяжан өзінің ойдан құрастырған ертегісін
ұсынбақ. Ендеше Аяжанның ертегісін
тыңдайық...
Ғұмар
Аяжан
І
жүргізуші:
Ендігі кезекті караоке әнге берейік.қане
балалар, барлығымыз бірге «Әрқашан
күн сөнбесін»
әнін бірге айтайық.
Караоке
«Әрқашан күн сөнбесін»
ІІ
жүргізуші: Көпшілік
құрметіне бөленген өнерпаздарымыз
алдағы уақытта көптеген байқаудың
жеңімпаздары атанып, орындаушылық
шеберлігімен талғампаздығымен үлкен
– үлкен табыстарға жете берулеріңізге
тілектеспіз дей келе бүгінгі фестивальге
қатысып, өз өнерлерін көрсеткен
оқушыларымызды марапаттауға кезек
берейік.
Өнерпаздар
марапатталады.
І
жүргізуші:
Концерттік кешімізді аяқтай отырып
«өнер талантты өсіреді» деген ақын
сөзінен қуат алып, асыл мұраны сақтап,
өркендете берейік дегіміз келеді. Көңіл
бөліп тамашалағандарыңызға көп рахмет!