400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 15 материал табылды

"Əсемдік -өмір жарасымы" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


07.10.2017

9-сынып

Мұғалім Нұрбекова Ж.Е

Тақырып: Әсемдік - өмір жарасымы

Құндылық Сүйіспеншілік

Қасиеттері Сұлулық, аялау


Сабақ мақсаты:


  • Оқушылардың сұлулық, табиғат, өнер туралы түсініктерін кеңейту


Сабақтың міндеті:

  • Табиғат, өнер, өмір әсемдігінің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу

  • Сұлулықты, әсемдікті сезіну және қолдану іскерліктерін дамыту

  • Әсемдікке тәрбиелеу

Ресурстар: аудиокассета,

ән мәтіні, оқулық, маркер, ақ қағаздар

Сабақ барысы:


1.Ұйымдастыру кезеңi. (1 мин)


2.Тыныштық сәтi. (2 мин)


3.Үй тапсырмасын тексеру. (10 мин)


  • Денсаулықты қалай нығайтамыз?

  • Өздерің салауатты өмір салтын қалай ұстануға тырысасыңдар?

  • Денсаулықты сақтаудың қандай негізгі кепілдері бар?


Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз. (5 мин)


Сұлулық адамның жүзінде емес, жүрегінде болады.

  • Осы мақалды қалай түсінесіңдер?

  • Әр адам өз сұлулығын қалай сақтап қалу керек деп ойлайсыңдар?


5.Әңгiмелеу (сұхбат). (10 мин)


Сүйкімі дүниенің сұлулықта

  • Жігіт неліктен қызды таңдады?

  • Әсемдіктің адам өміріндегі маңызы қаншалықты терең деп ойлайсыздар?


6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. (10 мин)

«Табиғат - әсемдік - өмір» сұлбасымен үш баған түзіңіздер. Бірінші бағанға сұлбаның мағынасын ашатын сұрақ қойыңыздар. Екіншісінде қойылған сұрақтарға жауап беріңіздер. Үшіншісінде қорытынды шығарыңыздар.


7.Топпен ән айту. (4 мин)

Сен сұлу

Нұр Мұқасан тобы


8.Үй тапсырмасы. (1 мин)


«Әсемдікті қалай сақтаймыз»? Тақырыбында шағын эссе жазып келу


9.Соңғы тыныштық сәтi. (2 мин)

(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»




























Сен сұлу

Жаз гүліндей жайнаған

Масатыдай жер сұлу

Аққу-қаздар тойлаған

Айдын шалқар көл сұлу


 Қайырмасы

Өзгеден де ең сұлу

Өмірлік дос тең сұлу

Өзім сүйіп ұнатқан

Бәрінен де сен сұлу, сен сұлу

 

Нұрын төккен қырмызы

Аспандағы күн сұлу

Жымың қаққан жұлдызы

Айлы кеште түн сұлу

 

Сен сұлу

Жаз гүліндей жайнаған

Масатыдай жер сұлу

Аққу-қаздар тойлаған

Айдын шалқар көл сұлу


 Қайырмасы

Өзгеден де ең сұлу

Өмірлік дос тең сұлу

Өзім сүйіп ұнатқан

Бәрінен де сен сұлу, сен сұлу

 

Нұрын төккен қырмызы

Аспандағы күн сұлу

Жымың қаққан жұлдызы

Айлы кеште түн сұлу

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
490
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі