жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Əсемдікке талпыныс. 6-сынып
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: «№41ЖОББМ» КММ Сыныбы: 6 «Б» Күні: 17.10.2018ж №: 7
Мұғалімі: А.Амангелдіқызы Оқушылардың саны: 15
Тақырыбы: Әсемдікке талпыныс.
Құндылығы: Ақиқат.
Қасиеттері: Барлығынан жақсылық көру, қарапайымдылық, ойдың, сөздің және істің бірлігі.
|
Мақсаты: Ақиқат құндылығы арқылы оқушыларды әсемдікке ұмтылдыру. Міндеттері:
|
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 2. http://kz-minusovki.ucoz.kz 3. bilim-all.kz |
|
Сабақтың барысы:
5 Т – ережесі:
Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену» Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу
ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе
үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды
өтінемін. 2. Үй тапсырмасын тексеру. 1. Келесі сабақ. №6, «Ұлыма хат» мәтінін оқып келу. Сұрақтар:
|
|
|
3. Сабақтың дәйексөзі. (Ұл балалар бір рет оқиды, қыз балалар бір рет оқиды, барлығы бірге қайталайды) Сұлулық адамның жүзінде емес,жүрегінде болады. Халық даналығы. Сұрақтар:
|
|
Ішкі сұлулық пен сыртқы сұлулық. Баяғы өткен заманда бір патша базардан екі құл сатып алыпты. Құлдарының бірі сиықсыз, тістері шірік әрі аузы сасық екен, ал екіншсі болса келбетті, маржандай тістері бар әрі аузынан хош иіс шыққан жағымды адам екен. Патша келбетті құлын сыйға бөлеп, моншаға жібереді. Аузы сасыған екінші құлды қасына шақырып: - Сені ұнатып-ақ едім, бірақ ана моншаға кеткен досың сен туралы көп жаман нәрселер айтты. Сен де қаласаң маған оның жаман тұстарын айтып бер,- дейді. Құл болса жолдасына шаң жуытпай, ол туралы еш жаман сөз айтпады. Патша қалай тырысса да мақтаудан басқа ештеңе айттыра алмапты. Екінші құлы моншадан қайтып келгенде, патша оны да сынамақ болып қасына шақыртты. Біраз мақтау сөз айтқан соң: -Ана досың айтып берген жаман
мінездерің болмаса жап жақсы жігітсің,- депті. Сөйтсе әлгі
ашуланып, жолдасы туралы қайдағы жоқты айтып, жамандай
бастайды. -Доғар сөзді, кімнің кім екенін енді білдім. Сен жамандаған жолдасыңның аузы сасыса, сенің ішің сасыған, шірік екенсің. Бар, сол жамандаған досыңның қол астында жұмыс істейтін боласың, – депті. Сұрақтар:
|
|
1-тапсырма. Әсемдік, сұлулық туралы қанатты сөздермен танысып, шынайы сұлулық туралы айтылғандары таңдаңдар. Таңдауларыңды дәлелдеп беріңдер. Халық даналығы: «Сөзі райлының - жүзі шырайлы». Л.Н.Толстой: «Қарапайымдылық - моральдық сұлулықтың басты шарты». Абай: «Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын...» В.Гюго: «Сыртқы сұлулық толық болу үшін ішкі сұлулықпен жандану керек». Қабуснама: «Табиғи сұлулық дегеніміз-оның ұнамдылығы. Әрбір ұнамды мінез-құлық пен келісімді көріктен әдемілік пайда болады.» П.Буаст: «Қарапайымдылық дегеніміз-өзінің адамдық қадір-қасиетін түсіну». Бұл тапсырманың мақасты-оқушыларға шынай сұлулықтың не екенін тереңірек түсіндіру. 2-тапсырма. Жағдаяттық тапсырманы оқып, ондағы кейіпкердің ойын өз пікірлеріңмен жалғастыру керек. Айдарға қандай кеңес беруге болатынын ойластыру қажет. Даладан үйге жүгіріп кірген Айдар атасынан:
Айдар атасының айтқан сөздерінен кейін бастасам екен деп ойланып қалды... 3-тапсырма Адамның жан сұлулығын бейнелейтін сөздерді тауып, «Әсемдік» атты сөзжұмбақтың жауабы: Көлденеңінен: 5-сезім; 6-мінез-құлық; 7-әдептілік; 8- кішпейілдік. Тігінен: 1-қарапайымдылық; 2-адамгершілік; 3-әсемдік; 4-ақыл.
|
|
|
6. Топпен ән айту. Әдемі Сөзі: А.Шяхметовтікі Әні: Ғ. Наурызбаевтікі Күн сәулесі төгілген әдемі, Кемпірқосақ керілгені әдемі. Көк шалғында асыр салып жүргенде, Көк көбелек көрінеді әдемі.
Жас шыбықтың бүр ашқаны әдемі, Алма ағаштың гүл ашқаны әдемі Қариялар жол үстінде кездесіп, Амандықты сұрасқаны әдемі.
Бұлбұл құстың сайрағаны әдемі, Қозы-лақтың ойнағаны әдемі. Ақ боз атын ерттеп мініп атамның, Қойды өріске айдағаны әдемі. |
|
|
7. Үй тапсырмасы. 1. №7 – сабақ. Әдемілік, сұлулық туралы мақал – мәтелдер жазып келу. 2. Келесі сабақ. №8, «Ақыл мен сезім» мәтінін оқып келу. |
|
Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген