Материалдар / Семей ядролық полигонының зардаптары 9 сынып

Семей ядролық полигонының зардаптары 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгін – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Осыдан отыз бір жыл бұрын 29 тамызда Семей атом полигоны ресми түрде жабылған болатын. Одан кейін Қазақстан әлем елдері арасында алғашқы болып ядролық қарудан бас тартты. Қазір бұрынғы полигон орны үлкен ғылыми зертханаға айналды.
Авторы:
20 Қырқүйек 2023
477
24 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бүгін – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Осыдан отыз бір жыл бұрын 29 тамызда Семей атом полигоны ресми түрде жабылған болатын. Одан кейін Қазақстан әлем елдері арасында алғашқы болып ядролық қарудан бас тартты. Қазір бұрынғы полигон орны үлкен ғылыми зертханаға айналды. Семей полигонының қазақстандықтар үшін зардабы қандай болды?   оқырман назарына архивтік мәліметтерді ұсынады. 1) Қазақстан аумағында атом бомбаларын сынақтан өткізу үшін 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. 1949 жылдың 29 тамызында Семей облысында таңғы сағат 7-де жерден 38 метр биіктікте қуаты 20 килотондық алғашқы атом бомбасы жарылып, сынақтан өтті. Жарылыстан орта есеппен 900 мыңдай бейкүнә адам 100-250 рентген мөлшерінде радиация қабылдаған болса, 1963 жылдар аралығында аса қуатты бомбалардың жарылысынан 2 миллионнан аса жазықсыз халық 300-400 рентген мөлшерінде радиация қабылдады. 2) Полигонның 40 жылдық тарихында Семейден 120 шақырым жерде 498 ядролық сынақ өткен. Оның 88-і ауада, 30-ы жер бетінде, 340-ы жер астында жарылған. Соңғысының қуаты 1,5 мегатонн мөлшерінде болған. Одан 1,5 миллион адам зардап шекті. 3) Бұдан кейінгі 25 жыл жерасты жарылысынан адамдар түрлі ауруға ұшырап, сол сырқаттың қасіретін әлі де арқалаумен келеді. Бұл сырқаттардың тұқым қуалайтыны ғылыми түрде дәлелденді, оның қасіреті 300 жылға дейін созылуы мүмкін. 4) Полигонға шаруашылық жайылымдар мен егістік жерлер тартып алынып беріліп, соның салдарынан аймақ экономикалық және әлеуметтік дағдарысқа ұшырады. 5) Халық өте ауыр және созылмалы сәулеленуге ұшырап, сынақ зардаптары Хиросима мен Нагасакидегі атомдық бомбалаудан 2,5 есе асып түсті. 6) Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. 7) Семей полигонына жақын аудандарда жетілуінде әртүрлі ауытқу, тәндік және естік кемшіліктер бар сәбилер дүниеге көп келді. Мамандардың айтуынша, соның бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. 8) Аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Семейдегі ядролық сынақтың салдарынан соңғы жылдары әр жүз мың адамға шаққанда жүйке-психологиялық ауруға шалдыққан адамдардың саны 960-тан 1 624-ке, ақыл-ойы кем адамдар 3 105-тен 4 612-ге, невроз және жүйке тамыр дерті бар адамдар 3 692-ге көбейген. 9) Сынықтан адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді. 10) Жетпісінші жылдарға дейін зарядтар салынған штольнялар мен скважиналардың түптері мен шығар ауыздары дұрыстап бетон қақпақтармен жабылмаған. Соның салдарынан улы инертті газдар, ауыр металдар, басқа да радиациялық заттар жер бетіне жайылды. Мұны мамандардың өздері де жоққа шығармайды. Сынақ кезінде бөлініп шығар зиянды ауыр металл изотоптарының ең қауіптілері – «Стронций-90», «Плутоний-238», «Цезий-137». Стронцийдің ұсақ микробөлшекке айналып, қоршаған ортаға зиянсыз күйге енуі үшін 56 жыл керек екен.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ