Материалдар / Семинар аудандық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Семинар аудандық

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жаңартылған білім мазмұны бойынша жұмыс жасайтын бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2017
727
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




«Шығарма жазуда бағалау критерийлерін құрастыру» атты шеберлік сыныбының жоспары




Тақырыбы:

Шығарма жазуда бағалау критерийлерін құрастыру


Жалпы мақсаты:

Критериалды бағалау туралы түсініктерін кеңейту. Шығарма жазуда бағалау критерийлерін құруды үйрену. Оны оқу үдерісін жетілдіруде қолдану тиімділігін зерделеу.

Оқу нәтижелері:

Мұғалімдер:

  • Бағалаудың мағынасын ажырата алады;

  • Бағалаудың әдісітерін, формаларын білетін болады;

  • Сабақта ОүБ-ды ұйымдастыра алады;

  • Табыс критерийлері бағалаудың негізгі аспектісі екенін түсінеді;

  • Критериалды бағалау арқылы оқушы білімін бағалаудың тиімділігін ұғынады;

  • Дескриптор құрудың жолдарын үйренеді;

  • Бағалаудың критерийлерін құра алады.

Түйінді идеялар:

ОүБ мен ОБ-дың негізгі аспектісі – нақты критерийлер.

Критериалды бағалауды түсіну. Дескриптор не үшін керек еке-нін білу және қолдану.

Ресурстар:

Презентация «Бинго» ойыны, кеңсе құралдары (флипчарт, жыл мезгілдерінің суреттері, А4 форматты қағаздар, маркерлер, стикер)

Шеберлік сыныпты өткізу уақыты:

Ұзақтығы 30 минут

Сергіту сәті

Топқа бөлу

Шеберлік сыныпқа қатысушылардың көңіл- күйлерін көтеріп, «Көңілді күн» әніне билеп, сергіту сәтін жасатамын

Әріптестерім сергіту сәтін жасап, жыл мезгілдерінің суреттерін таңдап, 4 топқа бөлінеді

Жұмыстың барысы

Критериалдық бағалау туралы әріптестердің білімін еске түсіру мақсатында «Бинго» ойынын өткіземін.

Әріптестер «Бинго» ойынын ойнайды


Алдымен шеберлік сыныптың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. « Шығарма жазуда бағалау критерийлерін құрастыру».

Бүгінгі семинардың тақырыбы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болғандықтан, шығармашылық қабілетттерін дамытуға ықпал ететін жұмыстардың бірі шығарма жазу.

- Сіздер шығарма жазу барысында оқушылармен қандай жұмыстар жүргізесіздер?







Әріптестер шығарма жазу кезінде оқушылармен жүргізетін жұмыстарды атайды




Жеке жұмыс

-Қазір әрқайсыларыңыз топқа бөлінген суреттерді пайдалана отырып, сол жыл мезгіліне шағын шығарма жазыңыздар

Топқа бөлінген суреттерді пайдалана отырып, шағын шығарма жазады.



Жұптық жұмыс

Жазған шығармаларыңызды жұптарыңызбен бағалаңыздар.

Сұрақтар:

-Қойылған бағамен келісесіз бе?

Неліктен?

-Жұмысыңызды бағалаған кезде қандай сезімде болдыңыз?

-Сіздің сабағыңызда оқушылар не үшін баға алғанын біледі ме? Қа-лай және қайдан біледі?

Әріптестер бір- бірінің шығармаларын бағалап, берілген сұрақтарға жауап береді.


Топтық жұмыс

Енді топтарыңызбен жазған шығармаларыңызға критерий құрастырып көріңіздер


Әріптестер жазған шығармаларына критерий құрастырады


Шығарма жазуда бағалау критерийлерін құрастыру туралы әдістерімді түсіндіремін.




Кері байланыс

Чемодан, еттартқыш, қоқыс жәшігі



Әріптестер стикер жапсырады

















































 

Коучинг-сессияның өткізілу кезеңдері

Уақыты

Тәлімгердің іс-әрекеті

Коучингке қатысушылардың іс-әрекеті

Күтілетін нәтиже

Ресурстар

Бағалау

Психология

лық ахуал туғызу.

Топқа бөліну

5 минут

Қатысушыларға әр елдің түрлі амандасуы жазылған бетшелер таратады.

Бетшенің артына жазылған сандар бойынша топқа бөлінеді.

Қатысушылар ортаға шығып, әр тілде бір-бірімен амандасады.

Топқа бөлініп отырады.

Қатысушылар арасында көңілді көңіл-күй орнайды.

Топ құрылады.

Парақшалар

Қол шапалақтау

Білу

20 минут

«Астана-Бәйтерек» монументін жасауды тапсырады.

Әр топқа бөлінген қатысушы мұғалімдер монументті бірігіп жасайды.

Қатысушылар бірігіп монументті жасап шығарады.

Қағаз, қайшы, желім, маркерлер. Стикерлер

Қатысушы топтар бір-бірінің жұмысын «5» баллдық жүйеде бағалайды.

Түсіну

10 минут

Сұрақтар қояды.

  • Қойылған бағамен келісесіз бе? Неліктен?

  • Жұмысыңызды бағалаған кезде қандай сезімде болдыңыз?

  • Сіздің сабағыңызда оқушылар не үшін баға алғанын біледі ме? Қалай және қайдан біледі?

Қойған бағаларын қорғайды, ой-пікірлерін ортаға салады.

Қатысушылар ой бөліседі.

Сұрақ жазылған бетшелер

Қатысушылардың ой-пікірлерін тыңдайды.

Талдау

10 минут

Жасалған монументті арнайы құрылған критерий бойынша бағалайды.

Тәлімгер айтқан мәліметті мұқият тыңдай отырып, түсініктерін кеңейтеді.

Критерийлермен және дескрипторлар туралы ұғым-түсінік алады.

Слайд-презентация


Сергіту сәті

5 минут

Бейнетаспадан сергіту сәтін орындатады.

Барлығы сергіту сәтін орындайды.

Көңіл-күй көтеріледі. Жағымды ахуал орнайды.


Қол шапалақтау

Қолдану

5 минут

Интербелсенді тақтадан  оқушының мәнерлеп оқыған өлеңін көрсетеді.

Қатысушылар мұқият қарайды, тыңдайды.


Видеоролик


жинақтау

20 минут

Критерий мен дескриптор құруды тапсырады.

Топта ақылдасып, критерий мен дескриптор құрастырады.

Критериалды бағалау туралы толық түсінеді.

Маркерлер, флипчарттар.

Тәлімгердің шолуы

Бағалау

5 минут

Стикерлер таратады

Жұмыстың екі ұнаған тұсын, бір жақсартуды қажет ететін тұсын стикерге жазып қалдырады.

Тәлімгер мен қатысушылар арасында кері байланыс арқылы тиімді қарым-қатынас орнайды.

стикерлер

«Екі жұлдыз, бір тілек»

«Астана-Бәйтерек» монументін бағалау.  Критерий

  1. Түпнұсқаға ұқсастығы

1 ұпай – Монумент, бірақ «Бәйтерек» монументіне мүлдем келмейді.

2 ұпай – Түпнұсқаға ұқсайды, бірақ кейбір элементтері сәйкес емес.Шпиль-антенна, аяқтары т.б.

3-ұпай – түпнұсқадан айнымайды.

 

  1. Орнықтылығы, мықтылығы

1 ұпай – Қабырғаға сүйемелденіп қана аяғына тұра алады. Өздігінеен қисайып қалады да, құлай береді, орнынан қозғауға келмейді.

2 ұпай – Нық тұрады. Оң немесе сол жаққа сәл ғана қисайған. Дегенмен орнынан қозғап, бір жерден екінші жерге қоюға болады.

3 ұпай – Нық тұрады, қисаймайды. Орнынан қозғап, бір жерден екінші жерге қоюға болады.



  1. Биіктігі, көлемі.

1 ұпай – 50 см

2 ұпай – 51-100 см

3 ұпай – 101-200 см

Ұпайды бағаға айналдыру.

8-9 ұпай – «5»

5-7 ұпай – «4»

3-4 ұпай – «3»

0-2 ұпай – «2»


Дескрипторлар



Критерий

1 ұпай

2 ұпай

3 ұпай

Түпнұсқаға ұқсастығы

Монумент, бірақ «Бәйтерек» монументіне мүлдем келмейді.

Түпнұсқаға ұқсайды, бірақ кейбір элементтері сәйкес емес.Шпиль-антенна, аяқтары т.б.

Түпнұсқадан айнымайды.

Орнықтылығы, мықтылығы

Қабырғаға сүйемелденіп қана аяғына тұра алады. Өздігінеен қисайып қалады да, құлай береді, орнынан қозғауға келмейді.

Нық тұрады. Оң немесе сол жаққа сәл ғана қисайған. Дегенмен орнынан қозғап, бір жерден екінші жерге қоюға болады.

Нық тұрады, қисаймайды. Орнынан қозғап, бір жерден екінші жерге қоюға болады.

Биіктігі, көлемі

50 см

51-100 см

101-200 см

 











ІІ-деңгей курс тыңдаушысы Ә.М. Рамазанованың

коучинг сессиясының жоспары

 

Сабақ тақырыбы:

  «Оқыту үшін бағалау  - оқыту мен оқу сапасын жақсартатын құрал.»

Мақсат:

Бағалау туралы заманауи түсінікті беру, формативті мен жиынтық бағалауддың айырмашылығын түсіндіру, мұғалімдерге оқыту үшін бағалаудың мәні мен маңыздылығын ұғындыру.

Сілтеме:

Мұғалімдерге  арналған  нұсқаулық 109-115  бет

Оқу нәтижесі:

Коучинг барысында мұғалімдер бағалау үшін табыс критерилерін құрастыруға үйренеді; бағалаудың екі түрін ажыратады, оқыту үшін бағалау – оқыту мен оқу сапасын жақсартатын құрал екенін түсінеді.

Негізгі идеялар:

Оқыту үшін бағалау – оқушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен мұғалімдер қолданатынмәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі,  оқыту мен оқу сапасын жақсартатын құрал.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интербелсенді тақта, бейнеролик, таныстырылым;

флипчарт, А4 парақтары, стикер, маркер, 6 қалпақ

Оқыту әдістері:

 Диалог, «Ой қозғау», «Арқаға жазылған комплименттер»  тренингі;

өзін – өзі бағалау үшін «Баспалдақ» тренингі, бірлесе «Гүл шоғын» жасау,бағалау; флипчарт жасау,қорғау;

Эдвард де Бононың «6 қалпақ» әдісі; жеке, жұптық жұмыс, топтық жұмыс;

Дереккөздері:

Мұғалімге арналған нұсқаулық, 104-110 бет. Екінші (орта) деңгей. Екінші басылым. (2012) Астана «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ

А. Қ. Әлімов «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері» оқу құралы (2013) Алматы

Тапсырмалар:

«Өзін-өзі бағалау» ойсергегін өткізу;

«Бағалау» терминінің  мағынасын, олардың ерекшеліктері мен мазмұнын ажырату;

Бағалау тәсілдері мен түрлерін атау;

А4 парақтарынан «Гүл шоғын» жасау, бағалау;

Power Point таныстырылымын көру,«Қос жазба» жүргізу;

«Ойлан, жұптас, пікірлес» критерий құрастыру;

«Алты қалпақпен» рефлексия жасау;

«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы кері байланысқа түсу.


Коучингтің тақырыбы: Оқудағы кедергілерді анықтау.Оқудың аффективтік теориясы,оқушыларды ынталандыру.
Күні:
Жалпы мақсаты: Оқушының оқуында туындауы мүмкін кедергілерді және олардың оқуға деген ынтасын сақтап қалу мақсатында оқушыларға қолдау көрсету әдістерін анықтау.Қиын оқушылармен қалай жұмыс жасау керектігін білу.
Оқу нәтижесі: Оқудағы кедергілер зияткерлік,әлеуметтік және эмоционалдық сипатта болатынын түсіну.
Практикалық
тапсырма Тиімді оқытуға кедергі болатын құбылыстар туралы пікірлерін жазу,ақпараттық постер жасау. Маслоудың қажеттіліктер иерархиясын ескереді.
Түйінді идеялар: «Қиын оқушы»,оқудағы кедергілер,кедергілерді қалай жоюға болады?

Коучингтің өтілу барысы: 1.Белгілі бір әдіспен топқа бөлу ( әртүрлі мамандықтар арқылы) 5 мин.
І-топ «Білім»
ІІ-топ «Өнер»
ІІІ-топ «Денсаулық» тобы бойынша бөлінеді.
2.Коучингтің мақсатымен таныстыра отырып,жетелеуші сұрақтар қою және мұғалімдердің пікірлерін білу. Таныстырылым арқылы Маслоудың қажеттіліктер иерархиясы туралы түсіндіру.
Мұғалімнің оқушыға және оған кеңес беруге көзқарасы
ОҚУШЫЛАР МҰҒАЛІМДЕР ЖӘНЕ САБАҚТАР ТУРАЛЫ НЕ АЙТАДЫ
Біз оқушылардың кейде сабақтың білім беру процесінен «шығып қалатынын» білеміз, себебі олар зерігеді немесе олардың күрделі жұмыстан жалтарғылары келеді, не олар сыныптағы шудан қажыған немесе оларға мұғалім белгілі бір сәтте көрсете алмайтын жеке көмек қажет болады немесе кезекті тапсырма олардың қоғамдық өмірінің қиындықтары туралы әңгімеге не сол туралы ойлануға қарағанда мейлінше қызықсыз.
Бұлар оқыту және оқудың күнделікті таныс проблемалары, бірақ егер оларды шешусіз қалдыратын болса, онда оқушылар оларды қызықсыз күнделікті мектеп өмірінің бөлігі ретінде қабылдауы мүмкін және қандай да бір уақыт өткеннен кейін олардың алдында мектепке және оқытуға қатысты қызығушылық проблемасы тұрады. Осындай қызығушылық жемісі қиындыққа итермелеуге және сынып жұмысына тартуға, мектептегі әртүрлі іс-шараларға қатысуын ынталандыруға, жұмысқа икемделген құрдастарын құрметтеу немесе қолдауға байланысты. Сонымен қатар, мұғалімнің адамгершілігі мен кәсіби сапасына да байланысты әрине.
3. Қиын оқушылармен жұмыс жасау тәжірибелерімен бөлісу (15 мин).
а) Жұптасып сыныбындағы «қиын» оқушылармен жұмыс жасау тәжірибелерімен бөлісу;
б) Бейнекөрініс (мектеп, сынып шеңберіндегі оқушылардың түрлі іс-әрекеттері)
• осы бейнекөріністегі «қиын» немесе тәртіпсіз оқушыларды анықтау;
• әрбір топ осы оқушылармен қандай жұмыстар жүргізуге болатынын, оларға қандай қолдау көрсету керектігін ұсыну;ұсыныстарды талқылау.
4.Мәтінмен жұмыс.(25 мин)
Оқушылардың жеке істерімен байланысты жаттығу. 6 адамнан тұратын үлкен 5 топтарда «Қорғанушы Дейв», «Қауқарсыз Ханна», «Ұқыпты Салли», «Көңілді Сэм», «Мазасыз Альма» тақырыптарында пікір бөліседі және топ алдына шығып, өзінің мәтіні бойынша ой бөліседі.
Сұрақтар:
Неліктен бұл оқушылар өздерін осылай ұстайды?
Мұғалім не істей алады?
5.Сергіту сәті(5мин) «Конверт-сұрақ» әдісі.
Әр топ басқа топтың мүшелеріне өздеріне қажет сұрауларын қояды.Олар бұл топқа өз сұрауларын қояды.Сұрақтарды кез-келген тақырыпқа байланысты қоюға болады және тілек жазуға болады.Бірақ адам атын жазбаса да болады.
1. «Лездеме» әдісі бойынша мұғалімдер аталған сөздерді табады. Сіздің топтың екі қатысушысы бүгінгі сабақтың негізгі сөздерін түсіндіру үшін сізде бір минут бар.Сөздің өзін атамай түсіндіру. (15мин)
Жазылған сөздер:қиын оқушы,күйгелек бала,психолог,сыныптағы ахуал,өте ақылды,үлгермеуші оқушы,үздік оқушы,жасөспірім кезеңі,ізденімпаз мұғалім.
7.Коучингті қорытындылап,белсенді мұғалімдерді марапаттау.
8.Кері байланыс













Апта: Күн:
Сабақтың тақырыбы Бірлескен топтық жұмысты жүргізу арқылы өзара әрекеттестікті нығайту.
Сілтеме: Мұғалімге арналған нұсқаулық, екінші деңгей, (78 бет.)
Мақсаты: Қатысушы мұғалімдерге бірлескен топтық жұмысты жүргізу арқылы сабақ берудің сапасын көтеру және өзара әрекеттестікті нығайту.
Оқыту нәтижесі: Топтық жұмысты жүргізуді ұйымдастыра алады. Топтық жұмысты жүргізуді практикада қолдана біледі.
Түйінді идея Бірлескен топтық жұмыс - мұғалімдер үшін ынталандырушы күш.
Ресурстар: Флипчарт, плакат, маркер, стикер, А4 парағы, видеожазба.

Коучинг сабағының өту барысы
Коучинг сабағының өтілу кезеңдері Уақыты Коуч пен коучингке қатысушылардың іс-әрекеті.
Сәлемдесу 2 мин Коуч тақырып пен мақсатты хабарлайды
Сергіту сәті 3 мин Шаттық шеңбер құрап, бір-бірлеріне тілекші жақсы сөздер айтады.
Ой шақыру 5 мин Қиылған суреттер топтамасын таратып,
суреттерді сәйкестендіре отырып жинату,сол арқылы топтарға бөлу. Суреттің астынан «мектеп», «мұғалім» «оқушы»сөздері шығады.
АКТ.«Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім» (Strong Ward &Grant) cөзін шығару

1-практикалық тапсырма 8 мин Видео ролик көрсету арқылы мұғалімдердің ойларын білу, түрткі салу.
2-практикалық тапсырма «Ой бөлісу» 15 мин 1. Әрбір сабақтарыңыз табысты және сәтті
өтуі үшін не істеу керек деп ойлайсыз?
2. Оқытуда қандай кедергілер бар?
Барлық сұрақтарға жауап ала отырып, ортақ бір пікірге келу
Сергіту сәті 3 мин Сағат салу.
3-практикалық тапсырма
20 мин Ойлан-Жұптас-Бөліс стратегиясы Топтық жұмыс туралы парақты таратылады, мұғалімдер оқып мағынасын ашады. /жеке, жұппен, топпен / Постер қорғау

Кері байланыс 5мин

Бүгінгі пікір алмасудан қандай ой түйдіңіз?
Топтық жұмыс сіздің ойыңызша не үшін қажет? Бүгінгі пікір алмасудан қандай ой түйдіңіз? Коучинг сабақтан алған әсерлеріңіз? Сізге не ерекше болды? Өзіңіз сабақта нені қолдана аласыз?
Рефлексия 3 мин Стикерлерге өз ойларын жазады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!