400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Семинар: Блум. Бастауыш сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне семинар
Материалдың қысқаша нұсқасы


Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Қарақат ауылы,

№2 шағын орталықты орта мектебінің бастауыш сынып

мұғалімі Күсепова Гүлбүбі Алпысбайқызы


Тақырыбы: Бастауыш сыныпта Блум токсономиясын сабақта қолдана отырып,әдіс- тәсілдерді тиімді пайдалану.


Мақсаты:


Табыс критерийлері:

1. Блум таксономиясы тармақтарын ажырата білу. 
2. Сабақта әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып,білім беру. 
3. Блум таксономиясын пайдалануға бағыттау.


Күтілетін нәтиже:

1.Блум таксономиясының тармақтарын ажырата отырып сабақта әдістерді дұрыс пайдалана алады.

2.Блум тіркестерін пайдалана отырып,тиімді сұрақтар қоя алады.

3. Әдіс-тәсілдерді сабақтың кез -келген кезеңдерінде тиімді пайдалану , сабақта қолдану әдістерін біледі.


Сын тұрғысынан ойлау

Сын тұрғысынан ойлау сұрақ қоюдың, дәлелдеудің  басты дағдыларын  және төмендегі қабілеттерді дамытуды көздейді:

  • айтқандарын негіздеуге және өмірлік тәжірибемізден «сабақ алуға» әзірлік;

  • күн ілгері кесіп-пішіп қоюға ұмтылмай, сұрақ қою, тапсырма беру және басқалардың идеяларын  сыни бағалау;

  • өзіңнің пікірінді басқалардың сыни бағалауына және пікіріңіздің қате болуына ашық болу;

  • идеяларды тексеріп, «шындықты» іздеуге ұмтылу.

Балаларға негізделген, әділ сын тұрғысынан ойлауды қалай дамыту керектігін көрсету қажет. Оларға сұрақ қою, негіздеу, болжам жасау мен модельдеу дағдыларын жаттықтыру қажет. Сын тұрғысынан ойлауға оқыту:

  • қалай, қашан және қандай сұрақтарды қою қажет екендігі;

  • қалай, қашан және қандай негіздеу әдістерін пайдалану керектігі туралы негізді шешім шығаруға үйрету дегенді білдіреді

Бенджамин Блумның жіктеуінде сын тұрғысынан ойлау «бағалау» деген атпен ойлаудың алты дағдысының ең жоғарғысы болып табылады.



Барысы

Қатысушылардың іс-әрекеті

Ресурстар


Мұғалімдерді топқа бөлу «Мамандық» әдісі арқылы

«Мектеп» тобы

«Өнер» тобы

«Денсаулық» тобы

Тимбилдинг.«Көңіл-күй көкжиегі»

(Психогимнастика) 5 минут

Алдыларындағы 3 түсті қазіргі уақыттағы эмоционалдық көңіл- күйлеріне байланысты таңдау.

Қызыл-сіз жұмыс істеуге белсендісіз,белсенді жұмыс істеуге күш-жігеріңіз жеткілікті.Әділдікті сүйесіз.Сізді көп жерде жақсы бағалайды.

Жасыл түс- сіз қазіргі уақытта сабырлылық танытып отырсыз.Сіздің қолыңыздан бәрі келеді.Сіз өте адал адамсыз.Сізді осы мінезіңіз биікке жеткізеді.

Сары – кез-келген нәрсеге жеңіл желпі қараудасыз, сіздің көңіл күйіңіз болмай, сабырсыздық танытып отырсыз.Бірақ сіздің жолыңыз болғыш.Сіз алдыңызға қойған мақсаттарға қалайда жетесіз.


Таратылған парақшадағы сөздерді бір мамандық аясында тоғыстыру арқылы үш топқа бөлінеді.

Топқа бөлініп өздеріне тиісті тапсырманы орындайды.






Үлестірме парақшалар









Үш түрлі фигуралар

Семинардың тақырыбын,мақсатын,табыс критерийі мен күтілетін нәтижеге тоқталу.

Блумның 6 қадамының қызметтерін түсіндіру.

Сыни тұрғыдан ойлаудың тиімді моделі — Блум таксономиясы

Слайд көрсету.





Әр топ өз постерлерін қорғайды.





Қандай мақсатта жұмыс істейтіндерін біледі,критерий мен нәтижені талдайды.

Блумның 6 қадамымен танысады.








Слайд,ноутбук,



инт.тақта









  • Жоғары белсенділікті талап ететін жаттығу «Эстафета ойыны»

І топ: «Мұғалімдердің міндеті...»

ІІ топ: «Мұғалімдердің міндеті емес...»

ІІІ топ: Оқушының міндеті

.






Бұл тапсырмада мұғалімдер өз ойларын ортағы салады,сыни ойлауы қалыптасады.




Слайдтар

Сыни тұрғыдан ойлау – ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім

Бұл кезде жұптық жұмыс болады.

" Минни плпкат" әдісі


Әр топтан жұптар шығып, "Минни плакат" әдісімен жұмыс жүргізеді. Сабақ үстінде оқушыларға түрлі тапсырмалар беру арқылы сыни ойлауға үйрету, өз ойларын ашық айтуға, дәлелдер келтіруге дағдыландыру.

Зейінді шоғырландыруға арналған жаттығулар.

«Желпуіш» ширату жаттығуы.

Әр тыңдаушыға әртүсті қағаздар таратылып, желпуіш жасау тапсырылады. Алдымен өздері желпуіш жасап,сын тұрғысынан ойлау туралы білетін ойларын желпуіштерінің әр бүктемесіне жазады.Түрлі-түсті қағаздар

Содан кейін оларды түстеріне байланысты топтастырып отырғызамын. Олар топтарында өз жазғандары туралы постер жасап, қорғайды.

Сергіту сәті «Ағын су»

4-6 мұғалімнен ортаға шығады. Қолдарына бір-бір ақ қағаздан беріледі, барлығы бірігіп арық жасайды. Жоғарыдан түскен суды еш кедергісіз төменге ағызуы керек. Алдымен шағын «су құйылады», ол кезде- адам бірігіпарық жасайды, одан кейін үлкен «су» өтеді, ол кезде 6-8 адам бірігеді. Тапсырманы орындағаннан кейін, тыңдаушыларға сұрақтар қойылады:

Сергіту сәті бізге не береді? Қандай дағдылар қалыптасады?

Не байқадыңыздар? Неге біз бірде 4 адам, бірде 6-8 адам болып топтастық? Бір мақсатқа жету үшін біздер мақсаттың үлкен-кішілігіне қарай бірде 4, бірде 6-8 болып топтастық. Бізде қандай мақсаттар бар? Сабақтағы мақсатқа тоқталайықшы. 1 сабақта біз қойған мақсатымызға жете аламыз ба? Мәселен 1 сабақта сіз оқушы бойында сыни ойлау немесе креативті ойлауын дамыта аласыз ба? Оқушыларымызда ағын пайда бо









Логикалық тапсырманы мұғалімдер сыни ойлау арқылы орындауы тиіс.






Үлестірмелі парақшалар,мәтіндер




















"Аиналмалы тарелка" әдісі арқылы өздері алып пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдерге тоқталып,тиімді тиімсіз жерлерін айтады






Жаңа әдіс-тәсілдер тізімін ұсынамын:









Бүгінгі семинар бойынша не түсінді,не білгені жайында кемені бояу арқылы кері байланыс жасайд



Әрі қарай әдіс-тәсілдер тізбесі бойынша жұмыс жүргізу.


Парақшалар


«ДЖИГСО» немесе «Бедерлі пышқы» әдісі белгілі бір тақырыпты меңгеру үшін ұжыммен бірлесе отырып әрекет жасауға бағытталған. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады. Үдеріс барысында сыныптағы барлық оқушылардың жұмыс жүргізуіне тура келеді. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тобында” мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті “жанұя тобындағы ” оқушыларға түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет.Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. ммиОсылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді.ДЖИКСО стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. Сондай-ақ, мұғалімді, мектеп қызметкерлерін түсіну, оларға деген дұрыс көзқарасқа үйренеді.

Мен көлемі үлкен шығармаларды оқып талдауға ғана сирек қолдандым, бұл тәсілдің күрделілігі сонда, оның барлық ерекшеліктері мен ережесін сақтап орындау үшін бір сабақ жеткіліксіз болатындығына көзім жетті. Оқушылар жұмыс тобына барғаннан кейін берілген, мәтінмен танысады, оны топта отырып талқылайды, үй тобына барғаннан кейін түсінгендерін өз тобына түсіндіріп берулері тиіс. Бастапқыда осы үдеріс ойдағыдай жүріп жатқан сияқты болды. Бұл тәсіл оқушыларға аса ұнай қойған жоқ, өйткені олардан аса көп еңбекті талап етеді. Үй тобына барғаннан кейін барлығы «түсіндік», «барлығы да жақсы түсіндіріп берді» деп жауап береді, бір-біріне жоғары баға қойып отырды. Кейіннен мен сабақ соңында тақырып бойынша әр топқа сұрақтар қойып отырмын. Көп жағдайда оқушылардың тақырыпты түсінбегендерін анықтадым. Оқушылар тақырыпты бір-біріне түпкілікті түсіндіруге ерініп, өзара келісіп алатындығын осылайша білдім. Сол үшін оларды жалықтырып алмас үшін сирек қолданамын. Ал бұл тәсілді кейбір мұғалімдердің жоспарында көрініс тауып отырғанындай бір сабақтың үстінде бірнеше бірнеше тәсілдермен қатар қолданумын деп көрсетулері – ақылға қонымсыз жайт. Не олар бұл тәсілдің барлық шартын толық орындаймайды, не бұл тәсіл жайлы мүлде білмейді деп ойлаймын. Себебі ДЖИГСО-ны қолдану үшін бір сабақтың өзі жеткіліксіз.


«Болжап оқу»тәсілінің сюжетті шығармаларды оқытуда өте тиімді болып, оқушылардың қызығушылығын арттырудағы маңызы зор екендігіне де көзім жетті. Әрбір үзіндіні өздерін дамыта отырып, ары қарай болатын сюжетті түрлі бағытта құрастыра отырып, ойларын дамытуға, оны жүйелі түрде жеткізе білуге жаттықты. Алғашқы кезде бөлімнің ары қарай жалғасын айтуға барлығы бірдей ұмтылды. Бірақ алдындағы ойларды қайталай береді. Бұл олардың ойға алғандарын тезірек айтуға тырысқандарын, ал алдында айтқандарыдың сөздердің мүлде тыңдамағандарын байқатты. Кейіннен мен алдымен идеяны жұпта, сонсон топта жарялап алып барып, ортаға салуды ұйымдастырдым. Егер ой алдында айтылатын болса, оларға топтаса отырып, өздерінің болжауларын өзгертуге мүмкіндіктер беріп отырдым.сонда ғана әдісті қолдану өз нәтижесін бере бастады.


«Автор орындығының» да баланың рөлге ене отырып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне әсері мол. Мұнда оқушылар сұрақ қою барысында өздерінің қиялдарына ерік беріп, шығармашылық әлеуеттіліктерін таныта алды. Әсіресе, автордың рөліне енетін оқушының түрлі сұрақтарға автор атынан образға ене отырып жауап беруге тырысатыны бұл тәсілдің оқушы үшін қызықты болғандығын дәлелдей алады. Алайда, көп жағдайда оқушылар арзан күлкі, бос қылжаққа бой алдырып алады, Сондықтан мұндай еркіндікке жол бермеу керек.









«İNSERT немесе түртіп алу»стратегиясы – оқушының оқығанын саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс.Оқушылар білгендерін анықтап, білмейтіндерін сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады. Осы әдіс бойынша мен сабақ беретін 5, 6, 7-сынып оқушыларына «v»– білемін, «+» – білмеймін, «-» – мен үшін жаңа білім (ақпарат), «?» – мені таң қалдырды деген белгілерді қойып отырыпмәтіннің мазмұнын түсіну қиындық келтірді. Қанша уақыт түсіндіруге жұмсалғанымен, олар қай белгінің не үшін қойылатындығын қайыра сұраумен болды. Орындағандарының өздері белгілерді дұрыс қоймаған болып шығады. Сол себепті де бұл тәсілді негізінен жоғары сынып оқушыларына қолданған дұрыс-ау деген шешімге келдім.


«Кубизм»стратегиясын қазақ тілі пәнінде қолданған ыңғайлы сияқты. Әсіресе сөз таптасыр өткенде жиі қолдануға тырыстым. Кубиктің алты жағына жазылған сөздер бойынша жұмыс жасаған оқушылар берілген сөздерді жан-жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады. «Сипатта» бетінде түрі, түсі, көлемі жағына, «Салыстыр» бетінде ұқсастығы, айырмашылығына, «Ұсын» бетінде «Қалай, қайжердепайдаланылады?» деген сұраққа жауап беруге, «Дәлелде» бетінде қарсы және қарсы емеспін деген пікірге, «Талда» бетінде «Қалай жасалған, неден тұрады?» деген сұраққа жауап беруге, «Ой толғау» бетінде «Бұл неден жасалған?» деген сұраққа жауап беруге талпыныс жасалады. Сыныптағы бала саны мен оқушы санының көптігіне байланысты сыныпты төрт топқа бөлуге ғана мүмкіндік бар. Сондықтан да әр сабақта кубиктің төрт жағын ғана пайдаланып отырдым. «Дәлелде» және «Ой толғау» тапсырмаларын орындауда оқушыларға көмек қажет болады.





«Ыстық орындық»әдісін көбіне үй тапсырмасын сұрау барысында қолданып отырдым. Орындыққа отыруға көпшілігі қызығушылық танытады. Сол себепті бір сабақ барысында орындыққа бірнеше оқушыны отырғузуды ұйымдастырып. Алдымен, сынып оқушыларының әрқайсысына бірнеше сұрақтан айындауды тапсырамын. Ол сұрақтарды, топта талдап, ортақ қорапқа салғзып, орндықтағы оқушыларға таңдауп алуға беремін. Бір оқушы 5-6 сұрақтан ғана алып жауап береді. Осылайша ыстық орындыққа отырғысы келген оқушылардың көпшілігін қамтуға болатындығын түсіндім.


«Кір жаятын жіп»әдісі де оқушыларға аса қызықты. Әсіресе, үйге оқуға берілген мәтінді қаншалықты меңгергендерін тексеруге қолайлы. Оқу кабинетімде сенсорлы интерактивті тақта болуы себепті жіпке ілінген сөздерді электронды тақтаға орналастыру оңтайлы болды. Оқушылар кестеге жазылған сөйлемнің жетіспейтін сөздерін толықтырып жазады. Мұнда мәтінді оқымаған оқушылар тапсырманы орындай алмайды. Кей жағдайда бұл тапсырманы жеке оқушыларға да беріп отырдым. Алайда бұл – мұғалімнің көп дайындығын талап ететін тәсіл.


«Сұрағы бар қорап»тәсілі топтық жұмыстарда аса қолайлы. Негізінен қорапқа сынып оқушылары түгелдей сұрақтарын салып, оған білетіндері немесе мұғалім түсінік беруі керек. Мен бұл тәсілді өз ыңғайыма сәл өзгертіп қолданып отырдым. Тақырып бойынша әр топ өз сұрақтарын дайындап, ортада талқылап, ішінен таңдағандарын қорапқа салып келесі топқа ұсынады. Осылайша барлық топ сұрағы бар қораппен алмасып, сұрақтарға жауап береді. Жауап берместен бұрын, жауап беретін топ сұрақтың деңгейі мен сапасын бағалап өтеді. Егер жауап болмаса, басқа топтарға жауап беруге болады. Жауап беруді сұрақты бірінші дайындап берген топ бастағаны дұрыс.


« Серпілген сауал»тәсілін қолдану аса нәтижелі бола қойған жоқ. Жалпы бір-біріне қапшық (мен қапшықтың ішін киндер ойыншығының бос жұмыртқасымен толтырдым) лақтыру арқылы сұрақ қою әрекетін дұрыс орындады. Алайда, сұрақтар тізбегі бір-бірімен байланыста болу керек екендігіне мән беруді естен шығара берді немес аса түсінбеді. Мәселен, «Әлия, сөз тіркесі неше сыңардан тұрады» деген сұраққаӘлия: «Сөз тіркесінің екі сыңары бар» деген жауап бере отырып, өзі келесі оқушыға: «Ал сыңарлар міндетті түрде бір ғана түбірден жасалады ма?» деп, сұрақтарды тақырыпты нақтырақ аша алатындай жалғастыра қоюы керек. Алайда осы тізбекті сақтау аса қиын болды. Қабілеті оқушылар сұрақтарды байланыстыра білгендерімен, сынып оқушыларының барлығы бірдей бұған қабілеті жете бермеді. Ал оағн қайта-қайта жаттыға беру оқушылықтарды жалықтырып жіберді.


«Ақпараттағы ақаулық» әдісі де оқушыларға аса қызықты. Бұл әдісті көбіне оқырмандықты дамыту сабағында қолданып отырдым. Мәтінді өз беттерінше меңгергендерін тексеру үшін тиімді болды. Мәселен, мәтіннен бірнеше сөйлемді оқимын, олардың біразында мәтінге қатысы жоқ сөздер немесе бүтін сөйлемдер қосып отарамын. Мәтінді жақсы меңгерген оқушылар қателікті бірден тауып отырды. Ал мәтінді толық оқымаған оқушылар қателікті аңғармай, қалған оқушылардың күлкісін тудырды. Сонысымен де бұл тәсіл балалар үшін қызықты болды.



«Көршінің сұрағына жауап»тәсілін үй тапсырмасын сұрау үшін бір рет қолданған қолайлы көрінді. Жұптағы балалар бір-бірінің сұрағына жауап беріп, алғашқы дайын болғандары жалпы сыныпқа жариялай жауап береді. Өкінішке орай көпшілік жұптың сұрақтары бір-біріне ұқсас келіп отырды. Негізінен сұрақ деңгейін арттыру мәселесі көптеген тәсілдерде қажет екендігін білдіруде.


«Автобус аялдамасы»әдісін соңғы кезде ғана қолдануды қолға алдым. Оқушылардың сұрақты дұрыс қоюына бағыттайтын тиімді тәсілдердің бірі екендігін байқадым.


« Он сұрақ»әдісі оқушыларға аса қатты ұнады. Сабақ басында тақырыпқа қатысты сөзді жасыру миға шабуыл ретінде тиімді болып отырды. Бастапқы кезде оқушылардың сұрақты тек «иә» немес «жоқ» деген жауап бере алатындай етіп құрастыруы қиындық келтірді. Бірақ келе-келе әдістің шартын дұрыс орындауға біртіндеп төселіп келеді. Мәселен, «ағаш» сөзін жасырғанда: «Бұл тірі ағза ма?», «Оны күнделікті өмірде қолдна ма?», «Оны осы сынып ішінде кездестіруге болады ма?» деген сұрақтар қойылды. Оқушылар сұрақтардың санына қарай оқушылардың таным деңгейлерін бағалауға тырысты. Мәселен сұрақ саны неғұрлым аз болған сайн ол оқушы тапқыр болып есептелді.


«Күн сәулесіндегі менің қасиеттерім»әдісін сыныпта жағымды ахуал тудыру үшн қолданып көрдім. Шарты бойынша күн сәулелеріне баланың өзі жақсы қасиеттерін жазуы тиіс. Мен мұны жұптастарына жазуды тапсырдым. Бір-біріне жазған жағымды сөздер оқушылардың көңілдерін көтеріп, көтеріңкі көңіл күймен жұмыс істеуге жақсы серпін берді. Ол суреттерді тақтаға іліп қойған кезде, сабақ соңында бір-бірінің пікірін оқып мәз болысты.


« Бірлесе жазамыз...»әдісі де оқушылардың жоғары қызығушылығын туғызды. Топтағы оқушылар қалаған немесе мұғалім ұсынған, не топта бірлесе таңдаған тақырып бойынша мәтін құрайды. Әркім өз мәтінінің бірінші сөзін ғана жазып, дәптерлерін сағат тілі бағытымен келесі оқушыға беріп отырады. Келесі оқушы алдында жазғандарды оқып, соның жалғасы ретінде өз сөйлемін жазады. Жұмыс дәптер өзіне қайтып келгенше жалғасады. Балалар өте үлкен қызығушлықпен орындайды. Мәтіндерін жариялауға барлығы да ұмтылыс жасайды. Алайда кейбір оқушылардың ортақ тақырыпты таңдап алған жағдайда барлық дәптерге бір ғана сөйлемді жазып отырғанын байқадым. Сол себепті мәтін аяқталғанда, жеке параққа әр оқушының жазған сөйлемдерін тізіп жазуды тапсырдым. Сонда әлгі оқушылар топтағы 7-8 оқушыныңы мәтінінде де бір ғана сөйлемді өзгертпей жазғандары анықталды. Осы тексеруді бірнеше рет қолданғаннан кейін мұндай ағдай қайталанбайтын болды.


« Сұрақ-жауап»әдісінің тақырыпты меңгертудегі маңызы зор. Оқыған шығарма не жаңа тақырып бойынша немесе үй тапсырмасы бойынша оқушылар бір сұрақ жазып, оны көршісіне ұсынады. Әрқайсысы көршісі ұсынған сұраққа жауап беріп, астына өзінің сұрағын жазып, келесі оқушыға береді. Осылайша әрекет шеңбер бойынша айналып жүреді. Бастысы, оқушыларға алдындағы сұрақ пен жауаптарды оқып танысып, ондағы сұрақтарды қайталамау шартын дұрыс орындату кекрек. Мұнда тіпті тақырыпты оқымаған не меңгермеген оқушы да құрдастарының жазбалары арқылы біраз нәрсені түсінуіне мүмкіндік бар.


«Веер...» әдісі де «Сұрақ-жауап»әдісіне ұқсас, бірақ бұл тәсіл диалог құруға қолайлы. Оқушылар бір парақ қағазды веер пішінінде жиілетіп бүктейді. Бүктелген қалпында бастапқы жағына өз сұрағын жазып, жазғанын келесі бүктемен жауып, топтың келесі баласына ұсынады. Ол алдыңғы жазғанды ашып көрмей, мүмкін-ау деген сұраққа жауап жазады да, өзінің сұрағын қоса жазып, келесі оқушыға ұсынады. Осылайша әрекет шеңберді айналдыра парақ өзіне қайтып келгенше жүргізіледі. Ашып оқыған кезде өте қызықты диалолтер шығып жатады. Бұл тәсілде керемет шығармашылық жұмыс пен нәтижеге қол жеткізу қиын. Алайда, командалық рух пен топтық ынтымақтастықты қалыптсатыруда жақсы рөл атқарады.


«Бірлесе орындаймыз»әдісін өте күрделі тест сұрақтарын орындауда қолданып көрдім. Топқа бір тест тапсырмасы беріледі. Алайда оны әрқайсысы жеке-жеке орындайды. Тест жауабын түрлі түсті қарандаштармен бояу үшін топтағы әр оқушыға арнайы жолақ сызықтары беріледі. Топтағы оқушының әрқайсысы әр түрлі түсті қолданады. Мысалы, бірінші сұрақққа бірі А жауабын белгілесе, екіншісі С жауабын белгілеуі мүмкін. Соңынан парақшады түрлі түсті бояулар арқылы қай сұраққа жауаптар дұрыс берілгенін бірден байқауға болады. Олар оқулықты пайдалана отырып, дұрыс жауаптарды анықтайды. Бұл бірлескен әрекет арқылы ұжымдық өнімді жұыс жасауға жетелейтін тиімді тәсіл деп таныдым.


«Адасқан әңгіме»тәсілі оқушылардың мазмұнын білуге деген құштарлықтарын арттырады. Қиындымен берілген сөйлемдерді түгел оқи отырып, оларды бүтін мәтін етіп құрастыру оңай емес. Бұл жұмысты топтағы барлық оқушылар бірлесе отырып, үлкен қызығушылықпен орындайды. Берілген мәтіннің аса көлемді болмағаны дұрыс. Ондай болған жағдайда топ бұл мәтінді бір сабақ көлемінде жинай алмауы да мүмкін.


«Жоғалған әріптер немесе жоғалған сөздер»әдісі әр оқушының жеке шығармашылықпен жұмыс істеуіне көмектеседі. Оқушының сөйлеу тілін амытып, сөздік қорын байытуға көп көмегін тигізеді. Мәтінде көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қою үшін оқушылардың синонимдерді жиі қолданатындығы байқалды.


« Түйінді ойлар пирамидасы»әр оқушының өзіндік пікірін қалыптастырып, өзіндік ойын түйіндеп айтуына жәрдемдеседі. Бірақ бұл тапсырманы тәрбиелік маңызы жоғары мәтіндерді оқытқанда қолдану тиімді бола түседі. Оқушылар оқыған тақырып бойынша түйінді ойларын пирамидаға маңыздылығына байланысты жоғарылау отырып орындайды. Яғни, ең маңызды бір түйінді сөз пирамиданы төбесіне азылады. Астына екі сөзден тұратын тіркес, оның астына үш сөз, сосын тқрт сөзден тұратын тіркес немесе сөйлем, ең астына бес сөзден тұратын түйінді сөйлем жазылады. Бұл тәсіл «Бес жолды өлең» тәсіліне ұқсас болғанымен, одан түбегейлі айырмашылығы бар. Мұнда түйінді ойлардың белгілі бір сөз табына қатыстығы талап етілмейді. Тәсіл оқушыларға тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін қорытып айта білуге, пікірлерді маңыздылығына қарай сұрыптай алуға, топта бірлескен бір пікірге тоқтам жасай алуға үйретеді. Алғашқыда барлығының бір тоқтамға келуі өте қиын болды. Келе-келе бір-бірінің пікіріне құлақ қойып, тыңдауға мойынсұна бастады.


«Әңгімені аяқта» тәсілін оқырмандықты дамыту сабағында қолданып жүрдім. Оқушылар мәтін сюжетін өз бетінше аяқтауда кәдімгідей шығармашылық таныта алады екен. Бұл тәсіл оқушы қиялын шарықтатуға, ойын жүйелі түрде жазбаша түрде жеткізе білуге үйретеді. Негізінен мәтіннің соңын жасырып көрсетпей ұсынуға да, түгел ұсынып, оны өздерінше басқа арнада аяқтатуға да болады.


«Ертегі құрастыр»тәсілін қолдану да оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге жетелейді. Алайда, оқушылардың көпшілігі ертегі құрастырғанда, тақырып бойынша ұғымды түсіндіру үшін туыстық қатынасты қолданады. Мәселен, «Зат есім шалдың Жалпы және Жалқы деген ағайынды екі ұлы мен Деректі және Дерексіз деген екі қызы болыпты... ». Басқа тармақтармен биопоэма жазу өте сирек орын алып отырды.


«Диалог-ертегі»тәсілі оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, бүкіл топ немесе бүкіл сыныпты бір тақырып не бір бағытта ойлай білуге, тез арада сөйлем құрастырып, оны жүйелі түрде жеткізе білуге үйретеді. Көбіне ертегінің алғашқы сөйлемін өзім бастап отырамын. Оқушылар бір-бір сөйлемнен ары қарай жалғастырады. Әрине, кей жағдайда ертегі мағынасын мүлде басқа арнаға бұрып жіберетін, ойнды қылжаққа айналдырғысы келетіндер де табылады. Алайда сынып оқушыларының көпшілігі бұл әрекетке жауапкершілікпен қарағандықтан, арадағы бұрыс сюжеттер дер уақытында қалпына келіп отырды.


«Шындық па, жалған ба»тәсілін қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалау тапсырмаларында қолдандым. Өтілген бірнеше тақырып немесе тарау соңында қолдану тиімділігін көрсетті. Оқушының білімін тез арада анықтауға, үй тапсырмасын тексеруде жалпы сыныпты қамтуда пайдасы мол


«Констонтинополь» тәсілі бойынша жұмыс жүргізу, әсіресе, қазақ тілі пәнінде қолайлы. Берілген сөздегі әріптерді қолдана отырып, басқа сөздер құрастыру берілген сөздің ұзақ не қысқалығына байланысты емес екендігін білдім. Бастапқы кезде оқушылар барынша көбірек сөздер құрастырсын деген оймен ұзақтау сөз беріп отырдым, бірақ бұл көп уақыт алатын болды. Содан қысқа сөзден де көптеген сөздер тудыруға болатындығын оқушылардың өздері дәлелдеп берді. Мәселен, сынық сын, ық, сық, ыс, нық...



« БББ»әдісі жаңа тарау бойынша жаңа тақырыпты бастаған кезде пайдалы. Бірақ оқушылар білемін тармағын толтыруда кедергі болмағанымен, білгім келеді деген тармақты толтыруда ойларын аса өрістете алмайды. Көбіне, оның екерекшеліктерін, түрлерін, айырмашылықтарын білігіміз келеді дегеннен арыға бармайды. Осы бағытта қалай өнімді жұмыс жүргізуге болатындығын ойлану керек деп ойлаймын.

Сергіту.Қайта топқа бөлу

Ән бойынша бөліну.Көпшілікке кеңінен танымал әндердің 1 шумағы тармақтарға (жолдарға) бөлінеді.Қатысушылар 1-1 жолдан алады және қай ән екенін тауып шумақты құрайды, топ болып сол шумақты орындайды.





Тимбилдинг.«Көңіл-күй көкжиегі»

(Психогимнастика) 5 минут

Алдыларындағы 3 түсті қазіргі уақыттағы эмоционалдық көңіл- күйлеріне байланысты таңдау.

Қызыл-сіз жұмыс істеуге белсендісіз,белсенді жұмыс істеуге күш-жігеріңіз жеткілікті.Әділдікті сүйесіз.Сізді көп жерде жақсы бағалайды.

Жасыл түс- сіз қазіргі уақытта сабырлылық танытып отырсыз.Сіздің қолыңыздан бәрі келеді.Сіз өте адал адамсыз.Сізді осы мінезіңіз биікке жеткізеді.

Сары – кез-келген нәрсеге жеңіл желпі қараудасыз, сіздің көңіл күйіңіз болмай, сабырсыздық танытып отырсыз.Бірақ сіздің жолыңыз болғыш.Сіз алдыңызға қойған мақсаттарға қалайда жетесіз.

Сергіту сәті«Көңіл-күйімді бейнелеу» 10мин.

«Қолыңызға парақ алыңыз, оны төбеңізге қойыңыз. Екінші қолыңызға қалам алыңыз.

Параққа үлкен шеңбер сызыңыз. Осы шеңбердің ортасына кішкентай арал салыңыз. Аралдың қасына екі-үш пальма салыңыз. Сол жағына жүріп қайықтың суретін салыңыз. Енді қайтып келіп пальманың қасына өзіңізді жатқызып қойыңыз.

Мұғалімдер сергіту сәтін орындайды

Сонан соң парақты қолыңызға алыңыз. Айтылған нұсқауға сәйкес сурет сала алдыңыз ба? Кімнің суреті нұсқауға сәл болса да ұқсайды?» 

Ойынның (әзіл) қорытындысы: егер кімде-кімнің суреті нұсқаулыққа ұқсайтын болса, онда ол сабақ барысында айтылып жатқан мәселелерді зейін қойып, назарын соған аударып тыңдап отырған 

(сергіту жаттығу арқылы сабақ тақырыбын ашу)

Тақ: Оқушылардың қабілеттері және оқуға жағымды көзқарастары. «Бec caуcaқ» әдici бoйыншa кeрi бaйлaныc жacaуын cұрaу.





Бүгінгі сессиядан қандай әсер алдыңыз? 5мин.

Мұғалімдер алған әсерлерін бес саусақтың параметрлеріне сәйкес пікір түрінде жазады.

Шынашақ (кішібөбек)– ойлаупроцессі; мен бүгінқандайақпарат не тәжірибеалдым?

Атыжоқсаусақ– мақсатқажету; мен бүгін не істедім және не нәрсегеқолжеткіздім?

Ортантерек – көңіл-күйжағдайы; меніңбүгінгікөңіл-күйімқандай және олжұмысбарысынақалайәсеретті? Неліктен?

Сұқсаусақ (балаңүйрек)– көмек, қызметкөрсету; мен бүгінкімгекөмеккөрсеттім? Олқандайнәтижеберді?

Бас бармақ – өзін-өзібағалай, белсенділіктаныту; Мен өзімдіқалайсезіндім? Неліктен? Ертеңгікүнгеқандайжоспарым бар? Зейінді күшейту






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
800
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі