400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Семинар: Геометриялық пішіндер

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық тобының тәрбиешілеріне.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Мектепалды даярлық тобы 0«А»
Құрастырған: Байбетова А.С.

Білім беру саласы :Таным , коммуникация

Оқу іс-әрекет түрі: Қарапайым математика. Құрастыру. Көркем әдебиет.

Тақырыбы : Геометриялық пішіндер

Мақсаты : Геометриялық пішіндерді үш сипаттама (түсі , пішіні , көлемі) арқылы сұраптай білу

дағдыларын шындау

Білімділік: -1-ден 10-ға дейін сандарды қайталап , білімдерін бекіту.

-геометриялық пішіндерді айырып , салыстыруларын бекіту.

-сандарды атап арифметикалық есептер шығару.

Дамытушылық: -логикалық ойлауларын , есте сақтау қабілеттерін дамыту.

-тапқырлығын арттыру.

-санамақтар айтқызып математикалық ойын арқылы балалардың тілдерін

дамыту.

Тәрбиелік: Зейінділікке , ойшылдыққа, қамқорлыққа, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға

тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Астана қаласының көркем ғимараттар, әдемі түсті геометриялық пішіндер.

Үлестірмелі : Әр балаға түсті геометриялық пішіндер.

Әдісі: Қөрнекілік, түсіндіру, сұрақ-жауап , көркем сөз, Дьенеш логикалық блоктармен жұмыс

өткізу, дидактикалық ойындар, «Қолшатыр», «Синквеин»

Іс-әрекет

бөлімі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивация-

лық

қозғауышы

1.Ұйымдастыру

Жаттығу орындау

Ал , балалар, бізге келген қонақтармен амандасайық:

Сәлем деймін достарға

Сәлем деймін құстарға

Сәлем деймін құрдасқа

Сәлем деймін ұстаздарға

-Өте жақсы балалар, бүгін сабағымызды көруге қонақтар келіп отыр, қонақтар келгенде өз-өзімізді қалай ұстаймыз?Ал отбасына қонақ келгенде, аналарымыз бар тәттіні ұсынады, ал біз қонақтарымызға білімімізді көрсетейік

-Біздің мемлекетіміз қалай аталады?

-Бас қаламыз қай қала?

-Бас қаланы көргенде, көрмегенде бар. Бүгінгі сабағымызда Астанаға саяхат жасап , білімдерімізді шындаймыз.

-Астана біздің Қордайдан алыс па , жақын ба?

-Астана қаласына поезбен баруды ұсынамын. Ол үшін , поезды өз қолымызбен құрастырамыз. №1 конверт

-Іс-жүзділік жұмыс

-Міне дайын , ал , тез вагондарға орналасайық . Сақ болындар, есік жабылды, поезд жолға шықты.

жаттығу орындайды

сәлемдеседі

мұқият тыңдап

жауаптарын айтады.






Қазақстан Астана

алыс



поезды құрастырады




Іздену

ұйымдас-

тырушы


2. Жаңа іс-әрекет

Әжемен кездесу. Балалар үлкен кісімен кездескенде не істеу керек? Дұрыс ,амандасу керек . Әже не жақсы айталады?

-Ал , әже сіздің ертегіңізді тыңдайық «Ағайынды шаршылар»

-Ертеде ағайынды шаршылар болыпты(төрт шаршыны көрсету). Олар бір-біріне өте ұқсас болыпты: бірдей жүріп , бірдей сөйлепті.

Ұқсастықтарынан бір күндері іші пысып кетіпті.Қүлгін шаршыға барлығынан биік болғысы келіпті. Аяғын көтеріп , созылып , жоғары көтеріле беріпті –(шаршыны тіктөртбұрышқа ауыстырып, фигураның атын айтқызу). Екінші шаршы бұртиып , бұртиып тәрелке тәрізді болып кетіпті(екінші шаршыны дөңгелекке айырбастау). Ал үшінші шаршы ағаларына таңғалғаннан басын ұстап қыса бастады. Басын қыса – қыса сүйірленіп, аяқтары екі жаққа шығып кетіпті. Бұл шаршы үшбұрышқа айналыпты(шаршыны үшбұрышқа айыбастау). Осылайша балалар, геометриялық фигуралар : тіктөртбұрыш, шаршы , дөңгелек, үшбұрыш пайда болыпты.

-Балалар , әженің сұрақтары бар екен.

-Мына фигуралар туралы не білесіндер?

-Ал, балалар , көзімізді ашып-жұмғанша Астанаға келдік.

-Ал , мынау не?

-Бәйтерек Астананың жүрегі, қаланың көрқі , көзқуанышы.

-Ал, енді Бәйтеректі жасайық . №2конверт

-Іс-жүзділік жұмыс

-Шар туралы түсінік беру. Іші ауа, қуыс,

-Қандай пішіндер қолдандық?

-Жалпы қанша пішіннен құрастырдық?

- Осы пішіндердің түстері қандай?

-Тағы бір ғимаратқа келдік, бұл ғимараттың аты Пирамида

-Пирамиданың алдынғы пішіні қай фигураға ұқсайды?

-Пирамида туралы түсінік беру.

-Біз пирамиданы құрастырайық. №3 конверт

-Іс-жүзділік жұмыс

-Қандай пішіндер қолдандық?

Барлығы неше үшбұрыш?Неше дөңгелек?

-Қандай түстер бар?

-Балалар, Астанадан қайтатын кезде келді: Астанаға қарап қуанышымызды білдірейік. Мен бастайын, біздің Астанамыз қандай әсемді , балалар жалғастырып айтады. Қайтатын кез келді, тез жүретін көлік құрастырамыз, ол ұшақ

4конверт

-Қандай фигура қолдандық?

-Барлығы неше фигура, неше түсті?

-Бәріміз орнымызды тауып отырайық.


ертегі

мұқият тыңдайды

тіктөртбұрыш

дөңгелек

үшбұрыш

сипаттау

Бәйтерек

үшбұрышқа

Пирамида

Рефлексия

түзету




Қорытынды . Ұшаққа кірсек әже отыр екен. Әжемен амандасу.

Ал, балалар Астанаға саяхат жасап келдіндер ата-аналарына Астана туралы не айтасындар?Балалар не көрдіңдер? Астана туралы не білдіндер? Қандай өлең тақпақ білесіндер?

Астана туралы әңгімелеп береді тақпақ өлең айтып береді



Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс : Геометриялық пішіндердің түсін, пішінің , көлемін білу

Түсінігі : Ғимараттарды геометриялық пішіндер арқылы құрастыруға

болатынын түсіну

Көрсете білуі : Геометриялық пішіндерді қолдана отырып ғимараттарды

құрастырып көрсете біледі









































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23.02.2019
546
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі