400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Семинар жалғасын табуда

Материал туралы қысқаша түсінік
жалпы материал жас мамандарға керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Семинар жалғасын табуда.

  Төлеби аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес «Жаңартылған білім мазмұны бойынша пәндерден жас мамандарға тәжірибелерін шыңдауға көмек беру» тақырыбында семинар өткізілуде. Пәндердің арасында қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндерінің әдіскерлері белсенді түрде жұмыс жасауда. Өткізілген семинардың жалпы мақсаты:

- жаңартылған білім беру мазмұнын меңгерте отырып, кәсіби шығармашылығының дамуына әдістемелік көмек беру;

- Тәжірибелі ұстаздардың тәжірибелерімен бөлісу арқылы жас мұғалімдердің педагогикалық кәсіби біліктілігін арттыру;

Осы семинардың күтілетін нәтижесі: тілдік дағдыларды меңгертуде қалыптастырушы бағалауды тиімді қолданады. Саралау тәсілдерін меңгереді. Тоқсандық жиынтық бағалауды жүйелі дайындауға дағдыланады. Жас мамандардың кәсіби көзқарастары қалыптасады. Семинар №4 Қ.Сәтпаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде, Төлеби жалпы орта мектебінде , М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде және Б.Биболатұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектептерінда жалғасын тапты.

Семинарда тәжірибелі ұстаздар шебер сыныптар өткізді. Семинардың бірінші кезеңінде Майбұлақ мектебінің ағылшын тілі пән мұғалімі А.Тунгишбаева «Сабақта оқылым мен жазылым дағдыларын дамытуға бағытталған қалыптастырушы бағалау» тақырыбында және Қ.Мамытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің ағылшын тілі пән мұғалімі Ж.Сағатқызы «Қалыптастырушы бағалаудың түрлері және бағалау әдістерінің тиімді пайдалану жолдары» тақырыптарында баяндама жасады. Баяндамалар негізінде жаңартылған білім берудегі орта мектептің 5 – 10 сыныптарында оқытылып жатқан қазақ тілі,ағылшын тілі,орыс тілі пәндеріндегі жаңашыл тәсілдер туралы,оқулықтардағы берілген тапсырмалар сөйлесім әрекетінің түрлері ( айтылым, жазылым, тілдесім, оқылым) арқылы жүйеленіп жасалатыны баса айтылып, слайдтар арқылы түсіндірілді.   Баяндамашыларға семинарға қатысушы оқытушылар тарапынан жаңартылған білім мазмұны негізінде сұрақтар қойылып, мазмұнды, нақты жауаптар берілді. Семинар жұмысының екінші кезеңінде №7 IT мектеп лицейінің орыс тілі мен әдебиет пән мұғалімі А.Ералиева «Саралау тәсілдері – жаңартылған білім мазмұнында» тақырыбында шебер сынып өткізді. Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау тәсілдерін меңгеру жолдары, бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар мен дискрипторлар құрастыру жолдары туралы мәлімет алып қана қоймай, өзара бөлінген топтар арасында түрлі тапсырмалар арқылы қалыптастырушы және бөлім бойынша жиынтық бағалауда қолданылатын критерийлерді құрастыру жолдарын тәжірибе барысында қолданып та көрді. Семинар барысында № 2 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ө.Керімбекова бағалауға арналған тапсырмаларды талдай отырып, оның дайындау жолдарын көрсетті. БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын құрастыру алгоритмімен таныстырып, тапсырмалардың сипаттамасына ерекше мән берген жөн екенін ескертті. Және жиынтық бағалау тапсырмаларының  ерекшіліктерін, құрастыру кезіндегі қателіктерді ұстаздар қауымына  кеңінен түсіндіріп, талдады. Қатысушы ұстаздар белсене атсалысып, өз ұсыныстарын білдіріп, оқушылардың білім сапасын арттырудағы бағалау әдістерін қолдайтындықтарын жеткізді. Семинар тыңдаушылары қазіргі таңда өте өзекті болып табылатын тақырыпты арқау еткен семинар оқытушылары мен қажеттілікті қамтамасыз еткен Төлеби аудандық білім бөлімінің әдіскерлері Г.Божановаға,Н.Лесбековаға және С.Бакироваға ризашылықтарын білдірді.

Picture 2

Picture 4





Қ.Мамытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі

Ағылшын тілі пән мұғалім: Ж.Даулеталиева






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 ақпан
351
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі