400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

семинар М.Монтессори

Материал туралы қысқаша түсінік
тарбиешіге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

М.Монтессори педагогикасының негізгі принциптері мен әдіс – тәсілдерін қолдану.



М.Монтессори (1870 – 1952 ж) итальян дәрігері, педагог. Университетті оқып жүрген кездің өзінде М.Монтессори әйелдердің әлеуметтік құқығын қорғау мәселелерін белсене көтерді. М.Монтессори бала дамуы үшін оны қоршаған ортаның маңызды екеніне көңіл аударды.

М.Монтессори ақыл – ой дамуы артта қалған балалардың мәселесі медициналық әрі педагогикалық екенін жете түсініп, бұндай балалармен ауруханада емес, мектепте шұғылдану керектігін айтып, ауру немесе дені сау болсын бала тұлғасының негізгі екенін түсіндіруге тырысты. Әр баланың өмірін антропометриялық және психологиялық еңбектерге сүйене отырып бақылай бастады. 1907 жылы 6 қаңтарда М.Монтессори кедей отбасынан шыққан балаларға арнап мектепке дейінгі мекеме ашты. Оған «Балалар үйі» деген ат берілді. Мектеп жасына дейінгі балаларды қамтыған бұл мекемеде өзіндік ерекшелігі бар тәрбие жүзеге асырылды. Жұмыс «Өзін – өзі еркін тәрбиелеу және өз бетінше білім алу» қағидасымен іске асырылды.

Монтессори жүйесі мынадай мақсаттардан тұрады:

- Баланың психофизиологиялық дамуына мүмкіндік жасау;

- Барлық сыртқы сезімдерді дамыту;

- Жоғары интеллектуалдық көңіл – күйді, сонымен қатар этикалық және эстетикалық сезімдерді тәрбиелеу;

- Тілді дамыту және сөздік қорларын молайту;

- Дағдыларды дамыту жұмысты өз бетінше орындауға ынталандыру, өз – өзіне қызмет көрсетуді дамыту.

М.Монтессори әдісінің негізі – әдейі даярланған дамытушы ортада баланың өзін – өзі дамытуы болып табылады. Оның өзге жүйелерден айырмашылығы да осында. Мұнда бала өз бетінше қозғалуға, дамуға, мүмкіншілік алады, ал ересектер тек баланы дамытушы ортаны құру мәселелерімен ғана шұғылданады. Өйткені бала кішкентай болғандықтан ортаны құра алмайды, ересектер үшін бұл мүмкін. Әр ересек адам балаға кез – келген затпен қалай әрекет ету қажеттігін түсіндіреді.

Қарапайым, қолдануға ыңғайлы Монтессори – матералдарды балабақшада қолдану көп қиыншылық тудырмайды. Монтессори жүйесіндегі сенсориканы дамытуға бағытталған жаттығулар күнжеділті қолдануға өте ыңғайлы, себебі оның материалдары отбасында табылатын қарпайым заттар болып табылады. Жаттығулар жүйесі баланың бойында белгілі бір іскерлік пен дағды қалыптастыруға, заттардың формасы, салмағы және түсі бойынша айыруға алуан түрлі дыбыстар мен иістерді ажырата білуге бағытталған.

Монтессори материалдары: тура және жанама болып табылатын екі мақсаттан тұрады. Тура мақсат барлық сезімді тәрбиелесе, жанама мақсат психикалық белсенділікті дамытуды көздейді.

Монтессори – материалдары негізінен баламен жеке жұмыс жасауға арналған.

Монтессоридің басқа технологиялардын, бағдарламалардан айырмашылығы жұмыс бөлмесінде тек қана дидактикалық материалдар жинақталуы, ал басқа да заттар мен ойыншықтар ойын бұрышында тұрады.

Бала жұмыс жасап отырғанда педагог бала көңілін бөлмеуі керек. Тәрбиеші тек қана көрсетуді, айтуды қажет ететін балаға ғана назар аударып бағыт береді. Балалардың жас ерекшеліктері ескерілмейді. Суреттермен, қарындаштармен жұмыс жасау ерте жастан басталса, бояумен жұмыс істеу баланың қол қимылдары дамығанда ғана беріледі. Жаттығуларды орындағанда арнайы уақыт беріледі.

М.Монтессори әдістерінің негізгі мақсаты – баланы жан – жақты дамыту арқылы өз мүмкіндіктерін тиімді пайдалана білуге дағдыландыру.

Монтессори педагогикалық ұраны баланың тәрбиешіге «Мынаны өзімнің жасауыма көмектесіп жібер» деуіне жету. Онда оқытудың бірыңғай бағдарламасы болмайды, әркім табиғат берген даму жолмен жүреді. Сабақ болмайды, жиыннан басталады. Жиыннан кейін әркім өз қалаған ісімен айналысады. Балалар аймақтарда жұмыс жасайды.

- Күнделікті өмір аймақтары, сенсорлық, математика даму аймағы, тіл дамыту, ғарыш аймағы.



М.Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім

қабылдауына, топта да, жеке жұмыс жасай алуына өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады.

«Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер» - дейді мұндағы бала. Тәрбиеші ұйымдастырушы, бақылаушы ғана. Балаларға дауыстап сөйлеу бұл әдісте мүмкіндік жоқ. Ұйымдастыруша балаларға әр сала жайлы қызықтыра мағлұмат береді. Балалардың жас ерекшеліктері әр түрлі 3 – 6 жас бірге өз қалауымен жұмыс жасайды. Пайдаланған заттары ең басында қалай тұрса, бала жұмыс аяғында тап солай жинастырып, тазартып қояды.



М.Монтессоридің мақсаттық бағыты:

- жан – жақты дамыту;

Жекелікті тәрбиелеу;

Бала санасында ойлау қызметі мен нәндер түзгіштерін біріктіру.

Басты мақсаты – оқыту дағдысы;қолдағы ұсақ моторлар; есті дамыту.

Монтессоридің топтарында балалар маңғаздана сөйлеген тәрбиешіге қарап партада отырмайды. Бұл жерде әркім кілемшеге, не болмаса кішкене үстелге отырып, өз жұмысымен айналысады. Егер ортада бір ғана зат екі балаға керек болатын болса, әрине, кезектілік туралы келісуге, не бірігіп жұмыс істеуге тура келеді. Осы жағдайда балалар социумда қарым – қатынаста болу, келісу өнері, бірін – бірі тыңдау секілді бағасы жоқ дағдыларды үйренеді.

Өмірлік тәжірибеде балаларға жайшылықта анасы үйде рұқсат бере бермейтін түймелерін салу, аяқ киімнің бауын байлау, көкөністерді тазалау мен кесу, дастархан жаю сияқты қарпайым дағдыларды, өзіне қарауды үйретеді. Мұғалім мен материалмен қалай жұмыс істеуді ғана көрсетеді. Жаттығулар заттарды бір – біріне құю, себкі, алып жүру, сұрыптау секілді материалдардан тұрады. Яғни бұлардың барлығы – қолдың қимылын дамытып оны жазуға, оқуға, математикалық абстракцияларға дайындайды. Барлық заттар шынайы болуы керек, себебі бұл топтағы балалар жай ғана емес, шын мәнінде үйренуге тиімді.

М.Монтессори үшін адамның рухани дамуы оның психофизикалық дамуымен тығыз байланысты.

Бұл әдіс әрбәр жеке баланың қажеттілігіне, қабілетіне, дарынына негізделеді. Балалар өзінің ритмі мен қарқынын анықтай алатын болса, бәрінен де жақсы оқып үйренеді.

3 жасқа дейінгі балақай өзінің айналасын инстинктілі сезімнің дамуы арқылы сезінеді; иіс сезі, сипап сезу, көру, есту. Бейнелеп айтқанда, «эмейионалды камертон».

3 пен 6 жас аралығындағы баланы өзін – өзі белсенді туғызып жатқан құрылысшыға теңеуге болады.

«Адами шығармашылық күшті» игере отырып, бала қос міндетті орындайды – өсу мен өзін – өзі жасау міндеттері.

Монтессори әдісімен тәрбиеленген бала өзі істейтін ісінің мақсатын айқын түсініп, өзі киінуге үйренеді.

Қорыта айтқанда, әзірленуі мен қолдануы еш қиындық туғызбайтын бала, ересектер көмегінсіз орындай алатын болады. Монтессори материалдарын кез – келген педагог топтағы бала қолы жететін ең аласа сөреге жинақтап қойғаны жөн.Бала барлық уақытта қалаған затымен ойнай алатын болады.Қазіргі заман жаңашылдық, жаңа көзқарас, жаңалықтар заманы. Өмір сүру барысында біз жаңа өнімдерді, заттарды, білімдерді, идеяларды кездестіреміз. Олай болса, оқыту үдерісі, әдістері де осы жаңашылдыққа сәйкес болуы керек.



Монтессори педагогикасының негізгі принципі:

Баланы өз – өзін тәрбиелеуге, оқытуға дамытуға ынталандыру.

«Маған өзім істеуге көмектес».Монтессори топтарында балалар арнайы әзірленген қоршаған орта- Монтессори материалдары көмегімен өздігінен оқиды. Монтессори материалдарында өзін –өзі бақылау мүмкіндіктері қамтылған, бала өз қателіктерін өзі көріп, өзі соған бейімделеді.

Монтессори сатылары:

1. Монтессори әдісінде үш сатылы оқыту түсінігі бар. Балалардың жаңа білім алып, сөздік қорын толтыру үшін осы әдіс сабақта қолданылады.

2. I cаты – білім алу сатысы. Бұл жерде балаға жаңадан білім беріледі. Тәрбиеші балаға белгілі бір заттың түсі, қасиеті туралы түсініктер береді.

3. II cаты – практикалық білім алу сатысы. Бұл кезде бала іс жүзінде білім алады. Тәжірибе арқылы I-сатыда алған білімдерін пысықтайды.

4. III cаты – тексеру сатысы. Бұл сатыда жаңа сөздер белcенді емес сөздік қордан белсенді сөздік қорға айналады. Ескеретін бір нәрсе, тәрбиеші баланың біліміне сенімсіз болса, онда бұл сынақтар жүргізілмейді

Монтессори 5 аймақтан тұрады:

1.Күнделікті өмір жаттығулар аймағы .

2. Сенсорика аймағы .

3. Математика аймағы .

4. Тіл аймағы

5. Ғарыш аймағы.

1.Күнделікті өмір жаттығулар аймағы:

Күнделікті өмір жаттығулар аймағы кішкентай балалар үшін ерекше маңызды. КӨЖ аймағында бала өзіне және өз заттарына қарауға көмектесетін материалдар орналасқан. Материалдар бала өзі істейтін ісінің мақсатын айқын түсінген жағдайда таңдап алынады. Бала өзі киінуге (түйме, кнопка, сыдырма, жіпшелер, түйрегіштер, баулар, банттар, ілмектер сияқты заттар салынған рамкаларды пайдалана отырып) үйренеді. Ұқыпты бір нәрсені құюға,

төгуге, ыдыс жууға, айна сүртуге, киім – кешек жууға, шын үтікпен оны үтіктеуге, салаттар жасауға, көкөністер тазалауға, кесуге, майдалауға, жаңғақ ашуға, аяқ киім тазалауға, бір жерден екінші жерге тасымалдауға өзіне – өзі қызмет етуге үйретеді.

2. Сенсорика аймағы:

Бұл аймақта бала қоршаған ортаны зерттеуде өзінің сезімдерін қолдана білуге үйренеді – осындағы материалдар арқылы өзінің көру сезімін (Түрлі түсті кестелер, көлемі мен пішінін ажыратуға арналған материалдар т.б). Сипап сезу сезімін (сипау үшін тақтайшалар, маталардың қиындыларының жиынтығы т.б). Иіс сезу (иістері бар жәшікшелер). Дәм сезу (дәм сезу банкашалары т.б). Есту сезіміне (шуылдайтын қорапшалар, музыкалық аспаптар т.б) жетілдіреді, сол сияқты температураны ажырату, заттардың салмағының айырмашылығын білу және есте сақтау қабілеттерін жаттықтырады.

3. Математика аймағы:

Сенсорлық материалмен жұмыс істеп, логикалық ойлауды үйренген соң бала еш қиындықсыз өзіне таныс ұғымдарды математикалық терминдерге айналдыра бастайды. Оның үстіне математиканы үйрену табиғи жүріп отырады: себебі бала жай ғана математикамен ұласатын дайындалған ортада өмір сүреді. Математикалық дамыту аймағы бала санауды, қосу мен азайтуды, көбейту мен бөлуді, түбірге алу, мағыналы сандармен жұмыс істеу үшін барлық керекті материалдардан тұрады.

4. Тіл аймағы:

Балаға тілді алып жүруші ретінде тілді дамытуға арналған (онсыз толыққанды интеллектуалды өсу мүмкін емес болғандықтан) тиісті материалдар қажет. Берілген аймақта жазуға моторлық (қимылдық) дайындық, фонетикалық естудің дамуы, жазу мен оқуға үйрету, т.б қарастырылады. Бұл жерде бала өзінің қорын кеңейтуге, әріптермен танысуға, саусағымен қиынырақ әріптерді салуға, манна жармасына сурет салуға, сондай – ақ жылжымалы алфавит арқылы сөздерді қоюға үйрене ді.

5. Ғарыш аймағы:

Жұмыс баланы қоршаған ортамен байланыстырады. Ғарыш аймағында балалар жер бедері, жер шары, әлем бойынша елдерді, олардың мәдениеті мен дәстүрін, өлі және тірі табиғатты, табиғат құбылыстарын, жануарлар мен өсімдіктерді, биологиялық, географиялық, физикалық, химиялық түсініктерін толық алады. Бұл аймақта балалар тереңдетіле түсінік алады.

Балалар жұмыс істегісі келетін аймақ пен нақты Монтессори – материалды өзі таңдайды. Ол жалғыз өзі немесе басқа баламен жұмыс істегісі келе ме, оны да өзі таңдайды. Бала өзінің қарқынында жұмыс істейді. Монтессори баланың шынайы заттармен айналысуын «жұмыс» деп атайды, ал біз «ойын» деп санағанға үйреніп қалғанбыз.

Монтессори тобындағы шеңбер.

Монтессори педагогикасының ең бір қажетті бөлшегінің бірі –шеңбер болып табылады. “Шеңбер дегеніміз не?”- деген сұрақ Монтессори сабағына келген

барша ата- ананы толғандыратыны табиғи құбылыс. Монтессори педагогтарының бірі оны “ атмосфералық құбылыс” деп атаған екен. Монтессори педагогикасынын басты ерекшелігі- ол әлемнің қай мемлекетіне барсаңыз да барлық жерде бірдей жабдық пен дидактикалық материалдың қолданылуы. Әлемнің түкпір — түкпіріндегі кез — келген Монтессори кабинеттен эллипс түрінде сызылған сызықты көруге болады. Бұл Монтессори шеңбері өтетін орны. Монтессори педагогикасының негізгі ұстанымы – баланың еркіндігі мен бар әрекетті өз бетімен орындауы болып табылатынын бәріміз білеміз. Ал шеңберде балалар бір – бірімен қарым – қатынасқа түседі, яғни әлеуметтік жағынан пайдасы мол. Шеңбер 3 жасқа дейінгі және 3жастан 6жасқа дейінгі топтарда екі түрлі жүргізіледі. Бұл топтарда баланың жас ерекшеліктеріне сай жаттығулар, тапсырмалар қолданылады. Мысалы, 3 жастан 6жасқа дейінгі топтағы шеңбер барысында балалар көптеген жаңа ұғымдармен танысады. Бір –бірінің алдында өз ойларымен бөліседі, бірін- бірі тыңдауға дағдыланады.Монтессори тобындағы шеңберді қарастырайық. Бұл топта сабақ барысында 2 шеңбер болады. Біріншісі жұмыс басында, екіншісі жұмыс соңына қарай өтеді. Балалар кабинетке келген соң, музыка қосылып, эллипстің бойымен жүреді. Балалардың арасынан күнде бір бала кезекші болады. Жүру барысында балалар кезекшінің көрсеткен қимылдарын қайталайды. Одан соң бәрі отырып, ауа-райын, апта күнін, айдың нешесі сияқты мәселелерді талқылайды. Бұл жерде сұраққа кімнің жауап беретінін кезекші таңдайды. Барлық сұрақтар талқыланып болғанда тыныштық уақыты өткізіледі, осылайша бірінші шеңбер аяқталып, балалар еркін жұмысқа кіріседі. Ал екінші шеңбер жұмыс соңына қарай өтеді. Екінші шеңберде белгілі бір тақырып қозғалады. Шеңберді әрқашан педагог жүргізеді, бірақ ол жалпы әңгімеге көмек беріп қана отырады. Мұнда бала өз бетімен ойын айтып, сезімдерін басқаларға жеткізу мүмкіндігіне құқылы. Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
07.03.2019
1016
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12