жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Семинар: «Қазіргі әлемдегі рухани-адамгершілік білімнің басымдығы»
Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинар жоспары
Мектеп СҚО Жамбыл ауданы «Бауман негізгі орта мектебі» КММ
Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары
Есенгалиева Айтжан Тайжановна
Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинар тақырыбы :
« Қазіргі әлемдегі рухани-адамгершілік білімнің басымдығы»
Мақсаты: Қазіргі әлемде рухани-адамгершілік білімнің басымдылығы туралы, түпкі сананы тазлау туралы түсіндіре отыра білім берудегі жалпыадамзаттық құндылықтардың маңызын ашу. Міндеттері: 1. Жалпыадамзаттық құндылықтардың білім берудегі маңыздылығын түсіндіру . 2. Рухани-адамгершілік білім берудегі мұғалімнің рөлін түсіне отырып, ұстаздарды сүйіспеншілікке баулу. 3. Бейнеролик арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды бала бойынан аша білуде мұғалімнің рөлін түсіндіре отыра ұстаздардың гуманды педагог болуына ықпал ету.
|
Ресурстар (материалдар, көздері) |
Жоспар:
-Сәлеметсіздер ме құрметті әріптестер! Бүгінгі семинарға хош келдіңіздер! Қазір сіздермен бүгінгі күнгі көңіл күйімізді «Жағымды көңіл-күй» таразысына салып айтып көрейік. (Баяу музыка ойналады. Мұғалімдер сәл музыка тыңдап, көңілкүйлерін тыныштандырып алған соң, өз көңілкүйлерінің таңертең тұрғанда қалай болды, қазіргі сәтте қалай екенін айтып береді) . -Бүгінгі семинарда бәрімізге сәттілік тілеймін! Семинарда қазіргі таңда білім беру процесіндегі өзекті мәселе болып отырған «рухани-адамгершілік» білімнің басымдылығы мәселесі болып отыр. Бұған түрткі болып отырған әлемде болып жатқан жаһандық дағдарыстар. 2. Жалпыадамзаттық құндылықтардың білім берудегі маңыздылығы. (Слайд көрсету) Қазіргі таңда болып жатқан жаһандық дағдарыстар бүкіл әлемде орын алып отыр. Дағдарыстың үш түрі бар.бейнеролик көрсету). Дағдарыстардың туу себебі, адамдар жалпыадамзаттық құндылықтарды ескермей, өз жауапкершіліктерін, аж-ұжданын ұмытып, өзінің менмендігін жоғары қойып, өмірде қажеттіліктерін асыра пайдалану себебінен туындап отыр. Сондықтан да Сара Алпысқызы Назарбаеваның құрған «Өзін-өзі тану» бағдарламасының негізінде жалпыадамзаттық құндылықтарды білім беру процесі арқылы оқу бағдарламасына енгізіп отыр. Сол себепті оқушыларға білім беру поцесінде әр пәнде бала бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару мұғалімдерге жүктеліп отыр. Жалпыадамзаттық 5 құндылық әрадамның, әр баланың, әр оқушының бойында бар қасиет. Ол құндылықтарды жарыққа шығару үшін біздер түпкі сананы тазартуымыз керек. Жалпыадамзаттық құндылықтар – бұл барлық кезеңдегі адамдар үшін шынымен маңызды, сөзсіз қажетті, қалаулы, өткінші емес, жынысына, ұлтына нәсіліне азаматтығына, әлеуметтік жағдайына, діни сеніміне және т.с.с. Байланыссыз әр адам үшін іс-жүзінде мағынасы бар құндылықтар. Жалпыадамзаттық құндылықтар барлық адамдардың бірлігі ретінде адамзат үшін сонымен қатар қоғамның және азаматтардың қажеттіліктерін, қызығушылықтары мен мұқтаждықтарына жауап беретін немесе жауап беруге тиіс кез келген мемлекет үшін өте маңызды. Түпкі сананы тазартуды әр адам бірінші өзінен бастауы тиіс. Түпкі санаға сырттан келетін ақпараттар өте көп. Әсіресе жас өспірімдер мен оқушылар сырттағы ақпаратты интернет жүйесінен, құрбыларынан, теледидардағы фильмдерден көп қабылдайды. Адам ақпаратты 5 сезім мүшесі арқылы қабылдайды. Сырттан келген тек жағымды ақппаратты қабылдап, жақсыны көре біліп, жақсы сөздер айтуға оқушыларды үйрету үшін ең алдымен олардың жүрегіндегі ақиқатты көре біліп, сүйіспеншілікпен жүректеріне жол таба білу керек. Сонда ғана оқушының санасы менталды деңгейден жоғарғы санаға көтеріліп, оның рухани бастауы ашылып, оқушы ажырату деңгейінде жақсы мен жаманды ажырата біліп, жағымды эмоция арқылы қабылдап, дұрыс әрекет жасайды. Рухани-адамгершіліктің жемісі туралы түсіндіре отыра құндылықтар ағашының мәнін ашып беру. (12 слайд. Сананы тазарту) 3.Шығармашылық тапсырма. 1-Топ: «Оқушы бойындағы дөрекі міне-құлық не себепті пайда болады. Оның шешу жолдарын жазып көрсету.» 2-Топ: «Жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы оқушының білім сапасын көтеруге тигізетін ықпалын түсіндіру.» 3-Топ: «Бала тәрбиесіндегі мұғалімнің рөлі» талқылау. Мұғалімдер тапсырмаларды оырнағаннан соң түсәндіреді.
-Риясыз сүйіспеншіліктің оқушы жүрегіне жол тауып, оқушының білімге деген құшларлығы артып, мұғаліміне деген сенімін туғызып, білім сапасының жақсаруына зор ықпал тигізеді. Мүғалім өз жүрегін нұрға бөлеу арқылы айналасындағыларға сүйіспеншілік нұрын шашады. Сондықтан мұғалім сыныпқа кіргеннен ақ әр баланың ішкі жан дүниесіне үңіле біліп, оның жан дүниесінде не юолып жатқанын көре біледі. Бала өзінің жан дүниесі есігін мұғалімге сенім арқылы ашады. Егер мұғалімнің оған сенім артып, оның ойымен санасып, оны жақсы көріп тұрғанын сезінсе, ол мұғалімге ішіндегі барлық ақиқатты ақтарып салады. Сонда мұғалім баланы тллғандырып жүрген мәселелермен бетпе-бет келеді. Содан соң ғана оның шешу жоллдарын қарастырады. Бала жүрегін нұрландыра отырып сабақ берген жағдайда оқушының тұла бойы сүйіспеншілік эненгиясына бөленеді. Ол үшін педагог өзі гуманды педагог, яғни, ізгі педагог болуы тиіс. Педагогтің 3 стилі бар: авторитарлы, либералды және гуманды педагогдар. Осы 3 стилдің ішінде мұғалімдерді гуманды педагог болуға шақыру. Ш.Амонашвилидің сұхбаты видеоролигін көрсете отыра мұғалімдердің жүрегіндегі сүйіспеншілікке жол ашып, алдарына білім алуға келген оқушыларға риясыз сүйіспеншіліктерін аямай, балаға бала көзімен емес, ересек көзімен қарап, оларға сенім артып, кей-кезде олардың ойларымен де келісіп гуманды педагог болуға бағыт бере отыра, әр сабақтарында жалпыадамзаттық құндылықтарды алдыңғы мақсатқа қойып, білім беру арқылы оқушылардың оқуға деген ынтасын, олардың дарындылығын, білім сапасының жоғарылауын, рухани-адамгершілігі мол адам тәрбиелеп шығаруда ықпалы мол екеніне көз жеткізу.
Семинар соңында мұғалімдердің пікірін тыңдап болғаннан соң семинардан алған әсерлерін, руханиадамгершілік білімдерін өз жүректеріне орналастырып, ата-аналарымен, туған туысқандары арасында, достары арасында бөлісіп жүрулерін сұрау.
|
Слайд, карточкалар, бейнеролик, |
Үйге тапсырма: Сабақта жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы білім бере отыра оқушылардың бойындағы өзгерістерге бақылау жасап, мониторинг жүргізу.. Ш.Амонашвилидің «Истина школы» еңбегін оқуға кеңес беру.
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген