400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

СЕМИНАР САБАҚ «Есірткіге жол жоқ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының ұлттық болмысын сақтай отырып, қыздарға жат қылықтарды ажырата білуге, олардың денсаулығына, ұлт болашағына, рухани байлығына, тәрбиесіне келтіретін зияны туралы түсінік беру, олардың ішкі және сыртқы жан дүниесінің әдемі де арлы болуына шақыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

№16 КОЛЛЕДЖ МКҚК

САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ



«БЕКІТЕМІН»

ДТЖЖ орынбасары

_________________ Г.Шертаева

«____» _____________2018 ж










СЕМИНАР САБАҚ


«ТАҒДЫР ЖОЛЫҢ ЖІҢІШКЕЛЕУ ӨМІРДЕ,

ЖАМАН АТТАН АУЛАҚ ҰСТА БОЙЫҢДЫ»

( қыздармен жұмыс)

Ф-06-П-01/169






Данасы:________________________________________________


Енгізілген мерзімі:_______________________________________


Пайдалану мерзімі:______________________________________








Қызмет бабында пайдаланылатын басылым


Шардара


АЛҒЫ СӨЗ



1 Әзірлеген: психолог ............................................................................................Д.Касимова


2 Бірінші рет енгізілді






































Осы тәрбие сағатын №16 колледждің рұқсатынсыз толық немесе жартылай қайталауға, көбейтуге және таратуға болмайды

МАЗМҰНЫ



1 Мақсаты ............................................................................................................................. 4

2 Көрнекілігі.......................................................................................................................... 4

3 Өткізу әдісі......................................................................................................................... 4

4 Сабақтың барысы............................................................................................................... 4-8

5 Қорытынды........................................................................................................................... 8

6 Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................................... 8






































1 МАҚСАТЫ


 Қазақ халқының ұлттық болмысын сақтай отырып, қыздарға жат қылықтарды ажырата білуге, олардың денсаулығына, ұлт болашағына, рухани байлығына, тәрбиесіне келтіретін зияны туралы түсінік беру, олардың ішкі және сыртқы жан дүниесінің әдемі де арлы болуына шақыру.

МІНДЕТТЕРІ


2 КӨРНЕКІЛІГІ интерактивті тақта


3 ӨТКІЗУ ӘДІСІ пікірлесу, әңгімелесу, сұрақ-жауап


4 САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

                                             Өмір-қатал көтермейді ойынды,
                                             Ұқпайды да кейде ізгі ойыңды.
    Тағдыр жолың жіңішкелеу өмірде,
    Жаман аттан аулақ ұста бойыңды.
           Күрес, еркем, жамандықпен жасымай,
  Күнде нұрлы болу үшін ертеңің
      Төтеп берсін дауылдарға желкенің.

Өмір. Бұл ұзақ жол. Бұл жолда әркім әр түрлі қиындықтар мен қызықтарға, бар мен жоққа, аштық пен тоқтыққа, қайғы мен қуанышқа кездесіп отырады. Өмірде барлық адам бір жолмен жүрмейді, олар бірдей емес. Әркімнің өмір жолы әр түрлі. Десе де, әркімге өз өмірі қымбат.

Қыз өмірдің гүлі. Қыз – қызғалдақ деп айтып жатады. Жалпы «Қыз бала» ұғымын өзіміз қалай түсінеміз, айтып көрейікші кәне? Кім ол қыз деген? (Болашақ ана; ұрпақ жалғасы; сүйікті жар; ұлттың ұяты, халықтың шырайы; )

Жаттығу «Өз бойыңдағы жағымсыз қасиеттерден арыл.»
Барысы: Ұстаздар мен оқушылар дөңгелене тұрамыз. Енді бойымыздағы жаман қасиеттерді, өміріміздегі, отбасымыздағы сәтсіз жағдайлардың барлығын басымыздан төмен қарай аяғымызға дейін  жинап алып, алдарыңызда тұрған газетке салып, газетті умаждап, бүктеп, лақтырып тастайық. Керісінше, жақсы қасиеттерді, сәттілікті бойымызға сіңірейік. Ол үшін мына лентаны ұстау арқылы бір-бірімізге жақсы тілектер тілейміз. Енді лентаны бәріміз жұмыла жоғары көтерейік. Сол сәтте айтылған тілектеріміздің барлығы орындалады. 

Жаттығу «Аяқталмаған сөйлемдер...».
Төменде берілген аяқталмаған сөйлемдерді ойларыңызды жинақтай отырып, аяқтау.  1.Өмір дегеніміз....
2.Жақсы өмір сүру үшін...
3.Өмірді жақсы көру...
4.Өмір –менің...
5.Өмір....

  1. «Қыз бала» ұғымын қалай түсінесің?
    Қыз баланы көз алдымызға былай елестетеміз – сыпайы, нәзік, әдемі, әдепті, ақылды, жақын дос, көрікті, ұқыпты, тәрбиелі, болашақ ана.
    2. Саған қыз баланың қандай қасиеттері ұнайды?
    Инабаттылығы, сыпайылығы, ізеттілігі, ақылдылығы, әдептілігі, мейірімділігі, сабырлы болуы, ұстамдылығы.
    3. Өзің қандай қыздармен достық қарым - қатынастасың?
    Әдепті, инабатты, тәртіпті, ар - ұяты жоғары, ақылды, өнерлі, қарапайым, сабырлы, өмірге көзқарасы жақсы, білімге құштар.
    4. «Қызым үйде, қылығы түзде» деген мақалды ашып айт?
    Үйде ақылды, әдепті, тәртіпті болып көрінгенімен, басқа ортада өзін жағымсыз жақтарымен, ерсі қылықтарымен көзге түскен қыздар. Бұл жерден қыздардың екі жүзділігін көреміз. «Күндіз иман, кешке иван», - дегенге келеді.
    5. Қазір өзің байқаған біздің мектептегі қыз балалардың бойындағы жағымсыз қасиеттерді ата?
    Қыздардың дөрекі, анайы сөйлеуі, сөзге араласуы, қырсықтық, мұғалімдерді сыйламауы, мектеп формасын дұрыс сақтамайды, өсек айтуы, дараңдаған дөрекі іс - әрекеттерін көреміз.

Қыздардың дөрекі, анайы сөйлеуі, сөзге араласуы, қырсықтық, мұғалімдерді сыйламауы, мектеп формасын дұрыс сақтамайды, өсек айтуы, дараңдаған дөрекі іс - әрекеттерін көреміз.
Ал, қыздар! Ұлдардың бұл берген жауаптарына не дейсіңдер? Өтірікпе, әлде шындыққа жанасқан ба? Әрине бұл айтылған ащы шындық.
Психолог: Мұқасан мен Нұрланның «Әзіл шумақтарынан» бір дәлел:
«Көйлек киіп бір қыз жүр,
Ашық - шашық борбайға,
Жырық - қарыс етегі.
Суық тисе тоңбай ма?
Жалтыраған жанбасы,
Ұят қайда, ар қайда.
Бұлтың - бұлтың етеді.
Ұрсу керек мұндайда?»
Ашық - шашық киінгеннен жақсы көрінбейсің, керісінше көрген адам «Мынаны айтатын ата - анасы, ұстазы жоқ па?» деген ойға қалады. Ерсі бояну да көруге қолайсыз әсер қалдырады. Көпшілік орындарда қатты күлу, қатты сөйлеу, ешкіммен санаспай өз беттерінше даурығып дөрекі сөйлеп, айғайлап сөйлеу өте ұят, өзімшіл, өркөкіректікті көрсетеді. Қалай болса солай сөйлеу, киіну талғамсыздық пен тұрпайылық белгісі. Үлкеннің айтқан сын ескертпесін, ақылым өзімдікі дұрыс демей, «қалай айтылды, неге айтты?» деп өз - өзіңе талдау жасаған дұрыс. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деген бар ғой. Әрбір қыз бала өзінен кейінгілерге үлгі болу керек. Үлкенді сыйлайтын жақсы қыз, өнегелі тәрбиелі қыз.
«Қызды қырық үйден тыйған» дана халқымыз олардың тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Бой жеткен ару қыздардың сырт көздерден сақтап, оларды биязылыққа, ибалылыққа тәрбиелеген.
«Қыздың ары – ұлттың ары!», - дедік бүгінгі бас қосуымызда.

Рефлексия. 
Болашағымыз бұлыңғыр болмас үшін, не істеуіміз керек? Немесе нені істемеуіміз керек? Қазіргі қыздарымыз қандай болуы керек? Оларға қандай тәрбие қажет?
1. Бүгінгі сырласудан өзіңе не алдың?
2. Сені қандай тақырып тағы толғандырады?

Ш. Уалихановтың: «Ақ жолға бастайтын жеті жетекшісі», осыны бойына сіңіре білген адам тәрбиелі адам.
1. Адамның басшысы – Ақылы.
2. Жетекшісі – талап.
3. Шолушысы – ой.
4. Сынаушысы - халық.
5. Қорғаушысы – сабыр.
6. Қорғанышы – мінез.
7. Ең қымбаттысы – ар.
8. Таусылмайтыны – арман.
9. Барлығынан қымбаттысы – өмір.

Қазақ халқы қызының жазылмас дертке ұшырамауы үшін, жаза қадам баспау үшін қыздарына мынадай он түрлі талап қойған.
1. Әдепті.
2. Ар - ожданы пәк болу.
3. Кең пейіл, кешірімді болу.
4. Мейір - шапағатты болу.
5. Ақыл - парасатты болу.
6. Сабырлы - салмақты болу.
7. Адал болу.
8. Ақ жарқын болу,
9. Өжет, батыл болу,
10. Ұят намысты болу.


Қыздарға!

Өмір-қатал,көтермейді ойынды,

Ұқпайды да, кейде ізгі ойынды.

Тағдыр-жолың жіңішкелеу өмірде,

Жаман аттан аулақ ұста бойыңды.

Қыз ғұмырың үлпілдеген гүл дер ем,

Тербетілген ақ самалмен,күнменен.

Абайлап жүр,ерте үзуге тым құмар,

Тасбауырдан қадіріңді білмеген.

Байқа,ботам,өте нәзік жаның да,

Аңқау болма,қызыққа көп салынба.

Кір келтірме,қыз атыңа,арыңа,

Шалыс басып,түсіп кетпе жалынға.



Әрбір қыз бала бойжетіп,әке-шешенің ортасанда бұлғақтаған дәуренің қалдырып,басқа бір үйге келін боп түсіп,келін атанады.Өз шаңырағын көтеріп, үй мен шаруаға иелік етіп,түтін түтетеді,ана болып,өмірге перзент әкеледі.Жар құшып ,ана болу – қыз баланың мақтанышы, әрі бақыты.Бұған, әсіресе, әке –шеше қуанады.

Алайда,оған дейін қыз баланың сол күнге дайындық ретінде өз үйінде жүріп үйренетін өнегелері мен міндеттері аз болмайды.Солардың бәрі қосыла келе келін болу әдебін құрайды.

Қыз бала той-томалақ, көп адам жиналған орындарда көзге түседі,сыналады.Ондайда өзінің ұстамдылығымен , жарқын жүзді сыпайлығымен, жинақы, ширақ жүріс-тұрысымен, сергек-сезімталдық , ептілігімен, өнерпаз, әрі сөзге ұсталығымен көзге түсіп, «Түгеншенің қызының тәлімдісі, зерегі-ай, үстінде кіршік жоқ, бармағы майысып, он саусағынан өнер тамады,сөзі қандай әдемі!» - деп тамсандырады.

Ал, мұндай жақсы атақтың қыз бала болашағы үшін маңызы зор.

Зейнеп Ахметова: «Қыз баланың мына өмірдегі міндет-парызының жүгі ауыр,әрі ардақты.Ол- адамзат ұрпағын өмірге әкелетін болашақ ана, үй ұстап,жар күтетін адал жар, ата-ене сыйлап, иілетін қамқор келін.Ол осыны қаласын-қаламасын, бұл-өмір заңы», - деген.Барлық халық қыздары өмірдің жалғасы, болашақ ана, өмірлік жар, ол- еңбекқор, ол- қоғам қайраткері деп бағалаған.

Ақұштап Бақтыгереева әйелдер туралы:

Әйел ол – тіршіліктің бәйтерегі,

Лайықты балғын жырдың қай теңеуі.

Япырау,Адам ата ұрпақтары,

Өмірде сен болмасаң қайтер еді?

-дегендей, бүгінде әйелдер қоғам, мемлекет, елі мен жерін қөзқараспен бағалай білетін салиқалы тұлға.

Қазақ қыздарының ішінде де небір асылдары бар. Әлия, Мәншүк, Қыз-Жібек, Баян сұлу, Еңлік, қыз Құртқа, Домалақ ана, Айша бибі т.б. көркіне ақылы сай, махаббатына берік, үлгі тұтарлық арулар қаншама...

Ұлтымыз қыз баланың ізеттілігі мен мәдениеттілігін – сыртқы бет-пішіні мен киім киісіне қарап бағалаған: «Ұлтыңды сақтаймын десең – қызыңды тәрбиеле, руыңды сақтаймын десең – ұлыңды тәрбиеле» деген даналардың сөзі бар. Сол себепті, қызы тәрбиелі елдің болашағы зор болмақ. Өйткені, ұлттың болашағы қыздың құрсағынан басталады.

Шылым шегу – қыз баланың денсаулығына, одан туатын болашақ ұрпағына зауалын тигізеді. Темекі тартқан адам өзінің асқаназын, өкпесін және басқа мүшелерін бұзып, өз ғұмырына балта шабады. Қыздар – болашақ ана болатын нәзік жаратылыстың иелері. Ертеңгі күні дүниеге нәресте әкелуі керек. Әттең, шылым шегетін қыздар өз келешегі туралы ойланбай жұр.

Арақ ішу – шаңырақты ортасына түсіреді. Ішімдіктің салдарынан үлкен қылмыстар да жасалып, қаншама бала жетім қалып жатыр.

Дені жалаңаштау – болашақ ана атанатын қыздар – кіндігінен төмен шалбар, ашық-шашық көйлектер мен жейделер киюі қазір ұлттық стилге айналған тәрізді.

Денеге сурет салу – адам тәніне таңба басу және ол суреттердің не бір жын-шайтан кейпіндегі бейнеге көп ұқсайтындығы жас жеткіншектер психологиясының күрт өзгеруіне бірден-бір.

«Қыз –халықтың гүлі, өлең – сауықтың гүлі» демекші, қыз бала тек сұлулығымен емес, бойына біткен мейірімділік, нәзіктік сияқты қасиеттерімен де көрікті.


ҚОРЫТЫНДЫ:



Өмір дүние дегенің
Ағып жатқан су екен,
Жақсы-жаман көргенің
Ойлай берсең у екен.                              
                                                     Абай Құнанбаев

Өкінбе, өкпелеме бүгініңе, 
Өмір,өмір.
Болмайды түңілуге.
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
Қайта тұрып, қақың бар түңілуге.
                                                                 М.Мақатаев

Осылардың барлығын үлгі тұта келе, «Қыз – болашақ ана!», «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе, жердің көркі» демекпіз. Қыз баланың тым әлем-жәлем киініп, көзге түспекке тырысуы, орынсыз боянып, сылануы ерсі болды. Бірақ, сонымен қатар өзінің сырт пішініне, киім сәніне немқұрайды, салғырт қарауы да келіспейді.Бұл оның тәрбиесінің жетімсіздігін, мәдениетінің төмендігін көрсетеді.

Соңғы кездері қыздарымыздың арасында темекі тартып, нашақорлыққа бой ұрғандары да кездеседі. Келешекте ондай әйелдер қандай ұрпақ әкеліп,қандай тәрбие бермекші ?

Кездесіп қалатын осындай келеңсіз қылықтар қызға берілетін тәрбиенің жетімсіздігінен емес пе ?

«Әйелдері тәрбиелі болған халық- тәрбиелі, әйелдері тәрбиесіз болған халық- тәрбиесіз. Әйелдері үнемшіл, пысық, жігерлі, талапты болса- халық бай, ал жалқау, салақ немесе, ысырапшыл болса- халық пақыр, кедей болады.», -деген сөз бар.Осы айтылған сөзді естен шығармайық..



6 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1 Мектептегі психология

2. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар

3. Интернет желісі















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 ақпан
637
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі