400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Семинар сабақ «Жалпыадаматтық құндылықтар - отбасы тәрбиесінің негізі» 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ата –аналар жиналысының жоспары

Мектеп С.Сейфуллин атындағы жоббм Сынып 9 «А»

Мерзімі: 25.03.2018ж. Ата-аналар саны: 19

Мұғалім: Акжолова Балнур Куандыковна

Ата-аналар жиналысының тақырыбы:

«Жалпыадаматтық құндылықтар - отбасы тәрбиесінің негізі»

Мақсаты: Жас ұрпаққа рухани- адамгершілік тәрбие беру ата-ананың басты парызы екендігін және отбасы тәрбиесі адами биік қасиеттерді қалыптастырудағы негізгі алғашқы сатысы екендігін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділігі:   Ата-аналарға «Өзін өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының маңыздылығын түсіндіру.

Дамытушылық: Ата-аналардың жалпыадамзаттық құндылықтарды бала тәрбиесіне және тұлға бойын дұрыс қалыптастыра білу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелігі: Жалпы адамзаттық құндылықтарды күнделікті өмірде жүзеге асыруға тәрбиелеу.

Ресурстары:

(материалдары,

көздері)

Бейнетаспалар,

плакаттар,

маркер.

Аудиозапис.

Жоспар:

1.«Өзін-өзі тану» руани - адамгершілік білім беру бағдарламасының

психологиялық-педагогикалық негіздері.

2.Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар.

3.Ата-аналардың рөлі (қыз балалардың тәрбиесі, ұл балалардың тәрбиесі)


«Нұрға бөлену»


1.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері.

Қазіргі заманымыздың басты мақсаттарының бірі - жас ұрпаққа саналы тәрбие беру. Жас ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуында ата - анамен мұғалімнің рөлі зор. Бұл істе асығыс шешім, жалған әдіс, қатып қалған тәсіл қолдануға болмайды. «Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алдымен баланың сезімін оятып, баланың әсершілдігін дамыту».

«Бала үйде не көреді, соны үйренеді. Ата - аналар соған үлгі». (Себастьян Брант).

Ежелгі Грек философиясының көрнекті өкілі Сократ біздің дәуірімізге дейінгі 470 жылы Афинада дүниеге келді. Сократ философиясының басты обьектісі - адам, осы тұрғыдан алғанда, оны адам туралы қазіргі заманғы ғылым, философиялық антропологияның негізін қалаушы деуге болады. Сократ философиясының мақсаты адамды ізгілікке тәрбиелеу деп түсінді және адам оған өзін тану және өзін сынау арқылы жете алады деп сенді. Оның әйгілі «Менің білетінім – мен ештеңе білмеймін, басқалар оны да білмейді», «Өзіңді-өзің танып-біл!»,  «Әр адамның бойында күн бар, нұр бар, тек оның нұрлануына мүмкіндік беріңдер» деген  қағидаларының негізгі мазмұны да осы.Руханилықтың негізгі сипаттамасы –олардың бәрі сананың ішінде болады.

Зигмунд Фрейд  алғаш рет адам санасынан оның бейсаналық аймағын бөліп алып, құрылымын жүйеледі. Сана аймағынан ығысырылған эмоцияларды тауып, оны түпкі сана деп атады.

Карл Густав Юнг  Сананың жеке тұлғалық төмен деңгейінен басқа сананың

жоғары деңгейі (жоғары сана) бар екенін зерделеді. Жоғары деңгейде емдік қабілеті бар екенін тіпті оның адамды ізгілендіріп, оның бойына шығармашылық қуат беретінін атап көрсетті.

Сананың құрылымы.

Сананың құрылымы оның табиғаты адамның рухани мәселелерімен тығыз байланыста болатын психологияның өзекті мәселелерінің бірі.

“Сана - ғылыми зерттеулер мен тұжырымдамалық талдауларға ұстатпайтын сүзгінің тесігінен ағып жатқан су сияқты” – деп зерделейді.

Сана арқылы оқыту: оқыту, ойлау және түсіну – осының бәрі бес сезім мүшелері арқылы сананың ішінде жүретін үдерістер. Олардың екеуі: көру мен есту ақпарат алудың маңызды жолдары болып табылады.

Түпкі сана. Сезім, эмоция, темперамент, адамның түпкі санасында бекиді де, сонда жинала береді. Сыртқы әлемнен алынған ақпарат бес сезім мүшесі арқылы түпкі санаға (кейде саналы түрде, кейде саналық деңгейден тыс) келіп түседі де, онда психоэмоционалдық реңге ие болады. Біз эмоциялық уайым, қайғы алған сайын эмоциялық реакцияны бекіте түсеміз. Осы эмоциялық сипаттарды күшетпеу үшін сананы қадағалап отыру қажет екенін аңғарамыз.

Ашу - ыза, тойымсыздық, өшпенділік, қорқыныш, қызғаныш сияқты барлық эмоцияларымыз біздің түпкі санамызда жатыр. Олар – өткеніміздің бір бөлігі. Оларды құртып жіберуге болмайды! Сондықтан да олармен бірге өмір сүруге тура келеді.

Жоғарғы сана. Жоғарғы сана – бұл біздің жеке тұлғамызға әсер етуші маңызды фактор. Біздің жан дүниемізде ар - ұжданымызды түсінуге бағыт беретін, көмектесетін, жақсы мен жаманды ажырата білуге мүмкіндік беретін жоғары рухани табиғатымыз. Санаға ақпарат жоғары санадан интуиция мен ар - ұждан даусы арқылы келеді.

Сананы қалай тазалауға болады?

1. Күн сайын жағымды көңіл күйге ену тәсілін қолдану. Бұл сананы тыныштандыру мен бақылау үшін, әлемді ұғынуға арналған тура әдіс.

2. Күні бойы адамдарға сүйіспеншілік нұрын шашуға талпыну.

3. Ұйықтар алдында күні бойы не істегеніңізді еске түсіру үшін бірнеше минутыңызды бөлу.

4. Ашу ызаңызды бақылаңыз. Өзіңізді ұрсып, ренжіткен адам сізге өз ашуыңызды бақылауға көмектесетінін әрдайым есте ұстаңыз.

5. Өзіңізді тыныштандыратын ізгі немесе жұбату сөздерді дауыстап айтыңыз.

6. Жан тебірентіп, жайландыратын, жалпыадамзаттық құндылықтарға толы ән салыңыз.

7. Жақсы компания, орта табыңыз.

8. Басқаларға тыныштық беруге, оларға қызмет етуге және оларды жұбатуға үйреніңіз.

9. Тыныштықты сақтауға үйреніңіз.

10. Тыныс алуыңызды бақылаңыз.

11. Күнделікті өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстануға ұмтылыңыз.

Мысалға біздің көзімізді алайық. Жарық – бұл біздің көзімізге енетін, нерв жүйелері арқылы өтіп, импульске айналатын, сосын миымызға жететін электромагнитті толқын және сана көз алдында өтіп жатқан бейнені қабылдайды. Мына суретке қарайық:

Біз не көріп тұрмыз? Барлығы дерлік: «Мен қара нүктені көріп тұрмын», - дейді. Суретке тағыда бір рет қараймыз. Дәл сурет мынадай: «Үлкен ақ кеңістік, ортасында кішкентай қара нүкте бар». Мәселе біз басқалардың бойынан тек қана қара нүктені ғана көреміз, ал жан - жағын қоршаған ақ кеңістікті көрмейміз. Шын мәнінде «ақ» нәрселер өте көп, ал біз оларды байқамаймыз. Біз өзіміздің ғана мәселелеріміз бен қиындықтардан алатын пайдамызды байқамаймыз, солардың арқасында шыңдалатынымызды және өсетінімізді ескермейміз.

Сондықтан да барлығынан да, барлық уақытта да, барлық жерде де жақсыны көре білуге үйренуіміз керек.

2.Жалпыадамзатттық құндылықтар 
Ең тиімді құндылықтар жүйесінің жіктемесін ғалым Т.И.Петракова ұсынған, ол құндылықтарды үш түрге: табиғи , жүре пайда болған және абсолюттік деп бөлген. 
Абсолютттік жалпыадамзаттық құндылықтар - ол уақытқа бағынбайтын, белгілі бір адамдардың шеңберіне тәуелді емес, бүкіл адамзат үшін маңызды құндылықтар. 
Сондықтан атап отырған жалпыадамзаттық құндылықтар: Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз білімді адам деп атауға болады.Жалпы адамзаттық құндылықтарды ң адам тұлғасының құрылымымен өзара байланысын шартты түрде төмендегіше бейнелеуге болады. (Адам тұлғасының құрылымын, құндылық ағашын түсіндіріп өту).

3. Бала тәрбиесіндегі ата-аналардың рөлі. Ұл балалар және қыз балалар тәрбиесі.

Бала дүниеге келген күннен бастап-ақ тәрбие отбасынан басталады. Сондықтан ата-ана баланың алғашқы мүғалімі болып табылады.

Балалардың махаббаты таза, риясыз. Олар өздерінің ата-аналарын бар жан-тәнімен жақсы көреді және оларға еліктейді. (кейбір келеңсіз мінез-құлықтарынада).

Отбасында ананың рөлі.

«Алғашқы кезде ананың тәрбиесі керек» (Гегель)

«Тәрбиелеу - тек қана тамақтандыру мен күту емес, сонымен қатар баланың жүрегіне,миына бағыт беру. Ал, бұл үшін ананың білімділігі мінез-қүлқының дүрыстығы керек» (В.Г.Белинский)

Егер ол адамгершілікпен дұрыс әрекет етсе балалары да соны жасамақ. Рухани ұстаз жай ұстаздан он есе ықпалды болмақ. Әке рухани ұстаздан да он есе күшті,

маңызды. Ал ана әкеден мың есе маңызды.

Отбасында әкенің рөлі. Әке отбасында ең басты орынды иеленеді.

Отбасы тәрбиесінде арнайы сабақтар, адамгершілік, табиғат, әдемілік туралы алдын-ала жоспарланған болу керек. Бұл сабақтар баланың бойында өмір бақи қалады. Соларға сүйене отырып, өмірге деген көзқарастары, дүниетанымдары қалыптасады. Әке– білімді, даналықты, тәртіпті іске асырушы.

Гуманист, педагог, дәрігер Януш Корчак өзінің еңбектерінде балалар кішкентай адам болғандықтан олардың сезімдеріне, ой-тілектеріне құрметпен қарауға шақырады.Януш Корак қаны еврей болғандықтан екінші дүние жүзілік соғыс кезінде қуғынға ұшырайды. Корчак қол астындағы 200 баламен варшавалық геттоға қамалады. Оны құтқарып алуға талай адам барады. Бірақ ол «өз балаңды қалдырмайтын жерге өзге баланы қайтып қалдырып кетемін, мұнда маған жәутеңдеп екі жүз бала отыр» деп, геттодан қашудан бас тартады.

1942 жылы оны балалармен қосып Треблинкаға әкеледі. Балаларды газ толы камераға улап өлтіреді. Сонда неміс әскериі: «Мен сіздің ертегілеріңізді тыңдап өсіп едім, сізді аман алып қалайын» деп өз көмегін ұсынады.

Корчак: «Балалармен бірге босатасыз ба?» деп сұрайды. Немістен «жоқ» деген жауап алған соң: «Адамның бәрі оңбаған емес» деп газды камераға 200 баласын өзі бастап кіреді. 1942 жылы 6 тамыз күні Януш Корчак 200 баламен бірге Треблинкада фашистердің қолынан көз жұмды. Януш Корчактың ата-аналарға арналған 10 өсиеті.

Видеоролик көрсетіледі.

Шығармашылық, топтық жұмыс.

Біз бақытты жанұямыз тақырыбында жоба қорғау.


І топ. Аяқталмаған сөйлем:

–     Егер баланы үнемі сынап отырса, ...

–     Егер балаға үнемі күлсе, ...

–     Егер баланы үнемі мақтап отырса, ...

–     Егер бала төзімділікте өссе, ...

–     Егер бала адалдықта өссе, ...

–     Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе, ...

–     Егер бала кекшілдікте өссе, ...

–     Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ...

Дұрыс жауаптары:

–     Егер баланы үнемі сынап отырса, ... (оның оқуғы құлқы болмайды).

–     Егер балаға үнемі күлсе, ... (ол бұйығы болып кетеді).

–     Егер баланы үнемі мақтап отырса, ... (ол өз қадірі үшін оқиды).

–     Егер бала төзімділікте өссе, ... (ол басқаларды түсінуге тырысады).

–     Егер бала адалдықта өссе, ... (ол адал болып жетеді).

–     Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе, ... (ол адамдарға сеніммен қарайды).

–     Егер бала кекшілдікте өссе, ... (ол қатыгез болып өседі)

–     Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ... (ол әлемнен махаббат табуды үйренеді).


ІІ топ. «Отбасы тәрбиесінің бала болашағына әсері»

Кінәлі сөздер

1. Сенен ешқандай жақсылық шықпайды, нөлсің.

2. Неге сен басқа балалардай емессің?

3. Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсің, шашың дудыраған, үстің кір-кір.

4. Тағы осылай істесең, менен таяқ жейтін боласың.

5. Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз болмады.


Ата-аналардың дұрыс әрекеті.

1. «Сенің де қолын өмірде бір нәрсеге жететініне сенгім келеді. Оқу озаты немесе оқу екпіндісі боласың» - деп, үміт артуы керек.

2. «Сенің де басқалардан өзгеше болуына құқың бар, сенің де қолыңнан келеді» - деп, сенім артуы керек.

3.«Үстіңді ретке келтір, шашыңды тара, киіміңді ауыстыр » - деп, баланың өзін жақсы сезінуіне көмектесу керек.

4. «Біз саған қиыншылықты жеңуге көмектесеміз, екіншілей жаман қылық жасама».

5. «Үлкендердің өмір жолында болып жатқан ыңғайсыз жағдайларға сен кінәлі емессің. Сенің болашағың алда, үлкен ғалым боласың, жақсы дәрігер, білімді ұстаз болуды арманда » және ата-анасын сыйлау керек екенін айтып отыру керек.


ІІІ топ: Балаңыз тәрбиелі, табысты болуы үшін не істейсіз аласыз? .Сіздің жасаған ықпалыңыз.






Үйге тапсырма: «Звездочка на земле» үнді фильмін көру.

Ш.Құдайбердиевтің шығармаларында жатқан терең философияны және халық даналығын оқуды ұсынамын.
Жиналыстың қорытынды сәті: 
 Бала – біздің өміріміздің ең үлкен құндылығы. Оны түсінуге, оны тани білуге, оны сыйлай білуге тырысыңыз. Оның күнделікті мінез-құлық сызығында тәрбиелеудің ең тиімді тәсілдерін ұстаныңыз.

Қосымша ата-аналарға арналған сауалнаманы толтырып беруін өтінемін.

Ән: «Қос бәйтерегім»

Сөзі: М.Қайырбеков

Әні: Р.Әлқожа


Әкешім пана болған биік шыңым
Үйреткен мына өмірдің барлық сырын
Жер бетін кезгенменен
Сендердің көздеріңнен
Төгілген жылылықты
Ешкімнен сезбедім мен
 
Анашым ақ сүт беріп мәпелеген
Кешірген көп кетсе де қате менен
Анамның алақаны
Әкемнің қарағаны
Ұқтырды біз екенін
Бақытқа балағаны
 
Сендердің арқаларың жүргеніміз
Алаңсыз бұл өмірде күлгеніміз
Менің қос бәйтерегім
Сендерсіз қайтер едім
Әрқашан бірге болсаң
Түгел ғой бар керегің
































 








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10 маусым
523
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі