«XXI ғасыр
көшбасшысы» зияткерлік
сайыс сабағы
Тақырыбы:
Жеңісім ұстаздарға
арналады
Өткізуші:
Орынбаева Гүлнұр, тарих пәні
мұғалімі
Қатысушылар:
9 сынып
оқушылары
Сайыстың
мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының сан ғасырлық
тарихынан мәлімет беру, тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен
таныстыру. Оқушылардың тарихи танымын арттыра отырып оқушылардың
ой-өрісін, ұшқырлығы мен тапқырлығын дамытуға ықпал ету. Сөйлеу
шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру. Отан сүйгіштікке,
патриотизмге
тәрбиелеу
Сайыстың
міндеттері:
А) білімділік: Қазақстан Республикасының
өткен тарихы мен бүгінгі жетістіктері жайлы білімдерін жан-жақты
дамытуға ықпал ету;
Ә) дамытушылық: оқушылардың ауызекі сөйлеу
тілдерін дамыту,
шығармашылықтарын арттыру, ой-өрісін дамытуға
ықпал ету;
Б) тәрбиелік: Елбасын, Отанға деген
сүйіспеншіліктерін, ұшқыр ойды дамыту, дүниетанымдық көзқарастарын
дамытуға ықпал ету.
Әдіс-тәсілдер: ойын,
сұрақ-жауап.
Іс-шараның
барысы.
Мұғалім
сөзі: Қазақстан – татулықтың, достықтың, бірліктің
киелі бесігі. Түрі, тілі, діні бөлек болғанымен, жүрегі «Қазақстан
–туған жерім, Отаным, алтын ордам» деп соғатын 130 ұлттан астам
Халық тұрып жатыр. 130-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті
мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастархандай-
далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі
өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп,
оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Қазақстан алуан
түрлі ұлттардың мәдениеті мен салт-дәстүрін тоғыстырған кең байтақ
өлке.
Ер болдың ерік алдың
астаналы,
Енді кімнен қарағым
жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің
шежіресі,
Нұрсұлтанның атыменен
басталады.
Сондықтан елдің болашағы да, өрлеуі де
бүгінгі жас ұрпақ сіздердің қолдарыңызда. «Ел үмітін ер ақтар, ер
үмітін ел сақтар» демекші ел үмітін ақтау сіздермен
өлшенбек.
Армысыңдар, құрметті
қонақтар
Ағайын мен
халайық
Көпшіл болған ер
дана
Достары көп ер
бала
Өнерліден үлгі
алып,
Салдырар сәнді мол
қамал
Өнерлімен дос
болсаң,
Қиялыңды қорғайды - демекші, бүгінгі ХХІ
ғасыр көшбасшысы атты зияткерлік сайыс сабағымызды
бастаймыз!
Бүгінгі «XXI ғасыр көшбасшысы» білім додасына
қош келдіңіздер!
Сайысымызды бастауға рұқсат
етіңіздер!
Жалпы сайыс Қазақстан Республикасының тарихы
мен бүгінгі күні жетіп отырған жетістіктеріне арналады. Ұпайларды
есептеп отыратын әділқазы мүшелерімен таныстырып өтемін. /3 мұғалім
/
Сайыс ережесімен қысқаша таныстырамын. Сайыс
2 кезеңнен тұрады.
I кезең «Дода»
сайысы
II кезең "Бәйге»
сайысы
I кезеңде жалпы 15 сұрақ қойылады. Әр сұраққа
10 ұпайдан беріледі.
I
кезең. Жалпы
сұрақтар.
II
кезең. Жоғары ұпай жинаған 4 сайыскер II кезеңге
өтеді. Бұл кезеңде де әр сұрақтың дұрыс жауабына 10 ұпай беріледі.
Егер ол сұраққа жауап бере алмаса, басқа сайыскер жауап беру
мүмкіндігін алады.
- Ең алдымен сайысқа қатысушылармен танысып
өтейік.
1-ші қатысушы – Есіркеп
Айкөркем
2-ші қатысушы – Смағұл
Диана
3-ші қатысушы – Бейсенбай
Нұрдос
4-ші қатысушы – Балғабайұлы
Ерасыл
5-ші қатысушы – Юсупова
Малика
6-шы қатысушы – Мақұлбекова
Жұлдыз
7-ші қатысушы – Ағабекова
Жанерке
8-ші қатысушы- Мамыр
Мадина
9-шы қатысушы – Қойшыбай
Сымбат
- Оқушылардың өздерін таныстыруы
I кезең «Дода»
сайысы
I кезеңнің шарты бұл сұрақтарға жылдам жауап
беру. Сұрақтар барлық оқушыларға жалпылама
беріледі.
1. Қазақстан Республикасы қарулы күштері
негізгі 3 топқа бөлінеді. Төменде аталған жауаптардың қайсысы дұрыс
болып табылады?
|
А)
|
Халық
жасағы.
Әуе қорғанысы
күштері.
ҰҚК мен
Полиция.
|
В)
|
Құрлық
күштері.
Ғарыш қорғанысы күштері. Халықтық-майдан
күштері.
|
С)
|
Құрлық
күштері.
Әуе қорғанысы күштері. Әскери-теңіз
күштері.
|
D)
|
Ракетаға қарсы
күштері.
Әуе қорғанысы
күштері.
Су асты қорғанысы
күштері.
|
2. Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Одағының
Батыры атағын үш Қазақстандық әйел азаматтар алған. Олар: Әлия
Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова . . . . . . . . . үшіншісін
атаңыз
|
А)
|
Хиуаз
Доспанова
|
В)
|
Майра
Шамсутдинова
|
С)
|
Күләш
Байсейітова
|
D)
|
Роза
Бағланова
|
3. Үстіміздегі жылы 150 жылдық мерейтойы
аталынып жатқан «Алаш ардақтысын»
ата
|
А)
|
Сәкен
Сейфуллин
|
В)
|
Әлихан
Бөкейханов
|
С)
|
Дінмұхамед
Қонаев
|
D)
|
Әліби
Жангелдин
|
4. ХVІІІ қазақ хандығының басты жауы болған
хандық
|
А)
|
Тұрфан
хандығы
|
В)
|
Жоңғар
хандығы
|
С)
|
Қоқан
хандығы
|
D)
|
Хиуа
хандығы
|
5. Әйгілі 300 Спарталықтардың ерлігі іспеттес
ерлік үлгісін көрсеткен Жәңгір хан басқарған шайқас осылай
аталады
|
А)
|
Атлах
шайқасы
|
В)
|
Аңырақай
шайқасы
|
С)
|
Орбұлақ
шайқасы
|
D)
|
Кекілік
Сеңгір шайқасы
|
6. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ
БАС ҚОЛБАСШЫСЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ
|
А)
|
Иманғали
Тасмағамбетов
|
В)
|
Нұрсұлтан
Назарбаев
|
С)
|
Қасымжомарт
Тоқаев
|
D)
|
Бердібек
Сапарбаев
|
7. Қазақстан Республикасының Рәмізі іспеттес
«Тәуелсіздік монументі» қай қалада
орналасқан?
|
А)
|
Астана
|
В)
|
Ақтөбе
|
С)
|
Қарағанды
|
D)
|
Алматы
|
8. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің
құрамында қандай шен
қолданылмайды?
|
А)
|
Лейтенант
|
В)
|
Майор
|
С)
|
Капрал
|
D)
|
Подполковник
|
9. Қазақтан шыққан тұңғыш генералды
ата
|
А)
|
Сабыр
Рақымов
|
В)
|
Бауыржан
Момышұлы
|
С)
|
Талғат
Бигелдинов
|
D)
|
Рақымжан
Қошқарбаев
|
10. 2003 жылдан бастап әр үш жыл сайын
Елордамызда өткізіліп келе жатқан жиналыс осылай
аталады
|
А)
|
Ислам
конференциясы
|
В)
|
Шынхай
Ынтымақтастығы Ұйымы
жиналысы
|
С)
|
Әлемдік
және дәстүрлі дін басшыларының
съезі
|
D)
|
ТМД ел
басшыларының жиналысы
|
11. 2017 жылы Астана қаласында «Астана EXPO
2017» көрмесі өтеді. Ал Алматы қаласында қандай іс-шара өткізу
жоспарланған?
|
А)
|
Алматы 2017
қысқы универсиадасы
|
В)
|
Алматы 2017
оқушылар сурет байқауы
|
С)
|
Алматы 2017
сауықтыру іс-шарасы
|
D)
|
Алматы 2017
қалалық жиыны
|
12. ҚаҺарман партизанды
атаңыз
|
А)
|
Таир
Жароков
|
В)
|
Әбу
Сәрсенбаев
|
С)
|
Тахир
Ықсанов
|
D)
|
Қасым
Қайсенов
|
13. «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген
құл болмайды» қанатты сөзінің авторын
көрсетіңіз
|
А)
|
Баубек
Бұлқышев
|
В)
|
Әл
Фараби
|
С)
|
Ықылас
Дүкенұлы
|
D)
|
Бауыржан
Момышұлы
|
14. АҚШ-та Ақ үй, Мәскеуде Кремль, Германияда
Рейхстаг. Ал Қазақстанда . . .
.
|
А)
|
Ақ
Орда
|
В)
|
Көк
Орда
|
С)
|
Алтын
Орда
|
D)
|
Сарай
орда
|
15. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін
алғаш мойындаған ел
|
А)
|
Ресей
|
В)
|
АҚШ
|
С)
|
Түркия
|
D)
|
Жапония
|
II кезең. «Бәйге»
сайысы
Қарап тұрмай бәйгеге
кіріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім
беріңіз,
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
шығарар
Бәйге, бәйге, бәйге жарысын
көріңіз.
Келесі кезеңге өткен
оқушылардың қайсысының алғаш болып жарысты бастайтындығын анықтау
үшін төмендегі тапсырмадан сөз құрау беріледі. Алғаш болып кілт
сөзді тапқан оқушы жарысты бастайды. Берілетін уақыт 2
минут.
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
А, Я,
О
|
С, Ы,
Ш
|
Ч, Х,
Н
|
Т, Е,
З
|
К, Ж,
Э
|
|
|
|
|
|
6
|
7
|
8
|
9
|
0
|
Р, В,
П
|
Ф, Г,
Ю
|
Д, Ә,
Б
|
Л, Й,
М
|
П, Ы,
Ш
|
Тапсырма: 8 – 2 – 5 – 4 -
6
Кілт сөз:
«ӘСКЕР»
4 ұяшықта тапсырма берілген. 10 сұрақтан
қойылады.
Атақты шайқастар немесе
соғыстар
|
Мәдениет және
спорт
|
Тұлғалар
|
Жалпы
сұрақтар
|
Жалпы
сұрақтар
1. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда
қандай мағына
береді? Жаңа
күн
2. Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы
кім? Н. Ә.
Назарбаев
3. «Жеті Жарғы» заңдары қай ханның тұсында
қабылданды? Тәуке
хан
4. Елбасы басқаратын саяси
партия: Нұр
Отан
5.
Суретті
сұрақ. (Қазақстан жеріндегі
кесенелер)14-15 ғасырлар аралағында Әмір Темірдің
бұйрығымен салынған сәулет өнерінің тамаша бір үлгісі. Кесене –
ислам дінінің көрнекті өкілі әрі уағыздаушы, әрі ақын кісіге арнап
салынған. Қожа Ахмет
Ясауи
6. Елбасының беделінің
арқасында еліміз 2010 жылы қандай белді ұйымға басшылық
етті ЕҚЫҰ
(ОБСЕ)
7. Тәуелсіз еліміздің тарихында тұңғыш рет
Байқоңырдан ғарышқа ұшқан қазақ батыры
кім? Т. О.
Әубәкіров
8. Астана қаласының бейресми символына
айналған ғимарат. Бәйтерек
9. “Қой үстіне бозторғай
жұмыртқалаған заман” тіркесінің мағынасын
айт? (Тыныштық
заман)
10. 2012
жылы жазғы олимпиада қай қалада өтті?-Лондон
Атақты
шайқастар
1. 751 жылғы арабтар мен
қарлұқтардың Қазақстан жерінен қытайларды біржола қууға себеп
болған шайқас қалай аталады?
Атлах
шайқасы
2. Бауыржан Момышұлының есімі
осы қала түбіндегі шайқаста әлемге
танылды. Мәскеу үшін
шайқас
3. 1730 жылы жоңғарлар осы
шайқаста ойсырай жеңілді. Аңырақай
шайқасы
4. Жәңгір ханның 600 әскермен
50 мыңдық жоңғар қолын тоқтатқан шайқас қалай
аталады? Орбұлақ
шайқасы
5. Екінші дүниежүзілік
соғыстың бір бөлігі болып табылатын соғыс қалай
аталады? Ұлы отан
соғысы
6. Суретті
сұрақ. (Қазақ халқының қару
жарақтары) Сізге берілген суреттердің
барлығы да соғыстың негізгі қарулары. Қазақта соғыс алдын жекпе-жек
сұрайтын дәстүр бар. Осы суреттердің қайсысында жекпе-жектің басты
қаруы бейнеленген. Найза
7. 900 күн бойы блокадада
қалған қала үшін шайқасты атаңыз.
Ленинград үшін
шайқасы
8. 1979-1989 жылдары КСРО
әскері осы елдің ішкі ісіне араласып соғыс
жүргізді. Ауған
соғысы
9. 1918-1920 жылдары болып
өткен Ресей және Қазақстандағы соғыстың
атауы. Азамат
соғысы
10. 60 млн-нан аса адамның
өмірін қиып кеткен соғыс. Екінші дүниежүзілік
соғыс
Тұлғалар
1. «Алашым деп өткен асыл
азамат». «Алаш» партиясының төрағасы:
Ә.Бөкейханов
2. «Қазақстанның тарихында
қазақ ұялатын ешнәрсе жоқ» қанатты сөзінің
авторы: Н.Назарбаев
3. Қазақстанды 1960-1986
жылдары басқарған тұлға: Д.Қонаев
4. Желтоқсан оқиғасына
қатысқандарды қорғаған. Қазақ тілінің
жанашыры: М.Шаханов
5. «Отбасымыздан майданға
жіберетін ешкім жоқ. Ағам да, апам да жоқ. Сондықтан майданға
өзімді жіберуіңізді сұранамын». Өзін майданға жіберуін өтінген
қазақ қызының есімі кім еді.
М.Мәметова
6. «Тәрбиесіз берілген білім –
адамзаттың қас жауы». Тарихта осы сөзді қалдырған тұлғаны
атаңыз. Әл
Фараби
7. Жау қоршауында қалған
Ленинградтықтарды «Ленинградтық өренім» атты өлеңімен қуаттандырған
жыр алыбы: Жамбыл
Жабаев
8. Суретті
сұрақ. (Қазақ
батырлары) Бұл кісі ақ найзасымен әрі асқақ жырымен де
халықтың азаттығы үшін күресті. Оның асқан дарындылығына қалың
жұртшылық бас иді. Ол кісі от ауызды сөз шеберлігімен қатар өзінің
домбырашы –күйшілігі, батырлығы, ақындығы мен даналығы арқасында ел
арасында даңққа бөленді. Ол орыс, татар және араб тілдерін жақсы
меңгере білген. Махамбет
Өтемісұлы
9. Қазақ елінің үшінші
ғарышкері. Айдын
Айымбетов
10. Желмаямен жер жәннатын
іздеген, қазақ бақытты ғұмыр кешсе деп алаңдаған
тұлға. Асан
Қайғы
Мәдениет және
спорт
1. 1925 жылы Париж қаласында
ән салып, ерекше даусымен әлемді тамсандырған қазақ
әншісі: Әміре
Қашаубаев
2. Поэмадан үзінді. Авторын
атаңыз.
Арқаның кербез сұлу
Көкшетауы
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
Жан-жақтан ертелі кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен-сауын.
Сексен көл Көкшетаудың саясында.
Әрқайсы алтын кесе аясында,
Ауасы дертке дауа, жұпар иісі―
Көкірек қанша жұтса, тоясың ба?
Ырғалған көкке бойлап қарағайы,
Қасында көк желекті аппақ қайың.
Жібектей желмен шарпып төңіректі
Балқытып мыс қылады иіс майы. Сәкен
Сейфуллин
3. Олимпиадалық ойындар
маусымдық түріне байланысты екіге бөлінеді. Атап
беріңіз. Жазғы және
қысқы
4. «Артымызда Москва», «Ұшқан
ұя» сынды еңбектері бар Батыр әрі
жазушы. Бауыржан
Момышұлы
5. 2011 жылы Қазақстан
Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне Астана қаласында
ашылған ғимарат.
«Мәңгілік ел»
қақпасы
6. «Қазақ даласының Батыры» атағын иемденген
күрескер-палуан: Қажымұқан
7. 1 – 3 – 4 - 3 бұл сандардың реттілігін
спорттың қай түрінде кездестіруге
болады. Футбол. 1 қақпашы, 3 қорғаушы, 4 жартылай
қорғаушы, 3 шабуылшы
8. Қазақстан Республикасы «Асыл Мұра»
бағдарламасы негізінде Моңғолиядан алдырған мәдени
ескерткіш. Күлтегін ескерткішінің
көшірмесі
9. 7 алтын, 1 күміс, 5 қола. Қазақстан
осыншама медальдар жиынтығын қай олимпиадада алып әлемді таң
қалдырды? Лондон
олимпиадасы
10. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың балалық
шағы туралы түсірілген фильм.
Балалық шағымның
аспаны
Осымен біздің сайысымыздың екінші кезеңі де
аяқталды. Құрметті сайыскерлер, бүгінгі додада барлықтарың
Еліміздің болашақтағы білімді, өнегелі азаматы болатындарыңды
дәлелдедіңдер. Келешекте сендерге шығармашылық табыс пен сәттілік
тілейміз!
Қазылар алқасына сөз
беріледі.
ІІ кезеңге қатысқан оқушылардың арасынан
көшбасшы анықталады - ол ұпайы ең жоғары сайыскер. Барлық қатысқан
оқушылар белсенді қатысқаны үшін мадақтамамен
марапатталады.