Материалдар / Семинар сабақ: «Жол ережесін сақтау – қауіпсіздік кепілі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Семинар сабақ: «Жол ережесін сақтау – қауіпсіздік кепілі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің сақтау, ойлау, суреттеу дағдыларын дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қазан 2023
439
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Семинар сабақтың тақырыбы:

 «Жол ережесін сақтау – қауіпсіздік кепілі»

Дайындаған педагог: Альметов Хамза Туламатович

Курс, оқу жылы, топтар: І, 2022-2023ж, І курстар.

Сабақтың түрі: Семинар

Мақсаты мен міндеттері:

- Студенттерді жолда жүру ережесімен таныстыру, осы «Жолда жүру ережесін сақтайық» атты тақырып бойынша бейнелеу әдісін түсіндіру, бағыт беру. Оқыған материалдың өмірдегі құндылығын бағалай білуге тәрбиелеу.
-Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің сақтау, ойлау, суреттеу дағдыларын дамыту.
- Студенттерді көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға, жұмыс кезінде таза, тиянақты жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және кәсіби дағдыларының тізбесі: Жол жүрісіне қатысушысын жалпы міндеттері, олардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапкершілігі; жолдардың негізгі құрылыстары мен құрылғылары; Жол жүрісі қағидалары; Бағдаршам және реттеуші дабылдарының рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелері;

Қажетті ресурстар: Компьютер, проектор, слайдтар.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

А) Оқушылармен амандасу.

Ә) кабинеттің тазалығын тексеру, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай оқушылардың отырғандықтарын қадағалау, сабаққа даярлықты тексеру, тақта тазалығы, жоқ оқушыларды белгілеу.

Б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.


Психологиялық кезең (оқушылардың назарларын жинақтау ) Бос орынны толтыр? Тек ол 6 емес.



1

3

5

2

4



ІІ. Семинар сабақты түсіндіру

Семинар жоспары:

А) Жаяу жүргіншілермен велосипед жүргізушілері міндеті

Б) Бағдаршам және реттеуші сигналдарына сәйкес жаяу жүргіншілердің іс-әрекеті.

В) Пайдалы кеңес


Мұғалім: Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қауіпі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Міне, осы мақсатта бізбүгін «Жол ережесін сақтау – қауіпсіздік кепілі» атты жол ережелері туралы айтпақпыз.


А) Жаяу жургіншілермен велосипед жүргізушілері міндеті:(Шаумаров Ш)

  1. Жаяу жүргіншілер тротуармен немесе жаяу жүргіншілерге арналған жолдармен, ал олар болмаған кезде - жол жиегімен, сондай-ақ Қағидалардың 17-бөлімі 1 және 4-тармақтарының талаптарына сәйкес жүреді.

      Көлемі үлкен заттарды көтеріп немесе алып келе жатқан жаяу жүргіншілер, сондай-ақ қозғалтқышы жоқ мүгедектер арбасымен келе жатқан адамдар, егер олар тротуармен немесе жолды жағалай жүргенде басқа жаяу жүргіншілер үшін кедергі келтіретін болса, жолдың жүру бөлігінің жиегімен (бөлу жолақтары бар жолдарда - жолдың жүру бөлігінің сыртқы шетімен) жүре алады.

       Тротуарлар, жаяу жүргіншілерге арналған жол немесе жолдың жағалауы болмағанда, сондай-ақ олармен жүру мүмкін болмаған жағдайда, жаяу жүргіншілер велосипед жолымен немесе жолдың жүру бөлігінің шетімен (бөлу жолақтары бар жолдарда - жолдың жүру бөлігінің сыртқы шетімен) бір қатарда жүре алады.

Елді мекендерден тыс жерлерде жолдың жүру бөлігімен жүрген кезде жаяу жүргіншілер көлік құралдарының жүрісіне қарсы жүруі тиіс.

       Жолдың жүру бөлігінің шетімен қозғалтқышы жоқ мүгедектер арбасында келе жатқан, мотоцикл, мопед, велосипед жүргізуші адамдар көлік құралдары жүрісінің бағытында жолдың оң жағымен жүреді.

2. Ұйымдасқан ж аяу жүретін лектердің жолдың жүру бөлігімен жүру көлік құралдарының жүру бағытында оң жақпен, төрт адамнан аспайтын қатармен жүзеге асырылады. Лектің алдынан және артынан сол жағымен қызыл жалауша ұстаған, тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көріну жағдайында - алдында ақ түсті, артта қызыл түсті жағулы фонарьмен ілесіп жүрушілер жүреді.

3 . Жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлікті жаяу жүргіншілерге арналған, оның ішінде жерасты және жерүсті өткелдерімен, ал олар болмағанда көру шегінде — қиылыстарда тротуарлар және жол жиегі сызығы бойымен кесіп өтеді. Көру аймағында өткел немесе жол қиылысы болмағанда жолдың жүру бөлігінің шетіне тік бұрыштап, екі жақтан да жақсы көрінетін жерден жолды кесіп өтуге болады. Жолдың жүру бөлігін елді мекенде бөлу жолағы болған кезде, сондай-ақ жаяу жүргіншілер немесе жол қоршаулары орнатылған жерлерде жаяу жүргінші өткелдерінен тыс кесіп өтуге рұқсат етілмейді. 4. Жаяу жүргіншілер жүріс реттеліп тұратын жерлерде - реттеушінің сигналын немесе жаяу жүргіншілер бағдаршамын, ал ол болмағанда - көлік бағдаршамын басшылыққа алады.

5 . Реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінен жаяу жүргіншілер жолдың жүру бөлігіне жақындап қалған көлік құралымен арақашықтықты, оның жылдамдығын бағалап және кесіп өту олар үшін қауіпсіз екендігіне көз жеткізгеннен кейін шығады. Жолдың жүру бөлігін жаяу жүргінші өткелдерінен тыс жерлерде кесіп өткен кезде жаяу жүргіншілер, бұдан басқа көлік құралдары үшін кедергі келтірмейді және жақындап қалған көлік құралының жоқтығына көз жеткізбейінше тоқтап тұрған көлік құралының немесе көрінуді шектейтін өзге кедергінің тасасынан шықпайды.  




     



6. Жолдың жүру бөлігіне шыққаннан кейін жаяу жүргіншілер, егер бұл жүріс қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты болмаса, кідірмеуі немесе аялдамауы тиіс. Жолды кесіп өтуге үлгермеген жаяу жүргінші қарсы бағыттағы көлік легін бөлетін сызықта аялдайды. Әрі қарай жүру қауіпсіз екендігіне көз жеткізгеннен кейін бағдаршамның (реттеушінің) сигналын ескеріп, жолдан өтуді жалғастыруға болады.

7. Жарқылдайтын көк маягі мен арнайы дыбыс сигналы іске қосулы көлік құралы жақындаған кезде жаяу жүргіншілерге жолдың жүру бөлігін кесіп өтуге рұқсат етілмейді, ал жол үстіндегілер осы көлік құралдарына жол береді және мүмкіндігіне қарай жолдың жүру бөлігін босатады.

8. Маршруттық көлік құралы мен таксиді жолдың жүру бөлігіне қарағанда биіктеу тұрған отырғызу алаңдарында, ал олар жоқ болған жағдайда - тротуарда немесе жол жиегінде ғана тұрып күтуге рұқсат етіледі.

Велосипед және мопедті басқару

1. Мопедті басқару құқығы он алты жасқа толған адамдарға беріледі.

2. Велосипедшілер велосипед жолымен, велосипед жүретін жолақпен, ал олар болмаған кезде – жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен не жолдың жиектерімен, тротуармен немесе жаяу жүргіншілерге жүру үшін қауіп төндірмей жаяу жүргінші жолымен жүреді. Он төрт жасқа толмаған велосипедшілерге жүру бөлігінің оң жақ шетімен, маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен, жолдың жиектерімен жүруге жол берілмейді.

 7.14 тақтасы бар 4.5 белгісімен белгіленген велосипед жүретін жолағы бар жолдарда осы жолақпен мопедтен басқа, басқакөлік құралдарының жүруі жүзеге асырылмайды және аялдауына болмайды.

3. Велосипедшілер жолда бір қатармен жүреді.

  4. Мопедтер велосипед жолымен, велосипед жүретін жолақпен, ал олар болмаған кезде – жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен бір қатармен жүреді.

  5. Ат-арба көліктері (шаналар), жүк артылған, жегілген немесе мініс малдары шеткі оң жолақпен бір қатармен немесе егер бұл жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмесе, жолдың жиегімен жүреді.

 6. Велосипедшілер, ат-арба көліктері (шаналар), жүк артылған, жегілген немесе мініс малдар колонналары жолдың жүру бөлігімен жүрген кезде велосипедшілер, мініс және жүк артылған малдар он-оннан және арбалар (шаналар) бес-бестен топтарға бөлінуге тиіс. Басып озуды жеңілдету үшін топтардың арақашықтығы сексен – жүз метр болуға тиіс.

2. Видео көрініс

Б)Бағдаршам және реттеуші сигналдарына сәйкес жаяу жүргіншілердің іс-әрекеті.

Ж ол жүрісін реттеу үшін бағдаршамдар қолданылады.Егер бағдаршам сигналы жаяу жүргіншінің (велосипедтің) кескіні түрінде орындалса, онда күші тек жаяу жүргіншіге, (велосипедшілерге) ғана қолданылады. Бұл ретте жасыл сигнал жаяу жүргіншінің (велосипедшінің) жүруіне рұқсат береді, ал қызыл тыйым салады. Зағип жаяу жүргіншілерді жолдың жүру бөлігін кесіп өту мүмкіндігі туралы хабардар ету үшін бағдаршамдардың жарық сигналдары дыбыстық сигналмен толықтырылуы мүмкін.

Реттеушінің сигналдары

   Оның денесі мен қолдарының, оның ішінде мынадай мәндерді білдіретін таяқшамен жасаған қимылдары, реттеушінің сигналы болып табылады

В) Пайдалы кеңес:


  • тротуар немесе жол жиегі жағынан және көлік құралы толық тоқтағаннан кейін ғана отыруды және түсуді жүзеге асыруға міндетті.

Егер тротуар немесе жол жиегі жағынан отыру және түсу мүмкін болмаса, бұл қауіпсіз болатын және жол жүрісіне басқа да қатысушылар үшін кедергі келтірмейтін жағдайларда жолдың жүру бөлігі жағынан жүзеге асырылады.

-көлік құралы жүріп келе жатқанда оның есіктерін ашуға, сондай-ақ терезесінен және люгінен басын шығаруға тыйым салынады

  • Тұрғын аймақтарда жаяу жүргіншілер тротуармен де, сол сияқты жолдың жүру бөлігімен де жүреді. Тұрғын аймақтарда жаяу жүргіншілер артықшылыққа ие, алайда олар көлік құралдарының жүруіне негізсіз кедергі келтірмеуге тиіс.

  • пойыз көрінген бойда тоқтау сигналын беру


  • Бұл жол жүрісіне басқа қатысушыларға кедергі немесе қауіп келтірмейтініне көз жеткізбейінше, көлік құралының есіктерін ашуға, оларды ашық қалдыруға немесе жолдың жүру бөлігіне шығуға тыйым салынады










  • 12 жасқа дейінгі балаларды:
          мотоциклдің артқы орындығында, көлік құралының алдыңғы орындығында
    балаларды арнайы ұстау құрылғысы болмаған кезде тасымалдау










  • көлік құралының техникалық сипаттамасында көзделген санынан артық адам тасымалдауға тыйым салынады








  • Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға немесе зағиптарға қызмет көрсететін «Мүгедек» деген таным белгілері бар көлік құралдарының жүргізушілері елді мекендердегі аялдауға тыйым салатын жол белгілері қолданылатын аймақта көлік құралын тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарды немесе зағиптарды отырғызу немесе түсіру үшін тоқтатады.








  • Мотоцикл мен мопедтерде конструкцияда көзделген табан тірегіштердің, орындықтарында жолаушыларға арналған көлденең тұтқалардың болмауы


ІІІ. Семинарды қорытындылау:

Мұғалім: Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген адамдар жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Міне, осы мақсатта біз семинар сабағымызда «Жол ережесін сақтау – қауіпсіздік кепілі»атты жол ережелері жаңа улгісі мен таныстыру әрекет жасадық. Назар аударып тыңдағаныңызға рахмет!


Арнайы пән оқытушысы: Альметов Х.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!