400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Семинар сабақ "Ойлы болсаң, озып көр"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге сабақ өткізуге көп септігін тигізеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: математика

Мектеп:Тұрыш мектеп-балабақша кешені

Күні:22.02.2019

Мұғалімнің аты-жөні:Орынжанова Нұрлы

Сынып: 5 сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу

Сабақтың түрі

Сайыс сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Қойылған сұрақтарға дұрыс әрі нақты жауап беруге үйрету. Білімділікке, сауаттылыққа дағдыландыру, ойын ашық айтуға машықтандыру, қатесіз жаза білуге баулу.

Бағалау критеийлері

Сабақ мақсаты бойынша:тапсырмадағы негізгі ойды анықтай алады;

Тілдік міндеттер

менің ойымша..., мен бұл пікірмен келісемін / келіспеймін

АКТ-мен байланыс

интерактивтік тақта, слайд.

Құндылықтармен байланыс

достық, өзара көмек, жеке, жұптық, топтық жұмыс

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут


Қызығушылықты ояту
Сәлемдесу, сабаққа дайындық.Сабақ басындағы көңіл күйлерін саусақтары арқылы көрсетеді.Сабақтың мақсаттарын таныстыру.
Түрлі-түсті қағаз қиындылары арқылы топқа бөлемін.

1-топ: қызыл. Жай бөлшек
2-топ: жасыл. Ондық бөлшек
3-топ: сары. Аралас сан

Сабақтың ортасы

30 минут

Сайыс сабақ 5 бөлімнен тұрады.
1. Кім жылдам?
2. Сөзжұмбақ
3. Жұмбақтар
4. Оқулықпен жұмыс
5. Зымыран сұрақтар.
I. Кім жылдам?.
1. Ондық бөлшек дегеніміз не?
2. Ондық бөлшекті натурал санға қалай бөледі?
3.Егер ондық бөлшектің бүтін бөлігі бөлгіштен аз болса, қалай бөлінеді?
4. Ондық бөлшекті бөлу барысында қалдық қалса не істеу керек?
5. Берілген жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде қалай жазуға болады?
6. Ондық бөлшекті натурал санға қалай көбейтеді?
7. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке қалай көбейтеді?
8. Ондық бөлшектер қалай қосылады?
9. Ондық бөлшектер қалай азайтылады?
10. Ондық бөлшекке бөлу ережесін айтыңдар.

11. 1,5*3 неге тең?
12. 9,6:3 неге тең?
13. Ондық бөлшектер координаталық сәуледе қалай салыстырылады?
14. Ондық бөлшектерді разрядтары бойынша қалай салыстырады?
15. Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге қалай келтіреді?

1 6. Натурал сандарды бөлшекке бөлу қалай орындалады?
17. Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай қосады?
18. Бөлшектер қалай көбейтіледі?

II. Сөзжұмбақ









  1. Арифметикалық амал.

  2. Бір таңбалы сан.

  3. Екі таңбалы сан.

  4. Бір нүктеден шығатын екі сәуледен құрылған фигура.

  5. Математикалық тапсырма.

  6. Арифметикалық амал.




III. Жұмбақтар
1)Біз санбыз сызықпен бөлінген
Математиканы ұқпас адамға
Құбыжық боп көрінген,
Дұрыс, бұрыс, аралас,
Ондық болып бөлінген (бөлшек сан)

 2) Алды артымыз шексіз де
Жете алмайсың біздерге.
Сәуле менен кесінді
Шыққан тегін білсе де (түзу)

3)Күшіне сенген бір мықты
Жығып алып сегізді
Қайда барайын дегізді (шексіздік)

4) Аяғы жоқ жүреді,

Сылық-сылық күледі (су)

5)Аяғы біреу, қолы жоқ.

Шиыр-шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. (қалам)

6)Бес бұтақты ағашта
Бұтақ сайын бес алма
Біреуін бер алашқа
Қалады сонда қанша алма (24)

7)Жоқ өзінде баста, қаста, мойында
Ұзындығы жазулы бір бойында (сызғыш)

8)Он бір түйе, бес жылқы.
Екі сиыр, бес ешкі
Екі қоян үш түлкі
Таба алмайсың бос күлкі
(28)

9)Қозғалмастан бір елі,
Күні бойы жүреді. (сағат)

10)Бірдей санды бірнеше рет

Көбейтуден тұрады

Егер оны ықшамдасаң

Қандай атау болады? (дәреже)



IV. Оқулықпен жұмыс.
№919.
V. Зымыран сұрақтар.

I топ.
1.Санның бөлігі қалай табылады?
2. Бөлшекті қысқарту дегеніміз не?
3. Жай бөлшек дегеніміз не?
4. Бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыру үшін.......
5. Қандай бөлшекті қысқартылмайтын бөлшек деп атайды?


II топ.
1. Бөлігі бойынша сан қалай табылады?
2. Аралас сан дегеніміз?
3. 2 – ге қандай сандар бөлінеді?
4. Бөлшектерді қалай қысқартамыз?
5. Миллион санында неше нөл бар?
III топ.
1. Қандай бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады?
2. Қандай бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады?
3.Ең кіші ортақ еселікті қалай табамыз?
4. Құрама санның анықтамасы?
5. Бөлімдері бірдей бөлшектің қайсысы үлкен?








Бұл бөлімде үш топқа ортақ математика пәні бойынша 18 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.. Әр топ өз белгілерін көтеру арқылы сұраққа жауап береді. Қойылған сұраққа дұрыс жауап бермеген жағдайда келесі сұраққа жауап беру мүмкіндігінен айырылады.













Үш топқада ортақ бір сурет беріледі. Нақты әрі тез жауап берген топқа 2 ұпай беріледі. Жауап толық болмаса ұпай саны шегеріледі.























Жұмбақтарды шешімін дұрыс тауып, жауабын айту керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.




































Сабақтың соңы

Рефлексия

2 минут





Қорытындылау
2минут

Бағалау
1 минут


Қосымша ақпарат

Дифференциация

Бағалау

Пәнаралық байланыс



АКТ-мен байланыс:интерактивтік тақта
Құндылықтармен байланыс:
достық, өзара көмек

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?



Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1:


2:





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
260
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі