Материалдар / семинар сабақ Тақырыбы:"Төрт түліктің пайдасы"
Аттестацияға арналған Педагогтердің портфолиосын бағалау парағы
ДАЙЫН МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!
Жүктеп алу
МАТЕРИАЛДЫ ТЕГІН ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!

семинар сабақ Тақырыбы:"Төрт түліктің пайдасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: "Төрт түліктің атауларын атап,төлдерін ажырату.Төрт түлік туралы тақпақтар мен мақал- мәтелдер айту.Төрт түліктің пайдасын түсіндіру.Ұлттық ойындар ойнату арқылы балалардың бойына имандылық пен салт-дәстүрді сіңірумен қатар,сөздік қорларын молайту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Ақпан 2022
811
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы:Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Жаратылыстану

Тақырыбы: «Үй жануарларының пайдасы»

Мақсаты:Қыс мезгілінің ерекшеліктерін айту,үй жануарлары мен

таныстыру, төлдерін ажырату,төрт түлік туралы тақпақтар,мақал-мәтелдер

айту,төрт түліктің пайдасы туралы түсіндіру,ұлттық ойындар ойнату арқылы

балалардың бойына имандылық пен салт-дәстүрді сіңірумен қатар,сөздік

қорларын молайту.

Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты!

Алтын сәуле таратты.

Армысыздар, достарым!

Армысыздар, қонақтар!

Сәлем, сәлем, сәлем!!!

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар

-Қазір жылдың қай мезгілі?

Медина: қазір жылдың қыс мезгілі

Тәрбиеші:Қыс мезгілінде неше ай бар, оларды атап берші?

Медина:қыс мезгілінде 3-ай бар,желтоқсан,қаңтар,ақпан.

Тәрбиеші:Жарайсың Медина,өте жақсы

Тәрбиеші:Қыс мезгілінде ауа райы салқын болады,қар жиі жауады,мұз

қатады,қырау түседі,аяз терезелерге суреттер салады.Қыс мезгілінде балалар

шаңғы теуіп , қардан аққала жасап ойнайды.

Осы кезде даладан ұшып келіп қонған,бір заттың дыбысы естіледі.

Тәрбиеші:Балалар мынау ненің дыбысы деп таң қалады!

Робот:Сәлеметсіздер,ме? мен қайдамын? сендер кімсіңдер?

Тәрбиеші:Сен балабақшадасың,мыналар балалар, сен өзің кімсің?

Робот: Мен Роботпын,мен адасып кеттім,жолда келе жатып,мына суреттерді

тауып алдым,мынау ненің суреттері екенін білмеймін.

Сендер маған көмектесіңдер,ме?

Тәрбиеші:Балалар Роботқа көмектесемізбе?

Балалар:Ия,роботқа көмектесеміз.

Тәрбиеші:Балалар мынау ненің суреттері кім айтып береді?

Балауса кел,Роботқа мынау ненің суреттері екенін айтып бер.

Балауса:Мынау Түйе,Сиыр,Жылқы,қой,ешкі

Тәрбиеші:Жарайсың,Балауса өте жақсы.Оларды бір сөзбен төрт түлік деп

атаймыз.Қазақ халқы үй жануарларының иесі бар деп есептеген.

Түйе атасы-Ойсыл Қара

Сиыр атасы-Зеңгі баба

Жылқы атасы-Қамбар ата

Ешкі атасы-Сексек ата

Қой атасы-Шопан

Тәрбиеші:Балалар төр түліктің қалай дыбыстайтынын білеміз,бе?

Балалар:Ия,білеміз

Тәрбиеші:Мынау ненің дыбысы?

Балалар:Түйенің дыбысы

Тәрбиеші: Дұрыс,өте жақсы жарайсыңдар балалар,қане өзіміз айтып

көрейікші.Түйе қалай дыбыстайды екен?

Балалар:Түйе боздайды,бө,бө,бө

Тәрбиеші:Жарайсыңдар,балалар

Мынау ненің дыбысы?

Балалар:Сиырдың дыбысы

Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар,қане өзіміз айтып көрейікші,сиыр қалай

дыбыстайды екен?

Балалар:сиыр мөңірейді,мө,мө,мө,мө

Тәрбиеші:Жарайсыңдар, балалар өте жақсы

Тәрбиеші: Мынау ненің дыбысы?

Балалар:Жылқының дыбысы

Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар,қане өзіміз айтып көрейікші жылқы қалай

дыбыстайды екен?

Балалар:Жылқы кісінейді,ио,ио,ио,ио

Тәрбиеші:Жарайсыңдар,балалар өте жақсы

Тәрбиеші:Мынау ненің дыбысы?

Балалар:қойдың мен ешкінің дыбысы

Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар,қане өзіміз айтып көрейікші қой мен ешкі қалай

дыбыстайды екен?

Балалар:қой мен ешкі маңырайды,Мә,мә,мә,мә

Тәрбиеші:Жарайсыңдар,балалар өте жақсы

Енді балалар, осы төрт түлігіміздің төлдерін табайық!

Д/о: «Төлдерін тап»

М/Ы:Балалардың ойлау қабілеттерін арттыру.

Шарты:әр бала алындағы дайын суреттерге қарап, төлдерін тауып

орналастырады.

Тәрбиеші: Өте, жақсы жарайсыңдар балалар.

Енді, балалар роботқа осы төрт түлік туралы тақпақтар айтып берейік.

  1. Түйе : Алихан,Айбар

  2. Сиыр:Медина

  3. Жылқы: Аяна

  4. Қой: Ақбота

  5. Ешкі: Балауса

Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар! Енді төрт-түлігіміз туралы мақал-мәтел кім біледі?

Айсұлтан- Мал өсірсең,қой өсі,пайдасы оның көл көсір.

Айзере- Бір биеден ала да,құла да туады.

Амира- Құнан атқа жеткізер,ат мұратқа жеткізер.

Берекет- Өгізге туған күн,бұзауға да туады.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар,өте жақсы.

Енді,төрт түліктің пайдасы туралы айтып берейін: Төрт-түліктің пайдасы өте

көп.Етінен әртүрлі азықтар жасаймыз,Қазы-қарта,жал-жая,қуырдақ,т.б

Ал,сүтінен көптеген сусындар жасаймыз.Қымыз,шұбат,айран,сүтін

ішеміз,жүнінен киіз басқан,орамал,шұлық,қолғап,мойын орағыш,бас киім

тоқыған.

Тәрбиеші:Ал,енді балалар біз төрт түліктің сүтінен құрт жасаймыз.

Балалар: Ермексаздан құрт жасайды.

Тәрбиеші: Балалар,шаршаған боларсыңдар,бір серігіп алайық.

Сергіту сәті

Мақсаты:Балаларды жылдамдыққа,шапшаңдылыққа,достыққа тәрбиелеу.

Шарты:Дорбағы асықтарды жерге шашу,балалар түстеріне қарай ыдыстарға

салады.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар.

Тәрбиеші:Ертеде заманда әжелеріміз ауылда түйе мен қойдың жүнінен киіз

басқан.Жүнді жуып,кептіріп алған.Жүнді әр түрлі түске бояп алып.киіздің

бетінен ою-өрнектер салған.Біз әжелерімізден үлгі алып,бүгін киізді

әшекейлейтін боламыз.

Қыздар:алдарында тұрған дайын киізге ою-өрнектер салып,әшекейлейді.

М/Ы: Шеше көрген тон пішер дегендей, қыздардың бойына ұлттық

құндылықтарды сіңіре отырып,тәрбиелеу.

Ұлдар қыздармызға жұмыстарын болғанша ұлттық ойындар ойнайды.

Ұ/О: «Бұқа тартыс»

Шарты:екі ұл бала ортаға шығып,арқанды екеуі екі жақа қарай тартады.

Кім өз жағына қарай арқанда тартып кетсе,сол бала жеңіске жетеді.

М/Ы:Балаларды күштілікке,шапшаңдылыққа,ептілікке тәрбиелеу.

«Ұ/О: Асықтарды түстеріне қарай ажырату»

Шарты:ортаға екі бала шығып,дайын тұрған ыдыстарға,асықтарды түстеріне

қарай ажыратып салады.Кім асықты түстеріне қарай дұрыс жинаса және

жылдам жинап бітірсе,сол бала жеңіске жетеді.

М/Ы:Балаларды жылдамдылыққа,шапшаңдылыққа тәрбиелеу.Балалардың

ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиеші:жарайсыңдар,балалар ойын ұнадыма?

Балалар:Ия,ұнады.

Тәрбиеші:Қыздармызда жұмыстарын бітіріпті,жарайсыңдар, өте жақсы.

Қандай керемет,қыздармыз киізді өте әдемі қылып әшекейлепті.

Робот: Балалар,менің кететін уақытым болды,достарым мені күтіп қалған

болар.Балалар сендер өте білімді,алғыр екенсіңдер.Менің сыйлығым

бар,сендерге жұлдызша алып келдім.

Робот:балаларға сыйлығын береді.

Тәрбиеші: Балалар,Роботқа рахмет айтып шығарып салайық.

Балалар: Рахмет,сізге Робот сау болыңыз!

Тәрбиеші:Робот өз планетаңызға барып,біздің осы төрт

түлігіміз туралы,олардың пайдасы туралы айтып беріңізші.

Тәрбиеші: Мына суреттерді сыйлыққа ала кетіңіз.Рахмет,сау болыңыз!

Робот:рахмет,сау болыңыздар!

Қорытынды:

Тәрбиеші:Балалар бізге кім қонаққа келді?

Балалар: Робот қонаққа келді

Тәрбиеші:Біз қандай жануарлармен таныстық?

Балалар:Біз үй жануарымен таныстық

Тәрбиеші:Робот қолына не ұстап келді?

Балалар:Робот қолына үй жануарларының суреттерін ұстап келді.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар,балалар бүгінгі оқу қызметі сіздерге ұнады,ма?

Балалар: Ия,ұнады.

Тәрбиеші:Балалар бүгінгі ашық оқу қызметіне өте жақсы

қатыстыңдар,рақмет сіздерге, келген қонақтармен қоштасайық!

Балалар:Сау болыңыздар!

Тәрбиеші:Сау болыңыздар!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!