Семинар сабақ: "Ұлы физик Никола Тесланың туылғанына (1856-1943)» 170 жыл.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Семинар сабақ: "Ұлы физик Никола Тесланың туылғанына (1856-1943)» 170 жыл.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы физик Никола Тесланың туылғанына (1856-1943)» 170 жыл толуына байланысты материалдар
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ



«Шымкент аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК


Shape1



Тақырыбы: «Ұлы физик Никола Тесланың туылғанына (1856-1943)» 170 жыл.

















Оқытушылар: А.Кулметов

С.Хажиметов







Шымкент 2025 ж

Семинар сабақ: Ұлы физик Никола Тесланың туылғанына (1856-1943)» 170 жыл.

Семинар сабақтың мақсаты мен міндеттері:

Білімділік мақсаты: Ұлы физик Никола Тесланың өмірі мен таныстыра отырып, студенттерге білімнің адам өміріндегі маңыздылығы мен мәнісі туралы мағлұмат беру, білімсіз адамның өмірі мен күнкөрісі қараңғыда мәнсіз және сәнсіз екендігі туралы айтып түсіндіру.

Тәрбиелік мақсаты: Елін-жерін, тілін сүюге, бағалауға, қадірлеуге және білімге құштарлыққа тәрбиелеу, өзгелердің пікіріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Дамыту мақсаты: Оқушылардың танымын кеңейту, шығармашылық қабілеттерін ұштау.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, сұрақ-жауап,

Көрнекіліктер: Нақыл сөздер жазылған таратпалар, слайдтар.

Ұлы физик Никола Тесланың туылғанына (1856-1943)» 170 жыл.

Оны әлемнің патшасы, найзағайды бағындырушы және тіпті ең биік сананың иесі деп атайтын. Оның есімі әрбір саналы мектеп оқушысына мәлім, алайда ғалымның өзінің және зертханасының бірқатар суреттері сақталғанын көбі біле бермейді.

Бұған қоса, оның жартылай аңыз тұлғасының төңірегінде көптеген қауесет, аңыз бен әзіл әңгіме жүр.

1) Никола Тесла 1856 жылы шілденің 9-нан 10-на қараған түні қатты найзағай болғанда туылған. Отбасылық наным-сенімге байланысты, босандырып алған кіндік шеше найзағайды жамандыққа болжаған. Ол шақалақ қара түнектің баласы болатынын айтады, бірақ анасы оған қарсы шығып: «Жоқ, ол күн сәулесінің баласы болады» дейді.


2 ) Тесланың биографы Бернард Карлсонның айтуынша, ғалым тамаша интеллектке ие болса да, идеяларды іске асыруға жоқ еді. Трансатлантикалық радионы жасап шығаруға байланысты жарыс кезінде, Тесла өзінің демеушісі мен іскерлік серігі Дж.П. Морганға лезде байланыс жасаудың жаңа тәсілін баяндайды. Оның мәні, биржадағы баға белгілеулер мен телеграммалар оның зертханасына қайта бағытталады да, ал ол болса оларды кодтап, әрқайсына жаңа желі тағайындап отырады. Кейін, Тесланың түсіндіруі бойынша, хабарламалар бір қолға сиятын құрылғыға таратылады. Басқаша айтқанда, ол мобильді байланыс пен Интернеттің нобайын келтірген. «Ол ақпаратты жеке адамға жіберу жайлы бірінші болып ойлаған», — деп жазады Карлсон. Сонымен қатар Тесла радиолокатор, рентген, сәулелік қару мен радиоастрономия жайлы идеяларды ойлап тапқанымен, іске асырмаған.









3) Эксцентрик Тесла жайлы көп таралған аңыздың бірінде, ол өзінің манхэттендік зертханасында жер сілкіндіретін машина құрастырған делінеді. Ол ғалымның бір сынағында бүкіл бір ауданды қирата жаздаған. Негізінде, Тесланың құрылғысы жер сілкіндіретін машина емес, жоғары жиілікті механикалық осциллятор болған. Платформаның астында орналасқан поршень, оны қатты дірілдеткен.Бірде Тесла зертханасына Марк Твенді шақырады. Теслаға джентельмен клубынан таныс жазушының ас қорыту проблемаларынан зардап шеккені бәріне мәлім. Ғалым Твенге механикалық осциллятордың жұмысын сынап көруді ұсынады. Шамамен бір жарым минуттан кейін Твен платформадан секіріп түсіп, дәретханаға қарай жүгіреді.

4) Тесла інжу тасты жек көретін. Тіпті інжу таққан әйелдермен сөйлесуден бас тартатын. Бірде ол інжу тасы бар әшекей тағып келген хатшы қызын үйіне жібере салған. Мұндай индиосинкризияның нақты себебі неден екенін ешкім білмейді, бірақ Тесла нағыз эстет еді және өзіне тән стильге ие болатын. Ол адам табысты болу үшін жетістікке жеткен адам секілді жүруі керек дегенге сенген. Әр кеш сайын ол кешкі асқа ақ перчаткада шығатын және костюмының сәнділігімен мақтанатын. Карлсон Тесланың әрбір суреті оның жағымды қасиеттерін көрсетуі міндетті болғанын айтады.

5) Тесланың кітаптарды, суреттерді есте жақсы сақтайтын қасиетімен және жаңа өнертабыстарды миында сақтап жүре алатынымен танымал болған. Сонымен қатар, оның нысандарды бір көргенде оны толықтай елестете алатын қасиеті болған, бұл қасиеті арқылы ол нысандарды үш өлшемде көз алдына әкеле алатын. Бұл қабілеті оны бала кезінен қинап келе жатқан үрейлі түстерін бақылауға алуға көмектесті.

















Ұлы физик Никола Тесланың туылғанына (1856-1943

1 70 жыл.




















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.10.2025
17
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі