15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Семинар .Тақырыбы: «Ағылшын тілін мамандыққа байланыстырып оқыту»
Тақырыбы: «Ағылшын тілін мамандыққа байланыстырып оқыту»
Сабақтың мақсаты: Елбасы Жолдауында кез келген мектеп оқушысының жоғары деңгейде шет тілін оқып-үйренуіне жағдай жасалуын жолға қою міндеті атап көрсетілген. Сол себепті Қазақстан Республикасындағы ең бірінші кезекте тұрған тіл саясаты туралы басты мәселе мемлекеттік тілді еркін меңгерту, шет тілін оқытудың сапасын халықаралық стандартқа сай көтеру болып табылады. Сондықтан ағылшын тілін оқытуда мамандыққа байланыстырып оқытуды, пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруында, оқушының тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектесуін түсіндіру.
Сабақтың өтілу әдісі:интеллектуалды сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі:компьютер, интерактив тақта.
Сабақтың барысы:Қоғамның бүгінгі басты бағыттарының бірі- білім беру үрдісін ақпараттандыру. Бұл бағыт жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып оқу -тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі-білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын еңгізу, бүкіләлемдік коммуникация желісіне шығу. Білім беруді компьютерлендірудің қажеттілігі біріншіден, студентті қоғам сұранысына сай өзінің өмірлік іс-әректінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дамыған дара тұлғаны тәрбиелеу, екіншіден, студенттің шығармашылық қабілетін дамыта отырып, компьютерді жекелеген пәндерде оқыту құралы ретінде пайдалану.Компьютерлік оқыту құралы ретінде пайдалану. Компьютерлік оқыту студентке жаттығу жұмыстарын орындауда өз бетімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жұмыстар түрлері де әртүрлі болуы мүмкін:-мәтінмен жұмыс (мағлұмат алу, еркін оқып түсіну)-сұрақ-жауап-грамматикадан білімін шыңдау т.б.Мысалы: ағылшын тілі сабағында арнайы электронды әдістемелік құралдың құрылымы негізгі тараулармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Әрбір тараудун мәліметтерді жеңіл және шұғыл таба алады:- тақырыпқа байланысты мәтіндер- тақырыпқа қатысты суреттер мен сызбалар және компьютерлік анимация элементтері- сөздік қорды толықтыруға жаттығулар- грамматикалық тестерБұл оқулықтармен студенттер белсенді жек жұмыс атқарады. Оқытушылар олардың өздік жұмысына бағыт беріп, оны бақылаушы, технологиялық ақпаратты басқарушы болады да, студент белсенділігі артады. Уақытты пайдалану да тиімді.Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың тиімді түрі интерактивті тақта. Интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу материалдар-презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер-сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді.Шетел тілін оқытудың басты мақсаты - оқытушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті қажетті жағдайда ауызша және жазбаша (сөз, тыңдап түсіну, оқу, жазу) өзара мәдени қарым-қатынас процессінде қолдана алу қабілеттілігімен дайындығын қалыптастыруды қамтамсыз ететін тілдік. Ағылшын тілі - бүгінгі заманымыздың кілті, компьютер технологиясының кілті екені белгілі. Ағылшын тілі - ұлы әдебиет тілі. Бұл тілде әлемге әйгілі Вильям Шекспир, Джонаттан Свифт, Вальтер Скотт сөйлеген. Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек. Біздің мемлекетімізде жаңа телекоммуникациялық құралдың дамып келе жатқаны сөзсіз. Қазіргі заман педагогтарына компьютер және мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ өту барсында өте тиімді тәсіл екені белгілі. Бұл құралдың қуаттылығы соншалықты онымен бірге білім жүйесіне жаңа әдістермен бірге әлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы (шығармашылығы) енгізілді. Ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді. Қазіргі кезде ағылшын тілімен компьютер, телекоммуникациялық құралдарды меңгеруді уақыттың өзі талап етеді, тіпті кейінгі жылдары олардың рөлі арта түсуде. Компьютерлік оқыту бағдарламаларының қай қайсы болмасын өз мазмұнынан грамматикалық жұмыс жүргізуді тыс қалдырмайды, белгілі бір грамматикалық құрылымның жұмыстарын қамтиды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген