Материалдар / Семинар тақырыбы: "Бақытың өз қолыңда"

Семинар тақырыбы: "Бақытың өз қолыңда"

Материал туралы қысқаша түсінік
Семинар тақырыбы: "Бақытың өз қолыңда"
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Семинардың тақырыбы: Бақытың өз қолыңда!

Семинардың мақсаты:

Адам баласына бақыт туралы түсініктерін қалыптастыру. Бақыт сырының түрлеріне тоқталу арқылы өз ойларын ашық айтуға үйрету.

Семинардың түрі: дөңгелек үстел

Қолданылатын әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру

Семинардың барысы:

Ұйымдастыру

Сәлематсіздер ме,құрметті әріптестер!

Тыныштық сәті «Адамгершілік гүлі»

  • Көзімізді ашып, сезімімізбен бөлісейік.

Бүгін сіздермен бірге «Бақытың өз қолыңда» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізгелі отырмыз. Бастамас бұрын сіздерге сұрақ «Бақыт» дегеніміз не ? (Әрқайсысы өз ойларын айтады)

Мұғалім сөзі: Бақыт деген –денсаулық. Бақыт деген- анасы бар отбасы. Бақыт деген-туған-туысқандардың аман болуы. Бақыт деген еліміздің,жеріміздің бейбітшілігі мен ынтымақтастығының бұзылмай, қаз қалпында сақталып қалуы. Шынайы бақыт біздің өмірімізде жабырқау мен қайғы-қасіреттің болмауында емес, қуаныш пен қанағатты сезіне біліп,өмірге шаттануда. Адам өмірде бақытты бола алады, болуы да керек, тек оны қатты аңсауы және бақыттың кейбір дана сырларын білу керек.

Сұрақтарға жауап беріп көрелік. / әңгімелесу/

Адам бақыт үшін жаралған” деген пікірмен келісесіздер ме ?

Адамның әрқашан бақытты болуы мүмкін бе ?

Жер бетіндегі барлық адамдарға ортақ бақыт болуы мүмкін бе ?

Әріптестер, бәріміз жан-жағымызға мұқият қарайықшы? Нелерді көріп тұрмыз.

Қарап болсақ көзімізді жұмып, көрген,байқаған заттарыңды атап шығайық. Міне әріптестер,өмірде де ,солай. Біздер көбіне жамандыққа көп көңіл бөлеміз де,жақсы нәрселерді байқамай қаламыз. Сондықтан өмірдің тек жақсы мен жарқын жақтарын іздеп, алға қойған мақсаттарымызға жетуіміз керек.

Бақытты жылдар, айлар, апталар, тіпті күндер қалтарысынан емес,әрбір сәттен іздеу керек. Біз өткенімізге көз жіберсек, бір күнгідей ғана болады. Егер тек жақсы және шаттыққа толы сәттерімізді еске түсірсек, өміріміз тамаша көркем –фильм сияқты көрінеді.Сондықтан да әр сәттің ең жақсысын есте сақтайтын болсақ, өміріміздің бақытты екендігіне көз жеткіземіз

Дәйексөз.

«Жақсылық көрсем өзімнен,

Жамандық көрсем өзімнен.

Тағдыр қылды дегенді,

Шығарамын сөзімнен».

С.Торайғыров.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Бақытты болу әркімнің өз қолында. Қанағат болған жерде бақытта болады.

  • Бақыт- әр күннің шуағын сезіну.

  • Бақыт –достарыңмен, жаныңа жақындарыңмен араласу.

Әңгiмелеу (сұхбат). Аңыз әңгіме.

Ертегі « Бақытсыз бай»

 Ертеде жалғыз басты бір бай өмір сүрді. Оның туысқаны да, баласы да жинаған мал мүлкі мен ақшасы еді. Соларды баладай мәпелеп күтетін. Бір күні ол жалшысының көңілді күлкісін естіп оның үйін айналшықтап тың тыңдады.  Бірақ мардымды ештеңе ести алмады. Ол ертесіне жалшыны түннің ортасына дейін босатпай әбден жұмысқа салды. Бірақ кешегі күлкі тағы қайталанды. Дегбірі қашып шыдамсызданған бай енді "мынау менің қазынамнан ұрлап жүр, сол үшін үйіне барып мәз болып жатыр” деген жаман ойға кетті. Ол жалшысының есігін бір теуіп кіріп барды. Сөйтсе жалшысы екі баласын арқасына мінгізіп алып, өзі ат болып ойнап жүр екен.

Ақымақ, бүгін қиралаңдап дұрыс жұмыс істемедің! Түнімен мына мұрынбоқтарыңды ойнатамын деп шаршайды екенсің ғой! — деп ақырды.

Қожайын, осы екі балапанымды көргенде шаршау, уайым дегенді ұмытып, тыңайып, сергіп қалам, — деп байыпты қалпынан жазбай жауап берді малайы.

Нағыз ақымақ екен! — деп үйден атып шыққан бай енді "мен кеш кіріп қалдым ба екен, ол ұрлаған ақшасын тығып үлгерді де, маған сыр бермей отыр сұмпайы” деп күдігінен арыла алмай-ақ қойды.

     Екінші күні жалшы таң атқанша жұмыс жасады. Бірақ ол еш реніш білдірмей үйіне қайтты. Бай соңынан бұқпантайлап барып тағы тың тыңдады. Құлағына шықырлаған ақша мен сылдырлаған күміс теңгені жалшысы санап жатқандай естіліп кетті. Ол тағы да есікті бір теуіп кіріп барды. Екі баласын екі жағына алып қаннен қаперсіз рахаттанып ұйықтап жатқан жалшысын көргенде не істерін білмей қалды. Үн-түнсіз білдіртпей үйден шығып кетті. Сонда да күдігі сейілер емес.

     Ертесіне жалшысының көңілді, сергек қалпы байға өзін мазақ қылып тұрғандай көрініп кетті. Бай ақыры:

Менің қазынамнан біраз қаражат жоғалды. Соны сенен басқа ешкім алған жоқ. Себебі сен үнемі көңілді жүресің, тыққан ақшаң болған соң көңілің тоқ боп жүр, — деді.

Сонда жалшысы:

Қожайын, жағдайың сорлы құлдан да жаман-ау. Күнде кешке үйімді торауылдайсың. Менің байлығым екі балам мен жан жарым және денсаулығым мен қара күшім. Құланиектеніп таң атқаннан кеш батқанша тәңірімнен осы байлығымнан айыра көрме деп тілеймін. Сондықтан мен бақыттымын, көңілдімін, — деп жауап берді.

      Не дерін білмеген бай үн-түнсіз қалды. "Япырмай, шынында да мына қара құл бақытты. Мен сияқты қызғанатын байлығы да жоқ. Байлық маған бақытсыздық үшін біткен бе? Басым ауырып кетті”.

     Осы күні жалшы үйіне ерте қайтты. Оның сыртынан қарап тұрған бай алдынан жүгіріп шыққан екі баласына қызыға қарап қалды… Ертегінің мәні неде?

Байдың бақытсыз болуының себебі неде?

  • Адам қайткенде бақытты болады?

  • Адам өз бақытын қайдан табады?

Өзіңнің бақытқа бөленген кезің болды ма? Мысал келтір?

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Карточка арқылы топқа бөлемін

1топ – «Өмірің өз қолыңда» - эссе жазу.

2 топ- «Ғажап өмір» - сурет салу

3 топ- «Өмір, қымбатсың маған» - өлең жазу

Адамды қарт , сырқат және бақытсыз ететін оның жасы,ауруы және жағдайы емес, оның өзі туралы ойы. Біз өзімізді қалай бағаласақ, сондай боламыз. Өзімізге көңіліміз толмаса өмірімізге де риза болмаймыз. Сондықтан да бақытқа қол жеткізу үшін өзіңе-өзің риза болуың керек.Әр адам ғажап,бірегей және керемет.Бірдей екі қар қиыршықтары болмайтыны сияқты бірдей екі адамда болмайды

.Сергіту жаттығуыДәл бүгіннен бастап...

Басты мақсаты: ойды, сананы тазарту,ішкі сезімдерді ретке келтіру.

  • Дәл бүгіннен бастап... «Мен бақыттымын» деген сөзді басшылыққа аламын.

  • Өзімді бұрынғыданда жақсы көретін боламын.

  • Өзім қоршаған ортадан тек жақсылықты іздеймін, ойым мен ниетімді тек жақсылыққа бағыттаймын.

  • Өзімнің денсаулығым туралы ойлана бастаймын.

  • Өзімді-өзім жетілдіруді қолға аламын.

  • Дәл бүгіннен бастап мен бақытқа бөленіп,сүйе білуге,сүйікті болуға ұмтыламын.

Осы бағдарламаны бетке ұстасақ, өміріміз ізгілікке, сүйіспеншілікке бөленеді.

Барлығы бірге:

Мен өзіме ,өз жақындарыма, достарыма,болашағыма сенемін. Мен бақыттымын,өйткені мен өзімді.өз мүмкіндіктерімді,бақытты болу жолдарын білемін. Өзіме өз болашағыма сенемін.Әр адамның бақыты өз қолында .Осыны ұмытпайық!

Қорытындысында М Мақатаевтың «Бақыт» деген әнімен аяталды.















Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі