400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Семинар-тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Айтқұлова Гүлзира Нұрболовна

04.01.1990

Білімі: Жоғары

Лауазымы: Педагог ұйымдастырушы






Ұйымдастырушы педагогтың жылдық жоспары

Балалармен жүргізілетін іс-шаралар

Ертеңгіліктер, мерекелер, ойын сауықтар


№

Жұмыстың тақырыбы

Іс-шара түрлері

Мерзімі

Жауаптылар


І. Іс-шаралар

1

«Әрбір тіл өз халқымен – ұлы»

Тілдер мерекесіне арналған ісшара

Қыркүйек

24.09.2019

Ж.А.Жунисова Ұйымдастырушы педагог

Г.Н.Айтқұлова


2

«Қарттарым асыл қазынам»


Қарттар үйіне концерт қою

Іс-шара

Қазан

03.10.2019

Педагог ұйымдастырушы,

Мектеп алды даярлық тобы «Солнышко»

3

16 Желтоқсан – «Тәуелсіздік төрінде» «Казахстан – наша гордость!»

Мерекелік іс-шара

13.12.2019

Ән-әуез жетекшісі

Ортаңғы, ересек топтар

4

Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы балалар бөлімінің қызметкерлерімен кездесу.

Кітапхана қызметкерерімен кездесу.

14.01.2019

Педагог ұйымдастырушы

5

«Қош келдің, Наурыз!»

Музыкалық іс-шара

14.04.2020

Ән-әуез жетекшісі

Барлық топтар

6

«1 Мамыр – Бейбітшілік, достық мерекесі»

Іс-шара

30.04.2020

Ән –әуез жетекшісі

Ортаңғы «Қуаныш» тобы

7

«9 Мамыр – Ерлікпен жеткен ұлы жеңіс»

Тақырыптық музыкалық іс-шара

6.05.2020

Ән-әуез жетекшісі

Ересек «Радуга» тобы

8

«Біз бақытты бүлдіршін»

Мерекелік сауық


29.05.2020

Ән-әуез жетекшісі, Ортаңғы «Қуаныш» тобы

9

«Ел жүрегі-Елорда

Мерекелік іс-шара

3.07.2020

Ересек «Бақыт», «Радуга» тобы

11

«Ата заңым – айбарым»

Іс-шара

29.08.2020

Барлық топ

ІІ. Ертеңгіліктер

1

«Алтын күз!»

«Волшебница Осень!»

Ойын сауық

Ертеңгілік

22-31.10.2019

Барлық топтар

Ән-әуез жеткешісі

2

«Келді, міне, Жаңа жыл!»

Ертеңгілік

24.12.2019






25.12.2019


26.12.2019




27.12.2019

Ән-әуез жетекшісі

Мектеп алды даярлық «Солнышко» тобы

Ортаңғы «Қуаныш» тобы

Ересек «Бақыт» тобы

Ересек «Арнайы» тобы

Ересектер «Радуга» тобы Мектеп алды даярлық «Дружба» тобы

3

«Келді, міне, Жаңа жыл!»

Ертеңгілік

24.12.2019






25.12.2019


26.12.2019




27.12.2019

Ән-әуез жетекшісі

Мектеп алды даярлық «Солнышко» тобы

Ортаңғы «Қуаныш» тобы

Ересек «Бақыт» тобы

Ересек «Арнайы» тобы

Ересектер «Радуга» тобы Мектеп алды даярлық «Дружба» тобы

4

«Аман болшы, анашым!»

Ертеңгілік

Наурыз


28.02.2020



03.03.2020




04.03.2020


05.03.2020

Ән –әуез жетекшісі

Мектеп алды даярлық «Дружба» тобы

Ересек «Арнайы» тобы

Ересек «Радуга» тобы

Ортаңғы «Қуаныш» тобы

Ересек «Бақыт» тобы

Мектеп алды даярлық «Солнышко» тобы

5

«Қош бол, балабақшам!»

Қоштасу ертеңгілігі

22.05.2020

Ән-әуез жетекшісі

Мектеп алды даярлық «Радуга», «Дружба» тобы

ІІІ. Кеңейтілген тақырыптық оқу қызметі

1

1 Қыркүйек – «Білім күні!»

«Саналы ұрпақ-жарқын болашақ»

Әңгімелеу, Кеңейтілген тақырыптық оқу қызметі

2.09.2019

Барлық топтар

ІV. Сайыстар

1

«Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы» президент күні

Мәнерлеп оқу сайыс

29.11.2019

Ән-әуез жетекшісі

Барлық топтар

2

«Балалық – даналық»

Танымдық ойын

02.12.2019

Педагог ұйымдастырушы


3

«Ұлттық ойындар сайысы»

Сайыс

Барлық қызметкерлер арасында

16.03.2020

Педагог ұйымдастырушы

Дене шынықтыру нұсқаушысы

4

«Жұлдызды жұп» сайысы

Мамандар арасында сайыс

19.03.2020

Педагог ұйымдастырушы

V. Ұйымдастырылған саяхаттар

1

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар бөліміне мектеп алды даярлық тобын апару

Саяхат

10.09.2019

Педагог ұйымдастырушы

Г.Н.Айтқұлова


2

«Тарихы жоқ - ел болмайды»

Музейге саяхат

27.11.2019

Педагог ұйымдастырушы

Г.Н.Айтқұлова

VI. Ұйымдастырылған көрмлер

1

«Ертегілер еліне саяхат»

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының жылжымалы кітап көрмесі

Қыркүйек

24.09.2019

Ұйымдастырушы педагог

Г.Н.Айтқұлова


2

«Көкөністер көрмесі»

Балалар мен ата-аналардың бірлесіп жасаған жұмыстарының көрмесі

23-31.10.2019

Педагог ұйымдастырушы Барлық топтар арасында

3

«Күз көрінісі»

Сурет көрмесі

23-31.10.2019

Педагог ұйымдастырушы

Мектеп алды даярлык «Дружба», «Солнышко» топтары

4

«Шебер педагог»

Тәрбиешілер арасында көрме

22.02.2020

Педагог ұйымдастырушы

VII. Ұйымдастырылған акциялар

1

« Жылы жүрек – жомарт қол »

қайырымдылық акциясы



13.11.2019

Педагог ұйымдастырушы

2

«Кітап – өмір ұстазы»

Қызметкерлер арасында кітап акциясы

22.04.2020

Педагог ұйымдастырушы

VІІІ. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс

1

-Ата-аналар жиналысы -Балабақшаның ішкі тәртібімен таныстыру


Жиналыс

Қыркүйек

Меңгеруші


2

«Біз біргеміз»


Дөңгелек үстел


Қазан

Психолог

Педагог ұйымдастырушы


3

«Баланың дұрыс сөйлеуі сізбен бізге байланысты»


Кеңес

Қараша

Логопед

Педагог ұйымдастырушы

4

«Сенімділік менің серігім»


Желтоқсан

психолог


5

«Жүректен жүрекке»

Ата-аналармен семинар-тренинг

Желтоқсан

Педагог ұйымдастырушы

6

«Менің балам»


Отбасылық сайыс

Қаңтар

Әлеуметтік педагог

Педагог ұйымдастырушы

7

«Әкем ,анам және мен»


Отбасылық сайыс

Қаңтар

Денешынықты-ру нұсқаушысы

Педагог ұйымдастырушы

8

«Анашым кел, билейік»


Ата-аналар арасында гимнастикалық жаттығулар сайысы

Ақпан

Хореограф

Тінікей Жансая


9

«Ән жұмбақ»


Ата-аналар арасында музыкалық сайыс

Ақпан

Ән-әуез жетекшісі

Кауанова Меруерт


10

Ағылшын тілін бірге үйренеміз


Ата-аналар мен балалар арасында сайыс

Ақпан

Ағылшын тілі маманы Оралбаева Гүлназ


11

«Саусақтар әлемді білуге көмектеседі»

Ата-аналар мен блалар арасында жұмыс

Наурыз

Әлеуметтік педагог


12

«Салауатты өмір салты» тақырыбы бойынша ата-аналарға сауалнама жүргізу

Сауалнама

Наурыз

Әлеуметтік педагог

Құдайбергенова А


13

«Әлем сізбен әдемі»

Ерекше күтімді қажет ететін балалардың ата-аналарымен семинр-тренинг

Наурыз

Педагог ұйымдастырушы, психолог

14

«Баланың танымдық қабілетін қалыптастырайық»

Ойын-баяндау


Сәуір

Логопед

Педагог ұйымдастырушы

15

Жылдың жұмыс қорытындысы

Жалпы ата-аналар жиналысы


Мамыр

Меңгеруші, әдіскер,

Әлеуметтік педагог

Педагог ұйымдастырушы

15

Сіздің балаңыз мектепке дайынба?

Сауалнама

Мамыр

Психолог, тәрбиешілері әлеуметтік педагог

17

Қош бол, балабақша алтын ұям!

Ертеңгілік

Мамыр

Әлеуміттік педагог,

Педагог ұйымдастырушы, балабақша ұжымы

18

«Жылдық жұмыс қорытындысы»

Топтық жиналыс


Топ тәрбиешілері


Жауапты жұмыстар


Ертеңгілік кезіндегі залдың безендірілуін ұйымдастыру


үнемі

Тәрбиешілер, Педагог ұйымдастырушы


Жан-жақты Конкурстарға балаларды қатыстыру


үнемі

Тәрбиешілер, хареогроф, ән-әуез жетекшісі, педагог ұйымдастырушы







































«Жүректен жүрекке»

(ата-аналармен семинар тренинг)


Жұмыс түрі: ата-аналармен семинар тренинг

Тақырыбы: «Жүректен жүрекке»

Мақсаты: Балабақша мен ата — аналар байланысын, отбасындағы тәрбиенің рөлін арттыру. Ата — аналардың қарым — қатынасын жақсарту. Бала тәрбиелеуде ата-аналарға кеңес беру және түсінік жұмысын жүргізу. Ата — анамен бала арасындағы қарым — қатынасты нығайту.


Құрал жабдықтар: интерактивт тақта, плакат түрлі түсті фломастерлер, ақ қағаздар, әр елдің және жай әуендер жазылған үнтаспа, сюжетті суреттер, жануарлар іздері, мінездеме жазылған суреттер, сұрақтар жазылған карточкалар.


Әдіс тәсілдері: Іздер сөйлейді, сәлемдесу шеңбері, педагогикалық ойын: кім бірінші жетеді, карточка бойынша сұрақтарға жауап беру, дидактикалық ойын отбасылық  махаббат үйі,  ойын: қоқыс жәшігі.


Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер. Бүгінгі біздің «Жүректен жүрекке» тақырыбындағы семинар тренингке  қош келдіңіздер! Біздер-балабақша ұжымы мен ата-аналардың мақсат-міндеттері бір. Ол, әрине балаларымыздың тәртіпті, білімді елі –жері мақтан ететін ұл-қыз өсіріп тәрбиелеу. Баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға тәрбиеші болса оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана, бәріміз бірге балаларға отбасы мен балабақша жылулығын беруді аямаяйық. Сондықтан да бүгінгі бас қосуымыз сіздер үшін.


Бүгінгі қатысушыларымызды ортаға шақырамыз.

1.«Іздер сөйлейді»

Тренингке қатыушылар үш жануардың қалаған ізімен жүріп танысу алаңына келеді. Карточка арқылы жанурлардың суретін ұсынып олардың мінезіне сипаттама беріп өтемін.

Қасқыр - батыл, алға қойған мақсатына жете алатын, қайсар мінезді жандар

Аю – мейірімді, салмақты, ақылды, ақкөңіл әр істің байыбына жетіп, ақылмен шешетін жандар

Қоян – сүйкімді, ерке, нәзік, мейірімді, өте сақ жүретін жандар.


2.«Танысу» тренингі: Ата-аналар шеңбер құрып өздерінің есімдерін, баласының есімін айтып және өзге ұлт өкілдерінше қимылмен бір-бірімен амандасады.


Үнділерше қимылмен  амандасады.
Италияда бір-бірімен құшақтасып амандасады.
Кореа елі еңкейіп амандасады.
Қазіргі гректер «Аман бол» деген сөзбен амандасады.
Арабтар «Әлем сенімен» деп амандасады.


Топқа бөлу: Ата-аналар гүл құрастыру арқылы екі топқа бөлінеді.


3.Педгогикалық ойын. «Кім мәреге бірінші жетеді?»

Сіздің балаңыз сізді қатты қуантты (бір ісімен). Сіз не айтасыз? Қалай қолдайсыз? (Әр топтың бір мүшесі тақтаға шығып, балаға мадақтау сөздерін айтып, мәреге бірінші жетуге тырысады).

1.Тамаша!

2.Жарайсың құлыным!

3.Сенсіз мен не істер едім?

4.Өте жақсы!

5.Мақтанашым менің!

6. Қандай тамаша! т.б.


4. «Сөйлемді аяқта»

Ата-аналар өз ойларын ортаға салады.

I-топ. 

Баланың тәрбие алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.

1.Егер баланы үнемі сынап отырса…(ешнарсеге құлқы болмайды).
2. Бала төзімділікте өссе…(адал болып жетіледі).
3. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе…(бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді).

II-топ. 

Бала үшін тәрбиеші мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек.

1.Бала кекшілдікте өссе…(ол қатыгез болып өседі).
2. Балаға үнемі күлсе…(бұйығы болып өседі).
3. Бала қауіпсіз жағдайда өссе…(ол адамға сеніммен қарайды).


5.Дидактикалық ойын «Отбасылық  махаббат үйі»

Ал енді қазір сіздермен «отбасылық махаббат үйі» атты ойын өткіземін. Балаларыңызға деген махаббатты анықтай аласыздар.

Әр адамның өз үйі бар, бірақ ол үй тек баспана ғана ретінде емес, сол үйді  жақсы көріп және күтетін жер болуы керек. Сондықтан сіздер сол жерде тұратын балаларға бақыт, махаббат, жылу, беретін адамның негізгі қасиеттерімен үй құрауларыңыз керек.

Олар: Мейірімділік, күлкі, түсінушілік, шыдамдылық, көмектесу.

Мына үй бөлшетеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы үй құраймыз. Ойлануға бір екі минут беріледі.


Ойын тапсырмалары:

1.«Парасатты» бөлігі: Қағазды екі қатарға бөліп ата аналардың ( плюс) және (минус) жағын үш сөз арқылы жеткізу, жазу, айту.

2.«Достық» бөлігі: «Үй» деген сөзді қалай түсінесіз?

Мысалы: құтты мекенім, бақытты шаңырығым т.б

3.«Махаббат» бөлігі: Мимика жест арқылы өзіңіздің балаға деген махаббатыңызды жеткізесіз.

4.«Тапқырлық» бөлігі: Бала сөзінің әрбір әрпінен балаңыздың мінезін сипаттаңыз.

5«Түсінушілік» бөлігі: Бір минутта дөңгелек ішіне баланың бақытты көңіл күйін салу керекпіз және жапсыру. Үйіміз дайын.


Менің ойымша отбасы- бұл махаббат үйі, ал бала –бақыт. Ата - ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті.Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол. Қатысып ой бөліскендеріңіз үшін рахмет!


6.Ойын «Қоқыс жәшігі»

Адамға қоқыс жәшігі не үшін керек? Не үшін қоқысты лақтырамыз? (ата-аналар жауабы) Сезімдермен де солай болады. Керексіз, пайдасыз сезімдер жиналғанда, олардан да арылу қажет. Арылғыңыз келген сезімдеріңізді қағазға жазыныздар. (Балаларыңыздыңда жағымсыз қылықтарын жазуға болады)  “Мен ренжимін” “Мен ызаланамын” “Мен қорқам”, қағазды умаждап, қоқыс жәшігіне лақтыру. Талқылау


7. «Тілек шамы»

(қорытындылау) «Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата — ана мен балабақша арасындағы қарым — қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан — жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя — жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір — бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Енді мына алдарыңызда тұрған тілек ағашына алдарыңыздағы жүрекшелерге бүгінгі жиналыстан алған сезімдеріңізді, тілектеріңізді жазып ағашқа байлауларыңызды сұраймын. Ата — аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді. Сау болыңыздар!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 ақпан
889
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі