Материалдар / Семинар-тренинг. «Анамның берген тәлімі» 5-7 сынып.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Семинар-тренинг. «Анамның берген тәлімі» 5-7 сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
«Анамның берген тәлімі» тақырыбында ата-аналармен өткен семинар-тренинг.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Тамыз 2024
86
0 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Анамның берген тәлімі»


Мақсаты:  Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы алтын ұясы екенін түсіндіру, ата анамен бала арасындағы жағдайларды ақылмен шешуге жағдай туғызып, ата ананың баласына деген сенімін ояту, оқу тәрбиеге қатысты жауапкершілігін арттыру.


Әдісі: « Жүректен — жүрекке» шеңбері-ой қозғау, «Ашық микрофон»-топтық жұмыс, «Конверттегі сұрақтар»-пікір алмасу.


Көрнекілігі: Мультимедия, презентация, бейнебаян, шарлар, гүлдер.



Жүргізуші (мұғалім):  Айгүл


Армысыздар құрметті ата-аналар мен оқушылар! Отбасы мерекесіне орай ұйымдасытырылып отырған «Анамның берген тәлімі» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Ал, оқушылар мен сендерге сұрақ қойғым келім отыр. Бәріміз баламыз, ойнаймыз, күлеміз, шаттанамыз. Біз қай жерде өзімізді бақытты сезінеміз? (әр оқушы өз ойын айтады).


Бейнебаян «Тәрбие отбасынан басталады» Айгүл

Бейнебаянға назар аударайық.


1.Бейнебаяннан не байқадыңыз?

2.Қандай тұжырымға келдіңіздер?

3. Бір сөйлеммен түйіндеңіз?


Жүргізуші (мұғалім):  Айгүл


«Жүректен — жүрекке» шеңбері. Ал, ендеше оқушылар ортаға шығып, шеңберге тұрып өз аналарыңның жақсы бір қасиеті жайлы айтып өтіңіздер. (әр оқушы өз аналарының жақсы бір қасиеті жайлы айтып өтеді).










Жүргізуші (мұғалім):  Хадиша


Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Ата-ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн.


Оқушылар ойшылдардың ана туралы ұлағатты

сөздерін айтады. Гүлнар


Оқушылар «ана туралы» өлең шумақтарын айтады: Айгүл


Анам менің – аялаған ақ гүлім
Анам менің – бақытым мен шаттығым
“Анашым” – деп балаң жырын арнаған
Неге ғана естімеген тәтті үнін
Анам менің – өмірдегі тірегім Есен Қазына
Анам менің – кеудемдегі жүрегім
Егер менің қасымда сен болмасаң
Бұл өмірде қалай ғана жүремін.


Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген - бәйтерегі өмірдің.
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ. Унгарбек Аружан
Ана деген - асыл жандар болаттай
Ана деген - мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл - ойды тонатпай.


Анашым менің анашым,
Мәпелеп өсірген сен едің .
Мейірімің қандай керемет!?
Анашым менің анашым.
Алғазы Ағаділ
Анашым аяулы адам сен едің,
Серігі болған біздердің
.
Түн ұйқысын төрт бөлген,
Қамқоршы менің 
анашым.


Жүргізуші (мұғалім):  Айгүл


Ал, оқушылар ана туралы кім қандай мақал-мәтел біледі? (Әр оқушы ана туралы мақал-мәтелдер айтады).



Оқушылар постер қорғайды Хадиша



1. Ата-аналармен танысу. «Есімдер аллитерациясы». Айгүл


Нұсқау: Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек. Мысалы: Мен ақкөңіл – Ақмаралмын. Мен гүлдей – Гүлнармын. Мен көңілді – Көркеммін. Мен нұрлы – Нұргүлмін; Мен көрікті - Әсеммін;  Мен дарынды – Дидармын.


  • Осы қасиеттеріңіз әрқашан өздеріңізге жолдас болып, тек жақсы қасиеттерімізді қабылдап жүрейік!


2. «Конверттегі сұрақтар» «Біз баламызды танимыз ба?» деп аталады. Бұл кезең ата — аналарға арналады. Хадиша


Құрметті ата-аналар конверттің біреуін таңдап, ондағы сұрақтарға жауап берулеріңіз сұралады.


1

1. Балаңыздың парталас көршісі кім?

2. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?


2

1. Балаңыздың сүйікті асы не?

2. Балаңыз спорттың қай түрін жақсы көреді?


3.

1. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

2. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?


4.

1. Балаңыздың аяқ киім өлшемі қандай?

2. Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?


5.

1. Балаңыздың бойында қандай өнер бар?

2. Балаңыздың жағымды және жағымсыз қасиеттерін атаңыз.


6.

 1. Балаңыздың туған күні қашан?
 2. Сынып жетекшісінің  толық аты-жөні?

7.

1. Балаңыздың досы кім?

2. Балаңыздың бірінші тісі қанша айында шықты?



Ана мен бала арасындағы диалог. Гульнар



Бұл кезең де ата-аналарға арналады. «Баламды қалай еркелетемін?»  Мысалы: «Балам менің аппағым»............. Гульнар




Кері байланыс: «Тілек ағашы».  Гульнар


Ал енді оқушылар алдарыңыздағы түрлі- түсті үй түріндегі стикерлерге отбасыларыңызға тілектеріңді жазып, тілек ағашына жапсыруларыңыз сұралады.


Осымен біздің ашық тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Ата — аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Отбасыларыңызда әрқашан береке бірлік, татулық орнасын! Келесі кездескеше сау саламатта болыңыздар.


















































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!