400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Семинар-тренинг Біз біргеміз, мен кереметпін!

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп психологтарына оқушылардың өзін - өзі сезінуіне және басқаны түсінуіне жағдай жасауға, өзін-өзі түсінуге көмектесуі, адамның өзінің ішкі жан дүниесіне үңіле білуге жағдай жасауға көмектеседі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Күні: 25.10.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Ережепова Аинура

Сынып: 8

Қатысқандар саны: 15

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Біз біргеміз, мен кереметпін!

Сабақтың мақсаты

Өзін - өзі сезінуіне және басқаны түсінуіне жағдай жасау, өзін-өзі түсінуге көмектесуі, адамның өзінің ішкі жан дүниесіне үңіле білуге жағдай жасау.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу, сыныпта жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру. Сергіту сәті: «Менің ерке есімім» Нұсқау: Жаттығу шеңбер жүйесінде жүргізіледі. Қатысушылар допты бір-біріне бере отырып, өзінің ата-анасы, құрбы-құрдастары немесе тағы басқа туыс – таныстарының оны еркелетіп атайтын есімдерін айтып шығуы тиіс.

Сергіту сәті

Шаттық шеңбері

Сабақтың ортасы

«Тұз» терапиясы

Мақсаты: бойдағы жаман ойдан құтылу, біреуге деген өкпе ренішті шығару.

"Ешкім білмейді»

Мақсаты: Өзін-өзі таныстыру дағдыларын қалыптастыру.

Жүргізуші: "Қазір біз кезекпен келесі сөйлемді аяқтаймыз: бәрі біледі менің.....»

Екінші айналым: сендердің ешқайсыларың білмейсің менің... (менде не бар…)

Үшінші айналым: шын мәнінде мен…»

Талқылау:

- "Өз құпиялары туралы айту оңай болды ма?"

- "Бұл жаттығудан не пайдалы?"

Тапсырма

Әрқайысыңызға 4 минут уақыт беріледі, осы уақыт аралығында өзіңіздің серігіңізге алдыңызда кім тұрғандығын әңгімелеп беріңіз. Әңгімені «Мен алдымда.............. көріп тұрмын» деп бастап, алдыңыздағы адамның сыртқы бейнесін суреттей бастайсыз, әңгімеге оның бойындағы жеке қасиеттері мен оларға деген өз бағалауыңызды қоспауыңыз керек, мысалы: мейірімді көздер, ойлы жанар және т.б. сияқты. Алдымен біреуіңіз 4 минут әңгімелейсіз, ал екіншіңіз мұқият тыңдайсыз, одан кейін керісінше. Ролдеріңізді қашан ауыстыру керек екендігін мен сіздерге айтамын.


«Аффирмациялар»

Нұсқау: шарды жару арқылы оқушылар өздерін шабыттандыратын керемет аффирмацияларды алады.


Сабақтың соңы

Рефлекция

«Смайлик» әдісі

Оқушылар кері байланыс ретінде, тренинг сабаққа деген көзқарастарын А4 бетке смайликтерін салу арқылы көрсетеді.

Смайликтер









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
618
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі