400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Семинар-тренинг «Тәрбие үдерісі: ата-ана, мектеп, оқушы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал сынып жетекшілерге,тәрбиешілерге арналған. ата-анамен жұмыс істеу жалпы тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша көмегі бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қожанғалиев Айболат Тоғайұлы

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы

Облыстық көру қабілеті бұзылған

балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты

директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары



Күні

қаңтар

Семинар-тренинг

тақырыбы:

«Тәрбие үдерісі: ата-ана, мектеп, оқушы»

Жалпы мақсаты:

Педагогтармен бірге тәрбие жұмысындағы кейбір проблемаларды шешу жолдарын қарастыру

Оқу нәтижелері:

Педагогтар өздерінің тәжірибесі негізінде ата-ана,мектеп, оқушымен байланысты нығайтудың тиімді жолдарын бірге іздестіреді. Шешу жолдарын табады.

Барысы

Уақыт

Тапсырмалар түрлері

Ұйымдастырушы

іс - әрекеті

Тыңдаушылардың іс -әрекеті

Ресурс

3 мин

Ынтымақтастық атмосферасы


«Ізет» сергіту жаттығуы

(Нұсқаушының қимылын қайталайды)

Кәне,достар бәріміз,

Қабақ түйіп тұрмайық.

Қолды көкке көтеріп,

Қолымызды бұлғайық!

Көрісейік көршімен,

Арқасынан қағайық.

Құшақ жая жан-жаққа,

Күлімсіреп алайық


3 мин

Топқа бөлу

Ән арқылы топқа бөлу

Әр қатысушыға ән шумақтары жазылған стикер таратылады. Ән қосылған кезде ортаға бірдей ән алған қатысушылар жиналады.

  1. Аман болсын ата-анамыз

  2. Бала-бала-балапан

  3. Надежда - мой компас земной,а удача - награда за смелость

  4. Өзіңдей досты туған батыр ана

  5. Учат в школе

  6. Бүгін менің көңіл-күйім тамаша

Стикер

7 мин

Негізгі бөлім

Топтық жұмыс

«Стакан мұнарасы» жаттығуын түсіндіреді






Педагогтар стакандарды қолмен ұстамай, жіпке керілген резенкенің көмегімен мұнара құрастырады. Мақсатқа жетуде кездескен кедергілерді жаттығуды барлық топ аяқтаған кейін өз пікірлерін айтады.

Сұрақтар:

  • Стаканды кім деп алуымызға болады? (бала,оқушы,ата-ана т.б)

  • Топтық жұмыс барысында не байқадыңыз?

  • Қиындықтар кезікті ме?

  • Стаканның жан-жағынан тартқан резеңкелерді неге немесе кімге теңер едіңіз?


Стакан,жіп,

резенке

7 мин

Топтық жұмыс


«Баскетбол мұнарасы» жаттығуын түсіндіреді.


Педагогтар берілген материалдардың көмегімен мұнара құрастырады. Мақсатқа жетуде кездескен кедергілерден өтіп мұнара құрастырылғаннан кейін жетекші мұнара үстіне баскетбол добын қояды. Жасалған жұмыс құламаса, тапсырма орындалғаны.

С ұрақтар:

  • Қандай кедергілер болды?

  • Ұжымдық жұмыс байқалды ма?

  • Бала тәрбесіндегі кедергілермен салыстыруға бола ма?

  • Ата-ана әрекетін қалай салыстырар едіңіз?



Газет,

скоч, доп


15 мин

Постер қорғау

Топтарға тақырыптар беріледі. 

Топ берілген тақырыптарды ашып, өз пікірлерін жазып, берілген ресурстарды жапсырып, қорғайды 

1 топ - Ата-аналарды мектепке қалай қызықтырып тартуға болады?

2 топ: - Оқушылардың мектепке,сыныпқа,сынып жетекшіге деген қызығушылығын қалай оятуға болады?

3 топ: -Мектептің,интернаттың, мектеп ауласының интерьеріне қандай өзгерістер ұсына алар едіңіз?

4 топ: - Мектептің жұмысына, ұстаздардың, тәрбиешілердің сабақ беру ,тәрбие беру әдістеріне көңілі толмайтын ата-аналармен қандай жұмыстар бағыттарын, әдістерін ұсына алар едіңіз?

5 топ:- Мектептегі тәрбие жұмысына қандай қызықты өзгерістер, жобалар, шаралар ұсынар едіңіз?

6 топ: -Мектепте волонтерлік жұмысты, үйірме жұмыстарын жүргізу бағытында қандай іс-шаралар мен жобалар ұсына алар едіңіз?


Сурет,

желім

стикер

5мин

Рефлексия:

https://docs.google.com/forms/

Ұялы телефонға жіберілген сілтеме арқылы толтыру

Қаты Қатысушылар https://docs.google.com/forms/d/1XWDKawZY1EIOaiISYCIfYUMb_K9MrLajwywuEy4DOfk/edit сілтемесіне арқылы бүгінгі шара бойынша берілген сұрақтарға жауап береді.


сілтеме

Қорытынды сөз: Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
Абай Құнанбаев

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
07.05.2020
4104
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі