400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

семинар:«Асыр салып ойнаймыз,қызыққа біз тоймаймыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Физикалық қасиеттерді дамыту Құрылымдалған ойындар: 1 Ойын :«Менің көңілді добым» 2 Ойын: «Кім жылдам» 3 Ойын: «Түстер әлеміндемін»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Физикалық қасиеттерді дамыту

Құрылымдалған ойындар:

«Асыр салып ойнаймыз,қызыққа біз тоймаймыз»

Мақсаты : Қимылдарды орындауда балалардың дербестігін, белсенділігін дамыту. Жүру,еңбектеу,секіру дағдыларын,ептілікті, жылдамдықты дамыту, қимылдарды мәнерлі орындауға және логикалық ойлауын дамыту. Құрдастарымен қимылды ойындарды бірге ойнауға, өзара оң қарым-қатынас жасауға баулу.

Педагогикалық тәсіл: Нұсқау беру, яғни балаға қалай жасау керектігін түсіндіре отырып,өз бетінше әрекет етуге жетекшілік ету, бір нәрсені жасату арқылы ойын түйіндеуге баулу

(нысанаға дейін орындап шыққан баланы мадақтау , түрлі-түсті шарлар беру) Дағдылыр: Физикалық дағдылар

Физикалық белсенді болу, сенсомоторлық дағдыларды жаттықтыру арқылы қозғалыс кеңістікті түсіну, кеңістіктік түсінікті дамыту және белсенді, салауатты денені дамыту

Заттық дамыту ортасындағы пайдаланатын құралдар:

Түрлі -түсті кегля, құрсау, туннель палатка, түрлі-түсті доптар, түрлі - түсті шарлар,

Ойын барысы:

Амандасу:(Жүрекпен,алақанмен , жұдырықпен)Балалар залға кіріп,бір-біріне қарама-қарсы орындық тұсына тұрады, қонақтармен амандасады.

Есік қағылады

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек,

Көңілді болып жүрейік!

Балалар бүгін бізге көптеген қонақтар келді, қонақтармен амандасайық

Тосын сый : «Түстер ханшайымы» музыка әуенімен қонаққа келеді.

-Балалар ,сәлеметсіңдер ме,,мен түстер әлемінің ханшайымы боламын

Нұсқаушы:- Сәлеметсіз бе, түстер әлемінің ханшайымы,қош келіпсіз ,төрлетіңіз!

Түстер ханшайымы:-Балалар, бүгін сендерде қызықты іс -әрекет болып жатқанын естіп, арнайы сендерге танымдық зияткерлік дағдыларды дамытудың түстер әлемінен бірнеше қызықты ойындар және мынандай әдемі шарлар алып келдім.

Нұсқаушы:- Келгеніңіз қандай жақсы болды, біздің балалар, барлық ойынға қатысуға дайын.Ойынды бастамас бұрын денені қыздырып алайық.Ханшайым, сізде бізбен бірге денеңізді қыздырып алыңыз

Ырғақтық жаттығулар:

Таныс, бұрын үйренген жаттығуларды және қимылдарды музыканың сүйемелдеуімен орындау.

Нұсқаушы: -Жарайсыңдар!

Түстер ханшайымы: -Балалар, ойынды ойнап болған соң, мына ұшатын шарларды сендерге сыйға беремін.

Қозғалыс түрлерін балаларға түсіндіре отырып, нұсқаушы алдымен балаларға өзі көрсетеді.

Балаларды екі топқа бөлеміз. «Үшбұрыш» және «Дөңгелек» командалары





1 Ойын :«Менің көңілді добым»

Мақсаты: Қол мен иық белсенділігін дамыту.Командада жұмыс істей білуге дағдыландыру.

Барысы: Орындықта отырып, екі допты бір-біріне басынан жоғары,артқы балаға беру



2 Ойын: «Кім жылдам»

мақсаты:Қимыл-қозғалыс арқылы ептілік пен шапшаңдықты дамыту

Барысы: Туннель арқылы үйден төртағандап еңбектеп шығу, құрсау бойымен айналып жүру және түсіне сәйкес текшені кегляға кіргізу


3 Ойын: «Түстер әлеміндемін»

Мақсаты: Қимыл -қозғалыс ойын арқылы, көрнекі -қимылдық ойлауды дамыту арқылы, заттардың түсінің кеңістікте орналасуын ажыратуға үйрету .

Барысы: құрсау арқылы,қос аяқпен секіріп, жанындағы доптарды текше үстіне қойып, үстел- үстіндегі доптарды сәйкестендіріп қойып шығу

Рефлекция:

- Балалар,бүгінгі ойындар сендерге ұнадыма?

- Не істедіңдер,қандай жаттығулар ұнады сендерге?

- Балалар,білесіңдер ме сендер кереметсіңдер. Бүгін барлығың тапсырманы жылдам қарқынмен орындап шықтыңдар. Жарайсыңдар! Мадақтау

Ханшайым сендерге сыйлыққа түрлі-түсті шарларын дайындап қойды.

Кәне сапқа тұрып, бізді тамашалаған қонақтарға , жылы лебізімізді білдіріп қоштасайық. Сау болыңыздар!

Күтілетін нәтижелер:

- бірқатармен, заттарды айналып жүре алады.

- тұрған орнында қос аяқпен алға қарай жылжып секіреді;

заттардың ішімен еңбектейді

-жалпы дамытушы жаттығулардың орындалу ретін сақтайды;

қимылды ойындарды қызығып ойнайды;







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
407
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі