400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Семинарға арналған ашық сабақ тақырыбы:«Әжемізге қонаққа барамыз».

Материал туралы қысқаша түсінік
Семинарға арналған ашық сабақ тақырыбы:«Әжемізге қонаққа барамыз».Бұл сабақ балабақша тәрбиешілеріне қажет болу мүмкін.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Құлыншақ» бірінші сәбилер тобындағы

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.


Күні:

Тәрбиеші: Мұрат Молдир Мұхамбетқызы

Еңбек өтілі: 3


Білім беру облысы

Таным

Кіріктірілген білім беру облысы

«Сенсорика» «Тіл дамыту», «Мүсіндеу», «Құрастыру»

Саласы

Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы

"Әжеге қонаққа барамыз"

Мақсаты

Үй жануарлары және олардың төлдері жайлы түсініктерін жүйелеу, бекіту. Сөз бен іс-әрекетті сәйкестендіре білу.


Міндеттері

Үй жануарларын атап, ерекшеліктері бойынша ажыратып, төлдерін атай білу білімдерін бекіту. Сұраққа жауап беріп, өз ойларын жеткізе білуге үйрету. Түстер мен пішіндер жайлы алған білімдерін бекіту. Ермексаздан домалақ пішінді заттарды мүсіндеу дағдыларын, құрылыс матералдарын атап, қарапайым құрылыс жасауды бекіту .

Ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту, Қоршаған ортаға деген қамқорлық жасауларына тәрбиелеу. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Қолданылған технологиялар

Дәстүрлі: ойын, денсаулық сақтау, жеке-дамыту, мультимедиялық

Көрнекіліктер

Киіз үй, ойыншық үй жануарлары (ат, сиыр, қой, ит, мысық), төлдер (құлын, бұзау, қозы, марғау, күшік), үнтаспа, құрылыс материалдары, қамыр, тақтайша, сүлгі.

Билингвальды компонент

Сәлеметсізбе-здравствуйте, сиыр-корова, ит-собака.












Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Топқа көңілді әуенмен кіру.

- Балалар, қараңдаршы қонақтар келіпті. Қонақтармен амандасайық.


Шаттық шеңбері:

Топ-топ, топ-топ басайық,

Жалаудан күн жасайық

Жаса-жаса алтын күн

Жаса-жаса жарқын күн!



-Балалар біреу есік қағып тұр, мен қарап келейін.

-Қараңдар, есіктің сыртына пошташы хат қалдырыпты.(Хат оқылады)

-«Амансыңдарма, балаларым! Мен сендерді ауылға қонаққа шақырамын». Сәлеммен: ауылдағы Айман әжелерің.

-Ой, балалар, бізді Айман әжеміз ауылға қонаққа шақырып жатыр.

-Барамызба?

-Ауыл алыс, сондықтан біз көлікпен баруымыз керек.

-Ал, сендер қандай көлік түрлерін білесіңдер? (Теледидардан көлік түрлерін көрсету)

-Балалар мен сендерге ауылға машинамен баруды ұсынамын.

-Ендеше алдарыңдағы құрылыс материалдарынан әрқайсысымыз өзімізге машина құрайық.

-Балалар бұлар қандай құрылыс материалдары?

-Дұрыс кірпіш.

-Ал мынау ше?

-Кірпіштің түсі қандай?

-Мына текшенің түсі қандай?

-Ал машинаның маторы қалай гүрілдейді?

-Ал кеттік.

Жолда жол ережесін естеріне салу.

(Ауыл дыбысы)

-Ауылғада жеттік. Машинамызды осы жерге қалдырамыз.


- Сәлеметсізбе!



Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарын қимыл іс-әрекетін көрсету арқылы орындайды.




Балалар қызығушылық танытады




Тыңдайды






-Иә


Балалар көлік түрлерін атайды

-Автобус

-поезд

-ұшақ, машина, велосипед




Балалар қызығушылық танытады.


-Кірпіш

-Текше

-Сары

-Көк

-Р-р-р-р

-Бірге р-р-р, бип-бип

Іздену-ұйымдастырушы

-Амансыңдарма, балалар! Ауылға қош келдіңдер.

-Кәне, танысайық, менің атым-Айман әже.

-Ал, айта қойшы сенің атың кім?

(Балалармен танысып шығады)

-Бугін мен сендерді ауламдағы үй жануарларымен таныстырамын.

Мысықтың мияулаған дауысы естіледі

-Балалар, бұл ненің дауысы?

-Мысық қалай дыбыстайды екен?

Жеке жұмыс: Арлан, Жания, Дайырбектен мысықтың дыбысын қайталап сұрау.

-Жақсы балалар, мысық мияулайды

Сөздік жұмыс: мысық-кошка

-Мысықтың түсі қандай?

-Тоны қандай?

-Ұстап көріңдерші, мысықтың несі бар екен?

-Құйрығы қандай?

-Ал, мысықтың төлін қалай атайды?

-Марғау қандай?

-Ал мысық ше?

-Мында менің мысығым ойнап жіптерді шашып тастапты, жинауға көмектесесіңдерші?

-Жіптерді жинап мына себеттерге саламыз.

-Адель мынау себеттің көлемі қандай?

-Ажар мынау ше?

-Үлкен жіпті үлкен себетке, кіші жіпті кіші себетке салайық

-Дамир сенің қолыңдағы жіп қандай?

-Оны қай себетке саласың?

(Әрқайсысынан сұралады)

Иттің үрген дауысы естіледі

-Балалар, бұл ненің дауысы?

-Ит қалай үреді?

- Мында иттің төлі де отыр екен. Оны қалай атаймыз?

Қойдың маңыраған дауысы

-Ал бұл қай жануардың дауысы?

-Қойдың маңыраған дауысын салып бере қойыңдаршы

Жылқының кісінеген дауысы

-Бұл қай жануар?

-Ат қалай дауыстайды?

-Аттың несі бар?

-Аттың мынау несі?

Сергіту сәті

Тікірейтіп құлағын,

Ат шауып барады

Бойын жазып керіліп,

Қазыққа кеп тұрады


Сиырдың мөңіреген дауысы

-Балалар бұл қай жануар?

-Сиыр қалай дауыстайды?

-Дұрыс, қане баріміз бирге сиырдың мөңірегенін салып корейік.

-Сиырдың несі бар?

-Сиыр бізге не береді?

-Сендер сүтті жақсы көресіңдерме?

-Мына жануарлардың қайсысы сүт ішеді?

-Ал ит не жейді?

-Ал күшік ше?

(күшік пен марғауға сүт беруді ұсыну)

-Ал, балалар, сүттен құрт жасауға болады

-Сендер маған құрт жасауға көмектесіңдерші.

-Ендеше саусағымызды икемдеп алайық.

-Әжетайым мен саған құрт жасап берейін.

Жей ғой,жей ғой әжетай,

Құртымызды жей ғой.

-Құртты кептірейік

-Мына жануарлар неге шулап кетті

-Жануарлары төлдерін жоғалтып алыпты, табуға көмектесейік.

Д/о «Төлдерін тап»

-Ажар, бұл ненің суреті?

- Бұзаудың анасы не?

- Ендеше бұзауды анасының жанына қой.

-Дамир сен қай жануардың төлін алдың?

(жеке-жеке сұралады)

-Балалар, бұлардың барлығын бір сөзбен қандай жануарлар дейміз.

-Өте жақсы балалар, келгендеріңе көп рахмет.

-Сендерге алғысым ретінде мына құртты сыйға тартамын.

(Кепкен құртты береді)

Тәрбиеші:

-Балалар топқа оралатын уақыт болды, әрқайсысымыз өз машинамызға отырайық.



Балалар аттарын айтып танысады

-Менің атым Ажар






-Мысық

Мяу-мяу






-Мысықтың түсі ақ

-Тоны жұмсақ, мамықтай


-Құйрығы

- Ұзын

-Марғау

-кішкентай

-үлкен


Балалар келіседі




-Үлкен

-Кіші




-Үлкен

-Кішкентай




-Ит

-Аф-аф

- Күшік.


-Қой

-Мә-мә




-Ат

-Игого-игого

-Құйрығы

- жалы


Қимылмен көрсетіп, сөзін қайталап айтады





-Сиыр

Мө-мө



-Құйрығы, құлағы

-Сүт

-Иә

-Мысық


-Сүйек

-Сүт



Балалар келіседі.





-Бірге қайталап, саусақтарын икемдейді

Балалар дайын қамырдан домалақ пішінді құрт жасайды




-Ия, көмектесеміз


  • Бұл бұзау.


Әр бала қолдарына алған жануарлардың төлдерін таныстырып, енесінің жанына орналастырады.


-Үй жануарлары дейміз.




Балалар рахмет айтып, әжемен қоштасады.



Балалар машиналарын гүрілдетіп, топқа оралады

Рефлексивті-коррекциялаушы

-Бүгін бізді кім қонаққа шақырды?

-Қайда бардық?

-Немен бардық?

-Не көрдік?

-Не істедік?

-Сендерге ұнадыма?

-Ал енді қолымызды жуып, әжеміз берген құрттан дәм татайық.

-Ауылға, әжеге қонаққа бардық

Балалар өз әсерлерімен бөлісіп, қайда барып, не көргендерін айтады.




Күтілетін нәтиже:

Біледі: үй жануарларын атап, төлдерін ажыратады, түстер мен пішіндерді атай біледі

Меңгереді: ермексаздан домалақ пішінді затты мүсіндеу, құрылыс материалдарынан қарапайым затты құрастыру әдісін

Істей алады: сөздерді байланыстырып сөйлеп, сұраққа жауап береді, қоршаған ортаға қамқорлық көрсетеді.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
1592
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі