400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сен агрессияны жариялау

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Тексерілді»____________

Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасарлары

А.Ш.Шамшатова____________

А.Т.Аренова ____________

«__» Ақпан2019 ж.


















Тақырыбы: « Сен агрессияны қалай жеңесін!»

Тәрбие сағаты










Сыныбы: 8 «Г»

Сынып жетекші: Жаншаева Ж.Е.














Тақырыбы: « Сен агрессияны қалай жеңесін!»

Сынып:8 «Г»

Мақсаты: Агрессиядан арылу, ашуды жеңу техникаларымен таныстыру, жаттығуларды жасау арқылы балалардың мінез құлықтарын анықтау, бір-біріне деген қарым-қатынастарын анықтау, адамгершілікке, сыйласымдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Презентация-слайд, көрнекі материалдар, видеослайд

Өткізілетін орны: 343 кабинет

1. Агрессия туралы түсінік

Агерессивтілік – бұл жеке тұлғалық қасиет мінез-құлық, агрессияға дайындық көрінісі.Осылай түсіндіре келе, мұны былай тұжырымдауға болады.Егер агрессия – бұл әрекет болса, ал агрессивтілік оосындай әрекетке дайындық.

Агрессивтілік эмоцияның көрінуі әрекеті, яғни сырттан немесе іштен келген тітіркендіргіштерге жауап реакциясының әрекет ретінде көрінуіне орай бірнеше теориялар бар.Олай болса, соларға тоқталып кетейік.

Күйзелісті болдырмау үшін не істеу қажет?

       Біріншіден: стресс кезінде ағзадағы витаминдер қоры  әсіресе В тобы тез таусылады. Көптеген дәрігерлер күнде витамин ішуге кеңес береді, дегенмен де артық ішіп қоймаңыз. Барлығы орнымен болғаны жөн.

       Екіншіден: дене жаттығулары өте пайдалы. Спорт залына барыңыз, жаттығу жасаңыз, билеңіз, ән айтыңыз, қалада серуендеңіз, бассейнге, моншаға барыңыз.

       Үшіншіден: психикалық және дене релаксациясы қажет. Келесі тәсілдерді көріңіз: босаңсытатын музыка таңдаңыз, түнгі аспанға бұлтқа қараңыз және армандаңыз.

       Төртіншіден: үйлесімді өмір үшін жанұяның, достардың қолдауы қажет. Психологиялық тренингтерге барыңыз, жанұя салтанаттарынан қалмаңыз, жаңа қызықты адамдармен танысыңыз. Ата-аналарыңызға, ата-әжелеріңізге, баурларыңызға көңіл бөліңіздер, өйткені олар сіздің махаббатыңызды, қамқорлығыңызды, мейіріміңізді өте қажет етеді емес пе?

     Жалпы, жасөспірімнің күйзеліске душар болып жүргенін мынандай  әрекеттерден де анық аңғаруға болады:

 1.Баланың мінез-құлқы өзгереді, тұйық бола бастайды, әңгімеден қашады, өте енжар, селқостық байқалады.

 2. Мектепке бармаудың барлық амал-шарасын ойлап табады: «басым, ішім ауырып тұр, құсқым келеді» деген сияқты сылтауларды көбейеді.

3. Мектепте болған жағдайлардан бас тартады, сабаққа барғысы келмей, әдейі ұйықтап қалады.

 4. Әдеттегіден гөрі ақшаны жиі сұрай бастайды, сылтауы көбейеді, тіпті ата-анасының қалтасына түседі. Демек, ол қаржыны мектепте «мазасын алып жатқандарға» тасиды.

 5. Кейбіреулері тіпті тұйықталып кетеді, ешкіммен сөйлеспейді, ал екіншілері өте ашуланшақ бола бастайды.

6. Оқу үлгерімі нашарлайды, зейінсіз болады.

 Сонымен бірге егер бала зорлық-зомбылық көрсе, оны келесі жанама белгілерден де байқауға болады:

1. ұйқысы бұзылады;

 2. ата-анамен, мұғалімдермен, құрбыларымен ерегесу әрекеттері мен агрессия байқалады;

 3. апатия, күйзеліс:

 4. достарын жиі ауыстырады;

     А.Е.Личконың пiкiрiнше, күйзелістік әрекеттерге мынандай факторлар жетелейді: 1) сүйікті адамнан айырылу; 2) жалықтыру күйі; 3) өзінің адамгершілік құндылығын кеміту сезімі; 4) есірткі, гипногендік психотропты дәрілер және ішімдікке салыну нәтижесiнде тұлғаның қорғаныш  тетіктерінің күйзелуі; 5) өз-өзіне қол жұмсаған адаммен өзін теңеу; 6) түрлі себептерден  қайғыру мен орынсыз ызалану, күйзелу, қорқыныш сезімдері және т.б      

  

Жеткіншектердің агрессиялық мінез-құлқын түзету мақсатынданда мына төмендегі тренингтерді пайдалануға болады:

Жаттығу № 1 «Өз есіміңмен таныстыру»

Мақсаты:Бір-бірімен таныстыру. Барысы.

Жүргізуші: Сен дауыссыз киноның актерісің. Сенің мақсатың мимикамен, қимылмен есте қалардай қимыл көрсту. Содаң соң дыбыс арқылы есіміңді айту.

Жаттығу № 2 «Ашу ситуациясы»

Мақсаты: ашумен жұмыс істеуге бағыттау.

Барысы.

Жүргізуші: Қатысушыларға ұсынады: «Қатты ренжіп, ашуланған кезді еске түсіру. Сол сәттегі көңілі туралы айтып береді. Содаң соң сол сәтті ойнатып, талдау»

Жаттығу № 3. «Итерісу»

Мақсаты: достық қарым-қатынасты орнату.

Барысы: Жалпы оқушыларды екіге бөлу. Екі қатарға тұрып, алақандарымен бірін-бірі итереді. Содаң соң орындарымен ауысып арқаларымен бірін-бірі итеру.

Жаттығу № 4 «Сезімдер әлемі»

Мақсаты: сезімдерді ойнап, көрсету жағдайында-олардың мәнін түсіну.

Барысы: Жүргізуші әрбір балаға екі таратпадан алуды ұсынады. Сары және жасыл түстерде төмендегі сезімдер келтірілген.

Сары таратпалар: қуаныш, үміт, махаббат, салмақтылық, мейірім, батылдық, достастық, сенімділік.

Жасыл таратпалар: қайғы, мұң, ашу, реніш, құлық, кек. Балалар таратпадағы кезекпен сезімдерді вербалды емес түрде көрсетеді.

Жүргізуші сұрақтар қояды: - қандай сезімді көрсеткен жеңіл? - көрсету кезінде қандай қиындықтар туындады?

Жаттығу № 5. «Күншуақ»

Мақсаты: жақсы көңіл-күй сыйлау, балаға өз көңіл-күйін түсінуді, оған баға беруді үйрету. Барысы: Жүргізуші: Денелеріңді бос ұстап, ыңғайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Өздеріңді жағажайдамыз деп сезініңдер. Күн жарқырап сәулесін төгіп тұр. Күн шуағының жылуын сезініңдер. Талдау.

Жаттығу № 6 «Қоштасу»

Мақсаты: алған сезімдерін, анықтап, түйіндеу.

Барысы

Жүргізуші: Дөңгелене отырып, бір-бірінің қолдарынан ұстап, көршісінің жүзіне үндемей қарап, мейірімді де әсем күлкісін сыйлайды.

Ашуды жеңу үшін: Физикалық өзгеріс: Адамның ішкі жағдайымен бірге, адамның сыртқы келбеті де маңыздырақ. Сондықтан, ашуды да қимылдау арқылы жеңуге болады. Мысалы: •  Жаттығу жасаңыз, ойыңыз өзгере бастайды. • Терезеге қараңыз немесе далада серуендеп қайтыңыз • Ақылға сыймаймтын әрекеттер жасаңыз: өзіңізді ертегі кейіпкерінің орнына қойып қараңыз.

Ашумен күресудің екі жолы бар:
1. Ашуды ішіне жасыру.
2. Ашуды сыртқа төгу.


Агрессия деңгейін қалай азайтуға немесе жоюға болады?

•    Спорт секциялары.
•    Қызығушылықтары бойынша үйірмелер.
•    Балаға деген махаббатты үнемі білдіріп отыру
•    Орындалмайтын уәде бермеуге тырысу.
•    Релаксация және тыныс алу жаттығуларын орындау.
•    Балаға уақытты аямау, үнемі ақыл-кеңес беріп отыру.
•    Уақытылы тыңдау, түсіне білу.
•    Әр жұмысына көмектесіп, сенім білдіру.
•    Үнемі мейірімді болу.

•    Терең тыныс алу және тыныс шығару – ашу, уайым, қорқыныш жағдайын реттеуге өте тиімді нәрсе.
•    Алдын алуға арналған сұхбаттар. Сұхбаттың мақсаты – қажетсіз оқиғаның орын алуына жол бермеу. Агрессивті мінез-құлықтың салдары қандай болатынын нақты мысал арқылы көрсету. Мысалы, балалар үйінде тәрбиеленуші қыз мектепте бір ұл баланы жекпе-жекке шақырып, ақыры көзінен айырылып тынған.
•   
Әдептілік тәртібі үлгісіне баулу.
•    Жағымсыз энергиядан арылу әдістері мен тәсілдеріне үйрету.Ата-ана  бойға жиналған агрессиядан арылу әдістерін көрсетуі тиіс. Мысалы, табиғат аясына шығып, бар дауыспен айғайлауға болады. Жапон компанияларында адамдар жансыз заттарға ұрысу, ұру арқылы ашуын сыртқа шығарып алатын арнайы бөлмелер болады.
•    Ата-ана мінез-құлқы. Агрессивті баламен сөйлескен кезде сынып жетекшісі сабырлы, салмақты, жұмсақ, төзімді болып,  сыртқы түрімен қамқоршысының жан дүниесін түсінетінін байқатуы тиіс.
•   
Баланың тек жақсы жақтарын ғана көріп, оған сенім білдіру. Бала егер өзін осы тұрған бойында жақсы көріп, қадірлейтінін білсе, өзін ұстамды, қолға ала білетін жан ретінде көргісі келетінін түсінсе, мінез-құлқын өзгертеді. Психологиялық-педагогикалық зерттеулер баланың егер педагог және ата-ана оны жақсы адам ретінде бағалайтынын түсінген жағдайда өзгеретінін көрсетеді, мұндай кезде ол дамуының жоғары сатысына ұмтылатын болады.
•   
Жауапкершілік жүктеу. Өзіне тапсырылған жауапты істі орындай жүре, бала шығармашылықпен айналысады, ал бұл кезде жаман ойлар мен істерден аулақ  жүретін болады.
•   
Ерік-жігерін қалыптастыру. Ақырында, агрессивтіліктің жағымсыз көріністерімен күресте негізгі фактор болып табылатын нәрсе: сынып жетекшісі, ата-ана мен бала арасында үйлесімді қарым-қатынас орнату – баланың салауатты эмоциялық дамуының басты шарты.


Сонымен оқушыларды Агерессивтілік – бұл жеке тұлғалық қасиет мінез-құлық, агрессияға дайындық көріністерімізді айқындадық! Агерссияны қалай жену керек екенін үйрендік. Әрдайым мейірімділік танытып, қуанышты эмоцияналды жүзбен жүруді үйренейік, қалыптастырайық! Сау болыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
480
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі