Сен әртіс бола аласыңба? (пародия -нер шарасы)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сен әртіс бола аласыңба? (пародия -нер шарасы)

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту, музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру, есте сақтау қабілеттерін нығайту, сөздік қорларын дамытып, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру. Достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Еліміздің жарқын болашағы мен келешегі үшін оқушылардың дарыны мен қабілетінің артуына жол ашып, білімді де өнерлі ұл - қыздарын тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: "Сен әртіс бола аласыңба?"пародия өнер шарасы
Мақсаты:

Оқушылардың бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту, музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру, есте сақтау қабілеттерін нығайту, сөздік қорларын дамытып, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру. Достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Еліміздің жарқын болашағы мен келешегі үшін оқушылардың дарыны мен қабілетінің артуына жол ашып, білімді де өнерлі ұл - қыздарын тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Өнерпаздарды жан - жақты зерттеп, әнді көпшілік алдында қысылмай, еркін орындауға бейімдеу, талап пен шеберлігін шыңдау.

Көрнекілігі: Зал ішін мерекеге сай безендіру. Гүлдер, шарлар, фотостенд, музыка техникасы.
Барысы:

1 - жүргізуш:
Құлпырған еліміздің ұл - қызымыз,
Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз.
"Өнерлі өрге озар", - дейді халқым -
Бұл кеште бар өнерді ұсынамыз.
Қазақтың қайтпас қайсар қыранымыз,
Болашаққа жол бастар ұланымыз,
Алдымызда - арман көп, таудай талап,
Өздеріңе арналар жыр - әніміз.

2 - жүргізуші:
Армысыздар, құрметті, өнер сүйер қауым. Ұлағатты ұстаздар! Оқушылар!

"Өнерлі өрге жүзер", - дейді дана халқымыз.
Мектебімізде жаңа жоба «
Сен әртіс бола аласыңба?» пародия өнер шарасы өз сахнасын ашық деп жариялайды. Пародия деген басқа адамның немесе жануардың, құстың ,т.басқа дененің іс-қимылдарын айнытпай салу!Сайысқа қатысушы Балауса қанат жас өнерпаздарымызды қолдап, қошеметтеп отырайық, ағайын!

 1 - жүргізуші:
Армысың көрермендер қауымдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы,

Ән-шашу,әсем әуен,түрлі өнер

Бүгігі күн сіздерге арналады


Келесі кезекті Болашақ тобының тәрбиеленушілеріне береміз.


2 - жүргізуші:


Азат өлкем күндей күлген шығыстан

Асыл елім жан-жүректі ұғысқан

Ата-анам аңсап өткен бақытым

Айналайын Қазақстан –Гүлістан!


Келесі кезекті Жігер тобының тәрбиеленушілеріне береміз.


2 - жүргізуші:

Арайлап әрбір таңымыз,

Арайланып ән мен сәніміз,

Туған жердің төсінде,

Шырқатайық,Қане,бәріміз! дей келе


Келесі кезекті көрерменмен ән салу айдарына береміз

Ән: "Атамекен"


1 - жүргізуші:

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Сіздер үшін осы кеш ашылады

Сіздер үшін әншілер ән салады

келесі кезекті Бүркіт тобының тәрбиеленушілеріне береміз......


1- Жүргізуші:

Біздің халық өнерге мол, бай тегі,

Әнші депте,күйші депте айт оны

Әнге сенің қанша икемің бар екен,

Тыңдап алып жалғастырсақ қайтеді!

Келесі кезекті көрерменмен ән салу айдарына береміз


Ән: "Жаяу-"әніне би қимылымен би билеп ән саламыз.



1- жүргізуші:

Ән,сені тәтті көрем,жанымды сүйіп,

Тыңдаймын тыным алмай,жанып-күйіп,

Өмірдің сырын ашып жүрегіме,

Музаның әміріне басымды иіп-

2- жүргізуші:

Әндер-әндер !Ұш әуемде,

Ұш көгімде күллі әлем.

Көктем келсе,гүл боп елге

Менде бүгін түрленем.


1- жүргізуші:

Ал оқушы ұстаздар

Ортаға назар салыңдар

Әншілер шығып келеді

Қол соғып қарсы алыңдар


2 - жүргізуші:

Алдымызда ұзақ жол,

Ізденуден талмаңдар,

Өнер жолын жалғаңдар,-дей келекелесі кезекті көрерменмен ән салу айдарына береміз

1 - жүргізуші:

Көңілдің ақ тілегін қол етеміз

Тілектермен нығайсын мерекеміз

Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс

Осыменен аяқталды концертіміз.

2 - жүргізуші:
Құрметті ұстаздар! Оқушылар! оқушылардың білімі мен өнерін тамашалағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.
1 - жүргізуші:
Дендеріңіз сау, жұмыстарыңыз жемісті болсын. Егеменді еліміздің болашағы жарқын болсын!
2 – жүргізуші\:
Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын!
Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын!
1- жүргізуші:
Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып,
Жасай берсін, Қазақстан Мәңгілік!
2 - жүргізуші:

Қош сау болыңыздар, құрметті көрермендер!













Орал Қаласының білім беру бөлімінің №5 жалпы орта білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Тақырыбы:

"Сен әртіс бола аласыңба?"

пародия өнер шарасы


Дайындаған: музыка пәні мұғалімі: Ныгметова А. С















2018 оқу жылы





Анықтама



Мақсаты: Оқушылардың бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту, музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру. Достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Еліміздің жарқын болашағы мен келешегі үшін оқушылардың дарыны мен қабілетінің артуына жол ашып, білімді де өнерлі ұл - қыздарын тәрбиелеу.



Уақыты: 08.06.2018



08.06.2018 күні «Сен әртіс бола аласың ба?»атты пародия өнер шарасы өтті. Өнерпаздарды жан - жақты зерттеп, әнді көпшілік алдында қысылмай, еркін орындауға бейімдеу, талап пен шеберлігін шыңдау.Шара барысында өнерлі окушылараныкталды.«Болашақ» тобының тәрбиеленушілері жоғары дәрежеде өнер көрсетіп Бас жүлдеге ие болды. Молданияз Іңкәр І-орын , Төлеуғали Нұрасыл ІІ-орын, Сатыбалды Айжан мен ЖакеноваСамираІІІ-орынға ие болды. «Бүркіт» тобынан Болат Сабина, АлибековАлижан, АқмұханАйханІІІ-орынға ие болып марапатталды. «Қыран» тобынан Сұлтанғали Гүлім ІІІ-орынға ие болды. «Жігер» тобынан Нурумбекова Мирада ІІІ-орынға ие болып марапатталды.















Анықтама жазған: Ныгметова А.С



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.11.2018
1073
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі