400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Сен де бір кірпіш дүниеге...

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мектеп

«Ш.Қанайұлы атындағы №2 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Сынып

9А

Сынып жетекшісі

Г.Ш.Ажибекова

Тәрбие сағаты

Сен де бір кірпіш дүниеге...

Бағыты

Ұлттық тәрбие

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы

аясындағы бағыты

«Саналы азамат» базалық бағыт

Мақсаты

Абайдың қарасөздерін дәріптеу арқылы мамандық туралы білімдерін тереңдетіп, дұрыс таңдау жасауға бағыт беру.

Табыс критерийі

  • Оқушылар өз мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сай мамандық таңдауды үйренеді;

  • Мамандық таңдауда қазіргі заманғы еңбек нарығының талаптарын түсіне біледі;

  • Кәсіп таңдау мәдениеті қалыптасады.

Күтілетін нәтижелер

Оқушыларда көпшілік ортада жұмыс жасау дағдысы қалыптасады; қатысушылардың пікірін тыңдау арқылы ортақ қорытындыға келуді үйренеді:

Жоспар

Кезеңдер және уақыт

Сабақ барысындағы әрекеттер

Ресурстар

Психологиялық жағымды ахуал

2 минут

Кіріспе сөз

2 минут




















Сұхбат

3 минут



Тыңдалым

2 минут










Көрсетілім

2 минут

Сұхбат

2 минут


Жаңа тақырып мазмұнын ашу

2 минут




















Жағдаяттық сұрақтар бойынша сұхбат

12 минут








Педагог-психолог сөзі

3минут


Көрсетілім

1 минут




Қорытынды сөз

5 минут
















































Кері байланыс

2 минут

Уақыт –адам баласына берілген баға жетпес құндылықтардың бірі. Адам баласы уақыттан ұтылған жағдайда көп нәрседен қағылатынын жақсы біледі. Бүгінгі дөңгелек үстелге алтын уақыттарыңызды қиып келгендеріңіз үшін алғысымды айтамын. Бүгінгі сабақтан жақсы ой, керемет көзқарас және құнды дүниелер алады деп сенемін.

Мына жарық дүниеге келген әрбір саналы адамның парызы-елі мен жерінің игілігіне еңбек ету, өмірден өз орнын табу, адам деген ардақты атқа лайық өмір сүру.

Абай жер ортасы жасқа келген шағында жазған қарасөзінің біріншісінде: «Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірді өткіздік. Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөзді тапса, жазып алсын, ия оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа жұмысым жоқ, - деген екен. Бүгінгі тәрбие сағатын Абай сөзімен «Сен де бір кірпіш дүниеге...» деген тақырыпта алдым.

- Құрметті ата-аналар! Менің сіздерге қояр сұрағым бар .

- Мына отырған балаларыңыздан болашақта қандай үміт күтесіздер? Ойларыңызды ортаға сала отырсаңыздар.

(Ата-аналардың пікірін тыңдаймын.)
- Керемет! Ал Абай атамыз бұл жайында не деген екен. Бірге тыңдайық!

- Бала- еліміздің болашағы. Өмірде балалардың балдай тәтті күлкісінен, қуаныш-шаттығынан асқан бақыт жоқ. Алайда олардың дұрыс өмір сүруіне тек қана ата-аналар ғана жауап бермейді.

Бала- қоғам мүшесі. Оның тәрбиесі үшін мектеп және қоршаған орта да өз үлесін қоса отырып жауап береді.

Бейне ролик «Абайдың екінші сөзі»

-Балалар, не ой түйдіңдер?

-Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі тақырып неге «Сен де бір кірпіш дүниеге...» деп аталды?

(Оқушылардың пікірін тыңдау)

-Иә, дұрыс айтасыңдар. Еңбектену және кәсіппен айналысу. Нақты бір маман иесі болу.

- Еңбек деген не?

Еңбек- бұл адамның материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталған қызмет. Ал мамандық- бұл арнайы біліктілік мен білімді талап ететін еңбек қызметінің бір түрі.

Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай:
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.
Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге – әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б Әрине таңдау жасау оңай емес. Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат.

Оқушыларға:

-Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата-анаң қарсы.Сен ол кезде не істер едің?

(Оқушылардың пікірін тыңдау)
Ата-аналарға:

-Сіз балаңызға бір мамандықты таңдап бердіңіз, алайда ол мамандық балаңызға ұнамады. Сіз қандай әрекет жасайсыз?
(Ата-аналардың пікірін тыңдау)

Бұл ойландыратын жағдай ма екен. Болшаққа ешкім де көз жұма қарамайды.

Балалармен қосымша жұмыстар жүргізіп жүрген мектебіміздің педагог –психологы Ерболқызы Інжу апайымызға сөз кезегін берейін. Зер сала тыңдайық!

«Өмірлік таңдау» ұйымының жарнамасына құлақ салайықшы.

Сұранысқа ие

мамандықтар

Ең көп қамтылған мамандықтар

Дефектоскопист

экономист

аргонды  газбен дәнекерлеуші

есеп және аудит

токарь

есепші

құзға өрмелеуші

эколог

дәрігер

мұнай бұрғылау маманы

фармацевт

заңгер

тамақ өнеркәсібі техник- технологі

труба монтаждаушы

құрылысшы


жарнамалық қызмет менеджері


тұрмыстық қызмет көрсету


Сауда-саттық менеджері


Дегенмен Smart мақсат қоя білеген жөн.

Smart-нақты, өлшеуге келетін және қолжетімді, шындыққа сай, белгілі бір уақытта орындалатын деген мағына берді.

Мысалы:

1.Мақсат нақты болу керек. «Мен оқуға  түсемін» деген мақсат айқын емес. Ал, ол айқын болу үшін   негізгі мектепті (9-шы сыныпты)  бітірген соң ба, әлде орта мектептен (11-ші сыныпты) соң түсетінім нақтылануы керек.

2. Мақсат өлшенетін болу керек. Мысалы, «9-шы сыныпты аяқтаған соң колледжге түсемін» деген мақсатты өлшеу өте қиын, ал «Мен Кентау қаласындағы политехникалық колледждің есеп және аудит бөліміне оқуға түсемін» деген мақсатты өлшеуге болады.

3. Мақсат қолдан келерлік болу керек. Мақсатты жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасалған ба? Мысалы, негізгі мектепті аяқтап, «Мен биыл жоғары оқу орнына түсемін» деген мақсат- қолдан келмейтін нәрсе.

4. Мақсат шынайы болу керек.   өзің таңдаған мамандықты меңгеру үшін білімің, қабілетің аталған мамандықтың иесі болуға жеткілікті ме? Немесе оқуға ақылы бөлімге түскен жағдайда сенің шығыныңды өтеуге жанұя бюджеті көтере ме?

5. Мақсаттың мерзімі анықталған болу керек.

«Бес саусақ » әдісі бойынша смарт мақсат жазып көрелік

Дұрыс мамандық таңдаудың 7 қадамы







Нарық қажеттілігі

Құрдастарының көзқарастары

Ата-аналардың көзқарасы.

Мүмкіншілік.

Тартылу деңгейі.

Мағлұматтылық

Икемділік.

Әрбір қадамымыз нық болса, болашаққа деген сеніміміз де нақты болары сөзсіз.

Көк жүзіне алаулы,
Міндет емес ай болу.
Ең бастысы қалаулы,
Кәсібіңе сай болу!

Егеменді еліміздің ертеңі —қажетті әрі табысты маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!-дей отырып мына көмекші құралды сыйға тартамын.

Бейнеролик

https://www.youtube.com/watch?v=cmod1kXnV0k

«Уақыт»











Абайдың

1-қарасөзі
















Абайдың

10- қарасөзі

Аудио нұсқасы






Абайдың

2- қарасөзі










































https://fbwat.ch/1TfHdtA3i1g6ffyS






























































Бес саусақ қима үлестірме

лері






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
583
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі