400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Сен де бір кірпіш дүниеге

Материал туралы қысқаша түсінік
Күнделікті сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн - өзi тану сабағының жоспары

Күні:

Тақырыбы: 1-сабақ. Сен де бір кірпіш дүниеге...

Құндылық:дұрыс әрекет

Қасиеттер:өзіне-өзі сенімді болу, әділеттілік, әдепті болу.

Мұғалiм: Ахметова Г Сынып- 8

Мақсаты: Оқушыға өмірдің маңыздылығын түсіндіріп, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік:әдепті болу туралы түсінік беру.

  2. Дамытушылық: әділеттілікке баулу.

  3. Тәрбиелік:өз-өзіне сенімді болуға тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу

Оқушылардың құрал жабдықтарын түгендеу

5 «Т»ұстанымын еске түсіру.

  1. Тәртіп

  2. Талап

  3. Тыныштық

  4. Тазалық

  5. Татулық.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

Дәйексөз

Өзін –өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам ешқашанда сол қалпында қала алмайды. (Дәйексөзді дәптерге жазу)

Томас Манн

1. Өмірдің мәнін түсінген адам сол қалпында неге қала алмайды?

2.Адамның өмірдегі орнын табуға өзін-өзі танудың ықпалы қандай?

Оқулық

Оқиғаларды әңгімелеу. Мұғалім сыйы.

«Бақша ағаштары» Ыбырай Алтынсарин.

Құндылық : «Дұрыс әрекет»

Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.

  • Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен?- деп сұрады баласы.

  • Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен,- деді атасы.

  • Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой,- деді баласы.

  • Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де өзіңе әбірет алсаң болады; сен жас ағашсың саған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзу кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мына қисық біткен ағаштай қисық өсерсің,- деді.



1. Әңгімеде екі ағаштың түрлі өсуінің себебі неде?

2. Бағу-қағу дегенді қалай түсінесіздер?



Өсиет, аңыз- әңгімелер жинағы

Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

Оқушыларды 3 топқа біріктіру.

1. «...Кетігін тапта бар қалан» сахналау.

2.Адам бойындағы дұрыс әрекетті немен бейнелер едің? (постер қорғау)

3. Пікірді жалғастырып айтыңдар.

- достым, сен өмірден өз орнынды табасың, өйткені сен....

- Құрбым,сен үлкен жетістіктерге жетесің, өйткені сен....

- Бауырым, мен сені мақтан етем, өйткені сен....



Ватман, түрлі түсті қалам, стикер.

Топпен ән айту.

Әнін жазған Гүлмира Сарина
Сөзін жазған Қалқаман Сарин


Өр Алтай, Ертіс, Семей – дүр намысым,
Қызғалдақ ғұмырымның құндағысың.
Мен сенің бағыңдағы бұлбұлыңмын,
Жаралған жамалыңды жырлау үшін.

Қайырмасы:
Кермиық, кербез далам, тербетілген,
Айналайын келбетіңнен.
Қыран тау, құмай белді,
Шығыстай шырайлы елді,
Табам ба шыр айналсам жер бетін мен?!

Қоғалы, қоңыраулы Зайсан көлі,
Марқакөл мөлдіреген ай сәулелі.
Шыңғыстау-Тарбағатай – қос биігім,
Жасай бер, туған, жерім, жайсан белім.

Қайырмасы:
Кермиық, кербездалам, тербетілген,
Айналайынкелбетіңнен.
Қыран тау, құмайбелді,
Шығыстайшырайлыелді,
Табамбашырайналсамжербетін мен?!





Үй тапсырмасы 19 бет №2-сабақ «Әнші мұраты» оқу.





Сабақтың соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қойылып,

Балалар енді көзімізді жұмып, осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейік. Әрдайым өзіне-өзі сенімді болуға, әділеттілік танытып, әдепті болып жәнебарлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түпкіріне апарып орналастырайық. Көздеріңізді ашыңыздар.





















































































«Өзін-өзі тану» сабақ жоспары 
Мерзімі
Мұғалім: АхметоваГ 
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Сен де бір кірпіш дүниеге... № 2 сабақ 
Құндылық: Дұрыс әрекет 
Қасиеттер: Әдепті болу, басқалар туралы жамандық ойламау, өзіне -өзі сенімді болу. 
Сабақтың мақсаты: 
Оқушыларға дұрыс әрекет құндылығының маңызы туралы түсінік беру. 
Міндеттері: 
Білімділік: оқушыларды әдепті болуға,барлық уақытта дұрыс әрекет жасауға үйрету; 
Дамытушылық: оқушыларға басқалар туралы жамандық ойламау, мәнін дамыту. 
Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, өзіне - өзі сенімді болуға, тәрбиелеу. Ресурстар 
(материалдар) 
оқулық,дәптер. 

Сабақтың барысы: 
1.Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті: (Баяу музыка 
«Нұрға бөлену». 
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ -қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. 
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. 
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 
Нұр бірте - бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын. 
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын» 
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... 
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. 
Жаймен көзіңізді ашуға болады. 
Рахмет! 
Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі. 

2.Үй тапсырмасын тексеру. 
№ 2 сабақ 8,9 бет 
Оразақын Асқардың «Өмір өнегелері» өлеңін оқып сұрақтарына жауап береді. 
1. «Өмір өнегелері» өлеңімен не айтпақшы болды? 
2.Балалар сендердің өмірлерің мәнді ме? 

3.Дәйексөз 
«Өзін-өзі таныған,өмірдің мәнін түсінген адам ешқашанда сол қалпында қала алмайды» 
Томас Ман (1875 — 1955) 
1.Дәйексөзден қандай ой түйдің? 
2.Өзіңді -өзің танымасаң,өз өміріңнің кандай екенін түінесің ба? 
Дәптерге жаздыру, жаттатып айтқызу 

4. Әңгімелеу: Мұғалімнің сыйы 
Достық- өмірлік нұсқа 

Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары: “Достық нешеу?” – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып: 
– Достықтың екі түрі болады. Бірі адал достық, екіншісі амал достық. 
– Дұрыс-ақ. Енді оларды қалай ажырата аламыз? – дегендерге: 
– Адал достық – өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, – деп жауап берген екен Әйтімбет 
1.Сендердің ойларыңша “Достық нешеу?” 
2.Адал дос деген не? 
3.Амал дос деген не? 
4.Бұл аңыз әңгімеде қандай құндылық жайлы айтылған? 

5.Шығармашылық жұмыс 
Достық туралы өлең шығару 
6.Топпен ән айту 
Дүние-ай 
«Жігіттер» тобы 
Өтетін сейілмен 
Ей,дүние базарсың, 
Пенделік пейілден 
Жүрегім тазарсын 

Қайырмасы: 
Адамға бақ берер тек қана Алла мекен 
Өмірдің қызығы біреуге арман екен, 
Мәңгілік тұрағың болатын бар ма мекен 
Бес күндік бұл дүние расында жалған екен 

Қуаныш қайғының 
Бәрі де бітеді, 
Бұл дүние таусылса, 
Шын дүние күтеді 

Қайырмасы: 
Адамға бақ берер тек қана Алла мекен 
Өмірдің қызығы біреуге арман екен 
Мәңгілік тұрағың болатын бар ма мекен 
Бес күндік бұл дүние расында жалған екен 

Амал бұл сән үйде 
Иманның жолында, 
Бәрі де,бәрі де 
Алланың қолында 


7.Үй тапсырмасы. 
1. Сен де бір кірпіш дүниеге... атты өлеңіне эссе жазып келу. 
2.Келесі сабақ: Сабақ №3 19 бет. И.Есенберлиннің шығармасын оқып келу. 
8.Соңғы тыныштық сәті: 
Баяу музыка қойылады. (балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайлап отырыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар, өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тынышттыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер) 
Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтаймыз.





















Мерзімі:

Мұғалім:Ахметова Г

Сынып: 8 Тақырыбы: Өнер – өмір өрнегі. 3 сабақ

Құндылық : Ішкі тыныштық

Қасиеттер: дұрыс ырғақпен демалу; байсалдылық; шыдамдылық

Сабақтың мақсаты: өмір ұғымы мен ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік:оқушылардың дұрыс ырғақпен демалу жайында түсінік беру.

Дамытушылық: шыдамдылық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелілік: байсалды болуға тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу

Оқушылардың құрал жабдықтарын түгендеу

5 «Т»ұстанымын еске түсіру.

Тәртіп

Талап

Тыныштық

Тазалық

Татулық.

1.Тыныштық сәтi.«Су асты патшалығына ойша саяхат» (Баяу әуен )

2.Үй тапсырмасын тексеру. «Әнші мұраты» Б.Балғаринаның ізімен.

Мәтінді сахналап көрсетіңдер. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1.Майдан жауынгерлерін қазақ әндері қандай сезімге бөледі деп ойлайсыңдар?

2.Роза Бағланованы қайсарлыққа жетелеп, майдан шебінде ән салдырған қандай күш?

3.Дәйексөз

Өнер – адамның рухани азығы, ол – халықтың бүгіні мен келешегі, арманы мен қиялы, жалпы болмысы.

Б. Момышұлы

1.Өнердің адам өміріне ықпалы қандай?

2.Өнер- адамның рухани азығы дегенді қалай түсінесіздер?

3. «Өнерлі адамның өмірі бақытқа, шаттыққа толы дегенге қалай қарайсыздар?

оқулық

4.Оқиғаларды әңгімелеу. Мұғалім сыйы.

«Білгеннің пайдасы» Ы. Алтынсарин

Құндылық «дұрыс әрекет», «сүйіспеншілік»

Бір қарт ұста күні-түні тынбай іс соғып отырады екен. Оған көрші, заманындағы бір зор бай, Броун дегеннің баласы ойнап жүріп қызыққа күнде ұстаға келіп, іс соққанына қарап тұрады екен. Бір күні ұста мырзаға айтты:

-Төрем, қарап тұрғанша, тым болмаса, шеге соғуды үйренсенші, кім біледі, бір күндерде сол өнердің де керегі болар. Бала нем кетеді деп, күнде мазаққа шеге соғып жүріп, бірнеше күнде жақсы соғуға үйреніпті. Мұнан соң бірнеше жылдар өткен соң, жұртында қатты жаугершілік басталып, Броунның мал-жаны таланып бітіп, өзі қатын, баласымен қашып шығыпты. Сонымен, ішерге-жеуге, киюге де кем-тар соғып, бір қалада жүрген уақытта, қаланың әкімі бұйрық айтты: әскерге көп етік керек,жақын жердегі қалалардың сататын мығы таусылды, мық даярласын, деп. Сонда манағы мырзаның мазаққа үйренген өнері есіне түсіп, патшалық етікшілерге хабар салды:

- Егер көп мық-шеге керек болса, мен пөдіретін аламын,- деп. Етікшілер істеген мығын керіп ұнатқан соң, әскердің етігіне мық істеудің міндетін алып, көп мал тауып, ақыр өміріне дейін кемдік көрмей өтіпті.

1.Бала неліктен күнде ұстаға келіп іс соққанына қарап тұрды?

2.Дұрыс әрекет қасиеттері қай кейіпкердің бойынан байқалды?

3.Білгенге маржан дегенді қалай түсінесіздер?



Өсиет, аңыз- әңгімелер жинағы

5.Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

Менде осы ісім сәтті шығады ... Әр оқушы өзінде сәтті шығатын ісі, сөзі, қимыл-әрекеттері туралы әңгімелеу керек.Оқушыларға 2 сұрақ қойылады. 1.Мұны қалай үйренгенін айту.

2. Бұл іс қай жерде керек болады.



6.Топпен ән айту

«Сен маған сүюді үйреттің»

(Әні-Ербол Байырбеков, сөзі-Ақмарал Леубаева)



  1. Сен маған сүюді үйреттің,

Ұмытып кеткен едім.

Басымды июді үйреттің,

Тәкаппар өктемедім ...

Шынайы күлуді үйреттің,

Нөсерлі көктемедім.

Өмірді сүруді үйреттің,

Ұстазсыз мектеп едім.

Қайырмасы:

Сен маған ұшқанды үйреттің,

Тордағы бұлбұл едім.

Сезіммен құшқанды үйреттің,

Күдікшіл құмбыл едім.(2 рет)

  1. Кім дос, кім дұшпанды үйреттің,

Уайымшыл бір мұң едім.

Иіскеп қысқанды үйреттің,

Құшақсыз бір гүл едім.

 Шынайы күлуді үйреттің,

Нөсерлі көктемедім.

Өмірді сүруді үйреттің,

Ұстазсыз мектеп едім.



Қайырмасы:

Сен маған ұшқанды үйреттің,

Тордағы бұлбұл едім.

Сезіммен құшқанды үйреттің,

Күдікшіл құмбыл едім.(2 рет)

Интернет желісі

7.Үй тапсырмасы

«Қос өнерпаз» ел аузынан.

Оқулық 21 бет

8.Сабақтың соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қойылып,

Балалар енді көзімізді жұмып, осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейік. Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түпкіріне апарып орналастырайық.. Көздеріңізді ашыңыздар.





























«Бекітемін»

4 сабақ Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Өнер – өмір өрнегі.

Сабақтың мақсаты: оқушылардың адам өміріндегі өнердің маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейту

Сабақтың міндеттері:

а) адамның жасампаздық мүмкіндіктері мен рухани адамгершілік тұлғасының өзара байланысын ашу;

ә) жасампаздық қабілеттерінің дамуына ықпал ету;

б) өмірді сұлулық, жақсылық қырынан қабылдай білуге тәрбиелеу.

Құндылық: ішкі тыныштық (эмоционалдық деңгей) , сүйіспеншілік (адамгершілік деңгей)

Қасиеттер: білуге құштарлық, еңбекқорлық, қабілеттілік, дарындылық, жасампаздық, табандылық.

Ресурстар: интерактивті тақта, электрондық диск Робертино Лоретти «Абе Мария»,С.Тұрысбеков күй «Көңіл толқыны», слайдтар, А-4 қағаздар, түсті қарандаштар, Әлемнің 7 кереметі слайдтар

Іс-әрекет кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

1.Ұйымдастыру кезеңі

АутотренингТыныштық сәті

Ән тыңдау

1 мин2 минут

Аутотренинг арқылы жаңа сабаққа психологиялық дайындық үшін «Саусақтарыңызды түйістіріп1,2,3,4,5 деп санап, қолдарын уқалап : Жазда жақсы дем алдым, енді өзін-өзі тану пәніне кірісемін, мен қуаныштымын дей келе алақандарын уқалап. Ал, енді кірісейік! деп бастаймын

«Менің ғаламшарым»

Одан соң Робертино Лореттидің әнін тыңдауға шақыру

Балалардың музыканы тыңдай білу қабілетін бақылау

Оқушылар мұғалімнің айтқандарын қайталап қолды уқалау арқылы аутотренинг жасайды.

Оқушылар үнсіз тыңдауына не қосылуына да болады

Музыканы тыңдап, мазмұнына, ырғағына, Робертиноның даусының кереметтігіне назар аудару

Бейнебаян

2. Үй тапсырмасын тексеру

5 минут

  • Авраам Линкольннің етікшінің баласы бола тұра президенттікке сайланарда Сенаттағы аристократтар дың қорлау мақсатында қойған сұрағына жауапты сұрау (жағдаятты ешу)

  • Оқушылар жауап қайтаруын бақылау (слайд 3)

Авраам Линкольнның жауабын интернеттен қарау не болжау

Ойланайық, пікірлесейік айдары бойынша сұрақтарды ескере отырып ойларын жеткізуге тырысу.

Оқулық

Интерактивті тақта

3.Дәйексөз

Мәнін ашу

3 минут

«Өнер-адамның рухани азығы, ол-халықтың бүгіні мен келешегі, арманы мен қиялы, жалпы болмысы»

Б.Момышұлы Дәйексөздің мәнін ашуға және «Менің қойын дәптерім» деген шығармашылық жұмысты жалғастыруын ескерту

Менің қойын дәптерім деген шығармашылық жұмыс дәптерлеріне дәйексөздің мағынасын қалай түсінгендіктерін жазады.

Слайд

4. Мәтінмен жұмыс

«Оқып үйренейік» айдары бойынша І.Есенберлиннің әңгімесінен үзінді оқып, талдау

10 минут

  • Ол үшін Робеттино Лореттидің слайд-5 фотосын, керемет шырқаған әндерінен үзінді тыңдатып, оқулықтағы І.Есенберлиннің мәтін үзіндісіндегі Анар деген қыздың әкесінің әсерін суреттеу

  • С.Тұрысбековтың күйін тыңдату арқылы өнердің –өмір өрнегі екендігін айта кету слайд-1 қайта назар аудару Өнер адамдарының суреттерін көрсетіп сұрақ қою арқылы қай салада өнер майталмандарын атау

Лореттидің әнін тыңдап, табиғи дарынды даусына таң қалу, балалық шағында ән шырқау арқылы отбасын асырағанына назар аудару. Бүгінгі таңдағы және жас кезін салыстыру

5. Шығармашылық жұмыс топтық жұмыс

7 минут

4 топ оқушылары оқылған әңгімені постерге сурет арқылы елестетіп әңгіме мазмұны ашылатындай етіп сурет салады.

Музыканы тыңдағанда не елестегенін суретке бейнелеп салу

А-4 қағаздары

6. Назар аудару Жаңа сабақта Әлемнің 7 кереметі

20 минут

Слайдтарда әлемнің 7 кереметін көрсету және тарихын қысқаша меңгерту

Бұл материалды меңгертер алдында «Қас қағым сәт» рубрикасы бойынша слайдта 7 суретті 5 секунд көрсетіп, не көздерімен көріп естерінде қалғанын айту

Әлемнің 7 кереметін оқушыларға слайдтармен жұмыс барысында әр топ орындайды.

Оқушылар слайдтарға мұқият назар аудару арқылы көрген суреттерді айтуға тырысады

Әр әлемнің 7 кереметін тарих пәнімен және акмеология ғылымымен байланыстырады.

Интерактивті тақта

7. Үй тапсырмасы

1 минут

Жұмыс дәптерінен тапсырма орындау

1 тапсырма

  • Өздеріңіз тұратын туған өлкеңіз Атырау қаласындағы 7 кереметті атаңыз не сол сіз керемет деп санайтын кереметтерден фото коллаж жасау

  • Берілген тапсырманы топ болып не жеке орындау

  • Ата-анамен бірігіп оқушы өзі керемет деп санаған жерлерді фотоға түсіріп баяндайды.

Сабақта белсенділік танытқан оқушылардың күнделегіне «Жарайсың!» деп жазып, мотивациялау

8. Соңғы тыныштық сәті

9. Рефлексия

1 минут

Л.Робертиноның «Абе Мария» әнінен үзінді тыңдау

Рефлексия арқылы сабақтың ұнағандығын бармақтарын жоғары көтерсе «ұнады»,

Егер төмен қаратса «ұнамады» деген белгіні білдіреді

Мұқият тыңдалым болу

Мұғалім көрсеткен белгі бойынша оқушылардың көңіл күйін, сабақ нәтижесі байқалады1 минут

Аутотренинг арқылы жаңа сабаққа психологиялық дайындық үшін «Саусақтарыңызды түйістіріп1,2,3,4,5 деп санап, қолдарын уқалап : Жазда жақсы дем алдым, енді өзін-өзі тану пәніне кірісемін, мен қуаныштымын дей келе алақандарын уқалап. Ал, енді кірісейік! деп бастаймын

«Менің ғаламшарым»

Одан соң Робертино Лореттидің әнін тыңдауға шақыру

Балалардың музыканы тыңдай білу қабілетін бақылау

Оқушылар мұғалімнің айтқандарын қайталап қолды уқалау арқылы аутотренинг жасайды.

Оқушылар үнсіз тыңдауына не қосылуына да болады

Музыканы тыңдап, мазмұнына, ырғағына, Робертиноның даусының кереметтігіне назар аудару

2. Үй тапсырмасын тексеру

5 минут

  • Авраам Линкольннің етікшінің баласы бола тұра президенттікке сайланарда Сенаттағы аристократтардың қорлау мақсатында қойған сұрағына жауапты сұрау (жағдаятты ешу)

  • Оқушылар жауап қайтаруын бақылау (слайд 3)

Афраам Линкольнның жауабын интернеттен қарау не болжау

Ойланайық, пікірлесейік айдары бойынша сұрақтарды ескере отырып ойларын жеткізуге тырысу.

3.Дәйексөз

Мәнін ашу





«Өнер-адаиның рухани азығы, ол-халықтың бүгіні мен келешегі, арманы мен қиялы, жалпы болмысы»

Б.Момышұлы Дәйексөздің мәнін ашуға және «Менің қойын дәптерім» деген шығармашылық жұмысты жалғастыруын ескерту

Менің қойын дәптерім деген шығармашылық жұмыс дәптерлеріне дәйексөздің мағынасын қалай түсінгендіктерін жазады.

4. Мәтінмен жұмыс

«Оқып үйренейік» айдары бойынша І.Есенберлиннің әңгімесінен үзінді оқып, талдау



  • Ол үшін Робеттино Лореттидің слайд-5 фотосын, керемет шырқаған әндерінен үзінді тыңдатып, анар деген қыздың әкесінің әсерін суреттеу

  • С.Тұрысбековтың күйін тыңдату арқылы өнердің –өмір өрнегі екендігін айта кету слайд-1 қайта назар аудару Өнер адамдарының суреттерін көрсетіп сұрақ қою арқылы қай салада өнер майталмандарын атау

Лореттидің әнін тыңдап, табиғи дарынды даусына таң қалу, балалық шағында ән шырқау арқылы отбасын асырағанына назар аудару. Бүгінгі таңдағы және жас кезін салыстыру

5. Шығармашылық жұмыс топтық жұмыс



4 топ оқушылары оқылған әңгімені постерге сурет арқылы елестетіп әңгіме мазмұны ашылатындай етіп сурет салады.

Музыканы тыңдағанда не елестегенін суретке бейнелеп салу

6. Назар аудару Жаңа сабақта Әлемнің 7 кереметі

Слайдтарда әлемнің 7 кереметін көрсету және тарихын қысқаша меңгерту

Бұл материалды меңгертер алдында «Қас қағым сәт» ойыны бойынша слайдта 7 суретті 5 секунд көрсетіп, не көздерімен көріп естерінде қалғанын айту

Оқушылар слайдтарға мұқият назар аудару арқылы көрген суреттерді айтуға тырысады

Әр әлемнің 7 кереметін тарих пәнімен байланыстырады.

7. Үй тапсырмасы

Жұмыс дәптерінен тапсырма орындау

1 тапсырма

  • Өздеріңіз тұратын туған өлкеңіз 7 кереметті атаңыз не сол сіз керемет деп санайтын кереметтерден фото коллаж жасау

  • Берілген тапсырманы топ болып не сжеке орындау

8. Соңғы тыныштық сәті

Рефлексия арқылы сабақтың ұнағандығын бармақтарын жоғары көтерсе «ұнады»,

Егер төмен қаратса «ұнамады» деген белгіні білдіреді

Мұғалім көрсеткен белгі бойынша оқушылардың көңіл күйін, сабақ нәтижесі байқалады.



Мерзімі : №6

Тақырып :Мақсат-жетістік желкені

Құндылық : дұрыс іс-әрекет,сүйіспеншілік

Қасиеттер: еңбектену,шыдамдылық,төзімділік

Сынып: 8 а,ә

Сабақтың мақсаты: .

Сабақтың міндеттері:

· оқушыларды өз болашағының бағытын айқындап,мақсат қоя білуге үйрету;

· оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу,өзін-өзі жетілдіру арқылы құштарлығынын арттыру;

· оқушыларды өз болашағына деген жауапкершілікке,сенімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

(құралдар, материалдар)

Оқулық, дәптер, сюжетті суреттер

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.

Кеудемізді тік ұстап,аяғымызды айқастырмай қолымызды тіземіздің үстіне еркін қойып,денемізді босатып,көзімізді жұмып жағымды әуен сазымен тамаша ойға берілеміз.

Нұрлы аспаннан күлімдеген күннің жылы шуағы сіздің жан дүниеңізді жылытып, жүрегіңізге шуақ шашып тұр.Күннің нұры қолға барды, қолдарыңыздың саусақтары ыстық сезім ұялатты,қолдарыңнан шығып денеңді аралап аяғыңа жетті.Аяғың нұрлы жолға бастады.Аяғыңнан шығып нұр шуағы көзіңізге барды.Көздеріңіз тек жақсылықты көруде,көзден шыққан нұр шуағы түйсікке барады,түйсікте жағымды ойлар түзейді.Күннің нұры Мирас ықшам ауданын аралап жүр, барлық адамдарға жылылық сыйлауда.Күннің нұры өзіңізге оралды.Сіз күн нұрындасыз.Сіз нұр сәулесісіз!

2.Үй тапсырмасын тексеру

Дәптермен жұмыс 1- тапсырма

Әңгімелеу

*Жетістік дегеніміз не?

*Жетістікке жету үшін адам қандай қасиеттер мен дағдыларды өз бойына сіңіру керек деп ойлайсыңдар?

*Өмірлік мұратына, белгілі бір жетістікке жетуге қандай адамның мүмкіндіктері көп болады?

*Мақсатқа қол жеткізу оңай ма?

Сабақ барысын талқылау:

Дәптермен жұмыс

2- тапсырма

Нақыл сөздерді оқыңдар.Өмірдегі өз мақсаттарың мен бағыт-бағдарларыңның жобасын түзіңдер.


Мұғалім сыйы

ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ

Адам баласы өмірде жемісті ғұмыр кешуді әрі бақытты болуды армандайтыны шындық. Табысты жұмыс жасасам, аңсаған арманыма жетсем деп тілейді. Алға қойылған мақсаттарының орындалуын көксейді. Ал осы үшін әрекет жасайды, тірлік қылады. Дегенмен әркім әрқашан діттеген жерінентшыға алмайды, көксегені де орындала бермейді.Содан барып кейбіреулер тағдырға шағынады. Тіпті жолым байланып қалған деушілер де көптеп кездесіп жатады. Осындай көзқарастарға илеуінде кетіп, тағдырдың тәлкегіне ғана көнуді жол тұтып, алға мақсат қоймай ғұмыр кешетіндер де баршылық. Шынымен де адам тағдыр жолымен жүреді, бірақ та тағдырды ағыс боымен жүзіп жатқан кеме ретінде санасақ, ішіндегі адам кеменің сол жаққа (бұрыс жолға) немесе оң жаққа (дұрыс жолға) бұрылатының таңдап, қадағай алады. Сонымен, адам таңдау жасай алады, дегенмен, жеттістікке жете алады. Ал жетістікке жету үшін оның не екенің білуі керек және оған қалай жетуге болатының білуі керек.

ЖЕТІСТІК ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Жетістік дегеніміз – рухани әрі дене қуатының бір мақсатқа бағыттау және сол мақсатқа жету. Қандай да бір істі тындырымды әрі тыңғылықты істеу де – жетістік. Ойдағыдай істелген іс, жоспарланғандай атқарылған жұмыс, мұрат етілгендей орындалған арман – жетісстіктің нақ өзі. Сондықтан жетістік – адам бақытының қайнар көзі. Бұл көзді қаншалықты аршыған адам өмірде соншалықты бақыт табады. Бақыт бұлағы адамға өз ләззатын берген сайын кісі бойындағы шаттық сезім де арнасынан аса түседі. Демек, адамның шаттықа оранып, құмарлана өмірден ләззат алатын, қуанышқа бөленіп, рақаттана шат-шадыман болатын бақытқа жету бірі – жетістік.

ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҰСТАНЫМДАР

· Алдыңа мақсат қою

· Сені жетістік күтіп тұрғанына үміттену

· Іске дайын болу

· Адымыңды анық басу

· Алға ұмтылу

· Қорықпау, күмәнданбау

· Көңіліңді тоқ ұстау

· Жаңашыл болу

· Басқалармен кеңесу

· Тәуелсіз болу

· Біртұтасты бөлшектеу

· Жетістіктеріңнің қайдан келуің ұмытпау

Тапсырма

Қазақ халқының көрнекті қайраткерлерінің мір,адамгершілік,мақсат пен мұрат туралы ой-пікірлерімен танысу ұсынылады.

«Әр адам белгілі бір ұлт өкілі.Ендеше оның өз ұлтын сүйгенінің несі айып?!Ұлтын сүймесе,ұлтының қамын жеп өмір сүрмесе,ол қандай адам сонда?! »

М.Әуезов.

«Құрамында қазақтың ұлы перзенті,академик Қаныш Сәтбаев бар делегация Англияға барады.Сонда атақты Уинстон Черчилль ас бойшаң,ірі қазақ ғалымын көріп:»Қазақтардың барлығы сіздей биік пе?»-деп сұраған көрінеді.Сонда Қаныш ағамыз саспастан:»Жоқ, менің халқым менен де биік»,-депті.

Қ.Сәтпаев.

Адам сұлулығы бет-ажар көркінде емес.Адам өз бақытын түсіне білсе,соған қанағаттана білсе,жүрегінің қалауымен өмір сүре білсе,нағыз сұлулық сонда екенін де түсініп,жүрегіме түйдім.

Р.Сыздықова.

Адам-өз тағдырының иесі.»Гүліне қарама,түбіне қара»дейді ғой.Жас кезімде әрдайым ізденіс үстінде жүретінмін.Бәрі ниетке байланысты екен.Бір нәрсенің соңына басыбайлы түссең,соның жемісін көресің.

Т.Әубәкіров.

Адам жаны үнемі кемелденіп отыруы керек.Сол кемелдену арқылы ол өзін-өзі,қоршаған әлемді таниды.Руханият жайлы терең ойлану керек,өйткені ол қашанда сенімен қалады.

А.Мұсаходжаева.

Шығармашылық жұмыс

Оқушыларға «Бүгінненжарқын болашағыма!»тақырыбында жоба құру

Үйге тапсырма

Қадыр Мырзалиевтың «Мақсат»атты өлеңін жаттау.

Соңғы тыныштық сәті

Бүгінгі өткен сабағымызды тағы да ой елегінен өткізіп,тыныштықта баяу әуенмен ойымызды жинақтаймыз. Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе «Мақсат- жетістік желкені «атты сабағымызда кез келген жетістік адамның өзін,оның жақындарын қуанышқа , шаттыққа бөлеуі керек.Өз мақсатыңа жақындаған сайын оған жету жолы қиындай түсетінін ,сол қиындыққа мойымай шыдамдылық,төзімділік таныта білу керек.Ойлаған арман мақсаттарыңыз орындалсын














































Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мерзiмі: №5

Сабақтың тақырыбы: Мақсат – жетістік желкені.

Құндылық: дұрыс іс-әрекет

Қасиеттері: еңбектену, шыдамдылық, төзімділік

Сабақтың мақсаты: Әр адамның өз өмірінің мәнін түсініп, белгілей білуінің маңыздылығы жөніндегі ұғымдарын дамыту

Міндеттері:

· оқушыларды өз болашағының бағытын айқындап, мақсат қоя білуге үйрету;

· оқушыларды шыдамдай, төзе білуге дамыту

· оқушыларды сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:оқулық, дәптер, ватман, маркер, бейнепроектор, ән мәтіні

А4 беттер, қарындаштар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т ережесі: Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық

Тыныштық сәтi.

Тыныштық сәтi.

Ыңғайлы және еркін отырыңдар. Көзді жұмыңдар, өздеріңді орманда жүрмін деп елестетіңдер. Жапырақ иісін иіскеп, құстар әнін тыңдап, орманда қыдырып жүрмін деп ойлаңдар. Қыдырып жүріп, үңгірге жақындаңдар. Қабырғасын қолмен ұстап, тастың қаттылығын сезін. Үңгірдің қасында сарқырап су ағып жатыр. Судың аққанын және орман тыныштығын, құстардың әнін естуге тырыс. Осының барлығына ішкі жан дүниеңді аш: өзіңе ыңғайлы орынға отырып, тыныштықпен үйлесімге кел. «Иә» деген сөз барлық әсерге ие, осы сөзбен сенің жаман көңіл-күйің кетсін. Ішіңізден қуанышты сезін. Өз өткеніңіз, ертең, бүгініңізге күлімдеңіз. Жұмысымызды аяқтаймыз. Өзіңіздің демалғаныңызды сезген кезде көзіңізді ашыңыз.

Үй тапсырасын тексеру:

Оқулықтың 26 бетіндегі Б.Төреқыздың шығармасынан үзіндіні оқып келу.

Сұрақтар:

  1. Жетістік дегеніміз не?

  2. Мұратқа жету жолындағы мақсаттың сенімді серіктері кімдер?

  3. Мәтінде мұратты неге теңеп тұр?

  4. Мақсаттың адам өміріндегі рөлі қандай?

  5. Өз мақсатымызға жету үшін не істеу керек?

Сабақ барысын талдау:







6 мин

  1. Дәйексөз.

«Мақсатсыз жанталасып жүрген адамнан өз мақсатын көзден таса етпеген сылбыр адам әлдеқайда артық»

Э.М.Форстер





5 мин

3. Әңгімелеу

Мәтінмен жұмыс

Бір жалықтың ырымы болыпты. Кімде-кім жаңа жылға таяу таудан ақ гүлді жұлып алса бақытты болады. Бірақ гүл өскен таудың бір сиқыры болыпты. Ол әрдайым дірілдеп тұратын, сондықтан ещбір адам ұстанып тұра алмай құлап қала беретін. Бірақта жыл сайын тауға шыққысы келетін адамдар табылатын.

Күндердің бір күні үш дос бақтарын сынамақшы болады.

Тауға шығар алдында олар ақсақалға барып кеңес сұрайды.

Ақсақал : жеті рет құласаң сегіз рет шық деген кеңес береді.

Үшеуі тауға қарай бет алады.

Бір сағат өткен соң бірінші бала келеді де айтады: жеті рет құладым, сегіз рет шығып келе жатып қарасам жолдың төрттен бір бөлігін өтіппін, бұрылып алдым да қайтып кетті.




Екі сағат өткен соң екінші бала оралады. Мен де жеті рет құладым, сегіз рет шығып келе жатып қарасам жолдың үштен бір бөлігін өтіппін, бұрылып алдым да қайтып кетті дейді.

Тағы бір сағат өткен соң үшінші бала қолында бір тал ақ гүлімен оралады. Сен құлаған жоқсын ба? Бір де соғылып тырналған жерің жоқ қой.

Мен жүз рет немесе одан көп құлаған шығармын білмеймін санаған жоқпын дейді. Тауға шығарда мен құлап үйренгенмін деп күді бала.

Бұл бала құлауды үйренген жоқ, ол құлап жатқан жерден тұрып мақсатына жетуді үйренді - деді ақсақал.

Көп адамдар мақсаттарына тез жеткілері келеді бірақ жету жолындағыы қиындақтарға шыдай алмайды. 



ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҰСТАНЫМДАР

· Алдыңа мақсат қою

· Сені жетістік күтіп тұрғанына үміттену

· Іске дайын болу

· Адымыңды анық басу

· Алға ұмтылу

· Қорықпау, күмәнданбау

· Көңіліңді тоқ ұстау

· Жаңашыл болу

· Басқалармен кеңесу

· Тәуелсіз болу

· Біртұтасты бөлшектеу

· Жетістіктеріңнің қайдан келуің ұмытпау








10 мин


4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Дәптермен жұмыс

Дәптермен жұмыс

Оқушы дәптерінде берілген тапсырманы орындату.






15 мин

6. Түйіндеме

Әр бастаған ісіңді соңына дейін жеткізіп, түскен жолыңнан бұрылмау керек. Әр ауырлығына шыдап, төзімділік танытса сонда бірақ мақсатына жетеді.



2 мин

7. Үй тапсырмасы.

Оқулықтың 32 бетіндегі «Өшпес із» атты әңгімені оқып келу.




2 мин

8. Соңғы тыныштық сәтi.

Балалар денелеріңді тұзу бастарыңды жоғары кһтеріп ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмуыңа да болады. Ауаны терең жұтып, еркін дем алыңдар. Денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап қамқор болып тұр. Сіздердің бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толы екенін ұмытпаңыздар. Өздеріңді бақытқа шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.





5 мин







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
602
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі