|
Оқушылармен
«Амандасу»
Құқық жөнінде жалпы түсінік
бере кетсек.
Қоғамда өмір сүретін
адамдардың өздерін ұстау ережелерінің жиынтығын әлеуметтік нормалар
дейміз
Әлеуметтік нормалардың
мемлекеттің пәрменімен заңдастырылған бөлігі құқықты, ал
мемлекеттің пәрменімен заңдастырылмаған бөлігі моральды
құрайды
Құқық дегеніміз – мемлекет
тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті
нормалар жүйесі.
Құқықтың ерекшелегі – оның
нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа
тартылатындығында. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды
жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді,
айналасына жағымсыз пікір туғызады.
Құқықтық нормалар тек қана
заңдардан тұрмайды, басқа да нормативтік құқықтық актілерде де
көрсетілген. Президент - нормативтік жарлықтар, Үкімет –
нормативтік қаулылар, министрліктер – нормативтік бұйрықтар,
жергілікті мемлекеттік органдар - нормативтік шешімдер
қабылдайды.
1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ
Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға ортақ деклорациясын
қабылдады. Ол бойынша адам құқығы 3 топқа
бөлінеді.
Адам
құқығы
Табиғи Азаматтық құқық
Экономикалық-әлеуметтік, мәдени
құқық
Біздің елімізде адам құқықтары
Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс
тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімі 30 бабы
құқыққа арналған.
Көкейде жүрген
сауал
Өздеріңізді мазалап жүрген
сұрақтарыңызды қоюларыңызға болады.
1. Адам құқықтарының жалпыға
ортақ декларациясы қай жылы қабылданды?
1948
2. Қазақстан Республикасындағы
балалар құқығы туралы заң қабылданды?
2002
3. 14 жасқа дейінгі жасөспірім
қылмыстық жауапкершілікке
тартылама?
4. Кәмелеттік жас деген неше
жас?
5. 16 жасқа толған адам
қылмыстық жауапқа тартылама?
Қорытынды
Бүгінгі келтірілген
статистикалық мәліметтерге назар аудара отырып, прблемалық сұраққа
жауап іздесек: Жастар арасындағы құқықтық сауаттылықты арттыру үшін
не істеу керек?
Мектеп пен жанұяда жақсы
қасиеттерді бойға сіңіріп, тәрбиелі, мәдениетті, білімді адам
болуға ұмтылуымыз керек. Құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқы мен
міндетін білмей, басқаның құқын сыйламаудың кесірінен көптеген
келеңсіз жағдайларға кезігіп отырмыз. Осы орйда қылмыстың қоғамдағы
зияны мен адам тағдырын адастыратын іс екенін әрқайсымыз жете
түсінуге тиіспіз. Олай болса құқықтық тәрбие мен құқықтық
мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың
жеке басын қадірлеп, құрметтейік дегім
келеді.
|
Сенің құқығың – менің құқығым.
Бұл кезеңде оқушылар өз құқықтары жөнінде жөнінде айтып
өтеді
1-оқушы: 10
бап
Баланың өмір сүруіне, жеке
басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол
сұғылмауына құқылы
2-оқушы:
Мемлекет баланың жеке басына
ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оны тәнін,
жанын
жәбірлеуге,бостандықтарына
қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге
асырады.
3 оқушы:
9-бап
Баланың даралық ерекшеліктерін
және оны сақтауға құқығы
Бала туған сәтінен бастап
аты-жөні, ұлты, азаматтығы болуға құқылы, ал ҚР-ның заң актілерінде
көзделген жағдайды сақтауға құқылы. Қай ұлтқа жататындығына,
тіліне, біліміне, денсаулығына, ата – анасына қатысты мән-жайларға
қарамастан бала тең құқылы.
3-оқушы:11
бап
Әр бала сөз бостандығына және
өз пікірін айтуға, ар-ождан бостандығына, коммерциялық емес
ұйымдарға және ҚР-ның заңдарымен рұқсат етілген бейбіт жиналыстарға
қатысуға құқығы бар.
4-оқушы 12
бап
Біреудің атына кір келтіруге,
жеке басының тіршілігіне араласуға, рұқсатсыз үйіне кіруге,
біреудің хаттарын оқуға ешкімнің құқығы
жоқ
5-оқушы 19
бап
Әркімнің ана тілі мен төл
мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және
шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы
бар.
6-оқушы 30
бап
Азаматтардың тегін орта білім
алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Республика
азаматтарының конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы
бар.
7 – оқушы 19
бап
Әрбір адам өз пікірі болуына,
ойындағысын еркін айтуына құқығы
бар.
Өз құқықтарыңзды айтып
өттіңіздер,қандай міндеттеріңіз бар соған тоқталып
өтсек
(оқушылар өз міндеттерін
айтады)
(мақал-мәтелдің жартысын
тауып, түсінік беру)
1. Біреуге ор қазба ... (өзің
түсесің)
2. Заңның құрығы ... (бәрінен
ұзын)
3. Ұрлық түбі ...
(қорлық)
4. Өтірікшінің құрығы ...
(бір-ақ тұтам)
5. Тура биде ... (туған
жоқ)
6. Туғанды биде ... (иман
жоқ)
7. Қолыңмен істегенді ...
(мойныңмен көтер)
8. Тек жүрсең ... (тоқ
жүресің)
9. Заңды сыйлаған ... (еркін
жүреді)
|
Таратпа
қағаздар
Интерактивті
тақта
Бейнеролик
Тәттілер
Стикерлер
|