|
Ең алдымен оқушылармен
амандасып, түгелдеу. Жақсы көңіл күй орнату мақсатында оқушылар
бір-біріне бүгінгі күнге сәттілік
тілейді.
Стикер бойынша топқа
бөліну.
1
топ-Заң
2
топ-Құқық
3
топ-Әділет
Топқа бөлінген соң топтың
атауына анықтама
беру.
Тақырыппен танысып,
презентацияға назар
аудару.
Заң дегеніміз-мемлекеттiң ең
жоғарғы басқарушы органының шығарған, қабылдаған ең жоғары күшi бар
нормативтiк келісiм. Барлық заңдар және заңға тәуелдi нормативтiк
кесiмдердiң Конституцияға сәйкес болуын Заңның үстемдiгi
дейдi.
Қазіргі заман талабына сай
әрбір Қазақстан азаматы, еңбектеген сәби мен еңкейген қартқа дейін
өз құқығын жете біліп, оны қажетіне сай өмір сүру дағдысында
қолдана білуі керек. Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын
қорғайтын заңдарды білуі қажет. Сондай-ақ заң адамға міндеттер
жүктейді. Адам - басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне,
денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керек. Адам түрлі жағдайда
өмір сүреді: отбасында, жұмыста, мектепте, көпшілік жерде. Адамның
қоғам мен мемлекет алдындағы міндеті: мемлекетті қорғау, салық
төлеу, мемлекеттік рәміздерді
құрметтеу.
Біз сияқты қаншама адам
дүниеге келуде? Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Ол –
конституция деп аталады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына
арналған Заңы, Конституциясы бар. Бұл Заңда біздің құқықтарымыз
ғана емес, міндеттеріміз де қатар
жазылған.
Құқық дегеніміз –
мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей
міндетті нормалар жүйесі. Құқықтың ерекшелегі – оның нормалары
бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатындығында.
Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке
тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына
жағымсыз пікір туғызады. Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз
– Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс
тапқан.
Тәуелсіз Қазақстан
тарихындағы тұңғыш Конституция 1993 жылдың 28 қаңтарында
қабылданған болатын. Ал қазіргі Ата Заң 1995 жылдың 30 тамызында
қабылданды. Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 8 маусымдағы
Заңына сәйкес, Ата Заң 98-баппен толықтырылды. Еліміздегі басты
құжатта 9 бөлім, 98 бап бар.
Тақырыыптан кейін
оқушыларға сұрақ қойылады:Біз ешқандай заңы жоқ елде
өмір сүрсек не болар еді?
Оқушылар арасында
пікірталас тудыру.
Оқушылардың танымын арттыру
мақсатында постермен жұмыс жасау.
Оқушылар заң шығарушы органның
рөліне еніп,өз ойларынан заңдар шығарады.Басқа топтар осы заңдарға
талдау жасайды:
Шарттары:
Адамдарға пайдасы бар,
мағынасы бар, қауіпсіз заңдар болуы
керек;
Дайындыққа-10 минут уақыт
беріледі.
Қорғауға 5 минут уақыт
беріледі.
Бүгінгі сабақтағы
ақпараттарды бекіту мақсатында
әр топқа екі сұрақтан
беріледі, топтасып жауап береді.
|